Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия 3 уровень Лингво Комплек КЯ 05.06.15.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
316 Кб
Скачать
☆

Билет №22

ТЫҢДАЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (Тыңдау және дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-1 мин.)

дұрыс

бұрыс

Қазақстанның шағын қалаларында Азияда алауы салтанатты түрде жағылды.

Астана мен Алматы қаласында жаңа стадиондар, спорттық кешендер салынбады.

Алматыда қысқы ойындар Шымбұлақта өтті.

Спортта барлық спортшы жеңеді немесе біреуі ғана жеңіледі.

Қазақстанда үнемі Азияда ойындары өткізілді.

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

СӨЙЛЕСІМ (10 мин)

1-тапсырма. Берілген жағдаяттық тақырыпқа әңгіме құрастырыңыз. (Дайындалу уақыты-3 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

Студенттік өмір

Жоспар:

  1. Оқуға қабылдану

  2. Қоғамдық жұмыстарға қатысу

  3. Рейтинг, емтихан тапсыру

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгіме айтыңыз. (Дайындалу уақыты-4 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

«Қарашаңырақ» дәстүрі

ОҚЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-2 мин.)

Өнер түрлері

Өнер – мәңгілік тақырып, таусылмайтын жыр. Қазақ халқы өнерге бай. Олар күй өнері, саят өнері, шешендік өнер, қолөнер, кино өнері т.б.

Асқан шеберлікті қажет ететін қолөнері – зергерлік. Зергерлік өнер – көне заманнан келе жатқан өнер түрі. Алтын, күміс, бағалы тастардан жасалған әсем бұйымдар зергерлікке жатады. Ағаш пен сүйектен оюлап тұрмыстық, музыкалық аспаптар жасау – халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлі өнерлерінің бірі. Шеберлер ағаш бұйымдардың бетіне, музыкалық аспаптарға сүйектен ойып өрнек салған.

Аңшылық құру – аң-құсты қырып жою деген сөз емес, қайта оған қамқор болу, жанашырлық ету деген сөз. Қазақ халқында құралайды көзден атқан мергендер болған. Ол үлкен өнер, ата салтымыз.

Шешендіктің мысалы ретінде қазақ халқының айтыс өнерін айтуға болады. Шындық өмірді шығармашылық жолмен, көркем образдар арқылы суреттейтін көркем өнердегі жанр.

Қыш өнеркәсібі Қытайдағы ең ежелгі қолөнерінің бірі. Жүздеген жылдар бойы осы қыш өне­рінің қыр-сырын меңгер­ген Қытай ұсталары ғажайып фарфор бұйымдарын ойлап тапты. Ғалымдар бұл жаңалықты XVІІ ғасырда ашылды деп есептеген. Бірақ Шығыстық Хань дәуірі кезін­де-ақ фарфор бұйымдарын жасай бастаған. Таң дәуірінде фарфор жасау технологиясы оның шыңына жеткен. Біздің елімізде де қыш өнерімен айналысытын шеберлер көп.

2-тапсырма. Оқылған мәтін бойынша басты тірек сөздерді табыңыз (7-8 тірек сөз). (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-1 мин).

ЖАЗЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. (Дайындалу уақыты - 8 мин., тексеру уақыты - 2 мин.)

«Асыл ана»

Билет №23

ТЫҢДАЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (Тыңдау және дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-1 мин.)

дұрыс

бұрыс

Бисер әшекей бұйымдар дайындалудың бір түрі.

Бисер – ұсақ моншақтарға берілетін жалпы түсінік.

«Бисер» атауы Египет елімен байланысты.

Бисер арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шықпаған.

Бисер сөзінің мағынасы «шын маржан» дегенді білдіреді.

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

СӨЙЛЕСІМ (10 мин)

1-тапсырма. Берілген жағдаяттық тақырыпқа әңгіме құрастырыңыз. (Дайындалу уақыты-3 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

Шетелдік туристерді Қазақстан туризмімен таныстырыңыз.

Жоспар:

  1. Туризм саласының бағыттары

  2. Отандық туризм

  3. Туризм – ел экономикасын дамытушы сала

2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгіме дайындаңыз (Дайындалу уақыты-4 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

Менің мамандығым

ОҚЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-2 мин.)