Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия 3 уровень Лингво Комплек КЯ 05.06.15.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
316 Кб
Скачать
☆

Билет №30

ТЫҢДАЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (Тыңдау және дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-1 мин.)

дұрыс

бұрыс

Үй болу үшін үлкен дайындық пен мол қаражат керек.

Үйлену – қыз бен жігіттің ата-ана, ағайын-туғандары танысып-білісуінен басталмайды.

Қазақ халқында «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген мақал бар.

Қыз ұзату тойын жігіттің отбасы жасайды.

Келін түсіру тойлары қыздың шаңырағында өткізіледі.

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

СӨЙЛЕСІМ (10 мин)

1-тапсырма. Берілген жағдаяттық тақырыпқа әңгіме құрастырыңыз. (Дайындалу уақыты-3 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

Кездесіп қалған ескі танысыңыздың сәлемін досыңызға жеткізіңіз.

Тірек сөздер: кездесуді аңсау, достық ілтипат, әсер.

Жоспар:

1.Күтпеген кездесудің әсерін баяндау.

2. Достың назы.

3.Досыңа айтылған аманат.

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгіме дайындаңыз. (Дайындалу уақыты-4 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

«Бизнес әлемі»

ОҚЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-2 мин.)

Бата

Бата – қазақ дәстүрінде жақсы сөз, жақсы тілектің бір түрі. Үлкеннен бата алғанның жолы болады, бақытты болады деп түсінген. Бата – ертеден келе жатқан дәстүріміздің бірі. Үлкеннен бата алу – жастар үшін жақсы ырым. Әдетте бата ауылдың жасы үлкен қариясының, жолы үлкен адамның құдайы қонақтың үлесіне тиген. Бата қандай жағдайда берілсін ол адамды кісілікке, мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелейді.

Батаның түрлері өте көп. Тамақтан кейін дастарқандағы үлкен кісі міндетті түрде бата беруі тиіс. Ол – сол үйге деген ыстық ықылас, адал ниеттің белгісі. Ыстық жүректен шыққан ақ ниет. Екі жастың үйлену тойларында жастарға берілетін, сүндет тойда ұл балаға, ұзатылып бара жатқан қыз балаға, жаңа туған нәрестенің шілдеханасында берілетін барлық батаның мәні – тек алдағы болашаққа жақсылық тілеу. Бата көңілден шыққан таза ниет, адал тілек. Қазақтар үшін шаңырақ қасиетті. Кенже ұл қара шаңырақ иесі. Алыстан келген туыс-жекжат «қара шаңыраққа» келіп сәлем беріп, дәм татады. «Қара шаңырақты» құт көру, кие тұту – бабалардан келе жатқан бұлжымас салт-дәстүр. Шаңырағың биік болсын!

Шаңырағың шайқалмасын!

Шаңырағың құтты болсын!

Шаңырағың берекелі болсын!

Шаңырақ шаттығын тілеймін!

2-тапсырма. Оқылған мәтін бойынша тірек сөздерді табыңыз (7-8 тірек сөз). (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

ЖАЗЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. (Дайындалу уақыты - 8 мин., тексеру уақыты - 2 мин.)

«Мамандық»

ІV БӨЛІМ

БӨЖ ЖӘНЕ ОБӨЖ