- •1.Қазақстан аумағындағы тас дәуірі
- •2. 18 Ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
- •3.C.Датұлы бастаған көтеріліс.
- •Билет№2
- •1.Темір дәуіріне сипаттама
- •3.Қазақ жеріне жоңғар шапқыншылықтары
- •1.Темір дәуіріндегі тайпалар(ғұндар,сақтар,үйсіндер)
- •2.Батыс Түрік қағанаты.
- •3.Қазақ хандарының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестері.
- •2.Түргеш қағанаты
- •3.Кіші жүздің Ресейге қосылуы
- •3.Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы.
- •2.Қарахан мемлекетімен Қарақытайлар мемлекеті
- •3.Бөкей хандығының құрылуы
- •1.Грек тарихшыларының деректері
- •2. Қазақстандағы 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтеріліс
- •3.Шынгыс ханнын Орта Азия елдерін жаулап алуы және Ұлыстар тарихы
- •1.Қаңлылар(3 билет,1 сұрақ)
- •2.Алтын Орда
- •3.Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
- •1.Сарматтар
- •2.Моғолстан мен Темір мемлекеті
- •3.Қазақтардын 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.
- •1.Үйсіндер(3 билет,1сұрақ)
- •2.Қазақ хандығы.
- •1.Андрон мәдениеті
- •3.Қазақ хандары тарихынан.
- •1.Ежелгі адамдар тарихы
- •2.Жәңгір ханның ел басқарудағы ерліктері
- •3.19 Ғасырдың 80-90 жылдарындағы әкімшілік реформалар
- •1.Қазақ халқының қалыптасуы туралы аңыздар
- •2.Әбілхайыр хандығы
- •3.Қазақ жеріндегі сауда мен жәрмеңкелер
- •1.Қазақстанда табылған Алтын адамдар тарихы.
- •2.Найман,Керей,Жалайырлар
- •3.Қазақстанның Ресеймен және Қытаймен сауда байланыстарының дамуы
- •2.Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
- •1.Ғұн мемлекетінің пайда болуы
- •1.Халықтардың Ұлы қоныс аударуы және Аттиланың батысқа жорығы.
- •2.Ұлы Жібек жолының тарихы және Қазақстандағы сілемдері
- •3.Перовский,Циммерман,Куропаткин,Черняев әскерлерінің жорығы
- •1.Тас дәуірінің Қазақстандағы тұрақтары
- •2.Қыпшақ хандығы
- •3.К.Қасымұлы баастаған көтеріліс
- •1.Шілікті ескерткіштері
- •2.Ислам дінінің таралуы
- •3.1867-1868 Жылдардағы реформаның барысы
- •1.Палеолит заманының тарихына сипаттама
- •2.Ортағасырлық сәулет ескерткіштері
- •3.Қазақ жеріндегі жәрмеңкелер
- •1.Орта тас ғғасырына сипаттама
- •1.Аталық рудың қалыптасуы.
- •2.1836-1838 Жылдары Бөкей ордасында болған шаруалар көтерілісі
- •2.Қ.А.Яссауидің тарихы
- •3.Хіх ғасырда қазақ халқының мәдениеті мен өнері
- •1.Палеолиттің ескерткіштері
- •3.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерліс
- •1.Томирис пен Заринаның ерліктері
- •2.Ноғай Ордасы
- •3.Қазақстан-Қытай сауда байланыстары
- •1.Савромат тайпаларының қорымдарына сипаттама
- •1.А.Макеодонскийдің сақ жеріне жорығы
- •2.Түркі халықтарының наным-сенімдері
- •1.Ежелгі замандарда діни қөзқарыстарының дамуы
- •1.Шығыс Қазақстанда Темір дәуірі
1.Савромат тайпаларының қорымдарына сипаттама
Бұл өңір обалы қорымдардың көптеп тараған аймақтарының бірі болып табылады. Орталық Қазақстаннан Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев жүргізді. Археологиялық материалдар Орталық Қазақстан тайпаларының Тасмола мәденитетінің бастапқы кезеңінде-ақ темірді қолданғанын көрсетті. Қақтау әдісімен темірден сабы сақиналы және түзу сапты пышақтар, сондай-ақ, айшықтар және жүгеннің бастырмалары соғылды. Қазақтың белгілі археологы М.Қ.Қадырбаев, бұл мәдениеттің хронологиялық мерзімін б.з.д. VII - III ғасырларымен негіздеп, оның дамуын екі кезенге бөлген. Тасмола мәдениетінде тән археологиялық ескерткіштері «мұртты» қорған деп аталады. Бұл күрделі ғұрыптық – жерлеу кешендері тастан қаланып, әдетте үш негізгі бөлшектерден: үлкен, кішкентай қорғандар мен ұзындығы 60-тан 200 метрге дейін жететін жартылай доға тәріздес жолдардан құрастырылған. Бұл «мұрттар» қорғанмен жанасып, үнемі шығысқа қарай бағытталған. Үлкен қорғанның астында, тереңдігі екі метрге жететін шұңқырда қайтыс болған адамның мәйіті жерленген. Кішігірім қорғанда жылқы қаңқаларының қалдықтары, қыш ыдыстардың сынықтары кездеседі.
