Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Trening_zhauaptar.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166 Кб
Скачать
☆
  1. Тренинг, үйрену, даму ұғымдары

Тренинг» термині (ағылшынның train, training сөздерінен) оқыту, тәрбиелеу, жаттықтыру, үйрету сияқты бірқатар мағынаға ие. Тренинг – білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталады. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды. Тренинг барысында мынандай жағдайларға да дайын болуы тиіс, олар: ыза, қатты дауыс, дөрекілік, өзімшілдік, қатыспаушылық, қажетсіз күлкі, ынтасыздық, шыдамсыздық немесе «сөзге керісу», қажетсіз сөзге араласу; тыныштық, селсоқтық; қылжақтық және т.б.

Үйрену – зерттеу немесе нұсқаушының білім, дағды және тәжірибе жинау үрдісі.

Білім беру немесе оқыту тар көлемді әрекеттегі мәселені талдап, кең мағынада шешуде білім және құндылықтарды жүйелі меңгеру үрдісі.

Дамыту – жеке адамда саналы және бейсаналы үйрену мүмкіндіктерін кеңейту және икемдіктерінің өсуі.

  1. Тренингте бейнетүсірілімдерді қолданудың психологиялық және әдістем елік астарлары

Тренинг кезіндегі бейнетүсірілімдердің этикалық мәселелері

Бейнетүсірілімді пайдалану топтық жұмыстың нәтижелілігін арттырады. Тренинг кезіндегі бейнетүсіріліммен байланысты этикалық сәттерін ескеру керек. Жұмыс басталмастан бұрын қатысушылардан келісім алу керек. Психокоррекциялық жұмыс процесінде қатысушыларды алғашқы өтінгеннен бейнетүсірілім тоқтатылуы керек.

Сабақ барысында өтіп жатқан барлық жағдайларды түсіру міндетті емес: өйткені видеокамераның алдында әрдайым отыру қатысушылар тарапынан шектен тыс қысымшылдықпен күйзеліс туғызады, екіншіден, топқа қатысы жоқ оператордың болуы және оның өтіп жатқан процестерге пасссивті бақылаушы болуы қатысушылардың барлығын біртұтас топқа жинақтауға қиындық туғызады. Көп жағдайда топтағы екі жүргізуші талдау үшін маңызды сәттерді кезектесіп бейнекамераға түсіреді.

Бейнетүсірілімнің әдістемелік астарлары

Тренинг кезінде бейнекамерасына кейбір сабақтардың үзілістерін жазуына болады. Олар мысалы «Партнермен кездесу», «Директормен сөйлесу», «Ақпаратты беру» бұлар шығармашылық және дискуссиялық іскерлік сипаттағы жаттығулар. Тренинг кезінде өзіндік танымды кеңейтуге ықпалын тигізетін психологиялық іскерліктер бұлар, өзіндік талдау, өзіндік бақылау, өзге адамдарды тыңдай білу. Бейнетүсірілім осы іскерліктерді жаттықтыруға тиімді құрал болып келеді. Қандай да бір жаттығудың түсірілімі аяқталғаннан кейін, ол қатысушыларға кері көрсетіліп, өтіп жатқан жағдайларға талдау жасалады. Бұл процесс алуан түрлі формада ұйымдастырылады:

1. Түсірілімге қатысқан педагогтың сұрақтарына жауаптармен жүргізушінің комментарийлерін қарастыру.

2. Жүргізушінің түйіндеме жасауымен және қатысуымен барлық топтың талдауларын қарастыру.

3. Жүргізушінің қатысуынсыз барлық қатысушылармен талдауды қарастыру.

4. Осы жаттығуда түсірілген қатысушылармен ғана талдау өткізуді қарастыру.

5. Ортақ вербальды емес талдаумен қарастыру (өзіндік талдау).

Бейнетүсірілімді талдау формасы топтық динамиканың ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Топтың жетекшісі бейнетүсірілімді пайдаланудың әрбір этапында коментатор мен аналитиктің қызметін топтағы қатысушылардың өздеріне беріп отырады. Бұл әдістемелік тәсіл топ жетекшісінің стилін өзгертуіне мүмкіндік береді: топты басқарудағы директивті ұйымдастырушылық стилден топтың өзіндік қызметіне берумен алмастыруға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]