- •«Алақан» тренингін жүргізу әдістемесі
- •«Денелік мүсіндер» тренингінің жүру барысы
- •«Еден-төбе-мұрын» тренингін жүргізу әдістемесі
- •«Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі» іскерлік ойынының жүру барысы
- •«Жанұя бақыты» тренингін жүргізу әдістемесі
- •«Сенімді, сенімсіз, агрессивті» мінез-құлық тренингі
- •«Жер сілкіну» тренингі
- •«Көңіл-күйімізді жаттықтыру» тренингі
- •«Мен және болашақтағы мен» треингінің жүру барысы
- •«Психотерапиялық антонимдер» тренингі
- •«Тастанды дүкен» тренингінің жүру барысы
- •«Топтық психотерапия», «топтық психокоррекция», «топтық тренинг» ұғымдары
- •«Шеңбер» деп аталатын жаттығу топтарына сипатттама бер
- •Аутоген жаттығуын жүргізу әдістемесі
- •Әлеуметтік –психологиялық тренинг пәні мақсат, міндеттері
- •Әлеуметтік психологиялық тренинг түрлері
- •Әр түрлі бұлшықет тобының тонусын өзгертуге араналған жаттығулар
- •Би метафорасы тренингін жүргізу әдістемесі
- •Гештальттерапия бағытының негізгі ерекшелігі
- •Жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру жаттығулары
- •Жалпы тренингтік әдістер
- •Жасөспірімдермен жүргізілетін тренинг жаттығулары
- •Коммуникативтілікті дамытуға арналған тренинг жаттығулары
- •Комплимент тренингін жүргізу әдістемесі
- •Қиын топқа жататын жасөспірімдер мен жүргізілетін тренинг жаттығулары
- •Медитация жаттығуын жүргізу әдістемесі
- •Оқушылардың таным белсенділігін дамыту жаттығулары
- •Өзіне-өзі сенімділігін қалыптастыру тренингі
- •Өзін-өзі реттеу жаттығуларын жүргізу әдістемесі
- •Педагогтың кәсіби өзіндік санасын қалыптастыруға бағытталған тренингтер
- •Психоанализ бен басқа да психологиялық мектептер, психологтар мен психотерапевттердің топтық әдістері
- •Психогимнастикалық жаттығулар әдістемесі
- •Психологиялық тренинг принциптері
- •Психологиялық тренингті безендіру
- •Ролдік гимнастика жаттығуын жүргізу әдістемесі
- •Топқа қатынасушыларды таңдау үрдісі
- •Топқа қатынасушылардың жекелеген мақсаттарын айқындау
- •Топтық психокоррекция ұғымы
- •Топтық психологиялық жұмыс формалары туралы түсінік
- •Топтық психологиялық жұмыс формасының түрлері
- •Топтық психотерапия және гипноз
- •Топтық психотерапия ұғымы
- •Топтық тренинг парадигмасы
- •Топтық тренингті ұйымдастыру аспектілері
- •Топтық тренингті ұйымдастыру және өткізудің теориялық негіздері
- •Топтық тренингтің әдістемелік мәселелері
- •Топтың гомогендігі және гетерогенділігі
- •Тренерге қажетті сапалар
- •Тренердің тұлғалық ерекшелігі мен қарым-қатынас стилі
- •Тренинг әдістерінің түрлері
- •Тренинг барысының этаптары
- •Тренинг имиджі және тренингке деген қарым-қатынас
- •Тренинг қызметінің негізгі ережелері
- •Тренинг тобын ұйымдастыру ережелері
- •Тренинг топтарының жүргізушісі
- •Тренинг топтарының жүргізушісінің дайындағы
- •Тренинг топтарының қызметі
- •Тренинг топтарының негізгі түрлері мен класификациясы
- •Тренинг топтарының сандық құрамы
- •Тренинг, оқыту, тәжірибе қызметтеріне сипаттама бер
- •Тренинг, үйрену, даму ұғымдары
- •Тренингте бейнетүсірілімдерді қолданудың психологиялық және әдістем елік астарлары
- •Тренингтік сабақтардың сценариі
- •Тренингтің алтын заңдары
- •Тренингтің қорытынды этабына сипаттама бер
- •Тренингтің нәтижелі жоспарын құру
- •Тренингтің ұйымдастырылуына қойылатын талаптар
- •Тұлғалық өсу тренингі туралы түсінік .
- •Тыныс алу жаттығулары
- •Ф.А.Месмердің «жануар магнетизмі» теориясы
Тренинг тобын ұйымдастыру ережелері
1. Қатысушылардың өзіндік бағалауын қолдау.
2.Топта сенімді және жылы атмосфера туғызу;
3. Өзін-өзі көрсетуге жағдай жасау;
4.Топтағы қарым-қатынас үрдісін зерттеу және мағынаны қалыптастыруға жағдай жасау;
Тренинг өз мақсатына жету үшін –
1-ден әр адамға өз ойын айтуға мүмкіндік беру.
