- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» университеті «педагогика, психология және дефектология» кафедрасы
- •Қызылорда, 2015 ж
- •Дәріс сабактарының тақырыптары мен мазмұны
- •Практика /семинар сабақтарының мазмұны
- •Студенттің окытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •Студенттің өзіндік жұмысы
- •Аралық бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •3. Психология ғылым ретінде
- •4. Ғылымдар жүйесінде психологияның орны
- •2. Психология ғылымының негізгі даму кезеңдері
- •5. Психология салаларын топтастыру
- •6. Ғылыми психология принциптері
- •7. Психология: әдіснама, әдістер, әдістемелер
- •Әдебиеттер:
- •2. Аристотельдің рух туралы ілімі
- •3. Сократ пен Платонның рух туралы ілімінің моральдік –этикалық аспектері
- •4. Декарт дуализмі
- •5. Психофизиологиялық параллелизмнің идеалистік теориясы
- •6. Джон Локк ілімі
- •Әдебиеттер:
- •1. Психиканың рефлекторлық сипаты
- •2. XX ғасырдың 20-30 жылдардағы психологиядағы дағдарыс
- •3. Психология ғылымындағы жаңа бағыттар және қазіргі күйі
- •Әдебиеттер:
- •Ресейде психологиялық ой-пікірлердің дамуы
- •3. Ресейдегі психологиялық мектептер
- •Әдебиеттер:
- •1. Қазақ ағартушыларының психологиялық ой- пікірлері (ш.Уалиханов, ы. Алтынсарин, а. Құнанбаев, м. Жұмабаев, ж. Аймауытов)
- •Қазақстанда психология ғылымының дамуы
- •3. Қазақстанда қазіргі кездегі психологияның дамуы
- •Әдебиеттер:
- •- Лекция. Адам санасының пайда болуы мен алғы шарттары
- •Сана қалыптасу кезеңдері мен стадиялары
- •Сана, өзіндік сана
- •1. Объективті шындықты бейнелеу ретіндегі психиканың жалпы болмысы
- •2. Объективті әлемнің субъективті бейнесі ретіндегі психикалық бейнелеу туралы көзқарастар
- •3. Психика деңгейлері
- •4. Психика дамуының деңгейі мен функциялары
- •1. Тұлға теорияларының психодинамикалық бағыты (з.Фрейд, а. Адлер,к.Г. Юнг)
- •3. Тұлға теориясының диспозициялық бағыты (г. Олпорт, р.Кеттел, г. Айзенк)
- •Тұлға теорияларының гуманистік бағыты (а. Маслоу)
- •- Лекция.Кеңес психологиясындағы тұлға тұжырымдамалары
- •6. Қимыл-қозғалыс пен белсенділік физиологиясы.
- •- Лекция. Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің ара қатынасы.
- •§ 2. Темперамент қасиеттерi. Темпераменттiң мәндi қасиеттерiне жататындар:
- •Қолданылатын әдебиеттер тiзiмi.
- •§ 1. Мiнез типологиясы.
- •15 Лекция. Қабілет жөніндегі теориялар.
- •Қолданылған әдебиеттер:
2. Психология ғылымының негізгі даму кезеңдері
«Психология» атты алғаш трактат 1590 жылы жарық көрді. Ғылымның аты оның философиядан бөлініп шығуынан 300 жыл бұрын пайда болған.
XIX ғ-дың аяғы XX ғасырдың басында атақты психолог Г.Эббингауз психология ғылымына қысқаша және нақты анықтама берген. Ол психология ғылымының зерттеу пәні бойынша психикалық құбылыстардың тарихи даму процестерін қарастырды. Осы көзқарас бойынша психология тарихын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады. Психология пәнін қарастыруда біз төмендегі сызба бойынша талдаймыз:
Кезеңдер |
Психология пәні |
Сипаттамасы |
4-кезең |
Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін меңгереді. |
Философияның диалектикалық материализм базасында қалыптасып, бейнелеу теориясы болып табылады |
3-кезең |
Психология- мінез-құлық туралы ғылым |
XX ғасырда туындады. Психологияның міндеті тікелей мінез-құлық, қылықты бақылау. Мінез-құлықты көрсететін мотивтер ескерілмеді. |
2-кезең |
Психология- сана туралы ғылым |
XYII ғасырда туындады, жаратылыстану ғылымдарының дамуымен байланысты. Ойлауға, сезінуге, түйсінуге қабілетті таным деп түсіндірді. Меңгерудің негізгі әдісі -өзін өзі бақылау және фактілерді сипаттау деп есептеген. |
1-кезең |
Психология-жан туралы ғылым |
Адам өміріндегі түсініксіз құбылыстарды жан арқылы түсіндіруге тырысты. |
№1. Кесте. Психологияның ғылым ретінде қалыптасуының негізгі кезеңдері.
