- •«Алақан» тренингін жүргізу әдістемесі
- •«Денелік мүсіндер» тренингінің жүру барысы
- •«Еден-төбе-мұрын» тренингін жүргізу әдістемесі
- •«Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі» іскерлік ойынының жүру барысы
- •«Жанұя бақыты» тренингін жүргізу әдістемесі
- •«Сенімді, сенімсіз, агрессивті» мінез-құлық тренингі
- •«Жер сілкіну» тренингі
- •«Көңіл-күйімізді жаттықтыру» тренингі
- •«Мен және болашақтағы мен» треингінің жүру барысы
- •«Психотерапиялық антонимдер» тренингі
- •«Тастанды дүкен» тренингінің жүру барысы
- •«Топтық психотерапия», «топтық психокоррекция», «топтық тренинг» ұғымдары
- •«Шеңбер» деп аталатын жаттығу топтарына сипатттама бер
- •Аутоген жаттығуын жүргізу әдістемесі
- •Әлеуметтік –психологиялық тренинг пәні мақсат, міндеттері
- •Әлеуметтік психологиялық тренинг түрлері
- •Әр түрлі бұлшықет тобының тонусын өзгертуге араналған жаттығулар
- •Би метафорасы тренингін жүргізу әдістемесі
- •Гештальттерапия бағытының негізгі ерекшелігі
- •Жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру жаттығулары
- •Жалпы тренингтік әдістер
- •Жасөспірімдермен жүргізілетін тренинг жаттығулары
- •Коммуникативтілікті дамытуға арналған тренинг жаттығулары
- •Комплимент тренингін жүргізу әдістемесі
- •Қиын топқа жататын жасөспірімдер мен жүргізілетін тренинг жаттығулары
- •Медитация жаттығуын жүргізу әдістемесі
- •Оқушылардың таным белсенділігін дамыту жаттығулары
- •Өзіне-өзі сенімділігін қалыптастыру тренингі
- •Өзін-өзі реттеу жаттығуларын жүргізу әдістемесі
- •Педагогтың кәсіби өзіндік санасын қалыптастыруға бағытталған тренингтер
- •Психоанализ бен басқа да психологиялық мектептер, психологтар мен психотерапевттердің топтық әдістері
- •Психогимнастикалық жаттығулар әдістемесі
- •Психологиялық тренинг принциптері
- •Психологиялық тренингті безендіру
- •Ролдік гимнастика жаттығуын жүргізу әдістемесі
- •Топқа қатынасушыларды таңдау үрдісі
- •Топқа қатынасушылардың жекелеген мақсаттарын айқындау
- •Топтық психокоррекция ұғымы
- •Топтық психологиялық жұмыс формалары туралы түсінік
- •Топтық психологиялық жұмыс формасының түрлері
- •Топтық психотерапия және гипноз
- •Топтық психотерапия ұғымы
- •Топтық тренинг парадигмасы
- •Топтық тренингті ұйымдастыру аспектілері
- •Топтық тренингті ұйымдастыру және өткізудің теориялық негіздері
- •Топтық тренингтің әдістемелік мәселелері
- •Топтың гомогендігі және гетерогенділігі
- •Тренерге қажетті сапалар
- •Тренердің тұлғалық ерекшелігі мен қарым-қатынас стилі
- •Тренинг әдістерінің түрлері
- •Тренинг барысының этаптары
- •Тренинг имиджі және тренингке деген қарым-қатынас
- •Тренинг қызметінің негізгі ережелері
- •Тренинг тобын ұйымдастыру ережелері
- •Тренинг топтарының жүргізушісі
- •Тренинг топтарының жүргізушісінің дайындағы
- •Тренинг топтарының қызметі
- •Тренинг топтарының негізгі түрлері мен класификациясы
- •Тренинг топтарының сандық құрамы
- •Тренинг, оқыту, тәжірибе қызметтеріне сипаттама бер
- •Тренинг, үйрену, даму ұғымдары
- •Тренингте бейнетүсірілімдерді қолданудың психологиялық және әдістем елік астарлары
- •Тренингтік сабақтардың сценариі
- •Тренингтің алтын заңдары
- •Тренингтің қорытынды этабына сипаттама бер
- •Тренингтің нәтижелі жоспарын құру
- •Тренингтің ұйымдастырылуына қойылатын талаптар
- •Тұлғалық өсу тренингі туралы түсінік .
