- •«Алақан» тренингін жүргізу әдістемесі
- •«Денелік мүсіндер» тренингінің жүру барысы
- •«Еден-төбе-мұрын» тренингін жүргізу әдістемесі
- •«Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі» іскерлік ойынының жүру барысы
- •«Жанұя бақыты» тренингін жүргізу әдістемесі
- •«Сенімді, сенімсіз, агрессивті» мінез-құлық тренингі
- •«Жер сілкіну» тренингі
- •«Көңіл-күйімізді жаттықтыру» тренингі
- •«Мен және болашақтағы мен» треингінің жүру барысы
- •«Психотерапиялық антонимдер» тренингі
- •«Тастанды дүкен» тренингінің жүру барысы
- •«Топтық психотерапия», «топтық психокоррекция», «топтық тренинг» ұғымдары
- •«Шеңбер» деп аталатын жаттығу топтарына сипатттама бер
- •Аутоген жаттығуын жүргізу әдістемесі
- •Әлеуметтік –психологиялық тренинг пәні мақсат, міндеттері
- •Әлеуметтік психологиялық тренинг түрлері
- •Әр түрлі бұлшықет тобының тонусын өзгертуге араналған жаттығулар
- •Би метафорасы тренингін жүргізу әдістемесі
- •Гештальттерапия бағытының негізгі ерекшелігі
- •Жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру жаттығулары
- •Жалпы тренингтік әдістер
- •Жасөспірімдермен жүргізілетін тренинг жаттығулары
- •Коммуникативтілікті дамытуға арналған тренинг жаттығулары
- •Комплимент тренингін жүргізу әдістемесі
- •Қиын топқа жататын жасөспірімдер мен жүргізілетін тренинг жаттығулары
- •Медитация жаттығуын жүргізу әдістемесі
- •Оқушылардың таным белсенділігін дамыту жаттығулары
- •Өзіне-өзі сенімділігін қалыптастыру тренингі
- •Өзін-өзі реттеу жаттығуларын жүргізу әдістемесі
- •Педагогтың кәсіби өзіндік санасын қалыптастыруға бағытталған тренингтер
- •Психоанализ бен басқа да психологиялық мектептер, психологтар мен психотерапевттердің топтық әдістері
- •Психогимнастикалық жаттығулар әдістемесі
- •Психологиялық тренинг принциптері
- •Психологиялық тренингті безендіру
- •Ролдік гимнастика жаттығуын жүргізу әдістемесі
- •Топқа қатынасушыларды таңдау үрдісі
- •Топқа қатынасушылардың жекелеген мақсаттарын айқындау
- •Топтық психокоррекция ұғымы
- •Топтық психологиялық жұмыс формалары туралы түсінік
- •Топтық психологиялық жұмыс формасының түрлері
- •Топтық психотерапия және гипноз
- •Топтық психотерапия ұғымы
- •Топтық тренинг парадигмасы
- •Топтық тренингті ұйымдастыру аспектілері
- •Топтық тренингті ұйымдастыру және өткізудің теориялық негіздері
- •Топтық тренингтің әдістемелік мәселелері
- •Топтың гомогендігі және гетерогенділігі
- •Тренерге қажетті сапалар
- •Тренердің тұлғалық ерекшелігі мен қарым-қатынас стилі
- •Тренинг әдістерінің түрлері
- •Тренинг барысының этаптары
- •Тренинг имиджі және тренингке деген қарым-қатынас
- •Тренинг қызметінің негізгі ережелері
- •Тренинг тобын ұйымдастыру ережелері
- •Тренинг топтарының жүргізушісі
- •Тренинг топтарының жүргізушісінің дайындағы
- •Тренинг топтарының қызметі
- •Тренинг топтарының негізгі түрлері мен класификациясы
- •Тренинг топтарының сандық құрамы
- •Тренинг, оқыту, тәжірибе қызметтеріне сипаттама бер
- •Тренинг, үйрену, даму ұғымдары
- •Тренингте бейнетүсірілімдерді қолданудың психологиялық және әдістем елік астарлары
- •Тренингтік сабақтардың сценариі
- •Тренингтің алтын заңдары
- •Тренингтің қорытынды этабына сипаттама бер
- •Тренингтің нәтижелі жоспарын құру
- •Тренингтің ұйымдастырылуына қойылатын талаптар
- •Тұлғалық өсу тренингі туралы түсінік .
