- •1.Қазақстан аумағындағы тас дәуірі
- •2. 18 Ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
- •3.C.Датұлы бастаған көтеріліс.
- •Билет№2
- •1.Темір дәуіріне сипаттама
- •3.Қазақ жеріне жоңғар шапқыншылықтары
- •1.Темір дәуіріндегі тайпалар(ғұндар,сақтар,үйсіндер)
- •2.Батыс Түрік қағанаты.
- •3.Қазақ хандарының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестері.
- •2.Түргеш қағанаты
- •3.Кіші жүздің Ресейге қосылуы
- •3.Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы.
- •2.Қарахан мемлекетімен Қарақытайлар мемлекеті
- •3.Бөкей хандығының құрылуы
- •1.Грек тарихшыларының деректері
- •2. Қазақстандағы 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтеріліс
- •3.Шынгыс ханнын Орта Азия елдерін жаулап алуы және Ұлыстар тарихы
- •1.Қаңлылар(3 билет,1 сұрақ)
- •2.Алтын Орда
- •3.Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
- •1.Сарматтар
- •2.Моғолстан мен Темір мемлекеті
- •3.Қазақтардын 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.
- •1.Үйсіндер(3 билет,1сұрақ)
- •2.Қазақ хандығы.
- •1.Андрон мәдениеті
- •3.Қазақ хандары тарихынан.
- •1.Ежелгі адамдар тарихы
- •2.Жәңгір ханның ел басқарудағы ерліктері
- •3.19 Ғасырдың 80-90 жылдарындағы әкімшілік реформалар
- •1.Қазақ халқының қалыптасуы туралы аңыздар
- •2.Әбілхайыр хандығы
- •3.Қазақ жеріндегі сауда мен жәрмеңкелер
- •1.Қазақстанда табылған Алтын адамдар тарихы.
- •2.Найман,Керей,Жалайырлар
- •3.Қазақстанның Ресеймен және Қытаймен сауда байланыстарының дамуы
- •2.Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
- •1.Ғұн мемлекетінің пайда болуы
- •1.Халықтардың Ұлы қоныс аударуы және Аттиланың батысқа жорығы.
- •2.Ұлы Жібек жолының тарихы және Қазақстандағы сілемдері
- •3.Перовский,Циммерман,Куропаткин,Черняев әскерлерінің жорығы
- •1.Тас дәуірінің Қазақстандағы тұрақтары
- •2.Қыпшақ хандығы
- •3.К.Қасымұлы баастаған көтеріліс
- •1.Шілікті ескерткіштері
- •2.Ислам дінінің таралуы
- •3.1867-1868 Жылдардағы реформаның барысы
- •1.Палеолит заманының тарихына сипаттама
- •2.Ортағасырлық сәулет ескерткіштері
- •3.Қазақ жеріндегі жәрмеңкелер
- •1.Орта тас ғғасырына сипаттама
- •1.Аталық рудың қалыптасуы.
- •2.1836-1838 Жылдары Бөкей ордасында болған шаруалар көтерілісі
- •2.Қ.А.Яссауидің тарихы
- •3.Хіх ғасырда қазақ халқының мәдениеті мен өнері
- •1.Палеолиттің ескерткіштері
- •3.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерліс
- •1.Томирис пен Заринаның ерліктері
- •2.Ноғай Ордасы
- •3.Қазақстан-Қытай сауда байланыстары
- •1.Савромат тайпаларының қорымдарына сипаттама
- •1.А.Макеодонскийдің сақ жеріне жорығы
- •2.Түркі халықтарының наным-сенімдері
- •1.Ежелгі замандарда діни қөзқарыстарының дамуы
- •1.Шығыс Қазақстанда Темір дәуірі
2.Моғолстан мен Темір мемлекеті
Моғолстан — 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды.
Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады.14—15 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы.Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Осыдан кейін Мәуереннахр тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты.Ал Осы кезде Ақсақ Темір өзінің шағын әскерімен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрді. Тоғылық әскерлері Кешті алады. Темір Тоғылық Темірге қызметке кіреді.1361 ж. Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық темір баласы Ілияс қожаны оған билеуші етіп қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады.1362 ж. Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс қожаға көшкенде Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайн тағайындалды. Ақсақ Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуереннахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Ақсақ Темір мен Хұсайн Моғолстан әскерлерін талқандады.Енді Хұсайн мен Ақсақ Темір арасында билік үшін күрес басталды. Осындай шайқастардың бірінде Темір Балқы қаласында Хұсайнды өлтіріп, Мәуереннахрға ие болды.
3.Қазақтардын 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.
