- •«Алақан» тренингін жүргізу әдістемесі
- •«Денелік мүсіндер» тренингінің жүру барысы
- •«Еден-төбе-мұрын» тренингін жүргізу әдістемесі
- •«Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі» іскерлік ойынының жүру барысы
- •«Жанұя бақыты» тренингін жүргізу әдістемесі
- •«Сенімді, сенімсіз, агрессивті» мінез-құлық тренингі
- •«Жер сілкіну» тренингі
- •«Көңіл-күйімізді жаттықтыру» тренингі
- •«Мен және болашақтағы мен» треингінің жүру барысы
- •«Психотерапиялық антонимдер» тренингі
- •«Тастанды дүкен» тренингінің жүру барысы
- •«Топтық психотерапия», «топтық психокоррекция», «топтық тренинг» ұғымдары
- •«Шеңбер» деп аталатын жаттығу топтарына сипатттама бер
- •Аутоген жаттығуын жүргізу әдістемесі
- •Әлеуметтік –психологиялық тренинг пәні мақсат, міндеттері
- •Әлеуметтік психологиялық тренинг түрлері
- •Әр түрлі бұлшықет тобының тонусын өзгертуге араналған жаттығулар
- •Би метафорасы тренингін жүргізу әдістемесі
- •Гештальттерапия бағытының негізгі ерекшелігі
- •Жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру жаттығулары
- •Жалпы тренингтік әдістер
- •Жасөспірімдермен жүргізілетін тренинг жаттығулары
- •Коммуникативтілікті дамытуға арналған тренинг жаттығулары
- •Комплимент тренингін жүргізу әдістемесі
- •Қиын топқа жататын жасөспірімдер мен жүргізілетін тренинг жаттығулары
- •Медитация жаттығуын жүргізу әдістемесі
- •Оқушылардың таным белсенділігін дамыту жаттығулары
- •Өзіне-өзі сенімділігін қалыптастыру тренингі
- •Өзін-өзі реттеу жаттығуларын жүргізу әдістемесі
- •Педагогтың кәсіби өзіндік санасын қалыптастыруға бағытталған тренингтер
- •Психоанализ бен басқа да психологиялық мектептер, психологтар мен психотерапевттердің топтық әдістері
- •Психогимнастикалық жаттығулар әдістемесі
- •Психологиялық тренинг принциптері
- •Психологиялық тренингті безендіру
- •Ролдік гимнастика жаттығуын жүргізу әдістемесі
- •Топқа қатынасушыларды таңдау үрдісі
- •Топқа қатынасушылардың жекелеген мақсаттарын айқындау
- •Топтық психокоррекция ұғымы
- •Топтық психологиялық жұмыс формалары туралы түсінік
- •Топтық психологиялық жұмыс формасының түрлері
- •Топтық психотерапия және гипноз
- •Топтық психотерапия ұғымы
- •Топтық тренинг парадигмасы
- •Топтық тренингті ұйымдастыру аспектілері
- •Топтық тренингті ұйымдастыру және өткізудің теориялық негіздері
- •Топтық тренингтің әдістемелік мәселелері
- •Топтың гомогендігі және гетерогенділігі
- •Тренерге қажетті сапалар
- •Тренердің тұлғалық ерекшелігі мен қарым-қатынас стилі
- •Тренинг әдістерінің түрлері
- •Тренинг барысының этаптары
- •Тренинг имиджі және тренингке деген қарым-қатынас
- •Тренинг қызметінің негізгі ережелері
- •Тренинг тобын ұйымдастыру ережелері
- •Тренинг топтарының жүргізушісі
- •Тренинг топтарының жүргізушісінің дайындағы
- •Тренинг топтарының қызметі
- •Тренинг топтарының негізгі түрлері мен класификациясы
- •Тренинг топтарының сандық құрамы
- •Тренинг, оқыту, тәжірибе қызметтеріне сипаттама бер
- •Тренинг, үйрену, даму ұғымдары
- •Тренингте бейнетүсірілімдерді қолданудың психологиялық және әдістем елік астарлары
- •Тренингтік сабақтардың сценариі
- •Тренингтің алтын заңдары
- •Тренингтің қорытынды этабына сипаттама бер
- •Тренингтің нәтижелі жоспарын құру
- •Тренингтің ұйымдастырылуына қойылатын талаптар
- •Тұлғалық өсу тренингі туралы түсінік .
- •Тыныс алу жаттығулары
- •Ф.А.Месмердің «жануар магнетизмі» теориясы
Топтың гомогендігі және гетерогенділігі
Гомогенділік – біртектілік, ұқсастық, қандай д бір сипаттамалар мен қасиеттердің сәйкес келуі. Гетерогенділік – объект немесе субъект сипаттамалары мен қасиеттері арасындағы айырмашылық (тіпті диаметрлік қарама-қайшылыққа дейін).
