Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология және адам дамуы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
358 Кб
Скачать
☆

6. Қимыл-қозғалыс пен белсенділік физиологиясы.

Психомоторика туралы түсінік .

Іс-әрекет - өте күрделі және көпаспектілі құбылыс .Бұл психикалық және физиологиялық процес бірлігі арқылы жүзеге асады. Бірақ, физиологиялық және психиканың бірлігі іс-әрекеті жалғыз жағдайы болып табылмайды .

Іс -әрекет қозғалыссыз мүмкін емес. Қозғалыс біздің өмірімізде және іс әрекетімізде қажетті жағдай екендігіне назар аударған орыс ғалымы Иван Михайлович Сеченов психомоторика деп атады. Оның пікірінше, адамның іс-әрекеті қозғалыстық әрекеті болып табылады .Өз кезегінде оқу, жаттау немесе қайталау процесінде дамитын қозғалыстық әрекетті қозғалыстық немесе психомоторлы дағды деп атайды.

Әрекет немесе саналы қозғалыстың мақсаты болуы тиіс,ол әрқашан бір нәрсеге бағытталады. Мұнан қандай да бір сфера немесе біздің күшімізді салатын жиек (алаң,поле) болуы тиіс. Бұл жиек ps –хомоторика мәселесін қарастырғанда моторлы жиек деп атау қабылданған.

Мұнан басқа саналы қозғалысты жүзеге асыру үшін біз мәлемет құрастыратын сфера қажет . Бұл сфераны сенсорлы жиек деп атау қабылданған .Бірақ, осымен бірге саналық қозғалыс құрамдас бөлігімен бірге маңызды жағдай қажет – сенсорлық мәліметтерді өңдеу механизмінің және моторлы акт қалыптасудың болуы .

Психология ғылымының дамуымен қозғалысты ұйымдастыру жөніндегі пікірлер өзгерді. И.М. Сеченовтың «Рефлексы головного мозга» субьектінің және «психомоторика» терминіне негізделуінің пайда болуынан, онан кейін Иван Петрович Павловтың шартты рефлекстерді ашуымен қозғалыстың рефлекторлық табиғаты жөніндегі пікірлер нығайды. Бұл жағдайда қозғалыс алынған мәліметтерге жауап реакциясы ретінде қарастырылды .

Қабылдау және жауап қозғалысының байланысын сенсомоторлы процес деп атай бастады. Психомоториканы зерттеу процесінде зерттеушілер жауап реакциясының үш тобын бөлді :

1.Қарапайым сенсомоторлы реакция

2.Күрделі сенсомоторлы реакция

3.Сенсомоторлы координация

  1. - Лекция. Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің ара қатынасы.

    1. Қарым-қатынас туралы ұғым.

    2. Қарым-қатынас көріну түрлері, типтері мен формалары.

    3. Қарым-қатынас құрылымы:әлеуметік перценпция;коммуникация;интеракция.

    4. Қарым-қатынас функциялары.

    5. Қарым-қатынас деңгейлері мен сапасы.

    6. Қарым-қатынас динамикасы.

    7. Қарым-қатынас механизмдері.

    8. Қарым-қатынас манерасы мен стилі.Көпшілдік, баланыстылық, коммуникабелділік.

    9. Психологиялық қарым-қатынас дағдылары мен техникасы.

    10. Әлеуметтік-психологиялық тренинг, қарым-қатынастың психотехникалық ойындары

Тұлға –қоғам мүшесі. Тұлғаның ішкі дүниесінің байлығы оның өзгелермен қарым-қатынасынан, өмірге деген көзқарасынан аңғарылады.

