- •1.Қазақстан аумағындағы тас дәуірі
- •2. 18 Ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
- •3.C.Датұлы бастаған көтеріліс.
- •Билет№2
- •1.Темір дәуіріне сипаттама
- •3.Қазақ жеріне жоңғар шапқыншылықтары
- •1.Темір дәуіріндегі тайпалар(ғұндар,сақтар,үйсіндер)
- •2.Батыс Түрік қағанаты.
- •3.Қазақ хандарының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестері.
- •2.Түргеш қағанаты
- •3.Кіші жүздің Ресейге қосылуы
- •3.Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы.
- •2.Қарахан мемлекетімен Қарақытайлар мемлекеті
- •3.Бөкей хандығының құрылуы
- •1.Грек тарихшыларының деректері
- •2. Қазақстандағы 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтеріліс
- •3.Шынгыс ханнын Орта Азия елдерін жаулап алуы және Ұлыстар тарихы
- •1.Қаңлылар(3 билет,1 сұрақ)
- •2.Алтын Орда
- •3.Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
- •1.Сарматтар
- •2.Моғолстан мен Темір мемлекеті
- •3.Қазақтардын 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.
- •1.Үйсіндер(3 билет,1сұрақ)
- •2.Қазақ хандығы.
- •1.Андрон мәдениеті
- •3.Қазақ хандары тарихынан.
- •1.Ежелгі адамдар тарихы
- •2.Жәңгір ханның ел басқарудағы ерліктері
- •3.19 Ғасырдың 80-90 жылдарындағы әкімшілік реформалар
- •1.Қазақ халқының қалыптасуы туралы аңыздар
- •2.Әбілхайыр хандығы
- •3.Қазақ жеріндегі сауда мен жәрмеңкелер
- •1.Қазақстанда табылған Алтын адамдар тарихы.
- •2.Найман,Керей,Жалайырлар
- •3.Қазақстанның Ресеймен және Қытаймен сауда байланыстарының дамуы
- •2.Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
- •1.Ғұн мемлекетінің пайда болуы
- •1.Халықтардың Ұлы қоныс аударуы және Аттиланың батысқа жорығы.
- •2.Ұлы Жібек жолының тарихы және Қазақстандағы сілемдері
- •3.Перовский,Циммерман,Куропаткин,Черняев әскерлерінің жорығы
- •1.Тас дәуірінің Қазақстандағы тұрақтары
- •2.Қыпшақ хандығы
- •3.К.Қасымұлы баастаған көтеріліс
- •1.Шілікті ескерткіштері
- •2.Ислам дінінің таралуы
- •3.1867-1868 Жылдардағы реформаның барысы
- •1.Палеолит заманының тарихына сипаттама
- •2.Ортағасырлық сәулет ескерткіштері
- •3.Қазақ жеріндегі жәрмеңкелер
- •1.Орта тас ғғасырына сипаттама
- •1.Аталық рудың қалыптасуы.
- •2.1836-1838 Жылдары Бөкей ордасында болған шаруалар көтерілісі
- •2.Қ.А.Яссауидің тарихы
- •3.Хіх ғасырда қазақ халқының мәдениеті мен өнері
- •1.Палеолиттің ескерткіштері
- •3.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерліс
- •1.Томирис пен Заринаның ерліктері
- •2.Ноғай Ордасы
- •3.Қазақстан-Қытай сауда байланыстары
- •1.Савромат тайпаларының қорымдарына сипаттама
- •1.А.Макеодонскийдің сақ жеріне жорығы
- •2.Түркі халықтарының наным-сенімдері
- •1.Ежелгі замандарда діни қөзқарыстарының дамуы
- •1.Шығыс Қазақстанда Темір дәуірі
3.Хіх ғасырда қазақ халқының мәдениеті мен өнері
19 ғасырдың I жартысында қазақ әдебиетінде екі идеялық ағым қалыптасты. Еңбекші бұқара мүддесін көздеген және ірі ақсүйектер мүдделерін жақтаушылар.
Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында туды. 20 жасынан Жəңгір ханның ұлы Зұлқарнайынмен бірге 1824-1829 жылдары Орынборда тұрды. 1829 жылы шаруалар толқуына қатысқаны үшін Махамбет Калмыков түрмесінде отырды. Ақын өз шығармаларында үстем таптың озбырлығын айыптады. Ол поручик Аитовқа Есет батырдың қолына түскен орыс солдаттарын азат етуіне көмектескен. Махамбеттің өлеңдері 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісінің себептерін, мақсаттарын айқындайды. Ол шығармаларында езілген еңбекшілер өмірін, билеуші таптың озбырлығын суреттейді. 1846 жылы 20 қазанда Баймағамбет сұлтанның жендеттерінен қаза тапты.
Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867) – Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында туды. 1836-1838 жылдардағы Кіші Ордадағы көтеріліске қатысты. Шернияздың əдебиет саласына қосқан жаңалығы – суырып салма өнерді жетілдіруі. Өлеңдерінде феодалдардың оғаш мінездерін əжуалап, əшкереледі.
Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895) – Көкшетау облысының Қызылту ауданында туып өскен. Жастай екі көзінен айрылып, ақындық өнері күн көрудің негізі болды. Шөже – ірі эпик ақын, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырының ең көркем нұсқасы оның айтуымен тараған. Шоқан Уəлиханов Шөженің суырып салма өнерін жоғары бағалады.
Сүйінбай Аронұлы (1822-1895 ) – Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қаракəстек ауылында дүниеге келді. Тілге жүйрік Сүйінбай 14-15 жастан ақындық өнерге машықтана бастады. Оның өлеңдерінде өмір шындығы, еңбекшілердің ой-арманы айқын сезіледі. Сүйінбай – Жетісу ақындарының алтын діңгегі атанып, Жамбылдың ұстазы болған.
19 ғасырдың музыкалық мəдениетінде елеулі із қалдырған көтеріліс - 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс. Әр түрлі музыкалық аспаптардың ішінде халық арасына кең тарағаны – домбыра. Өнерімен халыққа жағымды болғандарға сал, сері деген құрметті атақтар қосылып айтылатын болған. Ауқатты қазақтар айбалта, жебесі мен қорамсағы бар садақ ұстады. Белгілі әскербасылар мен батырлардың сауыты, қалқаны, қылышы, металмен ұшталған найзасы болды. Қазақ жасақтарының ішінде мылтық ұстайтындары да кездесетін. Мылтықты негізінен Орта Азия саудагерлерінен малға немесе шикізатқа айырбасқа алатын.
Қазақтың киіз үйлері өлкеге келген орыс және шетел жиhангездерін таң қалдырды. Ал орманды өңірде алты қырлы ағаш құрылыстар мен орыс қонысы типтес бір бөлмелі үйлер кеңінен тарады. Хан, сұлтандар ортасынан шыққан дәулетті ақсүйектер кептірілген бөренеден бірнеше бөлмелі үйлер салдырған. Ресейге қосылу барысында көшпелі өмірден отырықшылыққа ойыса бастауының әсері қазақтардың тұрғын-жайларынан көрінген.
Билет№26
1.Палеолиттің ескерткіштері
Шығыс Қазақстанның Шульбинка, Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанды өзенінің бойынан кейінгі тас ғасырының тұрақтары табылды. Бұл тұрақтардан өте жақсы өңделген қырғыштар қазып алынды. Қырғыштар шамамен бұдан 25 мың жыл бұрын жасалынған.
Адамдар тобы біртіндеп туысқандар ұжымына – рулық қауымға айналды. Бұл саналы адамның пайда бола бастаған кезіне сәйкес келеді. Әр руда бірнеше ондаған рулас адам болды. Алғашында барлық жұмысты аналар атқарып, ұжымдағы аналар беделі артты. Рулық бөлініс аналардың үстемдігімен анықталды. Жер, баспана, еңбек құралдарына ортақ меншік болды.
Ру ішіндегі мәселелер жалпы жиналыста шешілді. Оған ерлермен бірге әйелдер де қатысты. Жалпы жиналыста сайланған ақсақалдар даулы мәселелерді шешті, аң аулайтын, мал жаятын жерлерді бөліп берді. Рулық бірлестіктерді көсемдер басқарды.
Шақпақата (Маңғыстау) және Арыстанды (Қаратау) тұрақтары ерте тас ғасырының ең көне ескерткіштері болып есептеледі. Cебебі бұл тұрақтардан табылған құралдар Олдувай (Шығыс Африка) cайынан табылған ең көне құралдармен замандас. Бұл тас құралдар – жарғыш сынатас, бифас, пышақ, қырғыш, үшкіртастар.
