- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» университеті «педагогика, психология және дефектология» кафедрасы
- •Қызылорда, 2015 ж
- •Дәріс сабактарының тақырыптары мен мазмұны
- •Практика /семинар сабақтарының мазмұны
- •Студенттің окытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •Студенттің өзіндік жұмысы
- •Аралық бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •3. Психология ғылым ретінде
- •4. Ғылымдар жүйесінде психологияның орны
- •2. Психология ғылымының негізгі даму кезеңдері
- •5. Психология салаларын топтастыру
- •6. Ғылыми психология принциптері
- •7. Психология: әдіснама, әдістер, әдістемелер
- •Әдебиеттер:
- •2. Аристотельдің рух туралы ілімі
- •3. Сократ пен Платонның рух туралы ілімінің моральдік –этикалық аспектері
- •4. Декарт дуализмі
- •5. Психофизиологиялық параллелизмнің идеалистік теориясы
- •6. Джон Локк ілімі
- •Әдебиеттер:
- •1. Психиканың рефлекторлық сипаты
- •2. XX ғасырдың 20-30 жылдардағы психологиядағы дағдарыс
- •3. Психология ғылымындағы жаңа бағыттар және қазіргі күйі
- •Әдебиеттер:
- •Ресейде психологиялық ой-пікірлердің дамуы
- •3. Ресейдегі психологиялық мектептер
- •Әдебиеттер:
- •1. Қазақ ағартушыларының психологиялық ой- пікірлері (ш.Уалиханов, ы. Алтынсарин, а. Құнанбаев, м. Жұмабаев, ж. Аймауытов)
- •Қазақстанда психология ғылымының дамуы
- •3. Қазақстанда қазіргі кездегі психологияның дамуы
- •Әдебиеттер:
- •- Лекция. Адам санасының пайда болуы мен алғы шарттары
- •Сана қалыптасу кезеңдері мен стадиялары
- •Сана, өзіндік сана
- •1. Объективті шындықты бейнелеу ретіндегі психиканың жалпы болмысы
- •2. Объективті әлемнің субъективті бейнесі ретіндегі психикалық бейнелеу туралы көзқарастар
- •3. Психика деңгейлері
- •4. Психика дамуының деңгейі мен функциялары
- •1. Тұлға теорияларының психодинамикалық бағыты (з.Фрейд, а. Адлер,к.Г. Юнг)
- •3. Тұлға теориясының диспозициялық бағыты (г. Олпорт, р.Кеттел, г. Айзенк)
- •Тұлға теорияларының гуманистік бағыты (а. Маслоу)
- •- Лекция.Кеңес психологиясындағы тұлға тұжырымдамалары
- •6. Қимыл-қозғалыс пен белсенділік физиологиясы.
- •- Лекция. Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің ара қатынасы.
- •§ 2. Темперамент қасиеттерi. Темпераменттiң мәндi қасиеттерiне жататындар:
- •Қолданылатын әдебиеттер тiзiмi.
- •§ 1. Мiнез типологиясы.
- •15 Лекция. Қабілет жөніндегі теориялар.
- •Қолданылған әдебиеттер:
Қолданылатын әдебиеттер тiзiмi.
1. Белоус В.В.Темперамент и деятельность. Пятигорск, 1990.
2. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва,1988.
3. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Москва,1989.
4. Мерлин В.С. Очерк интегрального исследования индивидуальности. Москва,1986.
5. Мерлин В.С. Очерк теории темперамента.Москва,1964.
14
- ЛЕКЦИЯ.
Мінездің
туа пайда болатын және жүре қалыптасатын
қасиеттерінің сипаттамасы.
1.
Мінез туралы түсінік.
2. Мінездің
құрылысы мен типтері.
3.
Мінез қасиеттерінің жиынтығы.
4.
Темперамент жэне мінез.
