- •1.Қазақстан аумағындағы тас дәуірі
- •2. 18 Ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
- •3.C.Датұлы бастаған көтеріліс.
- •Билет№2
- •1.Темір дәуіріне сипаттама
- •3.Қазақ жеріне жоңғар шапқыншылықтары
- •1.Темір дәуіріндегі тайпалар(ғұндар,сақтар,үйсіндер)
- •2.Батыс Түрік қағанаты.
- •3.Қазақ хандарының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестері.
- •2.Түргеш қағанаты
- •3.Кіші жүздің Ресейге қосылуы
- •3.Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы.
- •2.Қарахан мемлекетімен Қарақытайлар мемлекеті
- •3.Бөкей хандығының құрылуы
- •1.Грек тарихшыларының деректері
- •2. Қазақстандағы 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтеріліс
- •3.Шынгыс ханнын Орта Азия елдерін жаулап алуы және Ұлыстар тарихы
- •1.Қаңлылар(3 билет,1 сұрақ)
- •2.Алтын Орда
- •3.Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
- •1.Сарматтар
- •2.Моғолстан мен Темір мемлекеті
- •3.Қазақтардын 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.
- •1.Үйсіндер(3 билет,1сұрақ)
- •2.Қазақ хандығы.
- •1.Андрон мәдениеті
- •3.Қазақ хандары тарихынан.
- •1.Ежелгі адамдар тарихы
- •2.Жәңгір ханның ел басқарудағы ерліктері
- •3.19 Ғасырдың 80-90 жылдарындағы әкімшілік реформалар
- •1.Қазақ халқының қалыптасуы туралы аңыздар
- •2.Әбілхайыр хандығы
- •3.Қазақ жеріндегі сауда мен жәрмеңкелер
- •1.Қазақстанда табылған Алтын адамдар тарихы.
- •2.Найман,Керей,Жалайырлар
- •3.Қазақстанның Ресеймен және Қытаймен сауда байланыстарының дамуы
- •2.Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
- •1.Ғұн мемлекетінің пайда болуы
- •1.Халықтардың Ұлы қоныс аударуы және Аттиланың батысқа жорығы.
- •2.Ұлы Жібек жолының тарихы және Қазақстандағы сілемдері
- •3.Перовский,Циммерман,Куропаткин,Черняев әскерлерінің жорығы
- •1.Тас дәуірінің Қазақстандағы тұрақтары
- •2.Қыпшақ хандығы
- •3.К.Қасымұлы баастаған көтеріліс
- •1.Шілікті ескерткіштері
- •2.Ислам дінінің таралуы
- •3.1867-1868 Жылдардағы реформаның барысы
- •1.Палеолит заманының тарихына сипаттама
- •2.Ортағасырлық сәулет ескерткіштері
- •3.Қазақ жеріндегі жәрмеңкелер
- •1.Орта тас ғғасырына сипаттама
- •1.Аталық рудың қалыптасуы.
- •2.1836-1838 Жылдары Бөкей ордасында болған шаруалар көтерілісі
- •2.Қ.А.Яссауидің тарихы
- •3.Хіх ғасырда қазақ халқының мәдениеті мен өнері
- •1.Палеолиттің ескерткіштері
- •3.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерліс
- •1.Томирис пен Заринаның ерліктері
- •2.Ноғай Ордасы
- •3.Қазақстан-Қытай сауда байланыстары
- •1.Савромат тайпаларының қорымдарына сипаттама
- •1.А.Макеодонскийдің сақ жеріне жорығы
- •2.Түркі халықтарының наным-сенімдері
- •1.Ежелгі замандарда діни қөзқарыстарының дамуы
- •1.Шығыс Қазақстанда Темір дәуірі
1.Томирис пен Заринаның ерліктері
Тұмар (Томирис) (ж.ж.с.д. 570-520) — массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы. Ахемен әулетінен шыққан, «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсылардың Кир патшасы Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген, «жеңілуді білмейтін» деп дәріптелген «өлместер» әскерін ашық шайқаста тас талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты. Парсы патшасы Кирмен келіссөз жүргізуден бас тартқан Томирис (б.з.б. 570-520 ж.ж.) парсылармен соғысады. “Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ. Томирис көп әскермен Кирге қарсы аттанып, 200 мың парсыны жойып жібереді” - деп жазды Помпей Трог.