2.Қазақ хандарының заңдар тарихы
Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді."Есім ханның ескі жолы" - дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдардың жиынтығы. Оның негізін Қасым хан салған болатын (1511 - 1523). Заң жинағында Қыпшақ, Шағатай, және басқа ұлыстарда қолданылатын әртүрлі жарғылар енгізілді. Есім хан өзіне дейін көп өзгеріске ұшырай қоймаған Қасымның заңдарын іс жүзінде қолдануды өзі билік жүргізгенде қатаң талап етті. Қасымның заңы Есімнің арқасында сол дәуірдің әскери-саяси және әлеуметтік қажеттіліктеріне, халықтың тұрмысы мен дәстүріне сәйкес жетілдірілді, соның нәтижесінде бұл заң халық арасында кеңінен тарады. Бұл заң ережелері жермен, малмен байланысты материалдық тарап-арыз, қылмыстық іс туралы (ұрлық, кісі өлтіру және т.б.), әйелдердің жағдайы, әскери міндеттілік, дәстүрлі шаралар, кедейлерге көмектесу және т.б. туралы мәселелерді қарады. Халық бұқарасы Қасым хан заңының ережелерін ұстауды қалады. Бұл заң жиынтығы Есім ханның құрметіне "Есім ханның ескі жолы" деп аталды
3.Қазақ халқының жыраулары
Жыраулар мектебінің белгілі өкілдері — Қазтуған, Асан қайғы (XV ғасыр), Доспамбет жырау (XVI ғасыр), Шалкиіз жырау (1465—1560 жылдары), Жиембет жырау,Марқасқа жырау (XVII ғасыр), Ақтамберді жырау (1675—1768 жылдары), Тәтіқара ақын (XVII ғасыр), Үмбетей жырау (1706—1778 жылдары), Бұқар жырау (1693—1787жылдары), Шал ақын (1748—1778 жылдары), Жанақ ақын (1770—1856 жылдары), т.б. жатады. Доспамбет жырау — 1490 жылы Азау қаласында туып, 1523 жылы Астрахан маңында қаза болған көне қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі және жорық жыршысы. Қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрген жыраудың руы — кіші ноғайлы. Өз заманындағы жорықтарға, Қырым, Ноғайлы, Қазан хандықтары арасындағы ұрыстарға қатынасқан. 1523 жылы Астрахан жорығы кезінде Доспамбет жырау бастаған шолғыншылар тосқауылға ұшырайды да, жырау ауыр жараланып, қайтыс болады. Бұқар жырау(1693—1787 жылдары). Оның туған жері — Жиделі Байсын өлкесі. Дәл туған жылы белгісіз, мөлшермен, XVIII ғасырдың соңғы ширегі. Руы — арғын. Б9кар жырау 1702 жылы Бұхарадағы Кекілташ медресесін бітіріп, бірнеше тілде еркін сөйлейтін дәрежеге жетеді. Әсіресе парсы, араб тілдерін жетік үйреніп шығады. Медресе бітірген соң Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи мешіт-медресесі имамының шақыруымен сонда барып, Түркістан медресесінде дәріс береді.
Билет№28