Соның ішінде қазақтар орыс емес ұлттардан құралған әскери құрамаларға енгізіліп, башқұрт, қалмақ және басқа халықтар өкілдерімен бірге Наполеонға қарсы соғысқа қатысқан еді. Қазақтар сан жағынан Орынбор полктерінде, әсіресе, Орал казактарының әскери топтарында көп болды. Өскемен, Оба және Крутоберезовболыстарында бірнеше әскери бөлімдер ұйымдастырылды. Қазақ жігіттері орыс әскерлері сапында соғыстың әуелгі кезінен бастап шет ел жорықтарына дейін қатысты. Соғыс қарсаңында олар Ертіс әскери шебінде, Бұқтырмадан Омбы бекіністеріне дейін орналасты. Ертіс шебінің полктері 1812 жылғы қыркүйек айында Бородино түбіндегі қанды шайқасқа қатысты. Бұл орыс әскерлерінің орталық шебіне француздар тарапынан төнген қауіпті жойды. Бородино шайқасында көрсеткен ерлігі үшін қазақ жауынгері Майлыбаев күміс медальмен, 1-тептяр полкінің старшыны Қарынбай Зиндәуітов (Шындәулетов) көгілдір ленталы медальмен марапатталған. 1812 жылғы соғыстың басты оқиғаларында белсене қатысқан қазақтардың арасында шоқынған қазақ Яков Беляков та болды. Орынбор қазақ полкінің жасауылы Яков Беляков одан бұрындары түріктерге қарсы соғысқа да қатысқан болатын. Ол ерлігі үшін орыс қолбасшысы М.И. Кутузовтың қолынан награда да алды. 1812 жылғы 27 шілде күніМалаево Болото және Левия деревнялары түбінде болған ұрыстарда қатардағы жауынгер қазақтар Мұрат Құлшоранов, Еріш Азаматов айрықша көзге түсті, оларға хорунжий атағы берілді. Рамоново деген жерде болған шайқаста атты әскер жауынгер Боранбай Шуашбаев, жасауыл Ықсан Әубәкіров ерлікпен шайқасты. Вязьматүбінде болған ұрыста ерлік көрсеткен 1-тептяр полкінің жасауылы Сағит Хамитұлы 3-дәрежелі Қасиетті Анна орденімен марапатталды. Неміс ақпарат құралдары одақтастар мен Наполеон әскерлерінің арасында 1813 жылы күзде болған Лейпциг шайқасында аталған қаланың Гримма қақпасы мен Пробстхайд дер. аралығында 1812 жылы Наполеонның армиясы Ресей аумағына басып кірді. Орыс халқының, Ресейдің құрамындағы басқа да халықтардың француз басқыншыларына қарсы Отан соғысы басталды. Патша үкіметі империя халқына үндеу таратып, Ресейді қорғап алуға шақырды. Ол үндеудің мазмұны Орынбор өлкесінің губернаторы Г.С. Волконский арқылы сол жылдың күзінде қазақ ауылдарына да жетті. Манифест татар тіліне аударылып, мұсылман халықтарына, соның ішінде қазақ халқына да таратылды.Ресей мемлекетін қорғау үшін Орынбор өлкесі соғысқа 31 атты әскер полкін аттандырды. Олардағы солдаттар әр түрлі халықтардың өкілдері: Орынбор казактарының 5 полкі, Жайық казактарының 5 полкі, башқүрттардың 19 полкі, тептярлардың 2 полкі еді. Қазақтардың дербес әскери қүрамасы жасақталған жоқ. Бірақ қазақтар бүл соғысқа башқүрт және тептяр полктерінің қүрамында қатысты. Шоқынған қазақтардың едәуір бөлігі Орынбор полктерінің қүрамында болды. Генерал М.И. Платовтың казак корпусының I Тептяр полкінің күрамында қазақтар француз басқыншыларына қарсы атақты Бородино шайқасы кезінде ерекше ерлікпен соғысты. Осы шайқастағы ерлігі үшін қазақ жауынгері Майлыбайұлы күміс медальмен мараматталды. Ал старшина Қарынбай Зындағұлұлы көгілдір лентаға тағылып медаль алды. Ер жүрек жауынгерлер Мұрат Құліиаранулы мен Еркін Азаматұлына "хорунжий" шені берілді. Француз басқыншыларына қарсы шайқастарда қатардағы жауынгер Боранбай Шашубайұлы мен жасауыл Ықсан Әубәкірулы да ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Вьязма түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі үшін I Тептяр полкінің жасауылы Сағит Хамитұлы үшінші дәрежелі Қасиетті Анна орденімен марапатталды. Башқүрт қүрамаларының қатарында соғысқан Нарынбай Жанжігітүлы Георгий орденіне ие болды. Осы құраманың полктерінде басқа да қазақтар соғысты. З-Орынбор полкінде қызмет еткен Яков Беляков орыстың атақты әскери қолбасшысы, генерал-фельдмаршал М.И. Кутузовтың өз қолынан награда алған болатын. 1812 жылғы Отан соғысы кезінде қазақтардың Ресейге көрсеткен көмегі Отан соғысы бастала салысымен қазақ-орыс сауда қатынасы күшейе түсті. Өйткені майданға мал, азық-түлік және киім-кешек көп керек болды. Ішкі Орданың, Кіші жүз бен Орта жүздің қазақтары орыс армиясына, Отан соғысы кезінде майдан қажетіне киіз үйлер мен жылы киімдер, қыруар көп жылқы берді. Мәселен,Ішкі Орданың қазақтары 1804 жылдан 1815 жылға дейін 47,2 мыңжылқы жөнелтті. Шығыс Қазақстандағы Риддер, Зырян кеніштеріндежүмыс істейтін қазақтар Ресейді басқыншылардан қорғау үшін 22 мың сом ақша жинады. Елтондағы тұз кеніштеріндегі қазақтар армияның мұқтажын өтеу үшін миллион пұт түз жіберді. Қазақтар майданға қажетті жұкті тегін тасыды, т.б. көмектері аз болған жоқ.
Билет№10