Жеке тұлға –адамның әлеуметтік табиғаты мен маңызына сипаттама, оның іс-әрекет, ойлау,қоғамдық қарым-қатынас және тұлғааралық қатынас субъектісі ретіндегі әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы.Тұлға қарым-қатынас процесі кезінде адамдардың бір-біріне әсірі тиіп,соның арқасында көзқарас ортақтығы, әлеуметтік ұстанымдары,қоғамға, еңбекке, басқа адамдарға,өзіне деген пікірі қалыптасады. Материалдық, саяси өмір жағдайы адамдарды үлкен, кіші әлеуметтік топтарға жіктеп, одан тұтастай қоғамдық өмір қалыптасады. Адамдардың қарым-қатынас аясы кеңейген сайын олардың қызығушылығы да арта түседі, қоғамдық өмірге араласы тереңдеп, рухани жан-дүниесі байи түседі. Тұлға қоғамдық қарым-қатынастың объектісі ғана емес, сонымен қатар субъект ісі, яғни белсенді индивид. Адамдармен қарым-қатынаста бола отырып,олар тарихты жасайды, бірақ ол өз еркімен емес, қажеттіліктен, объективті қоғамдық заңдылықтан туындайды. Дегенмен, тарихи қажеттілік тұлғаның даралығы мен оның қоғам алдындағы жауапкершілігін жоққа шығармайды.

Тұлға –саналы жаратылыс, ол өмірді өзі қалауынша таңдауына мүмкіндігі бар. Тұлға-қоғамды өзіндік орын бар, соған лайық қоғамдық рөл атқаратын саналы индивид. Рөл – тұлғаның әлеуметтік функциясы. .

2.Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз.Макроорта – бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам.Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек – бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi.

Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.

Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз.

Адамдар түрлі әлеуметтiк топтардың құрамына кіреді. Адам бір уақытта белгілі жұмыспен айналыса алады, спорт клубының мүшесі бола алады, қоғамдық қызметтер атқара алады, саяси өмірге араласа алады және сонымен қатар отбасындағы әке мен шеше міндеттерін де атқара алады. Адам өзі кіретін топтың әрқайсысында белгілі орын ала отырып сол топтың iшiнде әлеуметтiк әрекеттестiктi қалыптастырады.

Әлеуметтiк әрекеттестiк – бұл бiр-бiрiне уақыт аралата әсер етiп, әр серiктестiктiң әлеуметтiк әрекетi жүзеге асып отыруын және серiктестiктердiң бiр-бiрiнiң әрекеттерiне бейiмделуiне қол жеткiзу. Мұндай әрекетте екi адамның немесе бiрiккен әлеуметтiк топтың қарым-қатынасын айтамыз.

Қарым-қатынас туралы ұғым:

1-ден Бiрiгiп әрекет ету қажеттiлiгiнен туындайтын, құрамына ақпарат алмасумен өзара әрекеттесудiң бiртұтас стратегиясын жасау, өзге адамдарды қабылдау және түсiну адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуының күрделi көп мақсатты процесi.

2-ден Субъектiлердiң белгiлi құралдарымен жүзеге асыратын бiрiгiп әрекет ету қажеттiлiгiнен туындаған және серiктесiнiң жай-күйiн, мiнез-құлқымен тұлғалық маңыздылық құрылымын едәуiр өзгертуге бағытталған өзара әрекеттесу.

Кезінде бірінші болып қарым-қатынастың көпдеңгейлі, иерархиялық, көпөлшемді ұйымдасуын көрсеткен белгілі кеңес психологы Б.Г.Ананьев қарым-қатынастың макро-, мезо-, микродеңгейлерін бөледі: қарым-қатынасқа түсуші адамдар өмір сүретін қоғам, өздері мүшесі болып табылатын әр типті ұжымдар, өздері жиі байланысқа түсетін жақын қоршаған ортасы, сонымен қатар осы іс-әрекет субъектісі ретіндегі өзараәрекеттесуші адамдардың қарым-қатынаста қалыптасатын және жүзеге асатын индивидуалды сипаттамалары [5]Микродеңгей тұлғааралық қарым-қатынастың ең ұсақ бөлшектерінен тұрады. Макродеңгейге басқару мен сауда сияқты ірі құрылымдар кіреді. Кез-келген әлеуметтік жағдайларда адамдар барлық деңгейлерде өзара әрекеттеседі.