Зарина (б.з.б. 4 ғасырдың аяғы – 5 ғасырдың басы) – ежелгі сақ тайпасын билеген патшайым.[1] Ол туралы тарихи деректер ежелгі дүние тарихшылары Диодор (б.Заринаб. 90 – 21), Ктесий жазбаларында кездеседі. Зарина есімі ежелгі Ассирия, Мидия елдерінің Азиямен байланысы тұсында айтылады.[2] Мидия өзін бағындырғысы келген Парфия мемлекеті үшін сақ тайпаларымен соғысады да, Мидия ханзадасы Стриангия Заринаны жаралайды. Екі жақ та үлкен зардап шегеді. Ақыры олар келісімге келіп, дос әрі одақтас болуға уағдаласады. Осы оқиғалар тұсында сақ тайпасын басқарған патша Зарина болатын. Ол өзінің батылдығы, сұлулығы және ақылдылығымен дараланған.[3] Сақ жеріне көз тіккен көрші патшалардың талайын жеңіп, ел тұрмысын жақсартқан, көптеген қалалар салдырған. Зарина тағдырына байланысты туған “Зарина және Стриангия” атты жыр да бар. Оның мазмұны бізге толық күйінде жетпесе де, қаҺармандық эпос рухындағы туынды екені анық. Зарина өлгенде ел-жұрты оның басына үшбұрышты пирамида орнатып қастерлеген. Орыс тарихшысы В.Н. Татищев (1686 – 1750) құрастырған сөздікте Заринаның сом алтыннан жасалған ескерткіші жәйлі дерек бар. Заринаның ерлік істері көне түркі тарихы мен әдебиетіндегі “Қырық қыз”, “Баршын қыз” секілді жыр-дастандар мазмұнына келіп ұласады.
2.Ноғай Ордасы
13 ғасырда Қазақстанның солтүстік-батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды. Аумағы – Еділ мен Жайық өзендерінің аралығы. Орталығы – Сарайшық қаласы. Ноғай – жорықты Батыймен бірге бастап, Алтын Орданың бес ханы тұсында қолбасшы болған адам. Ноғай әскерінің көпшілігі түрік тілдес маңғыт тайпасы болғандықтан “маңғыт елі” деп те аталған. Ноғай Ордасының негізін қалаған – Ноғайдан кейінгі Едіге. Орда Едігенің баласы Нұрад-дин (1426-1440) тұсында өз алдына жеке мемлекет болып, Алтын Ордадан бөлініп шықты. Ноғайлар 15 ғасырдың ортасында Сырдарияның орта ағысына дейін жетіп, бекініс қалаларды жаулап алды.
Орда билігі мұрагерлік жолмен берілді. Ұлысты билеушілер – мырзалар өз жерінде шексіз үстемдік етті. 16 ғасырда Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Халқының кейбір бөліктері Кіші жүзге қосылды.
3.Қазақстан-Қытай сауда байланыстары
Ресей мен Цинь империясы арасындағы сауда-экономикалық байланыстар 1851 жылға дейін Кяхта қаласы арқылы жүргізілді. Шығыс Қазақстан және Шыңжанмен сауда айналымы жүйелі жолға қойылмады. 1851 жылғы 25 шілдеде Құлжа сауда келісімі жасалды. Осы шартқа сай Батыс Қытайда Ресейдің елшілік орталықтары, орыс көпестерінің сауда орындары ашылды. Троицк, Орынбор, Семей, Өскемен кедендерінің сауда құқықтары кеңейтілді. Жаркент, Ақсу, Шəуешек қалаларының сыртқы саудасында қазақтарға аса қажет шай, қант, жібек сияқты тауарлар көлемі көтерілді. 1855 жылы Шəуешектегі орыс көпестерінің сауда орындарын жергілікті халықтың талан - таражға салуы сауда байланыстарын уақытша тоқтатты. Ресей көпестерінің саудасы Құлжа қаласымен шектелді.
