Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеттері каз тарих.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
293 Кб
Скачать
☆

1.Қазақстанда табылған Алтын адамдар тарихы.

«Алтын адам» — 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.[1] Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін “хайуанат нақышында ” жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.

Атыраудың алтын адамы — 1999 жылы Атырау облысының Аралтөбе қорғанынан (Жылыой ауданы) табылған археологиялық ескерткіштің шартты атауы. Ескерткіш алтын киім киген сақ жауынгерінің қалдықтары болып табылады.

Ахеологиялық олжаны 1999 жылы белгілі архелог Зейнола Самашев тапқан. Б.з.д. III ғасырға жататын осынау алтынмен көмкерілген жауынгерді оның болат семсеріне қарап, ғалымдар сарматттардың көсемі деген қорытындыға келген екен. Сол жерде қазылған үш зираттың бірінен адамзат тарихы үшін «Екінші алтын адам» табылды. азылған үшінші зираттан тарихымыздың тереңдігін, түп - тамырымыздың тектілігін дүние дидарына жария еткен асыл қазына – Алтын киімді адам табылды. Оның сырт киімі түгелдей алтын әшекейлермен безендірілген. Шашбауы, қару-жарағы, қорамсақ жиектері, асатаяғындағы самұрық бейнесі алтынмен апталған. Әйел және ер адам мүрделерімен бірге олардың аяқ жағында мәйіт жанынан екі жылқы мен қыран құс сүйектері, жүзден астам жебесі бар қорамсақ, қыш құмыра, қайқы қылыш табылған. Ер адам киімі әшекейлі алтын бұйымдармен безендірілген, тіпті шашын түйген байламшасы, жанындағы қару - жарақтары, қорамсақ жиектері, асатаяғындағы самұрық бейнесіне шейін алтын мен апталып, әшекейленген. Табылған бұйымдар, киім үлгілері және салынған өрнектердің, әшекейлердің табиғаты бұл ескерткіштің қазақ даласында б.з.д. ІІІ ғасыр б.з. ІV ғасыры аралығында өмір сүрген сармат тайпаларына жататындығын дәлелдеп отыр. Белгілі шебер Қырым Алтынбеков қалпына келтірген бұл ескерткіш қазір Атыраудың облыстық мұражайында тұр

Алтайдың Алтын Адамы – сақ дәуірінен сақталған ескерткіш. 1997 ж. Қазақстанмен шекаралас Алтай өңірінің Локоть ауданы аумағынан Ресей ҒА Сібір бөлімшесінің қызметкері П.Шульга тапты. Алтайдың алтын адамы Есік обасынан табылған Алтын адамға ұқсас, киімі алтын тоғаларға толы. Алтын әшекей бұйымдар саны 1800-ден астам, салмағы 1 кг-ға жуық. Мүрде үстіне жабылған киіз жапқыштардан да алтын қиыршықтары табылды. Археологиялық зерттеулер бұл адамның б.з.б. 5–4 ғасырларда өмір сүрген сақ тайпасының өкілі екенін дәлелдеді.