- •«Алақан» тренингін жүргізу әдістемесі
- •«Денелік мүсіндер» тренингінің жүру барысы
- •«Еден-төбе-мұрын» тренингін жүргізу әдістемесі
- •«Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі» іскерлік ойынының жүру барысы
- •«Жанұя бақыты» тренингін жүргізу әдістемесі
- •«Сенімді, сенімсіз, агрессивті» мінез-құлық тренингі
- •«Жер сілкіну» тренингі
- •«Көңіл-күйімізді жаттықтыру» тренингі
- •«Мен және болашақтағы мен» треингінің жүру барысы
- •«Психотерапиялық антонимдер» тренингі
- •«Тастанды дүкен» тренингінің жүру барысы
- •«Топтық психотерапия», «топтық психокоррекция», «топтық тренинг» ұғымдары
- •«Шеңбер» деп аталатын жаттығу топтарына сипатттама бер
- •Аутоген жаттығуын жүргізу әдістемесі
- •Әлеуметтік –психологиялық тренинг пәні мақсат, міндеттері
- •Әлеуметтік психологиялық тренинг түрлері
- •Әр түрлі бұлшықет тобының тонусын өзгертуге араналған жаттығулар
- •Би метафорасы тренингін жүргізу әдістемесі
- •Гештальттерапия бағытының негізгі ерекшелігі
- •Жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру жаттығулары
- •Жалпы тренингтік әдістер
- •Жасөспірімдермен жүргізілетін тренинг жаттығулары
- •Коммуникативтілікті дамытуға арналған тренинг жаттығулары
- •Комплимент тренингін жүргізу әдістемесі
- •Қиын топқа жататын жасөспірімдер мен жүргізілетін тренинг жаттығулары
- •Медитация жаттығуын жүргізу әдістемесі
- •Оқушылардың таным белсенділігін дамыту жаттығулары
- •Өзіне-өзі сенімділігін қалыптастыру тренингі
- •Өзін-өзі реттеу жаттығуларын жүргізу әдістемесі
- •Педагогтың кәсіби өзіндік санасын қалыптастыруға бағытталған тренингтер
- •Психоанализ бен басқа да психологиялық мектептер, психологтар мен психотерапевттердің топтық әдістері
- •Психогимнастикалық жаттығулар әдістемесі
- •Психологиялық тренинг принциптері
- •Психологиялық тренингті безендіру
- •Ролдік гимнастика жаттығуын жүргізу әдістемесі
- •Топқа қатынасушыларды таңдау үрдісі
- •Топқа қатынасушылардың жекелеген мақсаттарын айқындау
- •Топтық психокоррекция ұғымы
- •Топтық психологиялық жұмыс формалары туралы түсінік
- •Топтық психологиялық жұмыс формасының түрлері
- •Топтық психотерапия және гипноз
- •Топтық психотерапия ұғымы
- •Топтық тренинг парадигмасы
- •Топтық тренингті ұйымдастыру аспектілері
- •Топтық тренингті ұйымдастыру және өткізудің теориялық негіздері
- •Топтық тренингтің әдістемелік мәселелері
- •Топтың гомогендігі және гетерогенділігі
- •Тренерге қажетті сапалар
- •Тренердің тұлғалық ерекшелігі мен қарым-қатынас стилі
- •Тренинг әдістерінің түрлері
- •Тренинг барысының этаптары
- •Тренинг имиджі және тренингке деген қарым-қатынас
- •Тренинг қызметінің негізгі ережелері
- •Тренинг тобын ұйымдастыру ережелері
- •Тренинг топтарының жүргізушісі
- •Тренинг топтарының жүргізушісінің дайындағы
- •Тренинг топтарының қызметі
- •Тренинг топтарының негізгі түрлері мен класификациясы
- •Тренинг топтарының сандық құрамы
- •Тренинг, оқыту, тәжірибе қызметтеріне сипаттама бер
- •Тренинг, үйрену, даму ұғымдары
- •Тренингте бейнетүсірілімдерді қолданудың психологиялық және әдістем елік астарлары
- •Тренингтік сабақтардың сценариі
- •Тренингтің алтын заңдары
- •Тренингтің қорытынды этабына сипаттама бер
- •Тренингтің нәтижелі жоспарын құру
- •Тренингтің ұйымдастырылуына қойылатын талаптар
- •Тұлғалық өсу тренингі туралы түсінік .
