- •Іі блок - практика бөлімі сәт бойынша емтихан материалдары тыңдалым
- •Әлемдегі ең қауіпті теміржолдар
- •Шарм Эль Шейх курорты
- •Қазақстан туризмі
- •Қожа Ахмет Иассауи кесенесі
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары оларды қорғау
- •Шымбұлақ
- •Тәуелсіздік алған күн
- •Мұхитарал
- •Қазақ театры
- •Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері
- •Мемлекеттік рәміздер тарихынан
- •Ұлттық валюта – теңге
- •Бейжіңдегі университетте оқитын отандасымыз «Жыл студенті» атанды
- •Шетелде білім алу
- •Әлемдегі ең таңдаулы мамандық
- •Іскерлік
- •Әлемдегі ең бай адамдар
- •Кімде қандай коллекция бар?
- •Ақ Азияда ойындары
- •Бисердің шығу тарихы
- •Танымал тұлғалар
- •Достық деген не?
- •Бірлігі жарасқан ел
- •Аққу – махаббат символы
- •Үйлену тойы
- •Әдептілік туралы
- •Нәресте мен періште
- •Отбасылық бюджет
- •Емтихан билеттері билет №1
- •Адам мен табиғат
- •Билет №2
- •Су астындағы қонақүйлер
- •Билет №3
- •Вокзалда
- •Билет №4
- •Қазақстан табиғаты
- •Билет №5
- •Ұшақпен саяхат жасау
- •Билет №6
- •Тараз және Түркістан қалалары
- •Билет №7
- •Уақыт – алтыннан да қымбат
- •Билет №8
- •Театрда
- •Билет №9
- •Тәуелсіздік монументі
- •Билет №10
- •Астана сәулеті
- •Билет №11
- •Түсініктеме билет №12
- •Билет №13
- •Қазақстан Республикасының рәміздері
- •Билет №14
- •Назарбаев университеті
- •Билет №15
- •Қазіргі заманға қажет мамандық
- •Билет №16
- •Кәсіпкерлік
- •Билет №17
- •Мамандықты таңдау – болашақты таңдау
- •Билет №18
- •Әлем таныған Қазақстан
- •Билет №19
- •Қазақстандық коллекционерлер
- •Түйіндеме билет №20
- •Шынықсаң шымыр боласың
- •«Қазақстан мерекелері» билет №21
- •Билет №22
- •Өнер түрлері
- •Билет №23
- •Отбасылық бюджетті жүргізу
- •Билет №24
- •Билет №25
- •Билет №26
- •Үлгілі отбасы
- •Билет №27
- •Махаббатсыз дүние бос...
- •Билет №28
- •Достықтың алтын көпірі
- •Билет №29
- •Билет №30
- •Тапсырмалары бөж және обөж тапсырмалары
- •Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театры
- •Қазақстан картасы
- •Еқыұ Саммиті
- •Қазақстандағы ең бай адамдар
Достықтың алтын көпірі
Ассамблея – шын мәнісінде, мемлекет пен халық, әсіресе әр түрлі ұлт адамдары арасындағы алтын көпір болып табылады. Біздің еліміз онда тұратын халықтардың өзінің ең көкейкесті армандары мен тілектерін толық дамыту үшін осындай мүмкіндіктерге ие болатындығын ешқашан білген емес. Ассамблеяның басты рөлі, ең алдымен, біздің көпұлтты елімізде бейбітшілік пен келісімділікті қолдау болып табылады. Біз бір ұлттың екінші ұлтқа, бір мәдениеттің екінші мәдениетке түбегейлі араласып кетуіне қарсымыз. Сондықтан біз мемлекеттік ұлттық саясат туралы айтқанда халықтар арасындағы бейбітшілік пен тұрақтылық қарым-қатынастарды дамытуды ғана емес, сонымен бірге ұлттық мәдениеттерді сақтауды да көздейміз.
