Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия 3 уровень Лингво Комплек КЯ 05.06.15.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
316 Кб
Скачать
☆

Махаббатсыз дүние бос...

Көктем және махаббат. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты сияқты. Біреуі табиғат құбылысы, екіншісі – сезім. Табиғат пен адам. Адамдар махаббаттың келуін көктем мезгілімен байланыстырады. Көктем мен махаббаттың ұқсас жақтары көп. Көктем тіршілік атауына нәр беретін тамыр. Көктем келіп, табиғатқа жан бітеді, жер беті ерекше құлпырады. Көктеммен бірге жылылық келеді. Ұзақ қыстан шаршаған адамдар көктемнің келуін асыға күтеді. Қысқы ұйқыдан оянған табиғат адамға жақсы әсер етеді. Көктем табиғатқа ғана емес адам өмірінің өзгеруіне де үлкен ықпал жасайды. Адамдар бір-біріне ғашық болады. Ғашықтардың көбісі табиғаттың осы мезгілінде бір-бірімен табысады.

Адамзат сыйласуының, мейірбандылығының ең мөлдір көзі – достық. Ол еш уақытта да шөлдетпейтін, жаныңды рахаттандыратын нәр. Кісі қартайғанда шын махаббатты кешеді. Бұл қасиеттер екі кісінің арасында тартылған көзге көрінбес шынжыр. Махаббат шуағына бөлену адам жанын бақыт шыңына бастайды. Ол алтынмен, жақұтпен, інжу-маржанмен өлшенбейді. Ол шуақты да шұғылалы, нәзік те көркем, асқақ та арайлы, тіл жеткізсіз ғажайып сезім. Ол адам көңіліндегі тазалық пен сұлулықтың иесі, армандардың қасиетті киесі. Сондықтан да бар адамзат үмітіне өмір берер, сеніміне шуақ берер қасиетті махаббат сезіміне нұрын шашқан шамшырақтай ұмтылады.

2-тапсырма. Оқылған мәтін бойынша басты тірек сөздерді табыңыз (7-8 тірек сөз). (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

ЖАЗЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. (Дайындалу уақыты - 8 мин., тексеру уақыты - 2 мин.)

«Менің арманым»

Билет №28

ТЫҢДАЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (Тыңдау және дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-1 мин.)

дұрыс

бұрыс

Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі.

Әдептілік адам бойында бірден қалыптасады.

Адам-ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті. 

Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырыспайды.

Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады.

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

СӨЙЛЕСІМ (10 мин)

1-тапсырма. Берілген жағдаяттық тақырыпқа әңгіме құрастырыңыз. (Дайындалу уақыты-3 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

Қазақстан экономикасы.

Тірек сөздер: мұнай мен газ, кен орындары, ауыр және жеңіл өнеркәсіп, тамақ өндіру

  1. Пайдалы қазбалар

  2. Даму бағыттары

  3. Жетістіктері

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгіме дайындаңыз (Дайындалу уақыты-4 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

«Шаңырақ көтеру» салты

ОҚЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-2 мин.)