Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеттері каз тарих.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
293 Кб
Скачать
☆

1.Шілікті ескерткіштері

Шілікті патша қорғандары - Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында, әсіресе, Тарбағатай мен Маңырақ тауларының арасында, Зайсан ауданының жерінде алып патша корғандары кездеседі. Оның ең көп шоғырланған жерін Шілікті ескерткіштері деп атайды. Шілікті қорымында барлығы 51 оба бар, оның бәрі де алып немесе орташа қорғандар. Алып қорғандардың диаметрі 100 метр, биіктігі 8 - 10 метр. Мұндай обаның саны - 13. Орташа обалардың шеңберінің диаметрі 20 метрден 60 метрге жетеді, биіктігі 2 - 5 м. Қорған ертеректе қатты тоналған. Бірақ кейбіреулерінде зергер бұйымдар сақталған. Соның бірі 1960 жылы қазылған "Алтын қорған" деген оба. Обаны үйерден бұрын қабір шұңқыры қазылған. Оның орта шенінен шығыстан батысқа қарай бағытталған дөліз (дромос) жасаған, оның ені 2 метр, ұзындығы 12 метр. Қабір шұңқырының ішінен қабырғалары 5м жуық балқарағай бөренелерінен қабір үйін салған, биіктігі 1 м. Айналасына - тас толтырылған. Дәліздің қабырғасын таспен қалап, төбесін бөренемен жапкан. Бөренеден салынған қабір үйіне еркек пен әйел жерленген. Моланың жердің бетіндегі бөлігі таспен үйілген. Сонымен қатар обадан 13 кола жебе, жебе салатын корамсақтың қалдығы табылды. Жебелер екі кырлы, ұңғылы. Қорамсақтың сыртына алтыннан жасалған бүғы мүсінді бірнеше әшекей қапсырма жапсырылған. Қабірден 9 бүркіт, 29 қабылан, қабан, балық, т.б. бейнелер қазылды. Алтын бедерлі мүсіндер ғажайып шеберлікпен көркем жасалған. Бүл обалардың салынған уақыты б.з.б. 7-6 ғасыларға жатады.

2.Ислам дінінің таралуы

   Қазақстанның оңтүстігіндегі және Жетісуда жүргізілген зерттеу жұмыстары қала тұрғындарының арасында әр түрлі діни наным-cенімдердің болғандығын білдіреді. Сырдария аймағында қойға табыну салты өріс алған. Ортағасырлық қалаларда отқа табыну әдеті кең таралған. Құйрықтөбе мен Отырардағы үйлердің ошақтары ерекше безендірілген. Жетісу аймағында ертедегі діни сенім дәстүрлері кең тараған. Тәңірге жалбарынудың белгісі, христиандықтың белгілері табылған.

Ислам діні Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жаулап алуынан бастап ене бастады. Әл-Макдиси өз деректерінде, 10 ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағанын жазған. Құйрықтөбе қала жұртындағы зираттарды зерттегенде адамдардың мұсылманша жерленгендігі анықталды. Адамның басы құбылаға қаратылып, жанына ешбір зат қоймай жерленген. 12 ғасырдың екінші жартысында қыпшақ ақсүйектерінің Хорезммен жақындасуына байланысты қыпшақтар арасына ислам діні кең түрде ене бастады. Қыпшақтардың орталығы Сығанақ қаласында мешіт, медреселер салынды. Ислам дінінің нығаюы қазақ жерінде ғылым мен білім салаларының дамуына да ықпал етті.

3.1867-1868 Жылдардағы реформаның барысы

1822 және 1824 жылдары жүргізілген реформалар XIX ғасырдың 60-жылдарына қарай бірте-бірте жарамсыз болып қала бастады. Сондықтан да жаңа реформалар жүргізудің қажеттігі туындады. Өйткені біріншіден, қазақ даласында сұлтандардың билігі әлі де бұрынғысынша сақталып қала берген еді. Олардың билігі патша үкіметінің Қазақстан аймағын неғұрлым тезірек отарлауына кедергі келтірумен болды. Екіншіден, кезінде тиісті жарғыларға сай қабылданған әкімшілік-аумақтық бөлініс оған қосымша аумақтардың қосылуына байланысты жаңа жағдайдағы өзгерістерге сәйкес келмей қалды. Мәселен, XIX ғасырдың 60-жылдарында Ресей империясынаОңтүстік Қазақстан мен Жетісу аумағы қосылған болатын. Сондықтан да енді осы аймақтарды әкімшілік жағынан бағындыру және шаруашылық жағынан нығайта түсу қажет болды. Өлкені басқару ісін Ресейдің өзге аймақтарындағы басқару құрылымына барынша жақындатып, бірыңғайландыру талап етілді. Үшіншіден, Ресейдің еуропалық бөлігінде қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсіп үшін арзан шикізат көздері мен жұмысшы күші қажет болды. Төртіншіден, Қазақстанның кең-байтақ аумағын мекендеген қазақтар үшін бірыңғай салық жүйесін енгізу талап етілді. Бесіншіден, Ресейдің еуропалық бөлігіндегі жері жоқ шаруаларды Қазақстан аумағына ұйымдастырылған түрде көшіру көзделді. Міне, тап осы себептерге байланысты Қазақстанда жаңа әкімшілік-аумақтық және әлеуметтік-экономикалық реформалар жасау қажеттігі туындады.

Билет№20