Орталық Қазақстандағы кейінгі палеолиттік ескерткіштердің ең көрнектісінің бірі – Батпақ тұрағы. Оның мәдени қабаты жер бетінен 6 метр тереңдіктен табылған. 300-ге таяу тас қырғыштар қазып алынды. Тұрақтың жасы – б.з.б. 30-25 мыңыншы жыл. Орталық Қазақстандағы Семізбұғы тұрағынан жүзі түзу, кейде қайқы тас пышақ түріндегі қырғыштар табылған.
2.Ақ Орда,Астрахань,Кырым хандықтары
Қырым хандығы-Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қырым түбегінде құрылған мемлекет (1430 — 1783).13 ғасырдың аяғында Қырым түбегінде Алтын Ордаға тәуелді ерекше аймақ құрылды. Оның орталығы — Солхат қаласы болды. Алтын Орда билеушілерінің өзара күрес-тартыстарынан кейін Қажы Керей (1397 –1466 жж.) мен оның ұлыМеңлі Гирей хан (1428 — 1515) 1443 жылы тәуелсіз Қырым хандығының негізін қалады. Оған Қырым түбегінен басқа Днепрдің төменгі бөлігі де кірді. Ол хандықтың астанасы Қажы Керейдің билігінен бастап Бақшасарайда болды. 1475 жылы Қырымға түрік әскерлері басып кіріп, хандық Түркияға тәуелді болды. Қырым хандығы Ресей, Украина жерлеріне бірнеше жорықтар жасады. Қырым әскерлерінің орыс жеріне жорықтары әсіресе Ливон соғысы (1558 — 83) кезінде жиіледі. 16 — 17 ғасырларда Ресей өкіметі оңтүстік шекарасын Қырым татарларынан қорғау үшін шекара бекініс шептерін құрды. Орыстардың 1687 — 89 жылдары Қырымға жасаған жорықтары нәтижесіз аяқталды. 18 ғасырдағы орыс-түрік соғысында Ресей жеңіске жетіп, Қырым хандығы әлсірей бастады. 1774 жылы Күшік-Қайнарджа бітімі бойынша Қырым хандығы Түркияның қол астынан шығып, Ресейдің қарамағындағы тәуелсіз ел болып танылды. 1783 жылы Қырым хандығы Ресей империясының құрамына кірді. Астрахан хандығы — Алтын Орда ыдырағаннан кейін құрылған дербес мемлекеттердің (1465 – 1556) бірі.
Тақ үшін күресте туысы Ахмет ханнан жеңілген Үлкен Орда ханы Махмуд (1459 –1465) ата-бабасының иелігі Қажы Тарханға(Астрахан) қашып келіп, дербес хандық құрды. Оның аумағына Каспийдіңсолтүстік-батыс жағалауы, төменгіЕділ бойы, Солтүстік Кавказ енді.
Халқы 100 мың адам шамасында болды, түркі тілдес тайпалардан тұрды. Көшпелі мал шаруашылығымен, аң, балық аулау, тұз өндіру, қолөнер, Бұзан бойындағылар аздап егіншілікпен айналысты. Батыс пен шығысты жалғастырған Астрахан хандығы Русьпен, Қазанмен, Қырыммен, Хорезммен, Армениямен, Иранмен, Әзербайжанмен, Сібірмен, Ноғай Ордасымен, Қазақ хандығымен, Түркиямен саяси және сауда байланыстарын орнатты. Билеушілер Жошының кіші ұлы Тоқа-Темір ұрпақтары болды. Астрахандық ханзадалар Қазан мен Русьте маңызды қызметтерге ие болып, олардың тарихына елеулі ықпал етті. Бай сауда орталығы болғандықтан Қажы Тархан көршілерінің шапқыншылығына жиі ұшырап отырды. 1492 жылы қаланы Сібір билеушісі Айбек хан басып алды. Үлкен Орда, Ноғай ордасы мен Қырым хандығы да Астрахан хандығының ішкі істеріне араласып отырды. 16 ғасырдың ортасында Астрахан хандығын Ресей жаулап алды. Алтын Орданың күйреуімен монғолдардың қол астында болып келген көптеген ұлыстар мен елдер дербес тәуелсіз мемлекеттер қатарына шықты. Осындай тәуелсіздікке ие болып Қазақстан жерінде жергілікті этникалық негізде пайда болған ірі мемлекет - Ақ Орда хандығы. 