Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия 3 уровень Лингво Комплек КЯ 05.06.15.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
316 Кб
Скачать
☆

Еқыұ Саммиті

Елбасымыз ЕҚЫҰ Саммитін тәуелсіз Қазақстанды әлемге паш етудің бірегей мүмкіндігі деп бағалады. Шындығында, Қазақстан – жас мемлекет бола тұра, аз уақыт ішінде дүние жүзіне бірлігі жарасқан берекелі ел ретінде танылды. Сон­дық­тан егемен еліміздің тағы бір биігін танытатын бұл елеулі оқиға кез келген азаматты бей-жай қалдырмай, әр қазақстандықтың жүрегіне ұлттық сүйіспеншілік пен патриоттық сезім ұялатады.Астанада өтетін Саммит – ұйым­ның негізгі өлшемдері мен қағидаттарын жүзеге асыру барысында қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау, жаһандық мәселелерді бірлесіп шешу, түрлі қақтығыстарға тап болған мемлекеттерге қол­ұшын беру мақ­сатында мемлекет басшылары мен үкімет жетекшілерін ортақ іске шақы­ратын халықаралық форум.ЕҚЫҰ-ның саммиттерінде қабылданған құжаттар Еуропа қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқаратыны және ұзақ уақыттан кейінгі үзілістен соң қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың ең мұқтаж мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі үнқатысуды қалпына келтіретіні сөзсіз.Осы жолда Қазақстанға жетекші күш болуға тура келеді. Әрине, біздің елі­міздің ол үшін жеткілікті экономикалық ресурстары мен интеллектуалдық әлеуеті, күрделі әлеуметтік проблемаларды шеше алатын, азаматтық тұрақтылықты нығайта алатын тәжірибесі мол.Бұл сөз жоқ, ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасының теңдессіз зор жетістігі.

БӨЖ №16

«Көк тудың желбірегені» өлеңін жатқа айтыңыз.

К өк тудың желбірегені

Сөзін жазған: Алмас Ахметбекұлы

Әнін жазған: Ермұрат Зейіпхан

Көк тудың желбірегені - Қазақтың асқақ беделі. Махаббат, қайрат екеулеп, Шымырлатқаны денені.

Көк тудың желбірегені - Жаныма қуат береді. Таласқа түссе жан мен ту Жан емес, Маған керегі- Көк тудың желбірегені. Көк тудың желбірегені- Елдіктің асқақ өлеңі, Әр жаққа тартпай, қазағым, Бір сөзге жинал дегені. Көк тудың желбірегені - Бақыттың елжірегені, Қиырда қалған қазақтың Азат отанға жете алмай Көзінің мөлдірегені.

ОБӨЖ

№8

Мәтінді мазмұндаңыз.

Әнұран

Әрбір егемен елдің мемлекеттік рәміздері болатыны белгілі. Олардың әрқайсысының орны ерекше. Дегенмен, мемлекеттік әнұранның адамға берер әсерінің орны ерекше. Әнұран мәтініндегі елшіл, отаншыл мазмұн – әрбір азаматтың өз еліне деген сүйіспеншілігі мен құрметін еселейді. Ал әуелеген әуен кеудемізді шаттыққа толтырады. Әсіресе, мемлекет басшысының шетелдік әріптестерімен ресми кездесулерінде, халықаралық шараларда, әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстарда жеңіске жеткен елдің құрметіне орындалған әнұранның әсері керемет. Мұнда еліңе деген мақтаныш сезімі жүрегіңді тербейді.

2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Әнұраны қабылданды. Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының әнұраны деп жарияланды. Кезінде Жұмекен Нәжімеденов жазған ән мәтініне елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді. Елбасының ұсынысы бойынша біріншіден, әнұранның мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс тапты. Екіншіден, мәтінде асыл мұрамыз – еліміздің кең байтақтығы, үшіншіден, жер мен ел байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашатыны көрініс тапқан. Ең бастысы – тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі – ел бірлігі баса айтылған.

БӨЖ №17

«Байлық қолдың кірі...» тақырыбына шағын әңгіме құрастырыңыз.

БӨЖ №18

«Өз ақшам» өлеңін жатқа айтыңыз.

Ө з ақшам

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,

Білдім дербес елімнің үлгісі деп.

Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,

Беттерінен көз тартып тұрды сурет.

Жазуды оқып өз ана тілімдегі,

Алып ұшып жүрегім дірілдеді.

Шабыт шалқып «қолыңа қалам ал» деп,

Асықтырды қаумалап жырым мені.

Теңдікті айтып тұр атың «теңге» деген,

Құт-береке болшы бір елге келген.

Өз туы, елтаңбасы, әнұраны бар,

Айтыңдаршы енді елім кенде неден?!

Жеңіс болдың сен де бір оңы келген,

Қол ұстасшы етене болып елмен.

Сәбидей боп қазақша тілі шыққан,

Тиыныңнан айналдым соңыңа ерген.

О.Асқар

ОБӨЖ

№9

Мәтінді оқып, пікір білдіріңіз.

Қытайда мұнайшыларды дайындайтын ең үздік жоғары оқу орнында 400-ге жуық қазақ баласы білім алып жатыр. Мұнда студенттер әлемге танымал ғалымдардан дәріс алып, қара алтын игерудегі заманауи технологияларды меңгеруде. Университеттің оқу ерекшелігіне сәйкес студенттер күнде 8 сағатын білім алып, ғылыммен айналысуға, ал екі сағатын спортпен шұғылдануға жұмсайды. Талаптың жоғарылығына қарамастан отандастарымыз биылғы оқу жылын жақсы нәтижемен аяқтап, жоғары шәкіртақыға ие болды.