3. Психология ғылым ретінде
«Психология» түсінігінің ғылыми және тұрмыстық мағынасы бар. Біріншісінде қатысты ғылыми пәндерді мазмұндау үшін, екіншісінде, тұлғалардың және адамдар тобының жүріс-тұрысын және психологиялық ерекшеліктерін суреттеу үшін қолданылады. Белгілі кеңес психологы Р.С. Немовтың еңбегінде тұрмыстық және ғылыми психологияны салыстырмалы түрде талдады.
-
Тұрмыстық психологиялық білім
Ғылыми психологиялық білім
- білім нақты
-білім жалпыланған
- білім интуитивті сипатта
- білім рационалды және саналы
- білімді беру күрделі
- білім жинақталады және беріледі
- білім қайнары- бақылау
- білім қайнары- эксперимент
- білім шектеулі
- білім әрқашан кеңейеді.
№2 Кесте. Тұрмыстық және ғылыми психологияның салыстырмалы сипаты.
4. Ғылымдар жүйесінде психологияның орны
► Психология және философия . Көптеген ғасырлар бойы психология философия ғылымының аясында дамыды. Философияға психологтардың назар аударуы олар кездескен қиындықтар мен әдеттен тыс мәселелер болды. Психологияның көптеген сұрақтары эксперименттіәк анализге және табиғи әдістерге қиындықпен беріледі. Көбінесе олар философиялық ой-көзқарас тарда шешіледі.
Қазіргі тұлға психологиясының көптеген мәселелері тұлғалық мағына және өмір мақсаты, көзқарас, саяси талпынулар және рухани құндылықтар- психология үшін де, философия үшін де ортақ болып табылады. Қазірге дейін психологияның өзінде лабораториялық –эксперименттік жолмен шешу мүмкін емес сұрақтар аз емес. Осындай мәселелерге кездескенде психология философияға назар аударады, яғни, философия өкілдері ұсынатын ой қорытындыларын пайдаланады. Философиялық- психологиялық мәселелер қатарына адам санасының шығу тегі және мәні, адамзат ойлауының жоғары формаларының табиғаты, қоғамның тұлғаға және тұлғаның қоғамға (дүниетанымдық аспект) әсерін , психологияның әдіснамалық мәселелерін жатқызуға болады.
Психолог және философтардың әріптестігінде жақсы нәтижеге жеткен мәселелер де бар. Бұл ең алдымен, эпистемология мәселелері- адамның қоршаған ортаны тануы жөнінде ғылым. Швейцар психологы Ж. Пиаже бастауымен Халықаралық эпистемология орталығында (Женева қ.) адам интеллектісі табиғаты және балаларда оның дамуы жөнінде көп мәселелер білуге мүмкіндік туды.
Философия және психология арасындағы аралық орынға ие адам өмірінің мәнін іздеу және жоғалтуға қатысты зерттеулерді (К.Роджерс, В.Франкл), жалғыздық, бақыт мәселелерін (М.Аргайл, В. Франкл) жатқызуға болады.
► Психология және тарих. Адамзат табиғаттың да , қоғамның да органикалық бөлігі болып табылады. Сондықтан да психология көптеген ғылымдармен тығыз байланысты.
Қазіргі тұлға табиғаттан ерекшеленетін, өздері жасанды құрған әлеуметтік ортада туылады, өмір сүреді және дамиды. Адамның барлық психикалық қасиеттерімен қалай пайда болғанын түсіну үшін адазат тарихынан бастау қажет. Ең алдымен, материалды және рухани мәдениет дамуы тарихынан.
Қоғам тарихы білімдерінсіз қазіргі дүниеде адамаралық қарым-қатнас психологиясын түсіну қиын. Бұл қатынас ғасырлар бойы қалыптасады. Философиялық ілімдер, діни сенімдер, дәстүрлер, салттар т.б. халық және ұлттың психологиясын сипаттайтындардың барлығы ұзақ тарихи даму жемісі. Адамзат мәдениеті жетістіктері ұрпақтан-ұрпаққа беріле отырып, қазіргі адамдардың психологиясын қалыптастырады.
Психология мен тарихтың одағы іштей және сырттай болуы мүмкін. Бұл ғылымдардың сырттай байланысы олардың әрқайсысы өз проблемаларын шешу үшін келесілерінің мәліметтерін қолдану мақсатында тоқталады.Сонымен, тарихшыны белгілі бір дәуірде өмір сүрген адамдардың психологиялық мінездемелері, олардың көзқарастары, салт –дәстүрлері қызықтыруы мүмкін. Психолог өз кезегінде тарих ғылымына тарихи факт ретінде адамдардың психологиясын қарастырып, өз проблемаларын шешеді.