Мiнез – әрбiр адамның жеке басына тән өзiндiк психологиялық қасиеттер мен ерекшелiктер жиынтығы. Мiнездiң қасиеттерi мен ерекшелiктерi әркiмде әр қилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын бiлдiредi. Мiнез-бұл адамның әлеуметтiк мiнез-құлқының ерекшелiгi, ол әлеуметтiк топтағы адамдардың жүктелген iсiн орындауында, адам аралық қарым-қатынасында көрiнiп отырады. Мiнез ерекшелiктерi адамның даралық өзiндiк психологиялық қасиеттерi. Дегенмен адам бойындағы ерекшелiктердiң бәрi бiрдей. Мысалы, естудiң нәзiктiгi, көздiң көргiштiгi, есте сақтаудың шапшаңдығы, ақыл ойдың тереңдiгi мiнез ерекшелiктерiне жатпайды. Адам мiнезiнiң көрiнiстерi әрбiр жеке жағдайда оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады. Адамның iс-әрекетi сол iске деген қатынасымен қатар, ерiк-жiгерiне, көңiл-күйiне, зеректiгiне, ақыл ойына да байланысты болады. Соның нәтижесiнде адамның әр алуан психикалық процесстерi, оның iс-әрекет түрлерiне ықпал етiп, адамның ақыл ойын, көңiл-күйiн, эмоциясын, ерiк-жiгер қасиеттерiнiң ерекшелiктерiн айқын аңғартады. Мiнез өмiр бойы қалыптасуы мүмкiн. Мiнез қалыптасуы адам ойымен, сезiмдерiмен және ынталарына да байланысты болады. Сонымен адамның өмiр сүру ерекшелiгiмен қатар, оның мiнезi де қалыптасады. Осыған орай, өмiр бейнесi, қоғамдық талаптар және нақты өмiрлiк жағдайлар мiнез қалыптасуында мәндi рөлге ие.
Мiнездiң қалыптасуы даму деңгейлерiне және ерекшелiктерiне байланысты әр түрлi топтарда өтедi(отбасы, достық орта, класс, спорт командалары, еңбек ұжымы т.б.). Әр топтың құндылықты ерекшелiктерiне байланысты мiнез қырлары да дамиды. Мiнез қыры дегенiмiз адамның белгiлi бiр жағдайдағы мiнез-құлқын анықтайтын психикалық қасиет ретiнде түсiндiрiледi. Мiнез қырларының көптеген топтастырулары бар. Психологиялық әдебиеттерде көбiнесе екi бағыт кездеседi. Бiрiншiсi, мiнез қырларын психикалық процестермен байланыстырады және ерiктi, эмоционалды және интеллектуалды қырларды бөлiп қарастырған. Мiнездiң ерiктi қырларына жататындар: табандылық, батылдылық, қайсарлылық, өжеттiк, сабырлылық, байсалдылық, дербестiлiк, белсендiлiк, ұйымшылдық. Эмоционалды қырларына екпiндiлiк, әсерленгiштiк, қызбалық, инерттiлiк, байыпсыздық, қайырымдылық. Ал, интеллектуалды қырларға терең ойшылдық, тапқырлық, зеректiк, құмарлық, әуестiк жатады.
Екiншiсi, мiнез қырларын тұлға бағытына байланысты қарастырады. Тұлға бағдарының мазмұны адамдарға, iс-әрекетке, қоршаған әлемге және өзiне - өзi қатынасы кезiнде көрiнедi. Тұлғаның бағдары адамның өмiрлiк мақсатын, жоспарын, оның өмiрлiк белсендiлiгiнiң деңгейiн анықтайды.
Адамның тұлғалық қырларын шартты түрде мотивациялық және инструменталды деп екiге бөлемiз. Мотивациялық iс-әрекеттi оятады және бағыттайды, ал инструменталды бұларға белгiлi бiр стиль бередi. Тұлғаның мотивациялық қырлары сияқты, мiнез де әрекет мақсатын таңдау кезiнде көрiнедi. Бiрақ та мақсат анықталғаннан кейiн мiнез инструменталды рөл ретiнде, қойылған мақсатқа жету құралдарын анықтайды.
Мiнез тұлғаның негiзгi көрiнулерiнiң бiрi болып табылады.
Мiнездi зерттеуге теориялық және эксперименталды бағыттар.
Мiнездi зерттеу бұдан бiрнеше жылдар бойы басталған болатын. Мiнездi зерттеу дамуының ұзақ тарихы бар.
Адам мiнезiнiң даралық ерекшелiгi жайын ғылым тарихында тұңғыш рет сипатттап жазған ертедегi грек философы Теофраст. Бiрақ ол мiнездi адамның адамгершiлiк сапасына тән қасиет дейдi. Лабрю йер де «Теофраст мiнездерi» деген еңбегiнде мiнездi адамның әлеуметтiк адамгершiлiк ерекшелiктерi жағынан қарастырған. Бұл бiрақ, темпераментке керi анықтама. Өйткенi темперамент – адамда туа пайда болатын генотиптi ағза қасиетi. Осы көзқарасқа орай, мiнез адамның туа пайда болатын фенотиптiк ерекшелiгi.