Әрине, әр адам өз ұлтымен мақтана алады. Сонда мен, бұл екі ұлтты бір-бірінен ажыратпай, екеуін де бірдей мақтаныш ете аламын. Өйткені біз оқып жүрген топта жартымыз өзбектер. Осыншама жыл өтіп, біздің топта болсын, басқа жерде болсын, елдің қай түпкірі мен қайсы бір ортасы болсын, ұлтқа бөлушілікті, ажыратушылықты көрмедік. Бәрі де адамгершіліктің, тәрбиенің, мәдениеттің, жоғары сапада жүргізіліп жатқан саясаттың арқасы деп білеміз. Жақсылық жасау, біреуге қол ұшын беру, махаббат, құрмет көрсету – бұлардың барлығы да адамдық құндылықтар. Десе де осы құндылықтардың арасында өте нәзік бір құндылық бар, ол адалдық деп аталады. Себебі адамдардың бауырмал болып бір жерде өмір сүрулері үшін ең алдымен әділдік керек. Әділеттік адалдықтың топырағында тамыр жайған гүл секілді.
2-тапсырма. Оқылған мәтін бойынша басты тірек сөздерді табыңыз (7-8 тірек сөз). (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-1 мин)
ЖАЗЫЛЫМ (10 мин.)
1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. (Дайындалу уақыты - 8 мин., тексеру уақыты - 2 мин.)
«Сыйлық»
Билет №29
ТЫҢДАЛЫМ (10 мин.)
1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (Тыңдау және дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-1 мин.)
|
дұрыс |
бұрыс |
Аққу – көне заманнан бері сұлулық пен махаббаттың, тазалық пен нәзіктіктің белгісі болып саналады. |
|
|
Аққуды көп халықтар киелі құс санап ерекше құрметтемеген. |
|
|
Аққу – сұлулықтың, асқақ ананың, айрылмас жардың символы. |
|
|
Қазақтың әдемі қыздарын аққуға теңемеген. |
|
|
Біздің елімізде оларды аулауға тыйым салынған. |
|
|
2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-2 мин)
СӨЙЛЕСІМ (10 мин)
1-тапсырма. Берілген жағдаяттық тақырыпқа әңгіме құрастырыңыз. (Дайындалу уақыты-3 мин., жауап беру уақыты-1 мин)
Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесі
Тірек сөздер: қасиетті жер, Қожа Ахмет Йассауи кесенесі, сәулет өне рі, мәдениетпен танысу
Жоспар
Сәулет өнерінің туындылары
Шығыс стилі
Кесененің сәулеттік ерекшелігі
2-тапсырма. Берілген тақырып бойынша әңгіме дайындаңыз. (Дайындалу уақыты-4 мин., жауап беру уақыты-2 мин)
«Тойбастар» дәстүрі
ОҚЫЛЫМ (10 мин.)
1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-2 мин.)
Дос көмегі
Арман қиын жағдайға тап болды. Ұялы телефонын алып, достарына хабарласа бастады. Біреуінің телефоны сөндірулі болса, ал екіншісі қолы босамайтынын айтты. Ол ең жақын досынан көмек сұрады. Досы оған бірден жауап бермеді. Ананы-мынаны сылтауратты. Соңында көмектесе алмайтынын айтты. Арман достарынан көмек болмайтынын түсінді. Бірақ ол оған қатты ренжімеді. Арманның туыстары, ағайындары қол ұшын берді. Ол барлық туғандарына алғысын білдірді.
Арада көп жыл өтті. Бірде Арманға бір досы қоңырау шалды. Оның туған қарындасы ауруханаға түсіп қалыпты. Оған ота жасау үшін аса көп мөлшерде қаражат керек екен. Арман мән-жайды түсініп, өзі көлік алармын деп жинап жүрген ақшасын алып, тез арада ауруханаға жетті. Оны көрген досының қуанғанынан көзінен жас шықты. Ол бір кездері Арманға көмектесе алмағаны үшін біраз қынжылды. Ол Арманның адал дос екенін түсінді, өзінің жіберген қателігі үшін кешірім сұрады.
Қазақта «Киімнің жаңасы, достың ескісі жақсы» деп бекер айтпаған. Бала шағынан бір-бірінің мінезін, әдетін, ой-өрісін біліп өскен достар арасындағы сыйластықтың орны бөлек, ол анағұрлым берік әрі түбегейлі. Достық адам бойындағы ең асыл, ең таза қасиеттердің бірі. Дос болудың бірінші шарты – өзің дос болу. Достық достықты шақырады, дос көңіл дос көңілге жол ашады.
2-тапсырма. Оқылған мәтін бойынша басты тірек сөздерді табыңыз (7-8 тірек сөз). (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-1 мин)
ЖАЗЫЛЫМ (10 мин.)
1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. (Дайындалу уақыты - 8 мин., тексеру уақыты - 2 мин.)
«Адамгершілік»