- •Тыныс алу жаттығулары
- •Ф.А.Месмердің «жануар магнетизмі» теориясы
«Шеңбер» деп аталатын жаттығу топтарына сипатттама бер
Қатысушылар шеңбер құрып отырады.Әр қатысушы оң жақтағы құрбысына айтады: « Мен саған ұзақ та бақытты өмір тілеймін, бірақ та мен саған ашулымын, себебі сен...». Ол жауап қайтарады: «Маған осы сөздерді айтқаныңа рахмет, бірақ мен бұл әлемде сен қалағандай болуға тиісті емеспін. Қорытынды: Әр адамның өз таңдауы бар, әркім басқаның қалауын орындауға міндетті емес,өз ұстанымы бойынша өмір сүруге құқылы
Шеңбер бойынша сөз тізбегі.ойыны тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәндерін дамытуға ықпал етеді. Ойынның ережесі: қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатсушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. Мыс, «біз-құзыретті кәсіби білімді маманбыз». Енді оң жақтағы ойыншыдан бастап осы сөйлемді кезекпен айтамыз.ойынның әр қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен айтуы тиіс.(сұраулы,қуанышты, таң қалушы, немқұрайлы және т.б) егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай айтылғанда қайталаса, ойыннан шығарылады. Осылайша , ойын бірнеше рет ойналады. Басқа адамның интонациясын қайталауға болмайды.
Аутоген жаттығуын жүргізу әдістемесі
Аутогенді жаттығулар немесе өзін-өзі жаттықтыру ӨЗін - өзі жаттықтыру негізінде Р.С.Шульц ұсынған алты жаттығу алынған. Бұл жаттығулар жатқан не отырған жағдайда жасалады.
Бірінші жаттығу. Көзді жұмып: «мен мүлде тынышпын», «менің оң қолым мүлде ауыр» деу керек. Бұл жаттығу 1 – 2 минөтке созылады және күніне 2 – 3 рет қайталанады. Бірнеше күннен соң жаттығуды сол қолы мен аяқтарына жасау керек. Жаттығудан соң үш рет буындарды шұғыл бүгіп, қолдың қоспасын жұмып, қатты дем шығарып, көзді ашу керек. Бұл жаттығуды игеруге екі апта уақыт кетеді. Екінші жаттығу денені ауырлатуға ғана емес, аяқ – қол мен бүкіл дененің біртіндеп жылынуына бағытталады. Ұзақтығы екі апта. Үшінші жаттығу жүрек соғуы жиілігін басқаруға арналған. Дене ауырлап, жылынған соң «жүректің бір қалыпты соғуын» елестету. Төртінші жаттығу бір қалыпты және іштей тыныс алу қабілетін тудырады. Мұның алдында алдыңғы үш жаттығу қайталанады. Бесінші жаттығу – қарынның жылынуын сезіну. Мқнан бұрын төрт жаттығуқайталанады. Алтыншы жаттығуда әуелгі бес жаттығу қайталанады. Алтыншы жаттығуда әуелгі бес жаттығудан соң маңдайдың біраз салқындағаны сезіледі. Осы алты жаттығуды игеру 12 аптаға созылады. Өзін - өзі жаттықтыру әдісі жүрек – қан тамырларымен невроз, есекжем және басқа тері ауруларына қолданылады. Бұл әдіс емтихан, спорт жарыстары алдында, ми мен дене шаршағанда, психогигиеналық және психопрофилактикалық мақсатта жүргізіледі. Мұндай жаттығулар арқылы ауру адам ішкі мүшелерін, вегатативтік жүйке жүйесін, өзінің сезімі мен ойын басқара алады. Зақымданудың ерекшелігіне, ұйқыға шейінгі психотерапия және кейде дәрлерді қабылдауға байланысты жаттығулар өзгеріп отырады.
