- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» университеті «педагогика, психология және дефектология» кафедрасы
- •Қызылорда, 2015 ж
- •Дәріс сабактарының тақырыптары мен мазмұны
- •Практика /семинар сабақтарының мазмұны
- •Студенттің окытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •Студенттің өзіндік жұмысы
- •Аралық бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •3. Психология ғылым ретінде
- •4. Ғылымдар жүйесінде психологияның орны
- •2. Психология ғылымының негізгі даму кезеңдері
- •5. Психология салаларын топтастыру
- •6. Ғылыми психология принциптері
- •7. Психология: әдіснама, әдістер, әдістемелер
- •Әдебиеттер:
- •2. Аристотельдің рух туралы ілімі
- •3. Сократ пен Платонның рух туралы ілімінің моральдік –этикалық аспектері
- •4. Декарт дуализмі
- •5. Психофизиологиялық параллелизмнің идеалистік теориясы
- •6. Джон Локк ілімі
- •Әдебиеттер:
- •1. Психиканың рефлекторлық сипаты
- •2. XX ғасырдың 20-30 жылдардағы психологиядағы дағдарыс
- •3. Психология ғылымындағы жаңа бағыттар және қазіргі күйі
- •Әдебиеттер:
- •Ресейде психологиялық ой-пікірлердің дамуы
- •3. Ресейдегі психологиялық мектептер
- •Әдебиеттер:
- •1. Қазақ ағартушыларының психологиялық ой- пікірлері (ш.Уалиханов, ы. Алтынсарин, а. Құнанбаев, м. Жұмабаев, ж. Аймауытов)
- •Қазақстанда психология ғылымының дамуы
- •3. Қазақстанда қазіргі кездегі психологияның дамуы
- •Әдебиеттер:
- •- Лекция. Адам санасының пайда болуы мен алғы шарттары
- •Сана қалыптасу кезеңдері мен стадиялары
- •Сана, өзіндік сана
- •1. Объективті шындықты бейнелеу ретіндегі психиканың жалпы болмысы
- •2. Объективті әлемнің субъективті бейнесі ретіндегі психикалық бейнелеу туралы көзқарастар
- •3. Психика деңгейлері
- •4. Психика дамуының деңгейі мен функциялары
- •1. Тұлға теорияларының психодинамикалық бағыты (з.Фрейд, а. Адлер,к.Г. Юнг)
- •3. Тұлға теориясының диспозициялық бағыты (г. Олпорт, р.Кеттел, г. Айзенк)
- •Тұлға теорияларының гуманистік бағыты (а. Маслоу)
- •- Лекция.Кеңес психологиясындағы тұлға тұжырымдамалары
- •6. Қимыл-қозғалыс пен белсенділік физиологиясы.
- •- Лекция. Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің ара қатынасы.
- •§ 2. Темперамент қасиеттерi. Темпераменттiң мәндi қасиеттерiне жататындар:
- •Қолданылатын әдебиеттер тiзiмi.
- •§ 1. Мiнез типологиясы.
- •15 Лекция. Қабілет жөніндегі теориялар.
- •Қолданылған әдебиеттер:
1. Тұлға теорияларының психодинамикалық бағыты (з.Фрейд, а. Адлер,к.Г. Юнг)
ХlV ғасырдың екінші жарысында психология философиядан бөлініп, ғылыми пән болып қалыптасқанда, лабараториялық жағдайда интроспекция әдісінен ересеке адамның психикалық өмірінің негізгі элементтерін ашу негізгі мақсаты болып табылады. Бұл бағыт құрылымдық мектеп деп атау алған, 1879 ж. Лейпцигте алғаш психологиялық лабаратория ашқан Вильгельм Вундт негізін салды. Вундтың психологияның негізгі міндеттеріне сана процестерін ажыратуды ұсынды және олардың арасындағы заңды байланысын меңгеру болды. Сондықтан адамдарды мнңгеруде З. Фрейд, сол кезде жеке вен дәрігері ұсынған теорияға абдырау жағдайда қарады. Адам психикалық өміріне орталығына сананы қоюдың орнына Фрейд айсбергпен салыстырды.Ол басқа теория ұсынды:адам- дар ұдайы(ұлғи) шиеленіс қалыпта болады, оның қайнары (шығар жері)
Психикалық өмірдің тең сферасында жатыр-яғни санадан тысқары иксуалды және агрессиеті ниеттерде (талаптарда).