- •Тыныс алу жаттығулары
- •Ф.А.Месмердің «жануар магнетизмі» теориясы
Би метафорасы тренингін жүргізу әдістемесі
Би метафорасы.Қатынасушылар шеңберге тұрады. Әрбір қатынасушы бір ұлт өкілі бекітіледі; Француз, Ағылшын, Грузин, Орыс, қазақ, Үнді, Испан, Неміс, Украин т.б.Бұл ойын қатынасушыларды жандандырып, күлкіге әкеледі. Рольдер қабыоланғаннан кейін, әрқайсысы зейінін шоғырландырып, өз ұлт өкіліне еніп, сол ұлттың биін билеп, өлеңін айтуы тиіс. Бастапқыда бәрі айтып және тыңдайды, содан кейін қосылып бірге өлең айтып билейді. Біріккен қимыл қозғалыс, жалпы би, бір-біріне жақындасып топтың бірігуіне қажетті фактордың бірі. Сонымен қатар бұл белсенді қозғалыс жаттығуы. Ең маңыздысы – дәстүрден тыс, сериотиптен тыс әрекет ету.
Гештальттерапия бағытының негізгі ерекшелігі
Әрбір адам тұтас, яғни оның денелік, эмоционалдық және рухани қажеттіліктері бірдей маңызды және бір-бірімен тығыз сабақтас. Өмірді толыққанды сүру үшін өзіңді жақсы түсінуің қажет. Яғни - өзіңмен барлық деңгейде жақсы контакт ұстану. Өзіңді жақсы білу бақытты өмірді құрудың маңызды шарты болып табылады.
Адам өз бетінше тірлік ете алмайды, керісінше ол өзі өмір сүретін әлем бөлігі болып табылады. Өз қажеттіліктерін қанағаттандыру туралы қамқорлық тек қоршаған кеңістік пен басқа адамдарға қамқорлықты бірлестіргенде ғана табысты болады.
Өз мұқтажыңды басқаның қажеттіліктерімен қалай үйлестіру, қай сәтте өзің туралы көбірек қамқорлық жасау, ал қай кезде айналадағылардың қызығушылықтарын басым ету – бұл мәселелерді бірден және түбегейлі бір ғана тәсілмен шешуге болмайды, керісінше қайта-қайта және қайтадан өзгеріп тұратын өмірлік жағдайларда, оқиғаларда қайта шешуге тура келеді.
Бала жас кезінде әлеммен өзара әрекет етудің белгілі бір тәсілдеріне үйренеді. Ол есейгенде, бұл тәсілдер көбіне ескірген болып шығады. Бұл үйреншікті тәсілдерді, тек жалғыз мүмкін болар ретінде қабылдап, адам олар «жұмыс істемеген» жағдайда қиындықты бастан кешіреді. Гештальт-терапевт адамға өз тәсілдерін қайтадан түйсінуге және бүгінгі күн үшін жаңасын, барынша жарамдысын қайта құрастыруға көмектеседі.
Әрбір адамда қанағаттану әкелетін және дәл осы адамға барынша максималды сәйкес келетін теңдесі жоқ өз өмірін құру үшін потенциалды мүмкіндіктер бар. ГЕШТАЛЬТ – бұл өмірді барынша толыққанды сезінулі және барынша ойлы етуге мүмкіндік беретін тәсіл. Ол адамдарды тек өмір жөнінде ойлауға үйретіп қана қоймай, сонымен бірге оның барлық көріністерімен күйзелуге, өзінде жаңа және жаңа ресурстарды ашуға, қоршаған әлемнің және өз тұлғасының жаңа қырларын көруге және сезінуге үйретеді. Сондықтан гештальт – бұл жәй ғана психотерапевтік тәсіл ғана емес, керісінше оны біртіндеп қайта түрлендіретін өмір салты.
Гештальт-тұрғының позициясы турасында адам тұтас сан қырлы тірлік иесі – бір мезгілде жануарлық, психологиялық, социалдық және рухани болып табылады. Гештальт-тұрғының мақсаты – түйсіну, саналы ұғу тәжірибесін ұдайы кеңейту және сол арқылы барынша мол тұтастыққа, психологиялық және физикалық денсаулықтың барынша жоғары деңгейіне қол жеткізу.
Гештальт-терапия адами проблемалардың барынша кең шеңберіне қолдануға балатын әмбебап психологиялық тәсіл болып табылады. Олардың кейбір мыналар:
- клиникалық психотерапия;
- отбасылық психотерапия;
-тұлғалық өсуге және коммуникацияны жақсартуға ұмтылатын адамдарға арналған тренингтер;
әр түрлі кәсіби топтардың өкілдеріне (мысалы, педагогтар, менеджерлер) арналған тренингтер;
- гештальт-педагогика;
- ұйымдарға консультация жасау.
Гештальт-терапия практикасының негізгі мақсаты – бұл түйсінуді кеңейту. Адами проблемалардың орасан зор саны анықтықты шынайы түйсіну интеллектуалдықпен, және көбіне ол туралы жалған алмастырулармен сабақтастығына байланысты, мысалы адамдардан не күтуге болады, олар маған қалай қарайды, менің нені қалауым керек және не істеуім қажет туралы. Мұндай жалған елестетулер анықтықты көлегейлейді және организмнің қажеттілігін қанағаттандыруды қиындатады – гештальттың қалыптасу мен бұзылу үрдісі ауытқиды.
