- •1.Қазақстан аумағындағы тас дәуірі
- •2. 18 Ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
- •3.C.Датұлы бастаған көтеріліс.
- •Билет№2
- •1.Темір дәуіріне сипаттама
- •3.Қазақ жеріне жоңғар шапқыншылықтары
- •1.Темір дәуіріндегі тайпалар(ғұндар,сақтар,үйсіндер)
- •2.Батыс Түрік қағанаты.
- •3.Қазақ хандарының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестері.
- •2.Түргеш қағанаты
- •3.Кіші жүздің Ресейге қосылуы
- •3.Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы.
- •2.Қарахан мемлекетімен Қарақытайлар мемлекеті
- •3.Бөкей хандығының құрылуы
- •1.Грек тарихшыларының деректері
- •2. Қазақстандағы 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтеріліс
- •3.Шынгыс ханнын Орта Азия елдерін жаулап алуы және Ұлыстар тарихы
- •1.Қаңлылар(3 билет,1 сұрақ)
- •2.Алтын Орда
- •3.Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
- •1.Сарматтар
- •2.Моғолстан мен Темір мемлекеті
- •3.Қазақтардын 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.
- •1.Үйсіндер(3 билет,1сұрақ)
- •2.Қазақ хандығы.
- •1.Андрон мәдениеті
- •3.Қазақ хандары тарихынан.
- •1.Ежелгі адамдар тарихы
- •2.Жәңгір ханның ел басқарудағы ерліктері
- •3.19 Ғасырдың 80-90 жылдарындағы әкімшілік реформалар
- •1.Қазақ халқының қалыптасуы туралы аңыздар
- •2.Әбілхайыр хандығы
- •3.Қазақ жеріндегі сауда мен жәрмеңкелер
- •1.Қазақстанда табылған Алтын адамдар тарихы.
- •2.Найман,Керей,Жалайырлар
- •3.Қазақстанның Ресеймен және Қытаймен сауда байланыстарының дамуы
- •2.Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
- •1.Ғұн мемлекетінің пайда болуы
- •1.Халықтардың Ұлы қоныс аударуы және Аттиланың батысқа жорығы.
- •2.Ұлы Жібек жолының тарихы және Қазақстандағы сілемдері
- •3.Перовский,Циммерман,Куропаткин,Черняев әскерлерінің жорығы
- •1.Тас дәуірінің Қазақстандағы тұрақтары
- •2.Қыпшақ хандығы
- •3.К.Қасымұлы баастаған көтеріліс
- •1.Шілікті ескерткіштері
- •2.Ислам дінінің таралуы
- •3.1867-1868 Жылдардағы реформаның барысы
- •1.Палеолит заманының тарихына сипаттама
- •2.Ортағасырлық сәулет ескерткіштері
- •3.Қазақ жеріндегі жәрмеңкелер
- •1.Орта тас ғғасырына сипаттама
- •1.Аталық рудың қалыптасуы.
- •2.1836-1838 Жылдары Бөкей ордасында болған шаруалар көтерілісі
- •2.Қ.А.Яссауидің тарихы
- •3.Хіх ғасырда қазақ халқының мәдениеті мен өнері
- •1.Палеолиттің ескерткіштері
- •3.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерліс
- •1.Томирис пен Заринаның ерліктері
- •2.Ноғай Ордасы
- •3.Қазақстан-Қытай сауда байланыстары
- •1.Савромат тайпаларының қорымдарына сипаттама
- •1.А.Макеодонскийдің сақ жеріне жорығы
- •2.Түркі халықтарының наным-сенімдері
- •1.Ежелгі замандарда діни қөзқарыстарының дамуы
- •1.Шығыс Қазақстанда Темір дәуірі
1.Халықтардың Ұлы қоныс аударуы және Аттиланың батысқа жорығы.
Халықтардың ұлы қоныс аударуы — Ғұндар Рим империясына үлкен қауіп туғызады. 433 жылы Ругила қайтыс болғаннан кейін мемлекет билігі іс жүзінде Аттиланың (Еділ батыр) қолына көшеді. Ол 453 жылы қайтыс болғанға дейін Еуропаның көптеген халықтарын өзіне бағындырып, бүкіл Еуропаны дүр сілкіндірді. Бірақ Аттила өлгеннен кейін Батыс ғұн империясы ыдырап кетті. 448 жылы Аттиланың сарайында болып қайтқан Прииск оның келбетін сипаттап жазды: “Бір көрген адам оның нағыз азиялық екенін бірден айтады. Басы үлкен, орта бойлы, мығым денелі. Қараған жерін тесіп өтетіндей, көзқарасы сұсты. Қозғалысы шапшаң, сенімді. Дауысы күмістей сыңғырлайды әрі құлаққа жағымды”.