Фрейд алғаш рет психикасы инстинк, ақыл және сана арасындағы тартысты сипаттады. З. Фрейд еңбегі хх ғ өркениеттенуде ықпалы өте күшті болды. Оның көзқарасы сол кездегі қоғамда соққы болды. Ол адами өмірінің аспект/н қарауы, жасырын жақтарын түсінуге жол ашты.
Ғылыми еңбек әрекетінің 45 жылын Фрейд: 1. Жеке адам кең теориясын ұсынды: 2. Терапиялық тәжірибеге және өзіндік анализг негіздеме клиникалық бақылаудың ауқымды жүйесін; 3. Невротикалық ауытқуларды емдеу әдістерін: 4. Басқа мүлдем мегеріле алмайтын психикалық процестерді зерттеу әдісін ұсынды.
З. Фрейд 1856 ж 6 майда кішкентай Австрия қаласы Фрайберг, Моравия (қазіргі чех терр) туылған. Ол өз отбасында 7 баланың ішіндегі ең үлкені болды, оның әкесінің, жүн сатушы алғашқы некесінен 2баласы болған Зигмунд туылған сәтте ол ата болды. Фрейд 4жас толғанда қаражат жағдайына байланысты (қиналды) Венге көшті Фрейд Венода өмір сүрді, 1908 ж, қайтыс болуына 1жыл қалғанда Англияға жер қудырылды.1-ші кеместон З. Фрейін төменше оқиды. Ол кмессик білім алды: грех, латын тілдерін меңгерді, ұлы кмессик поэтерді, драмматург, философтарды оқыды. Фрейд неміс тілін жақсы игерді. Ол сонымен бірге француз, ағылшын, испан және итальян тілін жүгірте сөйледі. Фрейд бала кезінде генерал немесе министр болуды қалаған. Бірақ ол еврей болғандықтан, оған кез келген кәсіби карьера жабық еді, тек медицина және кориспуденцияға жол болды. Фрейд медицинаны ерекше құштарлықсыз таңдады. 1873 ж. Вена медициналық университеттегі мед факультетіне тұсті.
Студент кезден бастап З. Фрейд өзінің мүмкіндіктерін көрсетте білді.
1881ж. Медициналық дәреже алғаннан кейін ми анатомиясы институтында қызмет етіп және ересек адам мен іштегі нәресте миының салыстырмалы зерттеулерін жүргізді.
Психоанализ терминінің үш мағынысы бар: 1. жеке адам және психопаталогия теориясы, 2. жеке а-қ бұзылудың терапиял әдісі және 3. индивидтің санадан тысқары ойлары мен сезімдерін меңгеру әдісі.
Сана деңгейі: типографиялық модель. Фрейд психоанализді дамыту кезеңінде жеке адамның типографиялық моделін қолданды.
Бұл модельде психологиялық өмірде үш деңгейді бөлуге болады: сана алды және санадан тысқары.Оларды З.Фрейд бірлікте қарастыра отырып, «психикалық картаны» ойлар мен қиялды сияқты психикалық құбылыстардың саналы түрде ұғыну дәрижесін көрсету үшін пайдаланады.
Сана деңгейі сол сәтте ұғынылатын сезімдер мен әсерленулерден тұрады.
Сана алды «ес түсінерлік»,сол сәтте ұғынылмайтын,барлық тәжірибені енгізеді бірақ санаға оңай қайта келді мүмкін немесе минималды күш жұмсау нәтижесінде.
Адам ақылының ең терең,маңызды аумағы-санадан тысқары.Санадан тысқары санаға қауіп төңдіретін ,қарапайым инстинкті ниеттерді плюс эмоция мен еске түсірулерді сақтау орнын білдіреді. Мысалы:санадан тысқарыда не табылуы мүмкін:бала көздегі соққы,ата-аналарға жасырын қастық сезімдер және басып тастаған сексуалды ниеттер (өзіңіз ұғынбайтын)
Жеке адам құрылымы (Құрылымдық моделдік сана деңгейімен байланысы)
20жылдардың басында З.Фрейд жеке адам анотомиясына 3 негізгі қүрылымды енгізді:ид,эго және супер эго.
