Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Trening_zhauaptar.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166 Кб
Скачать
☆
  1. Жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру жаттығулары

Қарым-қатынас: адамдардың отбасымен, өскен, араласқан ортасымен, елімен, жерімен етене әрі жанды байланысы, тілдесу,пікірлесу, әңгімелесу , сөйлесу адамдардың бір-бірімен араласуы. Студенттер жаңа сабақта меңгеруге, белсенді қатысуға дайындалады.

Студенттер 4 топқа бөлінеді.

Студенттер үлестірмелі материалдарды қарай отырып, 1 топ- қарым-қатынас туралы түсінік, аспектілерімен жақтары

2 топ- қарым-қатынас типтері, 3 топ қарым-қатынас формалары, 4 топ қарым-қатынас стилдері туралы ақпараттармен танысып, топ ішінде талқылап, алдарына берілген ватманға презентациялайды.

Тұлғаның қалыптасуының ең маңызды факторларының бірі қарым - қатынас болып табылады.

Қарым-қатынас -адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуы, ортақ іс-әрекет қажеттілігі мен ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін күрделі көп жақты процесс.

Қарым-қатынастың негізгі аспектілері1.Қарым-қатынастың мазмұны дегеніміз ол адамның ішкі мотивациялық немесе эмоционалдық күйі туралы мәліметтер болу мүмкіндігі.

2. Қарым – қатынастың мақсаты дегеніміз ол - адамда белгілі нәрсеге байланысты белсенділік түрінің пайда болуы.

Қарым-қатынастың әдіс – құралдарына мыналар жатады: тіл, суреттер, сызбалар, бейне таспалар, механикалық, магниттік, лазерлік жазба құралдар.

Қарым-қатынастың типтері:

Манипулятивті қарым-қатынас- партнеріне өзінің іштей мақсаттарын жасырын түрде жүзеге асыру үшін жасалынатын қарым-қатынас түрі.

Диалогты қарым-қатынас- біріккен таным мен партнер арасындағы өзіндік танымды мақсат еткен бірдей құқықты субъекті өзара әрекет.

Монологты қарым-қатынас-

Императивті қарым-қатынас авторитарлы (әміршіл) форма, партнердің мінез – құлқын, ойын, пікірін бақылау, қатынастағы оны белгі әрекет пен шешімге күштеу мақсатымен жүзеге асырады.

Іскерлік қарым-қатынас- тұлға ерекшелігі, мінезі, жасы, көңіл - күйі ескеріледі, бірақ ең бастысы істің орындалуы.

Рухани-жеке тұлғааралық- бұл достардың, туыстардың қарым-қатынасы. Әр түрлі тақырып қозғалады.

Студенттер тақырыпты ашып, қойылған сұрақтарға жауап бере отырып талқыланады. Қарым-қатынастың формаларымен жеке-жеке танысады. Соның ішінде вербальды және вербальды емес (мимика, жест, пантомимика) , таксика, проксемика талдап, ой електерінен өткізеді.

Вербальды қарым – қатынас

сөздің дыбыстық көрінісі

дауыстың ырғақтылығы

Вербальды емес қарым – қатынас

кинесика (жест, мимика, пантомимика)

таксика

проксемика

  1. Жалпы тренингтік әдістер

Тренингтік әдістердің маңызы: Тренинг барысында индивидуалдық және топтық үрдістер араласып отырады. Сондықтан тренинг әдістері негізінен үш деңгейде жүзеге асады: 1. топ арасындағы жеке қатысушымен болатын қатынас әдісі: әдетте, ол индивидуалдық психологиялық кеңес беру жұмыстарының техникаларын көрсету мақсатында топтың бір мүшесі мен жүргізушінің диадалық өзара әрекеті; 2.топпен бірге – біртұтастық әдіс: мұндай жағдайда ұстаз топтың барлық мүшесі біріге отырып орындайтын тапсырма береді. Сонымен қатар шағын топтарға да тапсырма берілуі әбден мүмкін; 3.топтың құралдары арқылы жекелеген қатысушыға бағытталады. Бұл деңгейдегі жұмыс әуеліде бірінші әдіске ұқсауы мүмкін, бірақ, бұл жерде оқытушы топтың ресурстарын қатысушылардың бір немесе бірнешеуіне ықпал етуі үшін жасырын қолданады Кез келген жағдайдың арнайы талаптары болғаны сияқты тренинг бойынша топпен жұмыс жасаудың де ережелері бар. Бұлардың негізгілерін атап өтер болсақ, онда төмендегі реттілікпен көрсетуге болады.Бірінші ереже – кері байланыс. Қатысушылардың әрбірі жаттығу ойынында кімнің қалай орындағанын және оны қалай орындаса жақсы немесе дұрыс болатыны туралы айтады. Бір-бірімен пікір бөліседі. Позитивті жағдайда бір-біріне конструктивті формада кеңестер айтылады. Бұл  – пайдалы дағды. Қтысушылар бір-біріне ренжімейді, өйткені бұл ойын жаттығуы. Мұнда сын айтылмайды, кеңес беріледі. Сын айтылмау себебі, егер топ мүшелерінің басым бөлігі сын айтар болса, онда ол адам әрі қарай дамымауы мүмкін. Өзінің айтылған кемшілігінде тұрақтап қалу ықтималы бар.Екінші ереже – қазір және осында. Жаттығуды сол заматта бар топ мүшерелі орындайды, яғни сол сәтте топта,аудиторияда бар студенттер орындайды. Егер пікірталас созылып кетсе, онда оны сол уақытта тоқтата аламыз. Дәл сол сияқты бір ойынды: «Ал мен мынадай жағдайдың куәсі болдым...»,– деген сияқты әңгімелермен бірнеше сағатқа да созылуы мүмкін. Ешкім шаршамайды, барлығына да қызықты.Үшінші ереже – топта жұмыс жасап үйрену дағдысы. Топ қауіпсіздігі. Шағын топ мүшерелі жаттығу аяқталмайынша басқа топ мүшелерімен бұл тақырыпта әңгімелеспейді, талдамайды. Олар тек өз топтарымен ғана пікір бөлісе алады. Топ құпиясын іште сақтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]