1227 жылы Жошы ханның қайтыс болуымен билік оның екінші ұлы Батудың қолына өтті. Бұл туралы Әбілғазының «Түрік шежіресінде» мынадай дерек кездеседі: «Жошы ханның өлімін естіген Шыңғыс хан қайғы жамылып, аза тұту жариялады. Ол Отчигинге Дешті Қыпшаққа аттанып, Жошы ханның орнына Сайын хан деген лақап атпен белгілі, оның екінші ұлы Батыны сайлап, оның бұл дәрежесін ағалары мен бүкіл әмірлеріне мойындатуды бұйырды... Бәрі бірауыздан оның билігін мойындады». Мұрагерлік мәселесіне қатысты бұл шешім жөнінде Рашид ад-дин «Орда інісі Батының хан тағына отыруын қолдап, әкесінің тағына оны өз қолымен отырғызды», - деп жазды. Бату Шығыс Еуропаға жасаған жорығынан оралған соң өз ұлысын әке ордасынан бөліп алды. Өз ордасының батыс шекарасын Жайықпен шектеп, одан шығысқа қарайғы жерлер ағасы Орда Ежен билігіне өтті. Ақ Орданың негізін қалаған да осы Орда Ежен. Рашид ад-дин: «кімде-кім Орда ұрпағынан келіп, Баты ұрпақтарының орнына хан болып отырмайтын, өйткені олар бір- бірінен алыста болды және әрқайсысы өз ұлысының жеке билеушілері саналды», - деп көрсетеді. Ақ Орда алғаш құрылған кезде Алтын Ордаға формальды түрде тәуелді иелік болып есептелді, ал іс жүзінде өз алдына тәуелсіз саясат жүргізіп отырды.
Сібір хандығы — 15 ғасырда Батыс Сібірде құрылған феодалдық мемлекет. Алтын Орданың құлдырауынан және одан Шайбаниұлысының бөлініп шығуынан пайда болған хандық. Сібір ханы Көшім.
XIII-XV ғасырлардағы Батыс Сібір. Сібірдің жерінде біршама түрік тайпалары мекен етті. Батыс Сібір алдымен Жошы ұлысына, кейіннен Шайбани хандығына қарайды. Батыс Сібірдің орталығы – Тұра қаласы. 1428 жылы Батыс Сібірді Әбілқайыр басып алды.Көшім тұсындағы Сібір хандығы. Территориясы: Батыс Сібір, Орал өңірі, Ертіс, Тобыл өзендерінің алабы. Құрамындағы тайпалар: керей, қыпшақ, найман, арғын, жалайыр, ханты, мансы т. б.Астанасы: Искер қаласы.1563 жылы хан тағына Көшім отырды. Алты ұл тайпасынан шыққан Көшім 1510 жылы Ноғай ордасында дүниеге келген. Ол 1555 жылы Сібірде билік жүргізген Тайбұғанмен соғысып, оны жеңеді.Экономикасы мен мәдениеті. Көшімнің кезінде Сібір хандығында көптеген қамалдар мен бекіністер, ғимараттар салынады. Көшімнің тұсында Сібір халқы ислам дінін қабылдайды. Сібір хандығында, негізінен, сауда мен аңшылық дамыды.Саяси құрылысы. Жоғарғы билеуші – хан, хан кеңесі – диван, кеңесшілер – аталықтар, уәзірлер – қараша Сібір-Ресей қатынасы. Сібір ханы Көшім Ресейдің шығысқа қарай ұмтылуына кедергі жасауға тырысты.1574–1575 жылдары сібірге барлауға жіберілген Иван Грозныйдың отрядын Көшім хан қырып тастайды.1582 жылы Көшім әскерлері атаман Ермактың отрядынан жеңіледі.1582 жылдың күзінде атаман Ермак 600-ге жуық казагымен Искер қаласына шабуыл жасайды. Көшім әскері жақсы қаруланған Ермак отрядынан жеңіледі.1584 жылы Көшімнің адамдары Ермакты өлтіреді.1598 жылы орыс әскерлеріне қарсы ұйымдастырылған шайқаста Көшім жеңіліп, Шығыс Қазақстан жеріне қашады. Сібір хандығы осылай Ресей империясының құрамына кіреді.Осылайша Қазан хандығы орыс әскерлерінің шабулы нәтижесінеде Ресей империясының құрамына кіреді. Қазан Хандығы – Алтын Орданың ыдырауы нәтижесінде Еділ – Кама бұлғарларының аумағында құрылған (1438 – 1552) мемлекет.
