- •Іі блок - практика бөлімі сәт бойынша емтихан материалдары тыңдалым
- •Әлемдегі ең қауіпті теміржолдар
- •Шарм Эль Шейх курорты
- •Қазақстан туризмі
- •Қожа Ахмет Иассауи кесенесі
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары оларды қорғау
- •Шымбұлақ
- •Тәуелсіздік алған күн
- •Мұхитарал
- •Қазақ театры
- •Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері
- •Мемлекеттік рәміздер тарихынан
- •Ұлттық валюта – теңге
- •Бейжіңдегі университетте оқитын отандасымыз «Жыл студенті» атанды
- •Шетелде білім алу
- •Әлемдегі ең таңдаулы мамандық
- •Іскерлік
- •Әлемдегі ең бай адамдар
- •Кімде қандай коллекция бар?
- •Ақ Азияда ойындары
- •Бисердің шығу тарихы
- •Танымал тұлғалар
- •Достық деген не?
- •Бірлігі жарасқан ел
- •Аққу – махаббат символы
- •Үйлену тойы
- •Әдептілік туралы
- •Нәресте мен періште
- •Отбасылық бюджет
- •Емтихан билеттері билет №1
- •Адам мен табиғат
- •Билет №2
- •Су астындағы қонақүйлер
- •Билет №3
- •Вокзалда
- •Билет №4
- •Қазақстан табиғаты
- •Билет №5
- •Ұшақпен саяхат жасау
- •Билет №6
- •Тараз және Түркістан қалалары
- •Билет №7
- •Уақыт – алтыннан да қымбат
- •Билет №8
- •Театрда
- •Билет №9
- •Тәуелсіздік монументі
- •Билет №10
- •Астана сәулеті
- •Билет №11
- •Түсініктеме билет №12
- •Билет №13
- •Қазақстан Республикасының рәміздері
- •Билет №14
- •Назарбаев университеті
- •Билет №15
- •Қазіргі заманға қажет мамандық
- •Билет №16
- •Кәсіпкерлік
- •Билет №17
- •Мамандықты таңдау – болашақты таңдау
- •Билет №18
- •Әлем таныған Қазақстан
- •Билет №19
- •Қазақстандық коллекционерлер
- •Түйіндеме билет №20
- •Шынықсаң шымыр боласың
- •«Қазақстан мерекелері» билет №21
- •Билет №22
- •Өнер түрлері
- •Билет №23
- •Отбасылық бюджетті жүргізу
- •Билет №24
- •Билет №25
- •Билет №26
- •Үлгілі отбасы
- •Билет №27
- •Махаббатсыз дүние бос...
- •Билет №28
- •Достықтың алтын көпірі
- •Билет №29
- •Билет №30
- •Тапсырмалары бөж және обөж тапсырмалары
- •Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театры
- •Қазақстан картасы
- •Еқыұ Саммиті
- •Қазақстандағы ең бай адамдар
Тапсырмалары бөж және обөж тапсырмалары
БӨЖ №1
|
Өлеңді жатқа айтыңыз.
|
Ғ
арыш
жайлы не дейін Тоқтар ұшқан,
Қазақ тағы оянды от намыстан.
Бабасының ұшатын кілемі бар,
Қара бала қара үзді, жоқ қалысқан.
Ғарыш жайлы не дейін Талғат ұшқан,
Арман болған үмітті жалғап ұшқан,
Өгей ұл ек өзіміз өз болғанша,
Қаһарман боп оралдық маң ғарыштан.
Ғарыш жайлы не дейін қазақ ұшқан,
Тылсым жаққа қазақы саз ап ұшқан.
Басыбайлы бесігі – Байқоңырдың,
Рақатын көрсе екен Қазақстан!
Н.Сафин
ОБӨЖ №1 |
Мәтінді оқып, ұнаған әуежай туралы айтып беріңіз.