Әдетте тұлғааралық қарым-қатынастың екі формасын қарастырады: монологиялық, бұл кезде серіктестердің біреуіне ғана белсенді қатысушы рөлі беріледі, ал басқасына – пассивті орындаушы, және — диалогтық, қатысушылардың ынтымақтастығынан көрінеді. Екі адам қарым-қатынасы процесін білдіретін сөздер көп емес — әңгімелесу, сөйлесу, диадикалық қарым-қатынас (екеудің қарым-қатынасы). Бұл процеске қатысатын адамдарды сөйлеуші және тыңдаушы әңгімелесушілер немесе қарым-қатынас серіктестері деп атайды.

Қарым-қатынасқа байланысты келесi ұғымдар бар:

Тұлға диспозициясы – бұл әрекеттiң белгiлi бiр жағыдайлары және осы жағыдайлардағы белгiлi бiр мiнез-құлықты қабылдауға деген бейiмдiлiктiң жүйесi немесе кешенi.

Өмiр салты – бұл адамдардың тарихи нақты әлеуметтiк қатынастары типтiк болып табылатын өмiр сүру формасы.

Әлеуметтiк институт – бұл адамдардың бiрiгiп әрекет етун ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары.

Фактiлiк қатынас.

Коммуникативтiк құралдарды тек қатынас процесiн қолдау мақсатында ғана падаланылатын мазмұнсыз құбылыс.

Әлеуметтiк психологиялық бiлiктiлiк.Индевидтiң өзiн қоршаған адам мен тұлғаарлық қатынастар жүйесiнде тиiмдi әрекеттесе алу қабiлетi.Өркениет

Еңбек бөлiнiсiмен қоғамдық өмiрмен әлеуметтiк топта жiктелiнудiң пайда болумен өнеркәсiптi тұтынумен таратуды рационализациялау материалдық өндiрiске ғылымның өмiрiмiздiң барлық салаларына құқықтық нормалардың енумен адамдардың мiнез-құлқын және олардың өзара қатынастарын нормативтiк құндылықты реттеумен байланысты, әлеуметтiк және мәдени дамудың деңгейi.Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп жұмыс iстеймiз, қонаққа барамыз, бiр ортақ iстi орындаймыз. Кез-келген жағдайда бiз адамен қалсақ та қалмасақ та қарым-қатынасқа түсемiз яғни ата-аналарымызбен, құрдастарымызбен және т.б. Осылайша бiз бiреулердiң жақсы екенiне бейтарап қараймыз , ал бiреулерiн жек көрiп қараймыз. Егер өзiмiздi бақылап көрсек бiздер мынан байқауымызға болады. Өзге адамдармен қатынаса отырып бiз оларды қабылдаймыз және бағалаймыз, бiздiң әрқайсымыз өзiнiң ерекшелiгiн жеке қарым-қатынас тәжiрибесi арқылы қоршаған ортадағы, мектептегi, көшедегi тiкелей контакт арқылы қалыптасады. Ол:

Микроорта – микроортадағы қарым-қатынастың арқасында бiздiң әрқайсымыз анағұрлым кең әлемдi танып нымен қарым-қатынас жасайды басқаша айтқанда макроортаның әсерiн сезiнедi.

Макроорта - өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңдары, қоғамдық нормалары және басқа да осындай жетiстiктерi бар қоғам.

Бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтiп жатқан шағын топ.

Микро және макроорта тоғысатын орын, олар әрекеттесетiн шет болып табылады.Макроортаның өзiне тән көрiнiстерi.

Алдыңғы және қазiргi ұрпақ бiлiмi мен тәжiрибелерiн адам, дәл осы шағын топтарда отбасында, көшеде т.б. өзiнiң микроортасында меңгередi. Тұлға қоғаммен тiкелей емес өзiнiң арласатын ортасы ғана әрекеттседi.

-микроорта: отбасы, мектеп, көше, өндiрiс және т.б.

-шағын топ: тiкелей қарым-қатынас.

-макроорта: өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы.

3. Қарым-қатынас функциялары. Өзiнiң мiндетi бойынша қарым-қатынас көп функциялы. Қарым-қатынастың 5 негiзгi функциясын бөлiп көрсетуге болады.