Бейжіңнің Чанпин ауданында орналасқан Қытай мемлекеттік мұнай университетін жергілікті халық «Мұнай-газ инжинирингінің алтын бесігі» деп атайды. Іргетасы 1953 жылы қаланған жоғары оқу орнынан осы уақытқа дейін 100 мыңнан астам студент білім алып шықты. Ал 3-4 жылдан бері Қазақстанмен байланыс орнап, 300-дей қазақ баласы осы оқу орнының дипломын алған. Мұндағы оқу жоспары ауқымды. Күнде 4 сағат өз мамандықтары бойынша білім алып, түстен кейін ғылыми зерттеу орталығында инновациялық жобаларды жүзеге асырумен айналысады. Ал бос уақыттарын кітапханада өткізеді.

БӨЖ №19

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін жатқа айтыңыз.

Ж асымда ғылым бар деп ескермедім

Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ержеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім. Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы, Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім? Адамның бір қызығы - бала деген, Баланы оқытуды жек көрмедім.

Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім. Өзім де баска шауып, төске өрледім, Қазаққа қара сөзге дес бермедім. Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ, Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.

Абай

БӨЖ №20

«Білімнің дара ордасы» өлеңін жатқа айтыңыз.

Б ілімнің дара ордасы

Әл-Фарабидің атында

Алпысқа келген атасың.

Студентіңмін жасымда

Мұхаңның алған батасын.

Білімім алған өзіңнен

Айналды бітпес қорыма.

Байқалып әрбір сөзімнен

Нәр берді өлең жолына.

Университет көбейді

Өзіңмен тапқан жарасым

Бірі тең саған келмейді

Ішінде жеке дарасың.

Күткенің түлектеріңнен

Жан-жақта жатсын ақталып.

Биіктен ылғи көрін сен

Жүрейік біз де мақтанып.

О. Асқар

БӨЖ №21

«Қазақстанның білім жүйесі» туралы реферат дайындаңыз (көлемі 3 бет).

БӨЖ №22

«Мың түрлі мамандық» тақырыбына видеопрезентация жасаңыз

ОБӨЖ

№10

Өзіңіздің мамандығыңыз мінез-құлқыңызға сай ма, анықтаңыз.

Мінез-құлқы

Мамандықтар

Сангвиник - ашық, көпшіл, сөзшең, қайырымды, жаны жомарт, оптимист, өмірге құштар, қуатты адам. Басшылық етуге, жетекшілікке құмар. Сангвиник адам эмоциясын ішінде ұстап қала алмайды, қандай жағдайда да, әсерін сыртқы ортамен бөлісе береді. Олар жұрттың назарын өздеріне аударта алатын белсенді жандар.

менеджер, мұғалім, дәрігер, психолог, тәрбиеші, ұйымдастырушы, сатушы, даяшы, инженер-технолог

Флегматик - өте сақ, ұяң, байсалды, сенімді, тұрақты, салқынқанды, жұртқа жақсылық тілеумен жүретін адам. Бастаған ісін аяғына жеткізбей тастап кетпейтін флегматиктер іске келгенде өте мұқият. Адамдармен қарым-қатынас жасағанда, мінездері тұрақты, біркелкі.

механик, электрик, инженер, агроном, жүргізуші, ғылыми – ботаник, астроном, физик, математик

Холерик - ұшып-қонып тұратын, күйгелек, шамданғыш, тынымсыз, көңіл-күйі құбылмалы, қарым-қатынас жасағанда мінезі аумалы-төкпелі, тұрақсыз, пысық, ашуланшақ адам. Қолына алған жұмысы өнбей жатса, күйіп-пісіп, жылдам ашуланады.

әртіс, дипломат, журналист, кәсіпкер, хирург, ұшқыш, диспетчер, жүргізуші, тренер, менеджер, құрылысшы, режиссер, аспазшы, геолог, электрик

Меланхолик - өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын, ұялшақ, қыңыр, жайбасар, қисық адам. Кез келген қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарға бей-жай қарап, сезімін үнемі ішінде сақтап жүреді. Жаңа таныстық пен адамдар көп жиналған жерден қашқақтайды. Жалғыздықты сүйеді.

педагог, суретші, тігінші-модельер, бояушы, сазгер, жазушы, мал дәрігері, геолог, агроном, зоотехник, есепші, радиомеханик

БӨЖ №23

«Әлем бизнесмендері» тақырыбына реферат дайындаңыз (3 бет).

ОБӨЖ

№11

«Бизнес жоспар» құрыңыз. Сұрақтарды талқылаңыз.

        1. Бүгінгі күнге дейін не істедіңіз, не тындырдыңыз (өзге үшін, өзіңіз үшін)?

        2. Бос өткен уақыттарыңыз көп болды ма?

        3. Алдағы мақсаттарыңыз не (өзге үшін, өзіңіз үшін)?

        4. Не істей алдыңыз, не істей алмадыңыз?

        5. Табысқа қалай қол жеткізуге болады?

        6. Әлемдегі ең табысы мол адамды білесіз бе?

        7. Қазақстандағы ең бай адам туралы не білесіз?

БӨЖ №24

Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып беріңіз.