Гомогенділік немесе гетерогенділік туралы сөз қылғанда, жынысы, жасы, білімі, интеллект деңгейі, әлеуметтік деңгейі, тұлғаның типі мен жүріс-тұрыс стилі, психологиялық проблемалары, сендіру және құндылық бағдары, топқа қатысу мақсаты сияқтлар айтылады. И. Ялом деген ғалымның мәліметіне сүйенсек, құрамы бойынша біртекті топтар баснан бастап ұйымдастырушылыққа, топтастыққа бейім келеді, ондағы психологиялық атмосфера да анағұрлым ыңғайлы, адамдар өз-өздерін еркін және бос ұстайтыны белгілі. Гомогенді топтың басты кемшілігі – пікірталас көзінің жетіспеушілігі (К.Рудестам). бұл топтық динамиканың төмендеуіне алып кледі, топтық жұмыстың сәттілігі ұшін маңызды болып табылатын қарама-қайшылық пен дау-дамай болмайды.
Көптеген мамандардың айтуынша, топтың функциялық өнімділігінің басты шарты болып табылады, әсіресе егер ол әртүрлі жеке тұлғалық конфликттермен (дау-дамай), оны жеңу әдістерімен, тұлға типімен және көңіл-күй эмоциясымен баланысты болса. Онымен қоса, топтың гетерогенділігін қоршаған әлемде қатысушылардың нағыз жүйесін қалыптастырушы жағдай ретінде қарастыруға болады. Әрине, қатысушылардың жасында, олардың білімі мен интеллект деңгейінде, әлеуметтік статусы мен өмірлік ұстанымында үлкен айырмашылық болса, бұл топқа зиянын келтіреді. Онымен қоса әртүрлі типтегі және әртүрлі көзқарастағы адамдардың .қатысуында топтық жұмыстың өнімділігі жоғарылайтыны да белгілі. Айырмашылықтың аса үлкен болмауы маңызды: жас маманның өзінен жоғары басым адаммен және директормен бір топта өзін ыңғайлы сезініп, ашылып сөйлеуі екі талай.
Тәжірибелер көрсеткендей, топтағы бір ғана адам ерекшеленетін болса, бұл топқа деструктивті әсер етеді: мысалы, топта бір қыз, қалғаны ұл бала болса, немесе керісінше бір ер бала (жігіт) қыздардың арасында жалғыз болса. «Тек қана қыздар» және «Тек қана ұлдар» тобы да өзінше спецификалық ерекшелікке ие, бұл жеке қатысушылар мен жалпы топтың жыныстық –рөлдік идентификациясына байланысты. Тренер – ер болса, ол қыздар тобында олармен достар секілді қарым-қатынаста болса, кез-келген тақырыпта әңіме қозғай алса ғана, сәтті болады..
Дегенмен психологиялық мәселелер мен жасы жағынан қарасақ, тренингтік топтардың гомогенділігі маңызды болып табылады. К. Рудестамның пікірінше, қысқа уақыттық курстар үшін, және де топқа эмоциялық қолдау көрсету қажет болғанда, топтың гомогенділігі көп байқалған (қатысушылар арасындағы ұқсастық), ал ұзақ уақыттық жұмысқа бағдарланған, тұлғааралық түсіністікті қамтамасыз етуді мақсат ететін топтарда гетерогенділік пайдалы көрінеді.
Тренерге қажетті сапалар
Тренинг адамның тұлғалық өсуі, өзіне сенімділігін, ішкі қобалжуларынан арылу бағытында жүргізіледі. Тренер клиентпен, жоғары нәтижеге жетуі үшін, олардың ішкі мазаландырушылықтарын жойып, зейіндерін жшоғырландырып, өзін жайлы сезінуіне толық жағдай туғызуы, таласты мәселенің жеткілікті түрде талданып, тиісті шешімдердің
қабылдануына кәсіби тұрғыдан үлкен шеберлік таныта білуі қажет.Тренингке қатысушы өзін мазалаған мәселесі бойынша толыққанды мәлімет немесе ақпарат алуы, сол арқылы өз әрекетін сыни тұрғыдан бағалай алу дағдысына жеткен жағдайда ғана тренер жұмысының мақсаты жүзеге асты деп есептелінеді.
Тренинг жүргізу тренердің тұлғасына үлкен талаптар қояды.
Тренер тұлғасында: - Энергия.
Хабардарлық..
Тәжірибе.
Билік.
Ақылдылық..
Харизматикалық қасиеттер болуы тиіс.