1. Прогматикалық функция – адамдардың бiрiккен iс-әрекетi процесiнде өзара әрекеттесуде жүзеге асады.

2. Қарым-қатынастың қалыптастырушы функциясы - бұл адамдық тұлға ретiнде дамуы және қалыптасу процесiнде танылады. Шындығында үлкен мен қарым-қатынас жасамай болмайды.

3. Растау функциясы – бiз өзге адамдармен қарым-қатынас жасағанда ғана өзiмiздiң қандай екенiмiздi танып түсiнiп растай аламыз. Өз құндылығыңды мойындалатынына көз жеткiзу үшiн адам өзге адамдардың қолдауын iздегенде осы функция көрiнедi. Ульям Джеймс өзi адам үшiн қоғамда өзiмен өзi қалдырылып мүлде ескерусiз қалғанан артық жаза жоқ дейдi. Мұны психология тұрғысынан растамау деп атаймыз. Қарапайым сенiкi дұрыс емес немесе сен жамансың деген сөздермен бiлiнетiн және растаудың белгiлi бiр бөлiгi бар жоққа шығарумен салыстыруда яғни растамау деп аталады.

4. Тұлғааралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау функциялары. Кез-келген адамдардың қарым-қатынасы өзге адамдарды бағалаумен және белгiлi бiр жақсы немесе жаман эмоцияналды қатынастарды орнатумен, байланысты тiптi адамдардың өзiмен әртүрлi жағыдайда қатынс жасауға болады.

5. Тұлғаның iшiндегi қарым-қатынас формасы. – бұл маңыздылардың бiрi. Өз-өзiмен жүргiзiлген диалогтың негiзiнде бiз белгiлi бiр шешiмдер қабылдап маңызды әрекеттерге барамыз. Мұндай iшкi қарым-қатынасты адам ойлауының әртүрлi тәсiлi ретiнде қарастыруға болады.

Сонымен бірге, қарым-қатынас - XX жүз жылдықтың проблемасы. Өйткені, егер Көне Греция мен Көне Римде шешендік өнер риторика, эвристика және диалектика шеңберінде зерттелінсе, ал біздің уақытымызда тілдік қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынас, бірқатар басқа ғылымдар көзқарасы тұрғысынан зерттеледі: философия, әлеуметтану, социолингвистика, психолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика және педагогикалық психология, олардың әрқайсысы осы жалпы кешендік проблеманың қандай да бір қырын қарастырады

Қарым-қатынас мәнін анықтау үшін, соңғы он жылдарда дамытылған, оның функционалдық және деңгейлік ұйымдасуы жайлы ұсынулар маңызды болып шықты (Б.Д. Парыгин, Г.М. Андреева, А.А. Бодалев, А.А. Брудный, А.А. Леонтьев, Б.Ф. Ломов, Л.А. Карпенко, В.Н. Панферов, Е.Ф. Тарасов, Я. Яноушек және т.б.). мысалға, қарым-қатынасты «мазмұны бірлескен іс-әрекет үшін қолайлы түрлі қатынастар көмегімен ақпарат алмасу мен өзара түсіну болып келетін адамдардың өзара әрекеттесуі» ретінде анықтай отырып, В.Н. Панферов қарым-қатынастың төрт сәтін бөлген: байланыс, өзара әрекет, таным, өзара қатынас және осыған сәйкес қарым-қатынасты зерттеуде төрт келісті ұйғарады: коммуникативтік, ақпараттық, гностикалық (танымдық) және реттеуші. Б.Ф. Ломов қарым-қатынастың үш жағын (функцияларын) сипаттайды: ақпараттық-коммуникативтік, реттеуші-коммуникативтік және аффективтік-коммуникативтік және де өзіндік коммуникативтік компоненттің хабарды алу мен беру ретінде, мінез-құлықты реттеу мен қабылдаудың, бастан кешірулердің болуы ретінде, яғни аффективті компонент ретінде міндеттілігін атап көрсетеді.

