Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия 3 уровень Лингво Комплек КЯ 05.06.15.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
316 Кб
Скачать
☆

Билет №3

ТЫҢДАЛЫМ (10мин)

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін (№3) бойынша тест толтырыңыз. (Тыңдау және дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-1 мин.)

дұрыс

бұрыс

Шарм Эль Шейх курорты туристерді тыныш жағажайлық демалыстарымен тартпайды.

Бұл курорт жыл бойы туристерге қызмет көрсетеді.

Шарм Эль Шейхты су астында жүзуді ұнататындар жоғары бағалайды.

Оның атауы араб тілінен аударғанда «патша шығыны» дегенді білдіреді.

Синай түбегінің солтүстігінде Шарм Эль Шейх курорты орналасқан.

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

СӨЙЛЕСІМ (10 мин)

1-тапсырма. Берілген жағдаяттық тақырыпқа әңгіме құрастырыңыз. (Дайындалу уақыты-3 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

Бәйтеректің басындағы тілек

Жоспар:

  1. Астанаға сапар

  2. Астана сәулеті

  3. Тілек

2-тапсырма. Берілген тақырыпқа сипаттама дайындаңыз. (Дайындалу уақыты-4 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

Алматы әуежайы

ОҚЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-2 мин.)

Вокзалда

Алматының темір жол вокзалы тәулік бойы жұмыс істейді. Вокзал ішінде толған жолаушылар. Вокзалдың күту залында шығарып салушылар мен күтіп алушылар да көп.

Анықтама бюросының алдында кезекке тұрғандар көп екен. Жолаушылардың бірі анықтама бюросынан сұрады:

  • Қарағандыдан келетін пойыз қанша сағатқа кешігетін болды?

  • Екі сағатқа. Ауарайының қолайсыздығына байланысты.

Аяна кезегі келген кезде былай деп сұрады:

  • Кешіріңіз, Семейге дейін қандай пойыз жүреді? Пойыз қай платформаға тоқтайды? Қай жолдан жүреді?

  • Семейге екі жолаушылар пойызы жүреді. Біреуі жүрдек пойыз. Кестені қараңыз. Пойыздың келуі де, кетуі де анық көрсетілген. Пойызыңыз екінші платформаға тоқтайды. Бірінші жолдан жүреді.

Аяна перронға шықты. Енді бір жолаушыдан үшінші вагон қайда екенін сұрады:

  • Үшінші вагон пойыздың бас жағында ма, аяқ жағында ма?

  • Пойыздың бас жағында. Былай қарай жүріңіз. Асығыңыз, пойыздың жүруіне 3 минут қалды.

  • Мынау үшінші вагон ба?

  • Иә, үшінші вагон. Мен жолсерікпін. Билетіңізді көрсетіңіз. Жолаушы кім?

  • Мен. Билетім міне. Менің орным қай купеде? Орным жоғары да, ма әлде төменде ме?

  • Үшінші купе, тоғызыншы орын, төменде.

Аянаны анасы мен сіңлісі шығарып салды. Олар Аянаға сәтті сапар тіледі. Аяна пойыз ішіне кіріп

өз орнына жайғасты. Жүктерін орналастырды. Пойыз дәл белгіленген уақытында жүріп кетті.

2-тапсырма. Оқылған мәтін бойынша басты тірек сөздерді табыңыз (7-8 тірек сөз). (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

ЖАЗЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. (Дайындалу уақыты -8 мин., тексеру уақыты-2 мин.)

Табиғатты аялайық!