Әлемнің ең керемет әуежайлары
|
Абдул-Азиз патшаның «Қажылық» («Хадж») әуежайы (Сауд Арабиясы). Әуежай жылына алты апта ғана жұмыс жасайды. Әуежай мұсылмандар қауымы Меккеге қажылық жасауға сапар шегетін мезгілде ғана өз қызметіне кіріседі. Басқа уақыттары әуежай іші бос тұрады екен. Қажылық уақытында мұнда келетін халық санында шек болмайды. Сондай-ақ, мұнда әйнек талшығынан жасалған 210 ақ шатыр бар. Осы шатырлардың арқасында терминал іші ешқандай кондиционердің көмегінсіз салқын болып тұрады. «Хадж» әуежайы Америкалық сәулет институтының арнайы марапатына ие болған.
Сеулдегі Инчхон әуежайы (Оңтүстік Корея). Бұл әуежай «Ең керемет» деген тізімге өзінің ойын-сауық кешендерінің арқасында енді. Мұнда жүріп түрлі воркшоптарға қатысып, ұлттық киімдерді киіп суретке түсуге болады. Жолаушыларға арналған интернет-кафелерге, мұражайларға баруға болады. Арнайы орындарда бір сағаттай ұйықтап алуға болады.
БӨЖ №2
|
«Жолдар, жолдар...» өлеңін жаттаңыз. |
Ж олдар, жолдар...
Жолдар, жолдар, мені алыс апарыңдар,
Апарыңдар, ұзаққа сапарым бар,
Қаламдаймын әлі мен ұшталмаған,
Өткізіңдер шөлдерден құс қонбаған,
Сын тақпаспын дос түгіл дұшпан маған.
Қайғың болса тартайын тақсыретін,
Ғұмыр болса көрейін пәк суретін.
Пәк сүретін ғұмырға кез болайын,
Достар түгел көретін көз болайын,
Әйтеуір мен тынымсыз қозғалайын.
Жолдар, жолдар, бастаңдар мені алысқа,
Мені алысқа бастаңдар, толы ағысқа.
Өткіз мені шөлдерден, баққа орайын,
Түн отындай жүйткиін, тоқтамайын.
Пәк едім мен, әлі де пәк болайын.
Т.Айбергенов
ОБӨЖ №2
|
Мәтінді мазмұндаңыз. |
Пойыз
Пойыз бірнеше вагондардан тұратын қатынас көлігі. Пойыз қатынас көлігінің ең қауіпсіз түріне жатады. Пойыздар тасымал түріне қарай жүк және жолаушылар пойызы болып бөлінеді. Жүк пойыздары жүктерді алыс қашықтыққа тасиды. Жолаушылар пойызбен алыс сапарға, жолға шығады.
Жолаушылар пойыздары жолаушыларға қажет тұтыну заттары мен тұрмысқа қажетті нәрселермен жабдықталған. Бұл пойыздармен жолаушылар бірнеше күн үздіксіз сапар шеге алады. Темір жол көлігінің тасымал құны басқа көліктермен салыстырғанда төмендеу. Жолаушылар пойызының әр вагонында жолсеріктер болады. Жолсеріктер жолаушыларға қызмет көрсетеді. Жолаушылар пойызы қозғалыс кестесіне сай бекеттерге тоқтап отырады.
Елімізде темір жол көлігін қайта құрылымдау бағдарламасы жұмыс жасауда. «Қазақстан темір жол» ұлттық компаниясы өз қызметін жан-жақты дамытып жатыр. Қазір заманауи пойыздар пайда болды. Бұл пойыздарда жолаушыларға барлық жағдай жасалған.
БӨЖ №3
|
Мәтінді мазмұндаңыз. Нью-Йоркке сапар |
Атлант мұхитының үстінен көрінген көрініс қандай керемет! Жан-жағы көкке оранған теңіз суы ешкімді бей-жай қалдырмайды. Ұшақтың ішінде қарапайым адам үшін барлық жағдай жасалған. Тіпті орындығыңыздың алдында GPS құралы арқылы қай жерде екендігіңізді бақылауыңызға да болады. 17 сағаттық ұшудан соң, қалаға да жақындап қалдық. Екі қала арасында уақыт айырмашылығы бар. Ал енді біздің алдымызда қызықты сапарлар күтіп тұр. Дайын болыңыздар! Бізден басқа әуежайға басқа да ұшақтар келетіндіктен, терминалға кірер бетте бізді ұзын кезекпен визалық тексеріс күтіп тұр. Тексеріс кезінде сізден не мақсатпен келгендігіңізді сұрап, бармақ таңбаңызды алып қалады. Керемет, біздің кезек те келіп, тексеріс біз ойлағандай ұзаққа созылған жоқ, небәрі жарты-ақ сағат өтіпті.