Қарым-қатынас стратегиясы үшке бөлiнедi.:

1-шi – ашық-жабық қарым-қатынас. Ашық қарым-қатынаста әр адам өзiнiң көзқарасын жеткiзе бiлуi және басқалардың позициясын тыңдауға әрдайым дайындық. Ал жабық қарым-қатынас ақпаратқа деген өзiнiң көзқарасын қатынасын жеткiзе алмауы, қарым-қатынасқа түсуге талпынбауы.

2-шi – Монологты стратегия.

3-шi – Рольдiк тұлғаарлық стратегия (мұғалiм-оқушы, үлкен-кiшi).

Қарым-қатынастың түрлерi:

1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.

2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.

3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.

4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.

5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.

6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.

13 - ЛЕКЦИЯ. Темпераменттің түрлеріне сипаттама.

1. Темперамент туралы түсінік. 2. Темперамент туралы теорияларды талдау.

3. Темперамент типтерше сипатама

4. Темперамент типтерінің езгеруі жэне оларды тәрбиелеу.

Темперамент тұлғаның бойындағы мәндi қасиеттердiң бiрi болып табылады. Бұл мәселеге деген қызығушылық бұдан екi жарым мың жыл бұрын туындаған. Ол ағзаның биологиялық және физиологиялық құрылысы мен дамуына, сонымен қатар әлеуметтiк дамудың ерекшелiктерiне негiзделген жеке-дара айырмашылықтардың болуына байланысты туындаған. Тұлғаның биологиялық құрылысына ең алдымен темпераменттi жатқызамыз. Темперамент адамдар арасындағы көптеген психикалық ерекшелiктердiң болуын, оның iшiнде эмоция қарқындылығы мен тұрақтылығын, әрекет қарқыны мен күштiлiгiн, сонымен қатар басқа да динамикалық сипаттамаларды анықтайтын қасиет.

Қазiргi уақытта темпераменттi зерттеуге байланысты көптеген бағыттар бар. Бiрақ, зерттеу бағыттары әр түрлi болса да, көптеген зерттеушiлер темпераменттi биологиялық негiз деп атайды.

Б.М.Теплов темпераментке келесiдей анықтама бередi: ''Темперамент дегенiмiз бiр жағынан эмоционалды қозуға, яғни сезiмнiң туу шапшаңдығына, екiншi жағынан олардың күшiне байланысты болатын белгiлi бiр адамға тән психикалық ерекшелiктердiң жиынтығы'' (Теплов Б.М., 1985). Сонымен темпераменттiң екi компонентi бар-белсендiлiк және эмоционалдылық. Мiнез-құлық белсендiлiгi жiгерлiлiк, екпiндiлiк, шапшаңдық немесе, керiсiнше, баяулылық және инерттiлiкпен сипатталады. Ал, эмоционалдылық белгi (жағымды немесе жағымсыз) және модалдылықты (қуаныш, қайғы, қорқыныш, ашу және т.б.) анықтай келе, эмоционалды процестердiң жүруiн сипаттайды.

Ежелгi уақыттан бастап темпераменттiң негiзгi төрт түрiн бөлуге болады: холериктiк, сангвиникалық, меланхоликтiк және флегматикалық. Бұл темпераменттiң негiзгi төрт түрi ең алдымен өзара эмоционалды қалыптардың туу динамикасы мен қарқындылығына байланысты ерекшелiнедi. Сонымен, холерик типiне тез пайда болатын, күштi сезiм, сангвиник типiне тез пайда болатын, бiрақ әлсiз сезiм, меланхолик типiне ақырын пайда болатын, бiрақ күштi сезiм, флегматик типiне ақырын пайда болатын, әлсiз сезiмдер тән.

Бiрақта барлық адамдарды темпераменттiң негiзгi төрт түрi бойынша бөлемiз деп ойлау қате болды. Тек кейбiр адамдар ғана темперамент түрлерiнiң таза өкiлдерi бола алады; ал көптеген адамдарда бiр темперамент қырлары басқа темперамент қырларымен қоса жүретiнiн байқауымызға болады. Бiр адамның бойынан әр түрлi жағдайларда, iс-әрекеттiң әр түрлi аймағына деген қатынаста темпераменттiң әр түрiн байқауымызға болады.