2-ден өзіндік сезім мен алған әсерлерімен бөлісу.
3-ден әр қатысушының әмбебаптылығын сақтау.
Серіктесіңіздің айтқан пікірін тыңдап, бірге талқылау әрекеттерін жүзеге асырған дұрыс.Әр жаңа сабақты миға күш түсірмейтін жеңіл жаттығудан бастаған жөн. Оның мақсаты – қысымды шығару және жалпы эмоцианалды қызығушылық тудыру. Содан соң мақсатты түрде қатысушыларға өткен сабақты еске түсіріп, өздерінің пікірлерін және сезімдерін бөлісуді ұсыну. Әрі қарай негізгі бөлімдегі арнайы жаттығулар жүргізушінің талқылануымен орындалады. Тренинг қорытындысында өткен сабақтарды еске түсіріп, алған сезімдерімен бөліседі және ұсыныс берілді.
Топтық ережелер. Егер қатысушылар тренинг ережелері мен тәртіптерін нақты білетін болса, топтағы талқы сауатты өтеді. Ережелер сипаттамасы төменде берілген:
Бір-біріңді тыңдай біліңіз. Бұл сөйлеушінің көзіне қарап, сөзін бөлмей тыңдау ережесін білуді қажет етеді. Сөйлеуші сөзін аяқтаған соң, келесі сөзді алушы айтылған ақпаратқа қысқаша тоқтала кетіп, содан соң өз пікірін нақты білдіруге болады. Барлық назар сөйлеушіде болуы үшін тренинг сабағында кішкене ойын добын қолдануға болады, ал диалогтарда қатысушылар допты бір-біріне лақтырып отырады.
Берілген тақырып бойынша сөйлеңіз. Кейде қатысушылар талқылап отырған тақырыптан ауытқып кетеді. Мұндайда жүргізуші оқушыға «Мен толық түсінбедім, бұның біз талқылап отырған тақырыппен қандай байланыстылығы бар? Не айтқыңыз келгенін толықтырсаңыз» дегені абзал. Бұл қатысушының тақырыптан ауытқып бара жатқанын түсінуге көмектеседі.
Өз сезіміңізбен бөлісіңіз. Топтағы әр қатысушы өз пікірін білдіріп өтуі тиіс. Өз ойымен бөлісуге тырысқан қатысушыны мадақтап отырған жөн. Қатысушыларға олардың пікірлерін сыйлайтындығын және бағалайтындығын сезіндіруге тырысыңыз. Егер қытысушы бұрыс пікір айтып жатса, сіз: «Сіздің айтып отырғаныңыз дұрыс және онымен барлығы келіседі, дегенмен...» деп жауап бергеніңіз дұрыс, яғни тренингке қатысушы ыңғайсыз жағдай да қалмауы қажет. Сонымен қатар қатысушы өз пікірін білдіруден бас тартуға құқылы екенін ұмытпағаныңыз дұрыс.
Барлық қатысушыға құрмет көрсетіңіз. Пікір алмасу ашықтығы өзгелердің пікірімен келіспей, өз ойын жеткізуден және өзгенің пікірін бағалаудан қашық болудан көрінеді. Қатысушыларға өзге адамдардың намысына тимейтін пікірлер айтуын ұсыныңыз. Сонымен қатар сіз ақымақ сауалдардың болмайтынын есте сақтаңыз. Әр сауалдың өзіндік құндылығы болады. Қатысушыларды әр қойылған сұрақтарға жауап міндетті түрде берілетіндігіне және қойылған сұрақтардың барлығы бағаланатындығына сендіріңіз.
Топ арасында дұрыс қарым-қатынас орнату үшін топ өзінің тәртіптері мен ережелерін құруы қажет. Топ ережесін құрудың бірнеше нұсқаулары бар. Тренинг сабағына қатысушылар өздерін қауіпсіз және сенімді сезінулері үшін ереже құруды топтың өзіне ұсынуға болады. Жүргізуші айтылған ереже нұсқауларын ватманға түсіріп отырады, соңынан қысқаша талқылаулар орын алады:
Қол көтеру ережесі – пікірлерін кезекпен айту. Бір қатысушы өзінің пікірімен айтып жатқанда, екіншісі тыңдайды және өзіне сөз алудан бұрын қол көтереді.
Бағалаусыз – айтылған әр түрлі көзқарастарды бағалаудың қажеті жоқ.
Құпиялылық – тренинг сабағында айтылған пікірлер қатысушылар арасында қалады.
«Тоқта» ережесі – егер қатысушының жеке тәжірибесіне жағымсыз пікірлер айтылып жатса, айтылып жатқан тәжірибе иесі көзін жұмып: «Тоқта» деп айтады.
Топ ережесін ватманға құр сөзбен жазбай, символдарды қолдана отырып, ережелер суретін салуға болады.