Аттиланың замандасы ол туралы естелік қалдырған: “Таңертең үйден шығысымен, есік алдында тұрып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады. Күні бойы әлемнің әр түрлі елдерінен келген елшілерді қабылдады, ал кешке бізбен бірге тамақ ішті. Бәрі күміс ыдыстан ас ішті, ал Аттила ағаш ыдыстан тамақтанды”.
Ғұндардың жорықтарда жеңу себептері әскери техникалық басымдылығына байланысты болды. Ғұн әскерінің негізгі құрамы – шапшаң атты әскер. Олар соғыс кезінде қорған бұзғыш машинаны, тас атқыш техниканы қолданды. Жылжымалы, жақсы бекіген қамалдардың үстінде садақшылар тұрып, оқ жаудырған.
А.Марцеллин ғұндардың жауынгерлік қасиетіне ерекше тоқталды. “Ертелі-кеш ат үстінен түспейді. Маңызды істер туралы кеңесетін болса, кеңесті де ат үстінде отырып өткізеді. Олар өздеріне төніп тұрған патшаның қатал әмірін сезбейді, ал егер тайпа ақсақалдарының біреуі басшылық жасаса, жолында кездескеннің бәрін жайпап өтеді”.
Византия елшісі Прииск ғұндар туралы біраз дерек қалдырған. “Олар соғыстан кейін тыныш әрі қамсыз тіршілік етеді, әркім қолында барымен қанағат етеді”. Келесі бір дерегінде: “әсіресе жақындарын өздерінің мейірімді әрі жылы ілтипатымен және сүйіспеншілігімен бауырына тартады” - деп жазған.
Ғұндардың жылжуы басқа да ірі тайпалардың жылжуына әсерін тигізді. Бұл тарихта “Халықтардың ұлы қоныс аударуы” деген оқиғамен белгілі. Ғұндар Қазақстан және Еуразия жерінде өмір сүрген тайпалар мен халықтардың құрамына үлкен өзгерістер әкелді.
5 ғасырдың 30-жылдары Аттила (Еділ) Румыния мен Венгриядағы ғұндарды қол астына жинап, Рим империясының аудандары Паннонияны, Мезияны басып алды. Кейін Франция жеріне өтті. Ғұн империясы Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті. Құл иеленушіліктің жойылуына ықпал етті.
Аттила әскері 451 жылы Галлиядағы Каталаун даласында римдіктердің, франктердің біріккен күштерімен шайқасты. 453 жылы Аттила қайтыс болғаннан кейін ғұн мемлекеті ыдырап кетті.
Аттила туралы еңбектер 6 ғасырдан бастап әлі күнге дейін жазылып келеді. Неміс, француз, итальян тілдерінде туындылар шықты. Италияның атақты композиторы Джузеппе Верди “Аттила” операсын жазды. Қазақ халқы оны Еділ деп атайды.
2.Ұлы Жібек жолының тарихы және Қазақстандағы сілемдері
«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып,Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Жетісу жері – керуен жолының Шығысқа шығатын негізгі қақпасы. Шығысқа шығатын жолдың басты бір бағыты оңтүстік-батыс Жетісу жерінен өтеді. Тараздан шығып, Сарқан жері арқылы солтүстік-шығыс Қазақстанға баратын үшінші бағытпен атақты елші, саяхатшы Рубрук Монғолияға, Мөңке ханға барып қайтқан. Отырар қаласы керуен жолдары торабында орналасқан. Сығанақтан Ақсүмбе қаласы арқылы Орталық Қазақстанға қарай бір тармақ шықты.
Монғол шапқыншылығына байланысты сауда қарқыны бәсеңдеді. Жол бойындағы қалалар әлеуметтік-экономикалық өзгеріске түсе бастады. Кейбір қалалар қаңырап бос қалған. Ал 17 ғасырдан бастап теңіз жолдары ашылып, Ұлы Жібек жолының қатынасы әлсірей бастады. 18 ғасырдың екінші жартысынан бастап Қазақстан негізінен солтүстік жағында Ресеймен, ал оңтүстік жағында Қытаймен сауда байланыстарын жүргізе бастаған.
