Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия 3 уровень Лингво Комплек КЯ 05.06.15.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
316 Кб
Скачать
☆

Қазақстандағы ең бай адамдар

Қазақстандағы ең бай адамдардың тізімі жарияланды. Бұл тізімдегі алғашқы ондықта мына азаматтардың аттары тұр. Бірінші орындағы "Қазақмыс" корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы, 52 жастағы Владимир Кимнің байлығы – 2 миллиард 300 миллион доллар. Екінші орындағы Болат Өтемұратовтың байлығы да Кимдікіне бара-бар, бүгінде 2 миллиард 200 миллион долларға жетіпті. 55 жастағы Б.Өтемұратов банк саласы, инвестициялар, металл саудасы, телекоммуникация және медиабизнеспен айналысады. Ал "ENRS" компаниясы қожайындарының бірі Алиджан Ибрагимов (58 жаста) бұл тізімде үшінші орында тұр. Оның байлығы 2 миллиард 100 миллион долларды құрайды(Металл саудасы, қаржы бизнесі).

Аталған тізімдегі төртінші және бесінші орындар кірісі мұнай, газ, транспорт бизнесінен құралатын ерлі-зайыптыТимур және Динара  Құлыбаевтарға  тиесілі.  46 жастағы Тимур мен 45 жастағы Динараның әрқайсысының байлықтары тиісінше 1 миллиард 300 миллион доллар деп көрсетілген. Ал алтыншы орында Нұржан Сұбханбердин (мұнай және қаржы бизнесі) тұр. 48 жастағы Н.Сұбханбердиннің байлығы 950 миллион долларға жетіпті. Мұнай өндіру, мұнай және металл өңдеу, жанар-жағармай бизнесімен айналысатын Рашит Сәрсеновтің байлығы 920 миллион долларға тең. 64 жастағы Р.Сәрсенов аталған тізімде жетінші орында тұр.

Қазақстандағы ең бай адамдар тізімінде сегізінші болып 48 жастағы Асқар Алшынбаевтың аты аталады. Инвестиция, қаржы, авиация және жылжымайтын мүліктерді жаңартып сату бизнесімен (девелопмент) айналысатын А.Алшынбаевтың байлығы 810 миллион доллар деп бағаланыпты. Тоғызыншы орында 38 жастағы Айгүл Нұриева (инвестиция, қаржы және телекоммуникация бизнесі) тұр. Оның байлығы – 780 миллион доллар.

БӨЖ №25

«Байлық пен бақыт» тақырыбына эссе жазыңыз

БӨЖ №26

«Коллекционерлер» тақырыбына видеопрезентация дайындаңыз.

ОБӨЖ №12

«Коллекционер» мәтінін мәнерлеп оқып шығып, сұхбат құрастырыңыз.

Ендеше Жомарт Қошқаровтың бұл еңбегi ұлт өнерiне, тарихына, мәдениетiне деген жанашырлық деп бағалау қажет. Әр бұйымның өз тарихы бар. Содан ел аралап осындай бұйымдарды жинай бастадым. Бүгiнгi күнi менiң коллекциямда 400-ден астам бұйым бар. Баяғының байлары тұрмыстық заттарды негiзiнен күмiстен жасаған. Күмiстiң өте керемет қасиетi бар. Тiптi кейбiр күмiс ыдыста тұрған тағамға у дарымайды екен. Қазiр ғой алтынға малынып жүргенiмiз, әйтпесе бұрынғы қазақтар алтыннан гөрi күмiске жақын болған. Менiң коллекциямда екi-үш, төртеу болып қосылып тұрған бiлезiктер бар. Әрине, бұл бiлезiктер ажыратылып, кәдiмгi бiлезiк болады. Бұрынғы қазақтар алысқа барып, бiлезiктi үш-төрт қызына бiрден жасатқан. Содан әр қызы күйеуге шыққан сайын әр бiлезiктi бөлiп берiп отырған.

Оралхан ӘБДIРАШҰЛЫ, Жас Алаш №58 (15516) 22 шілде, бейсенбі 2010

Журналист Оралхан Әбдiрашұлының атынан сұрақтар дайындаңыз.

Коллекционер Жомарт Қошқаровтың атынан жауап жазыңыз

БӨЖ №27

«Қазақстан спортшылары» тақырыбына видеопрезентация дайындаңыз.