Ерекше мән берiп айта кететiн жайт, темперамент адам қабiлетi мен дарындылығын анықтамайды. Барлық темперамент кезiнде де үлкен қабiлеттiлiктi кездестiруiмiзге болады.

Сонымен қоса, қай темперамент жақсы деп те сұрақ қоюға болмайды. Олардың әрқайсысының да жағымды және жағымсыз жағы бар. Тұлғаның құнды қасиеттерiне мысал келтiретiн болсақ, холерик белсендi және күштi, сангвиник ширақ, етi тiрi, меланхоликтiң сезiмдерi тұрақты, флегматик байсалды.

Темперамент- белгiлi бiр адамға тән, сыртқы әсерлерге жауап беру реакцияларының динамикасы,бiр қалыптылығында көрiнiс беретiн мiнез-құлықтың табиғи ерекшелiгi, адамның биологиялық жағын көрсететiн қасиеттердiң бiрi. Темперамент-жүйке жүйесiнiң табиғи типтiк қасиеттерiне тәуелдi, жеке адамға тән дара ерекшелiк деп бiлемiз.Темперамент адам мiнез-құлқын және психикалық процестердiң өзгеруiнiң динамикалық ерекшелiктерiн, олардың күшiн, жылдамдығын, пайда болуын, тоқтауы мен өзгеруiн түсiндiретiн қасиеттер жиынтығы.

Темперамент қасиетi жеке адам қасиеттерiне тек шартты түрде бағынады және ол биологиялық, әрi туа бiткен қасиет болғандықтан көбiнесе индивидтiк ерекшелiк болып табылады. Темперамент мiнез-құлық пен мiнездiң қалыптасуына үлкен әсер етедi, кейде адамның әрекеттерi мен жеке-даралығын анықтайды, сондықтан оны жеке адамнан бөлiп қарастыруға болмайды.

§ 1. Темперамент туралы теорияларға қысқаша шолу. Темперамент туралы iлiм өте ерте замандарда пайда болған. Темпераменттiң негiзiн салған ежелгi грек дәрiгерi Гіппократ (б.з.д.460-377ж) темпераментке алғаш түсiнiктеме берiп, оны негiзiнен жүйке жүйесiнiң қасиеттерiмен емес, ағзада әр түрлi сұйықтықтардың (қан, шырын, сары және қара өт) бiреуiнiң басым болуымен байланыстырған. Ағзадағы осы сұйықтықтардың бiрiнiң басымдығы адамның темпераментiн анықтайды: қан басым болса-сангвиник, шырын басым болса- флегматик, сары өт басым болса- холерик және қара өт басым болса- меланхолик айқындалады деген.

Немiс философы И. Кант темпераменттi екiге бөледi:

1) Сезiм темпераменттерi-сангвиник пен меланхолик жатса;

2) Iс-әрекет темпераменттерi – барлық темпераменттер жатады.

Темпераменттердiң осы бөлiнiстерiне қысқаша тоқтала кетейiк:

Сангвиник сезiм темпераментi- олардың сезiмдерi сырттай күштi көрiнгенiмен,терең және тұрақты емес.

Меланхолик сезiм темпераментi- сырттай күйзелiстерi онша күштi емес, бiрақ iштей терең, әрi ұзақ болып келедi.

Сангвиник iс-әрекет темпераментi – оптимист, сенiмi мол, қалжыңбас. Ол тез ашуланып тез қайтады, көп уәде бередi, бiрақ оларды кейде орындай алмайды. Сангвиник жаңа таныс емес адамдармен тез тiл табыса алады, жақсы пiкiр-таласқа түседi, ол үшiн барлық адамдар дос болып келедi. Оның негiзгi ерекшелiгi көмекке әр кезде дайын болатындығы мен ақ көңiлдiлiгi. Оны ақыл-ой және дене жұмыстары тез шаршатады.

