Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия 3 уровень Лингво Комплек КЯ 05.06.15.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
316 Кб
Скачать
☆

Іскерлік

Біріншіден, шағын бизнеспен айналысам деген адам өз материалдық мүмкіндігін анықтап алуы қажет. Ол өз күш-қуатын, өз іскерлігін, біліктілігін, тіпті денсаулығын объективті түрде бағалауға тиіс. Екіншіден, қолыңыздан не келеді, қандай іспен айналысқыңыз келеді? Және сол жұмыс, сол қызмет, сол өнім нарықта сұранысқа ие бола ала ма? Осы мәселені шешпей, бизнеске кірісуге болмайды. Үшіншіден, кәсіпорын құрып, өнім шығара бастағанда, жарнама арқылы өз өнімдеріңізге тұтынушылардың көңілін аудару қажет.

Қазіргі кезде бірыңғай әйелдер жұмыс істейтін ұжымдар бар. Іскер әйел басқаратын мекемелер, фирмалар, мемлекеттік органдар да бар. Білімі, іскерлігі, кәсіби біліктілігі, ұйымдастыру қабілеті мықты басшы әйелдер аз емес. Дегенмен, басшы қызметте отырған әйел адамның бірнеше маңызды сипаттары болуы керек. Өз басқаруындағы ұжым мүшелерінің мінез-құлқын, іскерлік қабілетін, көңіл күйін сезімталдықпен байқау керек. Басшы әйел адамдарды ұжымдастырып, істі ілгері жүргізе алады. Басшы әйел ең алдымен психолог, содан кейін ұйымдастырушы болуға тиіс.

№18 мәтін

Әлемдегі ең бай адамдар

Билл Гейтс — АҚШ кәсіпкері, әрі қоғам қайраткері. Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушы. Оның байлығының ең биік шыңы 120 млрд. долларға дейін жеткен. Гейтстің өсиет хатына сәйкес оның үш баласының әрқайсысы тек $10 млн. алады. Қалғаны қайырымдылық қорының еншісіне тиеді. Microsoft жүйелері әлемде пайдаланылатын компьютерлердің 93%-да орнатылған. Гейтс 1955 жылдың 28 қазанында Сиэтлда Мэри Максвелл Гейтс отбасында дүниеге келді.

Карлос Слим - жер бетіндегі ең бай адам деп саналады. Басылым деректерінше, оның қазынасы 79,6 миллиард долларға бағаланған. Бұл осыған дейін байлардың көшін бастаған Билл Гейтстің қазынасынан 500 миллион долларға көп.

Бұған Слимнің Мексикадағы телекоммуникация саласында негізгі орынды алатын America Movil компаниясы активі құнының өсуі себеп болған. Слимнің бизнесі телекоммуникациямен байланысты. Ол Мексиканың ғана емес, Латын Америкасындағы өзге елдердің де байланыс саласын қадағалайды. 2013 жылы Слимді бай адамдардың көш басындағы орнын, Forbes жорналының пікірінше, Билл Гейтс басқан. Қазір Слим бұл атағын қайта иемденді. Карлос Слим 1931 жылы туған.

Баффет Уоррен Эдвард — американ инвесторларының бірі болып табылады. Әр акциясы шамамен елу мың доллар тұратын Berkshire Hathaway жекеменшік инвестициялық компаниясының 36%-ын иеленеді. Компания Gillette немесе Coca-Cola сияқты анағұрлым табысты фирмаларға ақша салады. Баффет жыл сайын миллиардтаған табыс алады және Америкадағы аса бай адам деп танылған. Бүгінгі таңда Баффеттің байлығы 30,5 миллиард доллар. Уоррен Эдвард Баффет 1930 жылы Небраска штатының үлкен қаласы Омахада туған.

№19 мәтін

Кімде қандай коллекция бар?

Әркімнің әр нәрсе жинауға әуестігі бар. Өйткені, адамдардың талғамы бірдей емес. Димитрис Пистолас кинокамера жинаумен әуестенеді. Оның коллекциясынан 937 ескі камера моделдері мен кинопроэкторлар табуға болады. Ал қытайлық коллекционер Вонг Гуохуа шылым қораптарын жинаумен айналысады. Қазір оның жинаған дүниесі 30 мыңға жеткен.

Лайза Кортнидің коллекциясы кезінде Гиннестің Рекордтар кітабына да кірді. Жұмсақ ойыншық жинайтын Лайзаның 12113 қуыршағы бар. Пам Баркер ойыншық жапалақ жинаумен әуестенеді. Памның коллекциясы 18 мыңнан асып жығылады. Шэрон Бэдглидің жинаған коллекциясы 6 мыңға жуық. Шэрон Санта Клаус қуыршақтарын жинайды.

Резеңкеден жасалған ойыншық үйректі Валли Хаммер жинайды. Оның 2470 резеңке үйрегі бар. Ал Рон Тиллер мырза кәдімгі салпыншақ (брелок) жинауға әуес. Салпыншақтың мыңдаған түрін кездестіруге болады. Ал неміс фермері Генрих Кэт сыра саптыаяғын жинаумен әуестенеді. Қазір оның жинаған саптыаяғы 20 мыңға жетті.

№20 мәтін