Энергия- бұл потенциалды күш, ол өзгелерге энергия беруі үшін өте қажет. Әлсіз,сылбыр. көңілсіз тренер тренингтің тек теориясын ұғындыра алады да,қатынасушыларды табиғи, стихиялы мотивпен басқара алмайды.Ал энергиялық күшті заряды бар тренер, қатынасушыларға күш беріп қана қоймай, кеменің желкенін қажетті бағытқа бұра алады.
Тренер энергия шығарушының үлгісін көрсетіп, қатысушыларды өзіндік ішкі зарядпен энергия беруі, жұқтыру және толықтырып отыруы, магнетизм күшімен тәуелсіз қимылдап сол энергияны өзгелерге сендіре алуы тиіс. Тренердің ең басты энергиясы – биологиялық энергия. Ол биологиялық энергиясын өзгелерге көрсете алуы тиіс. Сонымен қатар тренерге; бойшаңдық, тамақ таба алу, зат алмасу, материалдық жүйелерінің жаңартылуы, көбею, таратылу қабілеті болуы қажет. Бойшаңдық, гүлдену, зиялылық, тренердің сырт келбетінен көрініс тауып өзін-өзі презентациялауда өзгелерді өзіне тарта біліуі тиіс.
Қатысушылар сіздің өскеніңізді, әрі қарай өсіп дами түсетініңізді сезінуі тиіс.Сізді гүлденіп ақша табуда еш қиындық көрмейтін, көбей, таратылуда проблемасы жоқ адам ретінде ұғынулары қажет.Тренер сырт келбетінен дамыған дами түсетін басында еш қиындығы жоқ адам кейпін көрсетуі тиіс.
Биологиялық қалыптылық тренинг өткізуде фон ретінде өте қажетті. Тренер жаңа шығармашылық тапсырмаларды тез шешуге қабілетті. Тренер идея ұсынушы, дамытушы ғана емес, өзгелердің идеяларын ұғынушы және дамуға мүмкіндік беруші тұлға.
Тренер псхология, биология, физиология, менеджмент және практикалық өмірден хабардар болуы тиіс. Хабардарлық кез-келген эксперименттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Кең көлемді таным және білгеніңді қызықты етіп әңгімелеп беру – топта кез-келген эмоциональды қиындықты жеңе алуға көмектеседі. Кез-келген жағдай тіпті жағымсыз болсада білетін жағдаймен салыстырылып жаңа білім көрсеткіштері арқылы шешіліп отырылады.
Тренердің тренинг қызметінде әртүрлі өмірлік аймақтарда тәжірибесі болған жөн. Өзіндік тәжірибе арқылы адамдарды басқара алуы тиіс.
Тренер жан-жақты ғылым салларына білімі терең болуы тиіс. өзі айтатын әңгімесі мен әрекетінің құндылығына сенімді адамның кейпін көрсетуі тиіс. Ол өзінің кез-келген сөзіне 100% сенуі және өзгелерді сендіре алуы қажет. Өзіне сенімді тренер өзгелер мүлтіксіз орындайтындай нұсқау бере алады. Ол үшін сенімділік әзілқойлықпен ұштасып отыруы керек. Ол топқа нақты, ашық, қарапайым сенімді нұсқау беру арқылы қатысушыларға мотивация береді. Билікті өзгеге беру және өзгені тыңдау, өзің шешім қабылдау жауапкершілігінен құтылу мазасыздықтан құтқарады. Сенімді , толыққанды команда адамдарға мотивация беріп, уақытша жауапкершілігінен босатады.
Тренердің ақыл-ой процесі жеткілікті түрде қозғалғыш болуы жөн. Тренер кез-келген проблеманы жеңіл шешіп өзгелерге жол көрсетуі тиіс.Кездескен жағдаяттарда қатынасушыларды дұрыс бағытқа сілтеуі жөн. Сонымен қатар ақыл-ойы икемді болып, белгілі бір проблеманы шешкенде, сол жағдайға, сол адамның жас ерекшелігіне сай шеше білуі тиіс.
Тренер идеал тұлға ретінде қатынасушылардың қарағысы келе беретін, оның артынан еріп жолын қуғысы келетін адам болуы тиіс. Кез-келген тренерде харизматикалық қабілет болуы қажет.Сырт келбетіңнің жұғымдылығы электірлік лампадай табиғи шырақ, жарық береді. Адамдар арнайы шамымен емес, кездейсоқ табиғи шырақ пен өнімді жарқырап, жүректерді жылтатын адамға сенеді. Тренер қатынасушыларға қаншалықты ұнауға талпынса соншалықты өзіндік табиғи харизмасын жоғарылатады.