Әлеуметтік –психологиялық тренинг пәні мақсат, міндеттері
1) Әлеуметтік-психологиялық тренинг арқылы белгілі бір мөлшерде әлеуметтік-психологиялық білім алу;
2) Қатысушының әлеуметтік-психологиялық корекция мен қалыптастыра алушылық қабілетін арттыру;
3) Адамдарда әлеуметтік-психологиялық бірлігін түсіну;
4) Өзін-өзі түсіну және барабар өзгелерді де;
5) Өзгелерден және топтардан келетін психологиялық ақпараттарды қабылдай білу;
6) Индивидуалдық жеке қарым-қатынас жасауды үйрену ;
Әлеуметтік-психологиялық тренинг ұйымдастырудың басты принциптерінің бірі өзара қарым-қатынасқа сүйенген сұхбат болып табылады. Ол өзге адамдардың пікірін зейін қойып тыңдауға, сенімділікке, бір-біріне деген күмәннің болмауына, қорқыныштың болмауына сүйенеді.
Жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарты қатысушылардың практикалық тұрғыда әлеуметтік-психологиялық принциптерге сүйене отырып бірге жұмыс жасауы. Белгілібір жақсы нәтижеге жету үшін , кейде «адам таңқаларлық» сәттері болуы тиіс. Сондықтан әлеуметтік-психологиялық тренингте жеке әлеуметтік жұмыскердің құндылықтарын қалыптастыру барысында қатысушылардың өзін ұстауы жөнінде ашық сыр-сұхбат ұйымдастыру керек, кері байланыс әрекеті болуы тиіс.
Ең басты принциптердің бірі өзіндік диагностика, әрбір қатысушының және басқарушының топты сезінуі. Ол өзіне бірнеше сұрақтар мен тапсырмаларды кірістіреді, сол сұрақ не тапсырмаға байланысты кез келген қатысушы өзінің пікірін ашық айта алуы тиіс, яғни сұрақ кез келген жастағы, нәсіліне, дініне, жынысына қарамай оған түсінікті болуы тиіс. Сонымен қатар зерттеліп отырған әлеуметтік-психологиялық тренинг принциптеріне ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Сол мәселенені аша білу кейіннен әлеуметтік жұмыскедің профессионалдық қалыптасуына септігін тигізеді. Маңызды сұрақтардың бірі топты біріктіру, топтастыру. Егер қажет болса тренинг барысында әлеуеттік индивидуалдық сұхбат құру қажет. Топтастыру барысында, жақсысы оған психологиялық таптаурын адамдарды кірістірмеу қажет, өйткені тренинг барысында мұндай адамдар үрейі жоғарылауы мүмкін. Ал бұл өз кезегінде топтың түсініспеушілігіне алып келеді. Сонымен қатар тренинг барысында қатысушы өзінің әлеуметтік-психологиялық біліктілігін арттыру үшін емес тек уақытты қызықты немесе тиімді өткізу үшін келген болса ондай адамның тренингке мүмкіндігінше қатыспағаны дұрыс.
Тренинг барысында жетістікке жетудің басты тармағының бірі ерікті қатысу. Топ мүшелері өздерінің білімінің артатынына сеніп және айқындалған мақсатқа жетуді көздеу. Бірлік топта жылдам қалыптасады, егер топтың жұмысы нақты құрылымдыққа ие болса. Тапсырмалардың ұзақтылығы алдын ала бекітіліп қойылуы тиіс. Қатысушыларды бір шеңберге жұмсақ үстел бойлай жайғастыру керек.