- •Тыныс алу жаттығулары
- •Ф.А.Месмердің «жануар магнетизмі» теориясы
Тренинг топтарының жүргізушісі
Кез келген жаттықтырушы топпен не істегісі келсе де ерікті екендіктерін біледі. Сөздің дәлме-дәл мағынасында, жаттықтырушы – «әрі патша, әрі құдай». Жаттықтырушы әр түрлі ойындар жүргізеді, қатысушыларға рөлдерді үлестіріп береді. Топтағы бірде-бір адам қандай да бір ойынның жалпы мақсаттарын ойын басталғанша түсінбейді. Топтың барлық қатысушылары жаттықтырушылар болған күннің өзінде де олар бәрібір ойынның қандай болатындығын білмейді, оның үстіне, қатысушыларға нұсқаулар көбінесе жеке беріледі. Және, соған сәйкес, кейбір немесе барлық қатысушылары ақымақ болып көрінетін ойынды жасау оңай. Мысалы, бір тренингте барлық қатысушыларға мынадай нұсқау берілген: «Ал қазір бәрің бір қатарға тұрыңдар... (кідіріс) төрт тағандап тұрыңдар... (кідіріс) енді тілдеріңді шығарыңдар». Ары қарай мынадай түсініктеме берілген: «Қызметтік іздеуші иттер тобы тренингке дайын». Содан соң барлығы қалжың ретінде түсіндірілген. Жаттықтырушыға мұндай «қалжыңдардың» қажеті қанша? Айналадағылардың бәрі ақымақ болып көрінгенде, жаттықтырушының өзі өзіне әрі ақылды, әрі тапқыр, әрі талантты болып көрінетіні өзінен-өзі түсінікті. Енді бір топта жаттықтырушы жылқы туралы есепті шешуге тапсырма берді (нұсқауды ары қарай қараңыз). Ол кімде «0» шыққанын сұрады. Бірнеше адам қолдарын көтерді. Жаттықтырушы олардың білімдерінің қандай екендіктерін, мектепте қалай оқығандықтарын сұрады. Ары қарай ол бұл есептің үшінші сынып оқулығынан алынғандығын қуана хабарлады. Содан соң жаттықтырушы кімде «1» шыққанын сұрады да, бәрі қайталанды және т.б. Соңында мынадай түсініктеме берілді: сендердің барлықтарың жоғары білімді ересек адамдарсыңдар, ал үшінші сыныпқа арналған есепті шеше алмадыңдар. Содан соң топ қатысушыларының барлығы өздерін тіпті үшінші сынып деңгейіне де жетпейтін адамдар ретінде бағалаулары үшін кідіріс жасалды. Шын мәнінде, бұл ойын – қабылдау таптаурындарына арналған ойын, және мұнда есептеуде қателер болуы мүмкін. Бұл ойынның негізгі мағынасы – барлық адамдардың есеп шарттарын әр түрлі қабылдайтындықтарын көрсету, және барлық даулар дәл осыдан туындайды. Ойыннан шығатын қорытынды есептің топтық шешіміне көшуге әлі ерте болғандығында. Ең алдымен есеп шарттарынан хабардар етіп, барлық қатысушылардың осы шарттарды жалпы түсінуін қамтамасыз ету қажет болатын, сонда шешім бірден табылар еді. Бұл есеп қарым-қатынас үдерісін сатылы түрде өту қажет екендігін көрсетеді. Бұдан басқа, осы ойын мысалында тиімді қарым-қатынас өлшемдері жақсы көрінеді. Азырақ көзге түсетін жағдайлар да болады. Мысалы, жаттықтырушы біреудің атына бірнеше бағалау фразаларын тастауы, топ алдында қатысушының анық қатесін көрсетуі, бағалаған кейіппен бет-аузын тыжырайтуы мүмкін – және нақты «құрбандық» өзінің дәрменсіздігін түсінеді. Ал тренингте барлық дерлік ойындар қате қағидатына құрылатындықтан (яғни, ойындарда солардың мысалында жұмыста оларды қайтып жібермеуге үйрену үшін міндетті түрде қателер болады), жаттықтырушының мұндай мүмкіндіктері молынан болады.Қорытындылай келе, жаттықтырушының жоғарыда көрсетілген барлық қателері оның жұмысының тиімділігіне өткізілген тренингтер саны мен тәжірибесінен гөрі әлдеқайда күштірек әсер ететіндігін айтуға болады. Жаттықтырушының көптеген жылдар бойы жұмыс істеуі, бірақ осы заңдылықтардың бірде-бірін түсінбеуі мүмкін, және бұл жаман нәтижелерге алып келетін болады. Тренингтің тиімділігі және пайдалылығы туралы екі пікір бар: біреулер тренингтің өте тамаша және жақсы екендігін айтса, енді біреулер тренингті жай ғана алдау және ешқандай нәтиже бермейтін дүние деп мәлімдейді. Шын мәнінде, біреулердің жаттықтырушымен жолы болған, енді біреулерінің жолы болмаған. Тренингтің өзі болса – тамаша әдіс, бірақ жүргізушісі жаман жақсы машина жаман жүретіндігі сияқты, тренинг те көбінесе кері нәтиже береді. Қалайша осындай қателерді жібермеуге болады? Жауап қарапайым: шындап оқып-үйрену қажет, және ең тиімді әдіс тренинг болып табылады, жаттықтырушыларды оқытып-үйретуге арналған тренингтік бағдарламалар болады. Бұдан басқа, жұмыс барысында жаттықтырушы үнемі өзін бақылап отыруға міндетті. Бақылаудың тамаша механизмі – өзіңе үнемі «мен мұны не үшін істеймін?», «менің мақсатым қандай?», «мен қандай нәтижеге қол жеткізгім келеді?» деген сұрақтарды қойып отыру. Және жаттықтырушы әлденені айтқысы немесе істегісі келгенде, ол өзінің не істеп отырғандығын және топқа мұның қажеті қанша екендігін түсінуі тиіс. Егер бұл топтың пайдасына жарайтын болса, онда барлығы жақсы. Егер жаттықтырушы әлденені айтқысы немесе істегісі келсе, бірақ бұл топ үшін зиянды немесе тым болмағанда пайдасыз болса, онда оны айтуға не істеуге болмайды. Жаттықтырушының жақсы жұмысы деген осы. Жаттықтырушы топ үшін жұмыс істеуге міндетті.