«Ид», «Ид»-сөзі латыннан шыққан-Ол З.Фрейд бойынша жеке адамның тек ғана қарапайым, инстинтік және туа берілген аспектілерін білдіреді.Ид бүтіндей санадан тысқар да жұмыс істейді және инстиктік биологиялық талаптармен тығыз байланысты( тамақ,ұйқы,кемшілік),олар біздің жүріс-тұрысымызды энергиямен толықтырады. Фрейд бойынша ид- қараңғы, биологиялық былыққан, заңдылықтан білмейтін ережелерге бағынбайды. Ид индивид үшін барлық өмірі атымды орталық мазмұнға иелікті сақтайды.
Эго (лат. еgо- мен ) – бұл шешім қабылдауға жауапты психикалық аппарат компоненті. Эго сыртқы орта қоятын шектеулерге сай ид тілегін көрсетуге және қанағаттандыруға ұмтылады. Эго өз құрылымы мен функциясын идтан алады сонымен, эго организмнің қауіпсіздігін және өзін сақтауына қамтамасыз етуге көмек теседі.
Супер Эго. (лат super- жоғары? және еgо? - мен?.) Супер эго – жеке адам дамуының ең соңғы компаненті. Фрейд көзқарасы бойынша, адам организмі супер эго мен пуисимойды. Балалар оны ата – аналармен, мұғалімдермен және басқа да «қалыптасушы» пішіндермен өзара әрекеттесу арқылы ие болуы тиіс. Жеке адамның моральды- этикалық күшінде, суперэго басшылардан ата- аналарға тәуелділік салдары болып табылады. Формаларды түрде ол бала «дұрыс» және « дұрыс емес» ажыра бастағанда көріне бастайды.
Фрейд супер эгоны екі жүйеге бөлді ұят және эго – идеал. Ұят ата-ана жазалаумен қатар игеріледі. Мадақтау аспектісі бұл эго-идеал. Ол ата-ана құптағанда немесе жоғары бағалағанда қалыптасады.
Жүріс-тұрыс мәселесін қарастыра отырып З. Фрейд екі қажеттілікті бөлді, адам психикалық әрекетін айқындайтын: либидозды және агрессивті.
Инстинк соны шектеусіз бірақ Фрейд екі негізгі топты бөлді: өмір және өлі инстикті. 1-топ-(Эрос)-өмірге қажетті процестерді қолдау мақсатында және түрлердің көбеюіне мүмкіндік береді. Сексуалды инстинкт энергиясы либидо (от лат Хотеть немесе жалеть) немесе либидо энергиясы –бүтіндей өмірін инстинк энергиясы мағынасында қолданылатын термин.
2-топ-Өлім (ажал) инстинкті, Танатос- қаталдық, агрессия, өзін -өзі өлтіру және өсірудің барлық көріністерінде негіз жатыр.(«өмір мақсаты»өлім болып табылады).
Қобалжу табиғаты. Либидо энергиясының адекватты емес разрядкілеу ізі болып табылады.
Альфред Адлер. 1870 ж. 7 февральда Венияда туылған, 6баланың 3-сі. Фрейд сияқты еврей – саудагер ұлы болды, қоғамның орта кластағы қоғамға жатты.
Адлер өз балалық шағын қиын және бақытсыз кезең деп суреттеді.