БӨЖ

№28

«Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбына реферат дайындаңыз (көлемі 5 бет) .

БӨЖ №29

«Қазақтың қолөнері» тақырыбына реферат дайындаңыз (көлемі 5 бет) .

БӨЖ №30

Әрбір сурет түріне сипаттама беріңіз.

Сурет өнерінің қыры мен сыры

Сурет салу түрлері

Қажетті құралдар

қандай құралдың көмегімен

Құмда сурет салу

құм, әйнек,

Саусақтың ізімен салынады

Қағазға сурет салу

Қағаз, өшіргіш, қара қарындаш, түрлі-түсті қарындаштар, бояулар

Мен қағазға сурет салайын деп отырмын. Алдымен маған керек құралдарды дайындап алу қажет. Маған қағаз, түрлі-түсті қарындаштар, өшіргіш, бояулар қажет болады. Міне құралдардың барлығы дайын. Әуелі қандай тақырыпқа салатынымды ойланып алайын. Басыма керемет бір ой келді. Енді оны жүзеге асыру керек.

ОБӨЖ

№13

Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз.

Бельгиядағы құм скульптуралар фестивалі

Бельгия елінің Бланкенберн қаласында кезекті құмнан жасалған скульптуралар фестивалі басталды. Ол 1997 жылдан бері өткізіліп келеді. Гиннесс рекордтар кібатының бағалауынша, әлемдегі ең үлкен фестиваль саналады. Жыл сайын құм скульптурларының шеберлері өз туындысымен жиналған адамдарды таң қалдырады. Ол үшін олар Бланкенберн жанындағы жағажайға жиналады. Бұл жылы фестиваль париждік Диснейлендтің 20-жылдығына арналған. Яғни ертегілер мен мульфильмедердің кейіпкерлері жасалады. Кіре берісте әрбір қонақты Уолт Дисней мульфильмдерінің ең атақты кейіпкерлерінің бірі Микки-Маус пен оның құрбысы Минни құшақ жая қарсы алады. Жағажайда көрермендер Бемби, Гуфи, Жолбарыс патша секілді танымал кейіпкерлерді көре алады. Г.Х.Андерсон, ағайынды Гримм, Джоан Роулинг ертегілеріндегі кейіпкерлерді тамашалай алады.

Осы жазда Бланкенберн жағажайында әлемнің әр жерінен келген 40 шебердің 200-ге жуық құм скульптурасы ұсынылды.

1 .Фестиваль қай жылдан бастап өткізіліп келеді?

2. Құмнан қандай кейіпкерлер жасалынды?

3. Жағажайда қанша құм скульптурасы ұсынылды?

4.Шеберлер қай жерге жиналады?

5. Фестивальдің тақырыбы қандай?

БӨЖ №31

Мәтінді мазмұндаңыз.

Қытай фар­форы

Қыш өнеркәсібі Қытайдағы ең ежелгі қолөнерінің бірі. Жүздеген жылдар бойы осы қыш өне­рінің қыр-сырын меңгер­ген Қытай ұсталары ғажайып фарфор бұйымдарын ойлап тапты. Ғалымдар бұл жаңалықты XVІІ ғасырда ашылды деп есептеген. Бірақ Шығыстық Хань дәуірі кезін­де-ақ фарфор бұйымдарын жасай бастаған. Таң дәуірінде фарфор жасау технологиясы оның шыңына жеткен.

Сун дәуірінде фарфор бұйымы­ның “алтын дәуірі басталады”. Әлем­ге фарфор қаласы деген атағы жайыл­ған Цзянси өлкесі бар. Цзиндэчжень қаласынан шыққан фарфордың атағы жер жар­ды. Қазіргі заманға дейін фар­фордың “цинхуа” дейтін түрі осы елдің өзінде де үлкен сұранысқа ие.

Соңғы 600 жыл барысында Цзин­дэчженнен шыққан фарфор бұйым­дары Азия, Африка, Еуропа және Америка елдерінің қоғамдық өміріне енген. Содан бері де көп еш нәрсе өзгермеген. Өйткені, бүгінде 600 мың ғана тұрғыны бар атақты қалада оның әрбір ересек тұрғыны фарфор өнеркәсібінде еңбек етеді.

БӨЖ

№32

Мәтінді мазмұндаңыз.