1856 жылғы 25 наурызда I Александр сауда байланыстарын кеңейтуге жол ашуды талап еткен нұсқау шығарды. 19 ғасырдың 60 жылдарының екінші жартысында орыс-қытай саудасы құлдырап, саяси байланыстарда өзгерістер байқалды. 1864 жылғы Шыңжандағы көтерілістің барысында дербес Іле өлкесінде – Іле сұлтандығы, Қашғарияда – Жетішар мұсылман мемлекеттерінің құрылуы орыс-қытай, қазақ-қытай байланыстарына өзгеріс енгізді.
1871 жылы Ресей əскері Іле өлкесіне енгізіліп, Іле сұлтандығы Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылды. Бұл Жетісу өлкесі мен Батыс Қытай арасындағы керуен саудасын күшейткенімен, ресейлік отарлық тәртіптің орнауына да жол ашты.
1881-1883 жылдары орыс үкіметінің келісімімен ұйғыр, дүнген және қазақтардың бір бөлігінің Жетісу мен Қырғыз өлкесіне қоныс аударуы халық санының өзгеруіне, шаруашылық ынтымағының тереңдеуіне жол ашты. 1860 жылғы Пекин шарты, 1864 жылғы Шəуешек хаттамасы Ресейдің Қырғыз елі мен Жетісуды өзіне қаратып алғаннан кейін қалыптасқан ахуалды ресми түрде тануды негіздеді.
1881 жылғы Петербург сауда шарты жасалды. Шекаралық аудандардағы керуен саудасын көтеру, орыс-қытай шекарасынан 60-65 шақырым жерге дейінгі қашықтықта шайды баж салығынсыз сатуға рұқсат беру, су жолын ашу мәселелері қарастырылды. Ресей мен Қытайдың Қазақстан арқылы сауда байланыстарына кең жол ашылды.
1882 жылы Верный көпесі Вали Ахун Юлдашев пен инженер Поклевский Колпаковскийдің қолдауымен Англиядан су кемесін сатып алды. 1883 жылғы 4 мамырда 20 мың пұт астық тиеген кеме Іле өзені арқылы Қытайдың Сүйдін бекінісіне жіберілді. Қытаймен тікелей Іле су жолының ашылуы 19 ғасырдың 2-жартысындағы орыс-қытай қатынасындағы белді оқиға болды.
19 ғасырдың 80 жылдары сауда байланыстарында Ресейдің Ірбіт, Крестовск жəрмеңкелері жəне Жетісу өлкесіндегі Қарқара, Орталық Қазақстандағы Қоянды (Ботов) жəрмеңкелері ерекшеленді.
1890 жылғы 14 маусымда Шыңжаңмен сауданы ұйымдастыру үшін Түркістан округімен қатар Семей сауда округі құрылды. Бүкіл Қазақстан және Оңтүстік Сібір арқылы өтетін шекарадағы кедендердің қызметін бақылау, баж салығының қазынаға өткізілуін қадағалау жолға қойылды. 1894 жылғы 30 тамызда Сібір теміржолының іске қосылуы Қазақстанның Қытаймен саудасын жаңа сатыға көтерді. Сібір өлкесінің экономикалық дамуына үлесін қосты. Қытайға жақын аудандарға тауарлар жылдам жеткізілетін болды. 19 ғасырдың II жартысында Қазақ өлкесі арқылы дамыған сауда байланыстары өзара тиімді болды, екі елдің арасында тығыз шаруашылық байланыс орнады.
Билет№27