Адлер ақыр соңында өз ұстазына қарсы шыққан және өз менцепциясын құра бастаған З. Фрейд шәкірті. Бірақ оның өмірі мен шығармашылығымен мұқият танысатын болсақ, ол шын мәнінде З. Фрейд колеггасы, оны «неофрейдист » ретінде қабылдауға болмайды. Оның ертеректегі жұмыстарында Фрейдпен бірлесе жұмыс істеу кезеңін сынау сипатты. Адлер Фрейд жетекшілігімен оқыған емес және психоанализге өзі тартылған жоқ өкінішке орай. Адлер және Фрейд 1911ж қарым – қатынастарын ажырағаннан кейін татуласқан емес З. Фрейд өз өмірінде Адлерге қастық бағытта қалды.Адлер психологиясының негізінде адам бүтін және өзіндік келісуші организм болып табылады. Адлер өз теориясына « индивидуалды психология » деген атау берді, латын тілінде «inolivicluum» - « бөлінбейтін» мағынасын білдіреді – яғни бөлуге болмайтын мәнді білдіреді Адлердің пікірінде индивидуамда реакцияға ең басты талап әрбір индивидумда бірлікті дәлелдеу: оның ойлауы, сезімдері, әрекеті, саналы және санадан тысқары жеке адамның өзіндік келісуі мен тұтастық құрылымында. Адлер өмір стилі ретінде анықтады. Бұл концепцияда, адамды бірліктегі бүтіндік ретінде қарастыруға тырысты. Фрейдтің биологизаторлық теориясы қарсы шықты.
Карл Густаев ЮНГ: Жеке адамның аналитикалық теориясы. Фрейд еңбегі дисуссиясы сипатты болғанмен бірнеше алдыңғы қатарлы ғалымдар Венада онымен бірлесе жұмыс жасауға талаптанды.Олардың көбі уақыт өте келе психоанализден алыстап, жеке адамды түсіну үшін жаңа тұрғыда қарастыру мәселесін іздестіру. Фрейд сияқты, К. Юнг адамзат жүрі тұрыс және тәжірибесіндегі динамикалық аснадан тысқары бейімділіктен меңгеруге ұмтылады. Бірақ Фрейдтен ерекшелігі жабырқаулы, сексуалды және агрессивті қозулардан гөрі, санадан тысқарылық мазмұнын басқалай түсіндірді. Юнг теориясы бойынша, яғни аналитикалық психология, индивидумдар интропсихикалық күштер және бейнелермен мотивтелген, олардың шығуы эволюция тарихына К. Густав Юнг Швейцарияның Кессвиие қаласында 1875 ж дүниеге келген. Шіркеу қызметкерлерін жалғыз ұлы болған. Бала кезінде интроверттенген, бірақ өте жақсы оқыған. Ол оқуға қызыққан, әсіресе философиялық және діні әдебиеттерді.
К. Юнг Фрейдтін алғашқы шәкірттерінің бірі болды. Олардың қарама- қарсы пікірлерінің ең басты себебі Фрейдтің пансексуализм идиясы болды. Бірақ Фрейдке қарсы материалистік емес, идеалистік бағытта шықты.
Юнг бойынша адам психикасы З. Фрейд деңгейді енгізеді сана жеке санадан тысқарылық және ұжымдық санадан тысқарылық жек адам құрылымында анықтаушы рольді ұжымдық санадан тысқарылық ойнайды ұжымдық санадан тысқарылық жалпылай сипатқа ие. Ол жеке адамға әсер етеді және туылғаннан бастап оның жүріс- тұрысын алдын-ала анықтайды.
Ұжымдық санадан тысқарылықтан басқа Юнг пікірі бойынша жеке санадан тысқарылық бар, бірақ ол санадан бөлінбеген жекелік санадан тысқарылық бұрын ұғылған кейінен ұмытылған немесе санадан шығарылған қобалжулардан тұрады. Олар белгілі бір жағдайда ұғынылған бола бастайды.
Юнг сонымен бірге, «Мен» түсінігіне енгізді. Бұл түсінікте адамның бүтіндік пен бірлікке ұмтылуы жатыр. Олар арқылы саналық және санадан тысқарылық арасында тепе-теңдік болады. «Мен» түсінігінше көрінуі мүмкін. Осы көрінулерге байланысты адамдарды белгілі бір типтеуге бөлуге болады.
Жеке адамның типтерге хмессификациялау негізіне адамның өзіне немесе объектіге бағыттылығын енгізді. Осыған сай адамдарда экстраверт және интраверт деп бөлуге болады.