Дос

Жақсы дос – жан азығы. Досқа деген сыйластық сезімі – әр адамның бойында бар қасиет. Сыйластық сезім достар арасында берік орын алса, адам ешқашан жалғыздық көрмейді. Достардың бір-біріне деген құрметі зор болса, ол қиындықтан шығуда да, өмірдегі мақсатына жетуде де үлкен демеу болмақ.

Достар сыйластығы бір-біріне қалтқысыз сенген, риясыз сенім сезіміне ие болған адамдардың арасында болады. Ол үлкен өмір жолынан өткен, тәжірибеде жинақталған, қиындықта сыналған сыйластық болса, анағұрлым берік болмақ. Қазақта «Киімнің жаңасы, достың ескісі жақсы» деп бекер айтпаған. Бала шағынан бір-бірінің мінезін, әдетін, ой-өрісін біліп өскен достар арасындағы сыйластықтың орны бөлек, ол анағұрлым берік әрі түбегейлі. Достық адам бойындағы ең асыл, ең таза қасиеттердің бірі. Дос болудың бірінші шарты – өзің дос болу. Достық достықты шақырады, дос көңіл дос көңілге жол ашады.

БӨЖ №33

«Беу, достарым!» өлеңін жатқа айтыңыз.

Б еу, достарым!

Сағындым мен сендерді! Тек сағыныш көтерер еңсемді енді. Алып-ұшып кететін көңіл қайда, Тарлық етіп осынау жер шеңберді.

Бал шақтарын көктем мен күздің аңсап, Өмір күліп тұратын біз қуансақ… Жастығымның оралмас белгісіндей, Жанарынан жылдарым үзді моншақ.

Адал едік, ақ жүрек аңғал едік, Таза, мөлдір жыр жаздық таңнан өріп. Бір-бірінен аумайтын армандар-ай, Жауһар сезім беретін жанға көрік.

Сарғайған гүл сияқты қолымдағы, Сағынышқа айналды-ау соның бәрі. Жалт-жұлт еткен жасындай жас ғұмырды, Жүріп өткен кешегі жол ұрлады.

Қ.Сарин

БӨЖ №34

Пікір алмасыңыз.

Мысал ретінде айтатын болсақ, мен өзім өзбек ұлтынанмын. Сондықтан кең байтақ елде тыныш, татулықта өмір сүріп жүргеніме шүкіршілік айтамын.

Әрине, әр адам өз ұлтымен мақтана алады. Сонда мен, бұл екі ұлтты бір-бірінен ажыратпай, екеуін де бірдей мақтаныш ете аламын. Өйткені біз оқып жүрген топта жартымыз өзбектер. Осыншама жыл өтіп, біздің топта болсын, басқа жерде болсын, елдің қай түпкірі мен қайсы бір ортасы болсын, ұлтқа бөлушілікті, ажыратушылықты көрмедік. Бәрі де адамгершіліктің, тәрбиенің, мәдениеттің, жоғары сапада жүргізіліп жатқан саясаттың арқасы деп білеміз. Жақсылық жасау, біреуге қол ұшын беру, махаббат, құрмет көрсету – бұлардың барлығы да адамдық құндылықтар. Десе де осы құндылықтардың арасында өте нәзік бір құндылық бар, ол адалдық деп аталады. Себебі адамдардың бауырмал болып бір жерде өмір сүрулері үшін ең алдымен әділдік керек. Әділеттік адалдықтың топырағында тамыр жайған гүл секілді.

БӨЖ №35

«Көп ұлтты Қазақстан» тақырыбына реферат дайындаңыз.

БӨЖ №36

Мәтінді мазмұндаңыз.

Махаббатсыз дүние бос...

Адамзат сыйласуының, мейірбандылығының ең мөлдір көзі – достық. Ол – еш уақытта да шөлдетпейтін, жаныңды рахаттандыратын нәр. Кісі қартайғанда шын махаббатты кешеді. Бұл қасиеттер – екі кісінің арасында тартылған көзге көрінбес шынжыр. Оны ештеңе де үзе алмайды. Уақыт та, қиындық та. Тек ажалдың ғана әлі жетеді. Бүкіл адам баласын, жер шарының бар ұлттарын, осындай ешкім бұза алмас күштер мәңгі сөнбес бақытқа жеткізеді.