Меланхолик iс-әрекет темперамент – себебi ол сангвиникке қарама-қарсы, көңiл-күйi төмен адам. Мұндай адамдардың iшкi өмiрi күрделi, олар өзiне қатысты барлық нәрселерге үлкен мән бередi, сезiмтал жанды, әрi уайымшыл болып келедi. Меланхолик ұстамды және уәде бергенде абай болады, орындай алмаса уәде бермейдi. Берген уәдесiн орындай алмағанда көп қиналады.

Холерик iс-әрекет темпераментi- себебi ашуланшақ адам. Мұндай адам өте қызба және ұстамсыз. Егер де онымен бәтуаға келер болса тез қайтып, жұмсарады. Оның қимылдары тез, бiрақ ұзақ емес.

Флегматик iс-әрекет темпераментi-себебi суық адам. Ол күрделi белсендi жұмыстан гөрi, қол бостылықты қалайды. Оны ашуландыру қиын, бiрақ ашуланса ұзаққа созылады.

И.Канттың топтастыруы бойынша темперамент тек адам мiнез-құлқы мен психикасының динамикалық ерекшелiктерiне ғана сүйенiп қоймай, мiнезге де байланысты болады. Себебi ересек адам психологиясында темперамент пен мiнез ажырағысыз. Сонымен қатар, темперамент қасиеттерi әлеуметтiк ортадағы адамдардың әрекеттерiмен тығыз байланысты. Темперамент түрлерiн жақсы немесе жаман деп бөлуге болмайды. Олардың әр қайсысының жақсы және жаман жақтары бар. Мысалы: сангвиниктер тез реакциялы, өмiрдiң өзгеруiне тез бейiмделедi, жұмыстың басталу кезеңiнде жоғары жұмыс қабiлеттiлiгi басым,бiрақ соңына қарай қызығушылығының тез өзгеруiнен, тез шаршайтындықтан жұмыс қабiлеттiлiгi төмендеп кетедi. Меланхоликтер керiсiнше, жұмысқа баяу кiрiсiп, ұзақ уақыт бойына жұмысқа деген төзiмдiлiгiн сақтайды. Олардың жұмыс қабiлеттiлiгi жұмыс басында емес, ортасы мен аяғында басым болады. Сангвиниктер мен меланхоликтер жұмыстарының сапасы бiрдей, айырмашылықтары әр кезеңдегi жұмыс динамикасында.

Холерик аз уақыттың iшiнде ойы мен iс-әрекетiн жинақтай алады, бiрақ ұзақ жұмыс барысында төзiмдi емес. Флегматиктер керiсiнше, тез жинақтала алмайды, бiрақ жұмыста ұзақ және мақсатына жеткенше белсендi бола алады.

Немiс психологы В.Вундт темпераменттi екi топқа бөлген:

  1. Эмоциясы күштi темпераменттер.

  2. Эмоциясы әлсiз темпераменттер.

Немiс анатомы Гейне темпераменттiң түрлiше болып келуi жүйке жүйесiнiң тонусына байланысты деген. Орыс педагогы Лесгафт темпераменттер қан тамырларының жуандығы мен кеңдiгiне байланысты дедi.

Римнiң атақты дәрiгерi К.Гален темпераменттiң физиологиялық ерекшелiктермен қоса, психологиялық, тiптен адамның адамгершiлiк қасиеттерiне қатысты сапалармен байланысты деп түсiндiрдi.

В.Д.Небылицин темпераменттiң үш негiзгi компоненттерiн бөлiп қарастырды. Олар:

  1. индивидтiң белсендiлiгi;

  2. оның моторикасы;

  3. эмоционалдылығы.

Бұл компоненттер құрылысы және психологиялық көрiну формалары жағынан әр түрлi. Бұл жерде үлкен орынды индивидтiң белсендiлiгi алады. Оған шаршау, инерттiлiк, енжарлық т.б. жатады. Ал, моторикаға қозғалыс тездiгi мен күштiлiгi, эмоционалдылық көңiл-күй, аффект,сезiм т.б.жатады.