Осы негізгі екі типтен басқа қосымша типтерді ажыратты- интуитивті, ойшыл, эмоционалды. Юнг бойынша жеке адам типті бұл қоғамдық өмір жағдайымен байланыспайтын туа берілетін типтер.
Альфред Адлер және Карл Густав Юнг екеуі де алғашқыда психоаналитикалық қозғалыс қатысушылары және Фрейд жүйесін қызу қолдаушылар болды. Бірақ уақыт өте келе З. Фрейдке келіспейтіндігін мәлімдеді. Ұстазы адам өмірінің түйімі деп санаған. Басқа да теоретиктер Фрейдпен келіспеушілік бағыттары болды. Бірақ Адлер мен Юнгтен басқасы өз беттерінше теория құрылды.
Көптеген зерттеушілер Фрейдтен кейін психоанализді қайта қарауға тырысты. Эго-процесс мағынасын көрсету және олардың дамуын қадағалау үшін. Эго психологтардың ішіндегі белгілісі. Эрик Эриксон.
Э. Эриксон ұшін эго және индивидумның даму проблемасымен байланысты оның адаптивті қабілеттері үлкен мазмұнға ие болды. Бірақ мұнан ол өз теориясында биологиялық және әлеументтік факторлардын елемеді. Эриксон кез келген психологиялық феномен,биологиялық, жүріс-тұрыстық, эмпирикалық және әлеуметтік факторлар өзара әрекеттестіктің келісілген контексінде түсінілуі мүмкін.
2. ЭГО-психология және онымен байланысты тұлға теориялары. Эрик Эриксон: Жеке адам. Эго теориясы.
Эрик Эриксон 1902 ж. Германиядан дүниеге келген. Эриксон мектеп бітіргеннен кейін формалды жоғары оқу орнын бітірген жоқ. Ол Германияда гуманитарлық гимназияда жұмыс жасады. Эриксон классикалық психоанализден 4 маңызды пункт бойынша Эриксонның теориялық шешімді түрде алыстады. Эго дамуына қатысты.
1. Ид-Эго қозғалыс анық көрсетілген. Эриксон позициясы бойынша Эго адам жүріс-тұрыс және функциясының негізін құрады. Ол Эгоны жеке адамның автономиялық құрылымы ретінде қарастырды.Дамудың негізгі бағыты әлеуметтік адаптация болып табылады, ид және инстинкт дамуы параллельді жүреді.Адам табиғатына осындай көзқарас эго-психология деп аталған,ертеректегі психодинамикалық ойлаудан ерекшеленеді.Эго психология адамдарды ұғынылған шешімдерді қабылдауды және өмірлік проблемаларды саналы шешуде суреттеді.З.Фрейд: эго инстингтік қозулар және моральды шектеулер арасындағы конфликті шешуге тырысып,күреседі десе,Эриксон-эго бұл қабылдау,ойлау,зейін және автономды жүйе ес көмегімен реалды ықпал жасайды.
2.Эриксон ата-аналармен және мәдени колтекспен индивид өзара қарым-қатынасқа жаңа көзқарасты дамытты.Егер З.Фрейд ата-аналардың бала тұлғасының қалыптасуына әсері қызықтырса,Эриксон балада эго қалыптасатын тарихи жағдай ескеріледі.
3.Эго дамуы теориясы индивидумның барлық өмірлік кеңістігін қамтиды.
4.З.Фрейдте және Эриксонда психосексуалды конфликт шешу және табиғатына көзқарастары түрліше.З.Фрейд мақсаты санадан тысқары психикалық өмірдің жеке адамға әсерінің мәнін және ерекшеліктерін ашу.Және ертеректегі соққы ересек кезде психопатологияға әкелуі мүмкіндігін түсіндіру Эриксон керісінше,психоәлеуметтік сипатта өмірлік қиындықтарды адамның жеңе алу қабілетіне назар аударуды міндет етіп қалды.Оның теориясы эго сапасын негізге қояды,яғни дамудың түрі кезеңдерін ашатын құндылығы.
Эрих Фромм: жеке адам гуманитарлық теориясы. Эрих Фромм 1900 жылы Германияның Франкфурте қаласында дүниеге келген.Еврей ата-анасының жалғыз баласы болды. Европада 1 дүние жүзілік соғыс басталғанда Фромм 14 жаста болған.
