Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия 3 уровень Лингво Комплек КЯ 05.06.15.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
316 Кб
Скачать
☆

Билет №15

ТЫҢДАЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (Тыңдау және дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-1 мин.)

дұрыс

бұрыс

Ерте замандарда теңгелерді Ақтау қаласында басып шығарған

Теңгенің қанша құпия қорғанысы, белгісі бар

Ұлттық валютамыз 2000 жылдан бастап енгізілді.

Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі.

Қазақ теңгесі Англияда басылды.

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

СӨЙЛЕСІМ (10 мин)

1-тапсырма. Берілген жағдаяттық тақырыпқа әңгіме құрастырыңыз. (Дайындалу уақыты-3 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі туралы айтыңыз.

Жоспар:

  1. Отбасындағы татулық

  2. Ұл бала тәрбиесі

  3. Қыз бала тәрбиесі

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгіме дайындаңыз. (Дайындалу уақыты-4 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

«Өмірін өнерге арнаған жан» танымал өнер иесі туралы айтыңыз

ОҚЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-2 мин.)

Қазіргі заманға қажет мамандық

Мамандық таңдар кезде сіз ойланасыз, қай мамандық қоғамға көбірек керек, қай мамандық халыққа көбірек қажет – сіз оны да есептейсіз, күнделікті өмірде қандай мамандарға сұраныс көп, дәрігер ме, экономист пе; заңгер ме, оқытушы ма, инженер ме?

Сарапшы мамандардың пікірінше бүгінгі күнде маркетолог, web-дизайнер, химик, ақпараттық технолог, өнеркәсіп саласы мамандары жетіспейді. Ал астрофизик, астроном сынды ғарыш саласы мамандары мен механик, картогроф, геодезист мамандығына еліміз аса зәру. Бұл мамандықты таңдаушылар қатары өте аз. Бірақ қажеттілік жылдан-жылға артып келеді. Күннен-күнге заманауи технологиялардың сан түрі шығарылып жатыр.

Адамзат жеті қат көкті де, жерді де зерттеп-зерделеді. Ғаламат ғарышқа да табан тіреді. Яғни төрткүл әлем техникаға телмірген заман болды. Осыған орай еліміз де ел экономикасының басты бағдары болып отырған мұнай-газ және энергетикалық салаға баса назар аударып отыр. Бұл мамандыққа деген сұраныстың артуы жоғары болғанымен, оған жастардың қызығушылығы төмен. Әдебиет пен тарих сынды гуманитарлық пәндерден алдына жан салмайды. Оқушылардың көпшілігі физика мен химияға кел­генде амалсыз тосылып қалады. Оған ұлттық бірыңғай тест барысындағы көрсеткіштер куә бола алады.

2-тапсырма. Оқылған мәтін бойынша басты тірек сөздерді табыңыз (7-8 тірек сөз). (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

ЖАЗЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. (Дайындалу уақыты - 8 мин., тексеру уақыты - 2 мин.)

«Махаббат»

Билет №16

ТЫҢДАЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (Тыңдау және дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-1 мин.)

дұрыс

бұрыс

«Жыл студенті» атағы тек Қазақстандық студенттерге беріледі.

Ол Бейжің мемлекеттік мұнай университетінде білім алып жатыр.

Асланның ғылыми жетекшісі Хан Гуоцин оның болашағынан зор үміт күтеді.

Қазақстандық студент Аслан Жанұзақов «Жыл студенті» атағына ие болды.

Аслан инновациялық технологияларды терең меңгеруге тырысып жүр.

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

СӨЙЛЕСІМ (10 мин)

1-тапсырма. Берілген жағдаяттық тақырыпқа әңгіме құрастырыңыз. (Дайындалу уақыты-3 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

Қазақстан табиғаты және саябақтары

Жоспар:

1.Жер-Ананы қорғайық

2. Қазақстан – бай өлке

3.Табиғатты қорғау шаралары

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгіме құрастырыңыз. (Дайындалу уақыты-4 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

Білім саласындағы жетістіктер

ОҚЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-2 мин.)