Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология және адам дамуы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
358 Кб
Скачать
☆

1. Объективті шындықты бейнелеу ретіндегі психиканың жалпы болмысы

Психика - бұл субъектінің объективті әлемді белсенді бейнелеуінде қорытылатын, бұл дүниенің ажыратылмайтын картинасын құрып және осы негізде әрекет-қылық пен іс-әрекетін реттейтін жоғары ұйымдастырылған тірі материя қасиеті.

1. Психика- бұл тек тірі материя қасиеті. Әдетте қарапайым тірі материя емес, жоғары ұйымдастырылған материя. Мұнан кез-келген тірі материя бұл қасиетке ие емес, тек ғана, психиканың бар болуына себепші болатын арнайы мүшелеріне ғана тән.

2. Психиканың негізгі ерекшелігі объективті дүниені бейнелей алу қабілетінде қорытылады. Яғни, психикасы бар жоғары ұйымдастырылған материя қоршаған дүние туралы мәліметтерді алуға қабілетті.

3. Тіршілік иесінің қоршаған дүние жөнінде алған мәліметтері тірі ағзаның ішкі ортасын реттеуі және оның әрекетқылығы қалыптасуының негізі болып табылады.

Тітіркену- бұл тірі ағзаның мәжбүрлі белсенділігінде көрінеді. Тітіркенудің алғашқы формалары өсімдіктерде де табылады, олар «тропизм»- мәжбүрлі қозғалыс деп аталады.

2. Объективті әлемнің субъективті бейнесі ретіндегі психикалық бейнелеу туралы көзқарастар

Психиканың шығу тегінде әртүрлі көзқарастар бар:

  1. Идеалистік – психикалық (жан) өз шығу тегі бойынша денемен байланыспайды..

  2. Дуалистік- адамда екі бастама бар: психикалық (идеалды) және биологиялық (материалды). Бұл екі шарт қатар дамиды және белгілі бір мөлшерде бір-бірімен байланысты.

  3. Материалистік- психика феномені тірі табиғат эволюциясына негізделеді және оның бар болуы өте жоғары дамыған материя қасиеті ретінде қарастырылады.

№

Бағыттар

Сипаттамасы

1.

Антропопсихизм (Декарт)

Психика тек адамға ғана тән

2.

Панпсихизм (француз материалистері)

Табиғаттың түгелдей жандануы, психика барлық әлемге тән (сонымен тастарға да)

3.

Биопсихизм

Психика тірі табиғат құрылымы (өсімдіктер)

4.

Нейропсихизм (Дарвин)

Жүйке жүйесі барларға тән

5.

Мипсихизм (Платонов)

Бас миы барларға тән (жәндіктерде белгісіз)

6.

Сезімталдықтың болуы (А.Н. Леонтьев)

Қоршаған ортадан берілетін тітіркендіргіштерге әсерлену қабілетінің болуы.

№7 Кесте. Психиканың табиғатын түсіндіруші негізгі бағыттар

3. Психика деңгейлері

Психиканың қарапайым түрі – нерв жүйесінің болмашы қасиеті бар тіршілік иелері, мәселен, құрт тағы басқа насекомдар дүниесінде кездеседі. Бұл жәндіктерге тек сыртқы ортаны шамалау, бағдарлау ғана тән. Олар тек биологиялық мәнді зат пен әсер етуші обьектінің жеке қасиеттері арасындағы байланыстарды бейнелеуге қабілетті.Психиканың бұл сатысы сенсорлық (сезімдік) деп аталады.Мұнда тікелей әсер етуші, оның үстіне, түгелдей зат емес, оның кейбір қасиеті ғана бейнеленеді. Мәселен, өрмекші өрмек пен тамақтың (өрмекке түскен шыбын) арасындағы байланысты бейнелендіреді, бақа жейтін қоректік заттың түсі мен формасына қарап ажыратады, ара тағамның түсі мен иісіне, вал жылан болса, тек формасы емес, сонымен қатар өз жемтігінің денесінің температурасына реакция жасайды т.б.

Тіршілік иесінің, әсіресе нерв жүйесінің құрылысы неғұрлым күрделіленіп әр түрлі органдардың атқаратын қызметі мейлінше ажыратыла, сондай-ақ организмдердің интеграциясы (организмдер қызметінің бірігуі) белсенді бола түскен сайын, психиканың бейнелеу функциясы да күрделілене түседі және оның басқару әрекеті кемелдене береді.Бұл, әсіресе нерв жүйесінің жоғарғы бөлігінің қалыптасуы кезінде анық байқалады.Осыдан психикалық іс-әрекеттің перцептивтік деп аталатын екінші сатысы басталады.

Барлық сүт қоректілердің әрекеті осы екінші сатыдағы ерекшеліктермен сипатталады, олардың бәрінің де миы жақсы дамыған. Бұл саты үшін, бір обьектінің кей кездері тіпті күрделі обьектінің де әр түрлі қасиеттерін синтетикалық тұрғыдан бейнелей алу қабілеті тән.Осы жерде енді заттық бейнелей алу туралы айтуға болады.Мәселен,ит өз иесінің дауысы,киімі,иісі тағы басқа көптеген белгілері арқылы тани алады.Алайда,арнайы жүргізілген зерттеулердің көрсеткеніндей обьектілерге қайсы бір қасиеттері жануар үшін өте маңызды болса,(сигнал ретінде),ал екінші біреулерінің маңызы аз болуы мүмкін.Жануарлардың бір белгілерді түсіне қоюы,оны дұрыс ажырата алуы,ал екінші бір белгілерді ажырата алма,қателесуі,қайтерін білмей,тайқақтауы-міне,осыдан.

Жоғарғы сатыдағы сүт қоректілерге қарапайым тұрғыда ойлау қаситі тән.

Бұлардың ішінен,әсіресе маймылдар,бәріненбұрын антропоидтарнемесе адам тәріздес маймылдарды айту керек.Олардың миы мейлінше дамыған,өзінің құрылысы жағынан адам миына өте ұқсас,әрі басқа жануарларға қарағанда,олардың психикалық іс-әрекеті анағұрлым бай және күрделі.Психиканың бұл сатысын интеллект сатысы деп атайды.

№

Танымдық іс-әрекет түрі.

Сипаттамасы

1.

Сенсорлық (лат.т. sensus- түйсіну)

Заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерін бейнелейтін танымдық процестер. Оның психикалық нәтижесі түйсіну деп аталады.

2.

Перцептивті (лат.т percipere- қабылдау)

Заттар мен құбылыстардың тұтастай бейнесін құру. Психикалық бейнесі қабылдау деп аталады.

3.

Интеллектік (лат.т. intellectus- ақыл)

Құбылыстар арасындағы мәнді байланыстарды бенелейтін ойлау операциялары.