Бұл виртуалды сапар болғандықтан, Нью-Йорктың ең қымбат қонақ үйі «Мандарин Ориенталдан» өз орнымызды алған болатынбыз. Алған бөлмеміз президенттік номер, бағасы күніне 12 000$. Олай болса, қонақ үйге бару үшін Нью-Йорк қаласының атақты сары таксилерінің біреуін ұстап көрелік. Терминалдан шығар бетте, қала күншуағымен бізді күтіп алды. Бос таксиді де таптық. Біздің бағытымыз - Columbus Cir 80 көшесі. Такси терезесінен қала кинодағыдай көрінеді. Көзтартарлық зәулім ғимараттар қала сәнін келтіріп тұрғандай.
БӨЖ №4 |
«Орындалған арман» тақырыбына шағын эссе жазыңыз (6-8 сөйлем). |
БӨЖ №5
|
«Түркиядағы демалыс» мәтінін талдаңыз. |
Түркияда демалыстың түрі көп. Жазда жағажайда күнге қыздырынып, суға шомылып, айдынды теңізге яхтамен қыдыруға мүмкіндік бар. Сол сияқты дайвинг, яғни су астында серуен құру секілді тынығу түріне ден қоюға болады. Су астындағы жауһарларды қолмен ұстап көруге болады. Сондай-ақ теңіз түбіне шөккен ежелгі қалалардың қираған орнын тамашалайсыз. Суға батқан көне кемелерді көзбен көруге мүмкіндік жетерлік. Ал таудан сарқырап аққан өзендер рафтингпен айналысуға әбден қолайлы. Джип пен мотто сафариды жақсы көретіндер үшін де таптырмас орындар баршылық. Тек қана тыныштықты жаны қалайтындарға трекинг, яғни жаяу қыдыруына, ақырын ғана атпен серуендеуіне болады. Балық аулап, таза табиғат аясында тыныстаудың небір мүмкіндігі қарастырылған. Жазда демалуға уақыт таппағандарға Түркияның қысы да сондай қолайлы. Таудағы шаңғы курорттары қыста демалушылар үшін таптырмас орындар. Оны былай қойғанда, жылдың кез келген мезгілінде ежелгі дәуір ескерткіштері - Троя, Бергама, Дидим, Эфес сияқты көне архитектуралық жәдігерлерді қарауға болады.
Салыстырыңыз |
Қазақстанда |
Түркияда |
Туризм саласы бойынша
|
|
|
Қызмет көрсету саласы бойынша
|
|
|
ОБӨЖ №3
|
«Қазақстан туризмі» тақырыбына видеопрезентация дайындаңыз. |
БӨЖ №6
|
«Түркістан» өлеңін жаттаңыз. |
ТҮРКІСТАН
Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің тәңірі берген несібі ғой.
Ертеде Түркістанды Тұран дескен
Тұранда ер түрігім туып-өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен.
Тұранның тарихы бар отты желдей,
Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей.
Тұранның жері менен суы да жат,
Теңіздей терең ауыр ой бергендей.
Тұранның ені-шексіз шөлі қандай,
Теңіздей кемері жоқ көлі қандай!
Тұранның дария аталған өзендері
Тасыса, шөлді басқан селі қандай!
(М.Жұмабаевтан үзінді)
ОБӨЖ №4
|
Мәтінді оқып сұрақтар дайындаңыз (5 сұрақ). Айша бибі кесенесі |
Айша бибі кесенесі – Қазақ жерінде ХІІ ғасырда салынған сәулет өнері ескерткіші. Жамбыл облысындағы Айша бибі ауылында орналасқан. Күмбезді Қарахан салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Кесене ортасында құлпытас орнатылған. Айша бибі кесенесіндегі бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың бірінде «күз, бұлттар, дөңгеленген дүние...» деген сөздер жазылған. Айша бибі кесенесіне алпыс түрлі әшекей қолданылған. Кесене құрылысынан Әмір Темір дәуіріндегі сәулет өнерінің дәстүрі айқын аңғарылады. Ескерткіш мемлекет қорғауына алынған.
