Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Trening_zhauaptar.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166 Кб
Скачать
☆
  1. Тренинг топтарының сандық құрамы

САПАЛЫҚ құрамы: К. Рудестам-Тренинг қатысушылар қатарына кірмейтін кандидаттар – қандай да бір сынаған қысым кезінде мазасыздық, агрессия көрсететін тұлғалар //// *Г. С. Абрамова-Бір топта бір-бірімен қызмет немесе басқа қатынастарда болатын адамдарды біріктірмеу қажет деп санайды. //// *В. Ю Большаков- Қосымша диагностика жүргізу, ең бастысы жүргізушінің ауыр психикалық ауру бар адамның топқа енбеуін қадағалау.

САНДЫҚ құрамы: Тренингке қатысушылар саны – тренинг мақсаттарына байланысты болады(3-4 адамнан кем болмауы тиіс, 20 адамнан жоғары болмауы тиіс)

  1. Тренинг, оқыту, тәжірибе қызметтеріне сипаттама бер

Тренинг – бұл ғылым және қатысушылардың субъективті шын болатын жағдайында топта белгілі бір оқиғаларды туғызу шеберлігі .

Жоғары деңгейлі белгісіздік. Тренингті тұтастай түрінде кейбір адамдарда белгілі бір өзгерістер болатын жағдаят деп айтуға болады.

Тренингте белгілі бір қатаң жоспар жоқ, оның жүру барысын алдын ала жоспарлау мүмкін емес, ал қатысушылардың алатын әсерлерін жағымды, не жағымсыз болатынын айту қиын. Яғни, тренигтің басқа да ерекшелігі - белгісіздіктің жоғары деңгейі болып табылады (бапкердің мамандығы мұндай жағдайда үлкен шығармашыл деңгейде). Шын мәнісінде, бапкер қатысушылардың санын, олардың жас ерекшеліктерін, білімдері мен жыныстық жағынан қатынасы, олардың алдыңғы өмірлік тәжірибесі, олардың көкейтесті жағдайы, декларацияланған және жабық ішкі мақсаттар, бөлменің жағдайы, қатысушылардың орналасуы, өзінің дербес көңіл-күйі, және тағы да басқа жағдайларды ескеру қажет. Әрине, белгісіздіктің деңгейін тренингтің міндеттеріне сай жүру барысын өзгертуге болады. Егер де сіз адамдарды жай және стандартты дағдыларға үйреткіңіз келсе, онда сіздің сабағыңызда мұндай белгісіз өзгертулер қажет емес. Бірақ та қатысушылармен терең қатынасқа жүгінсеңіз, онда бұл белгісіздіктің сізге деген көмегі артады. Бапкер өз жоспарын тым міндеттесе, онда қатысушылар оның жоспары дұрыс жүзеге асуда деп оған деген сенімдері арта түседі деген парадокс бар.

Оқытудың қызметі оқыту процесінің мәнін сипатгайды Оқытудың әлеуметтік, педаготикалық психологиялық мәні оның қызметтерінен біршама анық айқындалады. Солардың ішіндегі, бірінші кезектегі біршама мәндісі — оқушыларда білімділерді, дағдыларды және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы (білім беру қызметі). Оқытудың екінші қызметі — оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру (тербиелеу қызметі). Ол балалар мен ересектерде объективті түрде қоршаған орта жөнінде ой толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына қарай біртіндеп қалыптасады. Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы тұлғасын және оның өз бетінше ойлауын дамыу қызметі атқарылады (дамыту қызметі). Адамның дамуы – бұл оның денесінің физиологиялық және психологиялық сипаттамаларының олардың ішіндегі ең бірінші ақыл-ойының сапалы дамуын білдіреді. Сонымен қатар, оқытудың кәсіби бағдарлау қызметінің де мәні зор. Үздіксіз білім беруде дайындау қызметі, адамды өндіріске және қоғамдық қарым-қатынастарға белсенді араласуға бағыттайды, практикалык әс-әрекетке дайындайды, өзінің политехникалық, кәсіби, жалпы білімі, толық дайындығын үнемі жетілдіріп отыруға бағыттайды. Креативтілік қызметі тұлғаның жан-жақтылығын үздіксіз дамытуды көздейді. Өзінің мәні жағынан оқьпу процесі — түрлі реттегі және деңгейдегі заңдар мен зандылықтар арнайы айқындалатын зандылықты түрде дамитын процесс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]