ХІХ ғасырда француз ғалымы А.Бен мiнездi тек психологиялық ерекшелiк, дара адамның ақыл ойы мен сезiмiнiң және ерiк ерекшелiгiнiң қасиетi деп санады. Т.Рибо мiнездi сезiм мен ерiк ерекшелiгi десе, ал орыс дәрiгерi және педагогы П.Ф.Лесгафт ерiк қасиетi дедi. И.Кант мiнездi темпераментпен салыстыра отырып,оны адамның жүре пайда болатын қасиетi деп анықтады. Сондай-ақ ол адамның даралық қасиеттерiндегi туа пайда болатын ерекшелiктерi мен жүре пайда болатын ерекшелiктердi бөлiп көрсеттi. Ал Малапер Фуле т.б. мiнездiң туа пайда болуымен қатар, жүре пайда болатын ерекшелiктерi бар дедi.
Мiнез адамның басқа адамдармен жұмысына қатынасын бiлдiретiн жеке адамның тұрақты ерекшелiктерiнiң жиынтығы. Мiнез iс-әрекет пен қарым-қатынаста айқындалып, адам мiнез-құлқына тән көрiнiс бередi. Мiнез адамның өзi таңдаған iс-әрекетiнен байқалады. Кейбiр адамдар iс-әрекетiнiң аса күрделi қиын түрлерiмен айналасуды қалайды, олар үшiн кедергiлердi жеңу жолдарын iздеу, амалдарын табу қызықты болады. Ал, кейбiреулер iс-әрекеттiң ешбiр кедергiсiз оңай түрiн қалайды. Кейбiреулер үшiн жұмыс нәтижесiне қандай жол арқылы жеткенiнен басқа адамдарды басып озу басты мәселе болса, басқаларға әйтеуiр жұмысты бiтiрдiк деген ой өте маңызды. Адамдар мен қарым-қатынастағы мiнез-құлықтың (үлгiсi) манерасы адамдар әрекеттерiне жауап қайтаруларынан көрiнедi. Қарым-қатынас мәнерi сыпайы-анайы, биязы-дөрекi, әдептi-әдепсiз т.б. бола алады. Мiнездердiң темпераменттен бiр айырмашылығы,олар тек жүйке жүйесi қасиеттерiне ғана емес, адам мәдениетi мен тәрбиесiне де байланысты. Адам мiнезi-әр түрлi стимулдар мен түрлi оқиғаларға кездейсоқ жауап беру ерекшелiктерiмен айқындалмайды,ол оның негiзгi әрекеттерiн айқындаушы. Мiнездi адамның әрекетi әрдайым саналы, жауапты және ойланған түрде өтедi. Мiнездi адам сыртқы жағдайға қарамай дербес, өзiнiң ерiк-жiгерi мен белсендiлiгiн көрсетедi, өзiн-өзi ұстайды. Ал, мiнезсiз адам iс-әрекетпен қарым-қатынаста сыртқы жағдайларға бағынып, тәуелдiлiкте жүредi. Адамдардың мiнезi пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы бойынша темпераментпен байланысты, бiрақ мiнез тұрақты және өзгермелi болып келедi.
Жеке адам ерекшелiктерi. Жеке адам ерекшелiктерiн келесi кездерден көруге болады:
1. Мотивациялық-iс-әрекеттi бағыттайды, тудырады.
2. Инструменталды-iс-әрекетке белгiлi бiр стиль бередi.
Мiнез мұнда жеке адамдардың инструменталды қасиеттерiне жатады. Одан iс-әрекет мазмұны емес, оны орындау мәнерi айқындалады. Бiрақ, мiнез мақсатты таңдаудан да байқалады. Мақсат таңдалса, мiнез инструменталды, яғни мақсатқа жету құралы болып табылады.
Адам мiнезiне кiретiн жеке адам ерекшелiктерi:
1. Iс-әрекеттiң мақсатын таңдауда адамдардың әрекеттерiн айқындайтын жеке адам қасиеттерi.
2. Алға қойылған мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер.
3. Темпераментпен байланысты инструменталды бiтiстер.
Осы бiтiстердiң барлығы бiр адамның бойына жиналып адам белгiлi бiр типке жатқызылады.