Фрейд, Юнг және Адлерден ерекшелігі Фромда медициналық білім болмаған.
Ол психология ,социология және философия ны меңгерді,1922 жылы Гейдельберг университетінде доктор дәрижесін алды.
Өзінің психоаналитикалық білімін Берлиндегі психоаналитикалық институтта жалғастырды.
Фромм психоаналитикалық теория оризонтын кеңейтуге тырысты, ол әлеуметтік,саяси,экономикалық,діни және антропологиялық факторларды жеке адам қалыптасуында ескеріп отырды.Оның жеке адам интерпретациялауы адамның бар болу өмір сүру жағдайын анализдеуі және олардың өзгеруінен басталады(орта ғасырдың аяғынан бастап) Фромм өзінің тарихи анализін аяқтай,адамның өмір сүруінде ажыратылмайтын ерекшелігі жалғыздық,бөлектеу және жатырқаушылық болып табылады.
Карен Хорни: Жеке адамның әлеуметтік - мәдени теориясы. Карен Хорни 1885 жылы Германияда туылған.Оның әкесі теңіз капитаны болған.Оның анасы өз күйеуінен 18 жас кіші болған.Өзінің балалық шағын көбінде өз сыртқы келбетінің тартымсыздығынан өз мүмкіндіктерін күмәндану сезімі билейді.Кейіннен ол «мен сұлу бола алмағандықтан,ақылды болуды шештім» деп мойындады. 14 жас. Хорни дәрігер болуға шешім қабылдады. Мақсатына 1906 ж. Фрайбург университетіне түсу арқылы жетті. Ол жерде Оскар Хормді кездестірді, политолг студент,1910 ж. Оған тұрмысқа шықты. 1915 ж. Берлин университетінде медициналық дәреже алды.
Хорни Америкада психоанализ институтының негізін салды. ОЛ 1952 жылға дейін рак ауыруынан қайтыс болғанша осы институтта декан болды.
Социа – мәдени теория: негізгі концепциялар және принциптер. Жеке адамға социомәдени көзқарастын қалыптасуына себеп хорнидың негізгі үш көзқарасы болды. 1-ден Фрейдтің әйелдерге қатысты пікірлерін теріске шығарды және әсіресе олардың биологиялық табиғаты пениске тәуелсіздікті анықтайды деген дәлелдеулеріне.
2-ден Чикаго және Нью-Иоркке келу кезінде Эрих Фромм, Маргарет Мид және Гарри Стэк Салшвен сияқты ұлы ғылымдармен пікір алмастыру арқылы,оның социомәдени жағдай индивидумның дамуына және функциялануына терең әсер ететіндігін дәлелдейтін сенімдері нығайды.
3-ден Европада және АҚШ-та жүргізген клиникалық бақылау,олардың жеке адамдық динамикасында таңқаларлық айырмашылықтың бар екендігін көрсетті.Бұл мәдени факторлардың әсерін дәлелдеу болып табылады.Бұл бақылаулар жеке адам функционалдану бұзылуы негізінде жеке адам арасындағы қатынас жатқандағы жөнінде шешімге алып келді. Хорни Фрейдтің ересек тұлғаның қалыптасу құрылымы мен функционалданушы үшін бала кездегі қобалжулардың маңыздылығы жөніндегі пікірімен келісті. Бұған қарамай екі ғалым да жеке адамның қалыптасу ерекшеліктерін түсіндіруде екі бағытта болды. Хорни Фрейдтің универсалды психосексуалды стадияның бар болуы жөніндегі пікірлерін қабылдамады, яғни баланың сексуалды анатомиясы жеке адам дамуының ары қарай нақты бағыттылығын көрсетеді, оның көзқарасы бойынша жеке адамның дамуында шешуші фактор бала мен ата-ана арасындағы әлеументтік қатынас болып табылады.
Хорни бойынша балалық шақ үшін екі қажеттілік сипатты: қанағаттануға қажеттілік және қауіпсіздену қажеттілігі.