Гештальт-терапия егер адамдар ішкі және сыртқы анықтықты айқын түйсінуге жетсе, онда олар өз бетінше барлық өз проблемаларын шешуге қабілетті дегенге сүйенеді. Сондықтан терапия мінез-құлықты өзгертуді өз мақсаты етіп қоймайды, мінез-құлық түйсіну өскен сайын өзгереді.
Дау –жанжал және оның шешілу жолдары
Дауды шешудің ең жақсы әрі жеңіл жолы – одан қашу. Алайда кейбір жағдайларда өз дегенінен қайтпайтын адамдарға өзіңіздің дұрыстығыңызды дәлелдеп, оны сендіртуге тура келетін жағдайлар болып жатады. Төмендегі 10 кеңес осындай жағдайда жеңімпаз атануға көмегін тигізеді.
Жинақы және сыпайы болыңыз
Бәрінен бұрын адамның намысымен ойнамаңыз: оны ренжітіп, кемсітудің қажеті жоқ. Бұлай сіз ештеңені дәлелдей алмайсыз. Сосын ол әлемдегі барлық нәрсені теріске шығару позициясына көшеді (антогонизм). Ал осындай жағдайда адамның бір нәрсеге көзін жеткізу мүмкін емес. Бірінші кезекте нақты дәлелдер
Алдымен өз ұстанымыңызға қатысты орынды дәлелдерді айтып өтіңіз. Ұсақ-түйектен бастаудың қажеті жоқ. Бірден зілді дәлелден бастаңыз, кейін қосымша күш ретінде майдаларына көшіңіз. Сенімге ие болу
Өз статусыңыз бен имиджіңізді көтеруге тырысқан абзал: оны жеке тәжірибеңізден білетініңізді және онымен бірнеше жыл айналысып жүргеніңізді, нақты нәтижеге қол жеткізіп немесе әжептеуір ақша тапқаныңыз жайлы дәлелдер келтіріңіз. Қулық танытыңыз
Мықты қару ретінде келесі сөзді қолданыңыз: «Иә, дәл осы жерде сенікі дұрыс, жақсы ой, бірақ мынада мүлдем қателесесің...». Адам өз ойын байқағанын сезгенде, қарама-қарсы отырған адамның ойына да құлақ асуы мүмкін. Жағымпаздық
Адамды мақтаңыздар! Комплименттер, әсіресе күтпеген жерден айытлған комплименттер әрбір адамды қуантары сөзсіз. Ал бұл сізге керектінің нағыз өзі – қарсыласты босаңсытып, оның жағдайды бақылауын азайту. Ретті пікір бірлігі
Реттіліктің ережесі: адамға алдымен ол келісіп отырған затты айтыңыз (тіпті ол айқын нәрсе болса да), ал содан кейін өзіңіздің көзқарасыңызға көшіңіз. Мұндай жағдайда келісімге келу ықтималдылығы бірнеше есе жоғары. Әңгімені қауіпті тақырыптарға бұрмаңыз
Жанжалды одан әрі шиеленістіретін және де өзіңіздің әлсіз жеріңіз болып саналатын тақырыптардан аулақ болыңыз. Егер болған жағдайда, бірден әңгімені бөліп «Әңгімеміз қазір бұл жайлы емес», «Мұның бізге еш қатысы жоқ, іске қатысы бар тек ...» деп айтыңыз. Әрбір ұсақ нәрсені бақылып отырыңыз
Қарсы отырған адамның әрбір әрекетін бақылаңыз. Ол сізге көп нәрсені көрсетуі мүмкін. Вербалды емес іс-әрекет – бұл дене күйі, ишарат, мимика. Егер қандай да бір дәлелден соң, адам денесінен оқшау қимылды байқасаңыз, сол дәлелді кеңінен ашып, толық түсіндіріп беруге тырысыңыз. Себебі бұл сіздің ең салмақты дәлеліңіздің болғаны және соның салдарынан қарсы сөйлеуші күйгелектеніп отырған болуы керек. Адамдар пайда мен тиімділікті сүйеді
Сіздің айтқандарыңыздың оған өте пайдалы және тиімді екенін, ал оның ұстанымы өзіне түбінде еш нәрсе әкелмейтініне қарсы сөйлеушінің көзін жеткізіңіз. Күтпеген жерден ілтипат танытып, құрмет көрсетіңіз
Қарсы пікір білдірушіні ентелей тыңдаңыз, тіпті ол сіздің ашуыңызды келтірсе де тыңдаңыз: әрбір адам өзіне көрсеткен құрметті лезде байқайды.