Сенім! Бұл бір ұлы күш! Әсіресе жаны таза адамға өзгенің көрсеткен сенімі бойына қайрат, қиялына қанат береді. Сол сенімді ақтаймын деп қандай қиындық болса да қарсы тұра алады, ақтап шығуға жанын аямайды. Махаббат шуағына бөлену адам жанын бақыт шыңына бастайды. Ол алтынмен, жақұтпен, інжу-маржанмен өлшенбейді. Ол – шуақты да шұғылалы, нәзік те көркем, асқақ та арайлы, тіл жеткізсіз ғажайып сезім. Ол – адам көңіліндегі тазалық пен сұлулықтың иесі, армандардың қасиетті киесі. Сондықтан да бар адамзат үмітіне өмір берер, сеніміне шуақ берер қасиетті махаббат сезіміне нұрын шашқан шамшырақтай ұмтылады.

БӨЖ №37

«Махаббат» өлеңін жатқа айтыңыз.

М ахаббат

Сүюден басқа махаббатқа

Қажет емес дәнеңе.

Байлық, атақ, алтын тақ та

Қалар аспай кәдеге.

Қыран аспас асуды да

Белес білер махаббат.

Дәрежеңді, жасыңды да

Теңестірер махаббат.

Көл тартылып кетсе кетер,

Ортаймайды махаббат.

Жасың жүзге жетсе егер

Қартаймайды махаббат.

Баптау қажет, сақтау керек,

Сүю де өнер, ол да сын.

Бақытың боп тұрар жебеп,

Кемелденіп алғасын.

О.Асқар

БӨЖ №38

Тілек жаттаңыз.

Жас жұбайларға тілек

Екеуіңе айтайыншы бір ақыл:

Мәңгі болсын махаббатың – мұратың.

Екеуіңе айтайыншы бір тілек:

Ашулансаң, ақ жауындай бүркіп өт.

Екеуіңе айтайын бір өтініш:

Бір-біріңе білдірмеңдер өкініш.

Екеуіңе айтатын бір базынам:

Жиылмасын дастарханың – қазынаң.

Екеуіңе айтайыншы бір әзіл:

Бірің – патша, біреуің бол – уәзір.

Екеуіңе білдіретін бір назым:

Ұл көріңдер, қыз көріңдер жылма-жыл!

Исраил Сапарбай

ОБӨЖ

№14

Мәтінге сүйене отырып, өзіңіз барған бір тойды сипаттап беріңіз.

Той түрі

Тойға дайындық

Той күні

Қыз ұзату тойы

Мен қалыңдықтың құрбысымын. Құрбымның ұзату тойы болды. Тойға екі ай бұрын дайындалдық. Мен тойға әдемі, сәнді көйлекке тапсырыс бердім.

Таңертең ерте тұрдық. Алдын-ала жазылып қойған сұлулық салонына бардым. Шашымды қиып, бояп, сәндеп берді. Бетімді бояп, қолымның тырнақтарын жөндеп берді. Үйге келіп, сәнді көйлегімді киіп, құрбымның үйіне бардым. Күйеу жігітті сынау үшін қалыңдықты жасырып қойдық. Ол оны көру үшін біздің жұмбақтарымызды шешу керек. Үш литр су толған банкіге қалыңдық отырған бөлменің кілтін салып оны күйеу жігітке бердік. Ойын шарты бойынша ол суды тауысып, кілтпен есікті ашып қалыңдығын алып шығу керек. Бірақ ол оны тауыса алмады, оған достары көмектесті. Өте қызық болды. Қалыңдықты үйден шығарып салдық. Ол туыстарымен қимай қоштасты.

БӨЖ

№39

Мәтінді оқып, өзіңізге таныс отбасы туралы әңгімелеңіз.

Үлгілі отбасы

Отбасы – әр адамның алтын ұясы. Отбасы ұрпақтарға ұлттық дәстүрлерді қалыптастыруда маңызды орын алады. Отбасында ер адам – басты тұлға. Әйел оның серігі, көмекшісі. Сондықтан да үйдегі бар істі ер адам басқарып отыруға тиіс. Әйел адамның жұмысы – бала тәрбиелеу, отбасын тамақтандыру, үйді таза ұстау. Балалар да жас кезінен отбасы жұмыстарына икемделуі керек. Отбасын қаржымен қамтамасыз ету – ер адамның міндеті. Біздің отбасымыз өте үлкен. Себебі қазақ халқында үйде баланың көп болуын, олардың қасында атасы мен әжесі отырғанды жақсы ырымға санайтын әдет бар. Мен жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін шаңырақ көтердім. Таңдаған жарым – ибалы, көркіне ақылы сай адам. Біз-бірімізді сыйлаймыз. Сондықтан қазір тату-тәтті тұрамыз, төрт баламыз бар. Әкем мен шешем – оқытушылар, атам мен әжем – зейнеткерлер. Бірақ немерелерін тәрбиелеу сол үлкен кісілердің мойнында. Үлкен адамдар тәрбиелеген бала кішіпейіл, адамға жақын болатын секілді. Күнде кешкісін атасы мен әжесі шөберелеріне ертегі айтып береді.

Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Отбасының реніші де үй ішінде шешіледі. Балалар әке-шешені сыйлап, олардың ақыл-кеңестерін тыңдап отырады. Барлық іс ақылдаса отырып істеледі. Сондықтан да «Отбасы – шағын мемлекет» деген сөз орынды айтылған.

БӨЖ №40

«Әке арманы» өлеңін жатқа айтыңыз.

Ә ке арманы

Жапырақ жайған бәйтерек,

Тереңге тартқан тамырын.

Сезбеппін, әке, ертерек,

Жаныңның ыстық жалынын.

Ертеңім үшін көз ілмей,

Атқыздың қайта таңыңды.

Түсінер кім бар өзіңдей,

Сағыныш толы жанымды?

Шапағат нәрін жиыпсың,

Көңілге қуат беретін.

Жолыма менің қиыпсың,

Бақытты өзің көретін.

Мейірім шашқан жүзіңнен,

Өмірдің өзін көремін.

Әкелік асыл сөзіңнен,

Жолымды тауып келемін.

Қ.Қазыбеков

БӨЖ №41

Батаны жаттап алыңыз.

Жас отбасына берілетін бата 

Отбасың үлкен бай болсын,

Төрт түлігің сай болсын,

Шаңырағың жоғары, биік болсын,

Босағаң берік болсын,

Астарыңа адалдық берсін,

Бастарыңа амандық берсін,

Дастарқандарың тоқ болсын,

Уайым-қайғыларың жоқ болсын. 

Дастарқанға берілетін бата

Дастарқаның тоқ болсын,

Уайым-қайғың жоқ болсын!

Бақ-дәулет берсін бастарыңа,

Ғұмыр берсін жастарыңа!

БӨЖ №42

«Қазақ дәстүрлері» тақырыбына реферат дайындаңыз (көлемі 3 бет).

БӨЖ №43

Роза Әлқожаның «Қос бәйтерегім» өлеңін мәнерлеп оқып, әнімен айтып үйреніңіз.

Әкешім, пана болған биік шыңым, Үйреткен мына өмірдің барлық сырын. Жер бетін кезгенменен, Сендердің көздеріңнен, Төгілген жылылықты Ешкімнен сезбедім мен. Анашым, ақ сүт беріп мәпелеген, Кешірген көп кетсе де қате менен. Анамның алақаны,

Әкемнің қарағаны, Ұқтырды біз екенін бақытқа балағаны.

ОБӨЖ №15

«Отбасы бақыты» тақырыбына әңгіме құрыңыз.

БӨЖ №44

Ата-анаңыз берген ақшаны қайда және қалай жұмсағаныңызды жазыңыз. Тағы қандай шығындар бар? Өзіңіз толықтырыңыз.

№

Шығындар

Шығындар сомасы

?????????????

1

Мектепте ішетін азық-түлік

2

Көлікте жүру ақысы

3.

Кеңсе заттары (қалам,дәптер т.б.)

4.

Ойын-сауықтар, достарымызбен қыдыру, киноға бару

5.

Мектептегі мәдени шаралар, достарыңа сыйлықтар

6.

Өзге шығындар (газдалған сусынға, балмұздаққа, телефон бірліктері т.б)

Қорытынды:

БӨЖ №45

Үй төлемінің түбіртегін есептеп, толтырыңыз.

ШОТ Дербес шот 2447436

Төлеуші: ...............................

Мекен-жайы: .................................

өсімақы

баға

есептелген

төлемге

төлеймін

Үйді ұстау шығыны

Газ

Жылыту

Ыстық су

Суық су

Кіреберісті тазалау

Барлығы:

Практикалық қазақ тілі 3-деңгей 60