Тарих және психология ғылымының байланысын дәлелдейтін мысалдардың бірі Л.С. Выготскийдің адамның жоғары психикалық функциясының мәдени-тарихи даму теориясы болып табылады. Онда автор ең алдымен, тіл, еңбек құралы, белгілік жүйелер адамның фило-онтогенетикалық психологиялық дамуын едәуір алға жылжытатын күшті фактор болды. Адам осы факторлардың барлығын пайдалана отырып, өзінің психологиясын және мінез-құлқын игеруді үйренеді.Осы ғылымдардың байланысына тағы бір мысал психологияда тарихи деп аталатын әдістің қолдануы болып табылады. Оның мәні қандай да бір психикалық құбылыстың табиғатын, шығу тегін және
заңдылықтарын түсіну үшін оның фило және онтогенетикалық дамуынбақылау қажет.
► Психология және әлеуметтану. Әлеуметтану және психология қоғам және тұлға, әлеуметтік топ және топаралық қатынас мәселеріне қатысты ортақтықтар табады. Әлеуметтану әлеуметтік психологиядағы тұлға және адамзат қарым-қатынасын зерттеу әдістерін кеңінен, ал өз кезегінде психология әлеуметтік тәсілдерді: анкета және сауалнаманы пайдаланады.
Әлеуметтанушылар ұсынған әлеуметтік үйрену тұжырымдамасын әлеуметтік және даму психологиясында қабылданған. Психологтар ұсынған тұлға және шағын топ теориялары әлеуметтік зерттеулерде қолданылады.
Әлеуметтанушылар мен психологтар бірлесе шешетін мәселелер де аз емес. Бұл- адамаралық қарым-қатынас, ұлттық психология, саясат психологиясы, мелекетаралық қатынас мәселелері. Мұнда әлеуметтену және әлеуметтік ыңғайлану мәселесі, олардың қалыптасуы және қайта жасалуы жатады.
Тұлғаның әлеуметтенуін индивидтің әлеуметтік тәжірибені игеруі және қайта жасауы процесі ретінде анықтауға болады. Оның нәтижесінде ол тұлға болады және өмірге қажетті психикалық қасиеттерді, білімдерді, икемділік және дағдыларды игереді.Сондай-ақ, тіл және адамаралық қарым-қатынас жасау қабілетін, адамдармен өзара әрекеттесуді үйренеді.
Әлеуметтенудің маңызды механизмі- идентификация болып табылады. Балалар өздерінің физикалық және психикалық дамуында әрекет- қылықтың әртүрлі формалары игеріп, өздерін айналасындағылармен теңестіреді. Маңызды идентификацияланушы процестердің бірі- рөлдік – жыныстық типизация. Жыныстық-рөлдік типизацияда негізгі функцияны ата-ана орындайды.
Әлеуметтенудің басқа да механизмі- бұл еліктеу, сену (ұйыту) және әлеуметтік фацилитация жатады.
► Психология және педагогика. Оқыту және тәрбиелеудің кез-келген сұрағы педагог және психологтың бірлескен қатысуын талап етеді. Осы ғылымдар жүйесінің өкілдерін біріктіруші сұрақтар өте көп. Педагогика саласындағы мамандарды даярлауда бағдарламаларда қанша педагогикалық білімдер болса, солғұрлым психологиялық білімдерді енгізеді.
Психологияның педагогика ғылымы ерекше маңызы бар, өйткені, тұлғаның даму заңдылықтарын, балалардың жас мөлшеріне байланысты және индивидуалдық ерекшеліктерін білу білім беру мен тәрбиелеудің неғұрлым тиімді әдістерін жасауға теориялық негіз болады.
Психологиялық білім мұғалімнің балалар бойындағы жас мөлшеріне байланысты және индивидуалдық ерекшеліктерді көруге, олардағы жаңа, таным қызметіндегі неғұрлым прогресшіл қасиеттердің жаңа сезімдердің, ерік пен қалыптасып келе жатқан мінез-құлықтық жаңа сипаттардың туа бастағанын дер мерзімінде байқауға мүмкіндік береді. Балаларды психологиялық тұрғыда зерттеу мұғалімдердің баланың өсу перспективасын көруге және оқушының тұлға ретінде қалыптасу процесін дұрыс жобалауға, балалармен жұмыс істеудің неғұрлым тиімді жолдары мен әдістерін табуға мүмкіндік береді.