БӨЖ №7
|
«Табиғатты аялайық» тақырыбына эссе жазыңыз. |
БӨЖ №8
|
«Қазақстан табиғаты» тақырыбына реферат дайындаңыз (көлемі 5 бет).
|
БӨЖ №9
|
«Медеу мұз айдынында» өлеңін жатқа айтыңыз. |
Медеу мұз айдынында
Қарасаң жіті жалықпай,
Ұқсайды айдын зеренге,
Адамдар алтын балықтай,
Айнала жүзген кемерде.
Қызыл,
Сарыала,
Көкала
Сусылдап қанат-құйрығы,
Соғады сырлы жағаға,
Сызылтып келіп жүйрігі.
Суретке осы күнұзын,
Үңіле қарап шаршамай,
Жанарға
Айдын қызығын
Құйып тұр бір ұл қаршадай.
Ә.Ахметов
ОБӨЖ №5
|
Жағдаяттық тапсырма. Демалыстағы келеңсіз жағдайлар туралы айтыңыз. |
Аспалы жолмен жоғары көтеріліп келе жатқанбыз. Кенеттен жол ортасында тоқтап қалдық. Мен қатты қорқып кеттім. Не істерімізді білмей қалдық. Төменге қарау қорқынышты. Алдыңғы және артымыздағы орындарда отырғандар да ілініп тұр. Қар жапалақтап жауып тұрды. Біз қатты тоңдық. Арада біраз уақыт өтті. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп, орындығымыз алға қарай қозғала бастады. Қуанып кеттік.
Келеңсіз жағдайлар |
|
Күн ашық болатын. Мұзайдынына сырғанақ теуіп жүргенбіз. Кенеттен аспан бұлттанып, қар жауып кетті.
|
|
БӨЖ №10 |
Мәтіннен берілген сөздердің антонимін тауып жазыңыз.
«Астана-Бәйтерек» монументі
|
«Бәйтерек» - өмір ағашы дегенді білдіреді. «Астана-Бәйтерек» монументі – темірден, шыныдан және бетоннан жасалған бірегей сәулеттік ғимарат. Оның көлемі таңқаларлықтай өте үлкен. Биіктігі 105 метр. Салмағы 1000 тоннадан артық. Биік металл құрылысы 500 діңгек қадамен отырғызылған.
Монумент сәулетінің төменгі деңгейі төрт жарым метр. Онда кафе, аквариум бар. Суретші Ерболат Төлепбайдың еңбектері қойылған «Бәйтерек» шағын галереясы орналасқан. «Бәйтерек» ағашының бағанымен жоғары лифтімен көтеріледі. Көрермендер шардың «аспандағы» қабатына жетеді. Оның ішінде шағын қонақхана және астанамыздың жаңа кескінін қызықтайтын көрініс залы бар. Аялы алақан – тату-тәтті өмір, достық пен жарасымдылық. Бұл – Қазақстан Республикасы Президентінің оң алақанының бедерлемесі. Монументтің негізгі сәулетінде үш ел мекеннің деңгейін біріктіру – төменгі (жер асты), ортаңғы (жердегі), үстінгі (аспандағы). Төменгі деңгей – жер асты. Ортаңғы деңгей жер беті – тіршілік. Жоғары деңгей – Аспан әлемі.
______________________ ______________________ ______________________ ______________________ ______________________
өмір адалдық дос күн жоғары
БӨЖ №11
|
«Астана – бас қала» тақырыбына видеопрезентация жасаңыз. |
БӨЖ №12
|
Қазақ театры мен киносы туралы видеопрезентация жасаңыз.
|
ОБӨЖ №6
|
Мәтінді мәнерлеп оқып, төменде берілген INSERT түртіп алу стратегиясын толтырыңыз. |