Оған қазан татарлары (Еділ бұлғарларының ұрпағы), марийлер, чуваштар, удмурттар, сонымен бірге ішінара мордвалар мен башқұрттар кірген. Астанасы – Қазан қаласыҚазан хандары әулетінің алғашқы өкілі – Алтын Орданың ханы Ұлық Мұхаммед (1438 – 45). Оның баласы Махмұтбек 1445 ж. Қазанға орнығып, бұл хандықтың дербес болуына негіз салды. Қазан Хандығы тұрғындарының негізгі кәсібі егіншілік болды; оған қосымша мал шаруашылығы, бау-бақша, жабайы араның балын жинау, аңшылық, балықшылық кәсіптерімен айналысты. Бұлғарлардың дамыған қолөнерін Қазан жұртының шеберлері ыждағаттылықпен қабылдай білді. Тастан салынған ғимарат сарайлар, биік мұнаралы мешіттер, кесенелер мұнда сәулет өнері мен құрылыс техникасының дамығандығын дәлелдейді. Қазанның географиялық жағдайының тиімділігі оның Русьпен, Сібір, Иран, Кавказ, Орталық Азия елдерімен сауда-саттық қарым-қатынасын жасауына мүмкіндік берді. Қазан Хандығында жоғары өкімет билігі ханның қолында болды, бірақ оған ірі ақсүйектер кеңесі(диуан) бағыт сілтеп, бақылау жүргізіп отырды. Ақсүйектердің ең ықпалды жоғары тобы, негізінен, 4 рудан шыққандар болды. Олардан кейін сұлтандар мен әмірлер, бұлардан төменіректе мырзалар, ұландар, жауынгерлер тұрды. Аса маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу үшін хан ақсүйектердің құрылтай жиналысын шақырды. Ислам дінінің өкілдері де Қазан Хандығында зор рөл атқарды, олар ірі жер иеліктерін пайдаланды. Әкімшілік тұрғыдан Қазан Хандығы даруг (округ), ұлыстарға (уәлаят) бөлінді. Русьтегі бөлшектенуді, өзара қырқысуларды пайдаланып Қазан Хандығы 15 ғ-дың 1-жартысында Мәскеудің ұлы князі Василий ІІ Темный тұсында орыс жерінің шығыс бөліктеріне ықпал жүргізуге тырысты. Бір орталыққа бағынған Ресей мемлекеті біріккеннен кейін, Иван ІІІ Васильевич тұсында Қазан Хандығына қарсы күрес күшейді. Мәскеуліктердің тарапынан 1467 – 69 ж. Қазан мен Вяткаға жасалған шапқыншылықтарынан соң Қазан Хандығы орыс жеріне шабуылын тоқтатты, Алтын Орда құлағаннан кейін (1480), Иван ІІІ Қазан Хандығына шабуылды қайта бастады. 1487 ж. 9 маусымда орыс әскерлері Қазанды алды. Әли хан тақтан түсіріліп, оның орнына інісі Мұхаммед Әмин (Иван ІІІ-нің қол жаулығы) хан болып тағайындалды, Қазан Хандығы Ресейге 1521 жылға дейін вассалдық тәуелділікте болды. Мұхаммед Әмин өлгеннен (1518) кейін, оның орнына Қасым хандығының ханзадасы Шаһ Әли хан болып тағайындалды. Оны 1521 ж. Қырым ханының інісі Сахиб Герей құлатып, таққа өзі отырды. Оның тұсында Қазан Хандығы Қырым, Астрахан хандықтарымен, Ноғай ордасымен одақтасып, татар жұртының ауыз бірлігін сақтауға ұмтылды. Бұл бағытты Түркия қолдады. 1521 ж. Қазан Хандығы Түрік-Қырым одағына кірді. 1524 ж. Түркияның протектораттығын қабылдады. Таққа Сафа – Герей отырды (1524 – 49). Бұл одақтан қауіптеніп, одан сақтану мақсатымен Василий ІІІ Сура өзенінің сағасында Васильсурск қаласын салғызып, бекініс жасады (1523). Иван ІV нығайып алғаннан кейін Қазан Хандығына қарсы шапқыншылықты күшейтті, 1546 ж. татар ақсүйектерінің үлкен бір тобы Руське қарсы күресті тоқтатып, Иван ІV-нің жағына шықты, оның артынша Қазан Хандығынан бүкіл “тау жағы” (батыс жақтағы чуваштар) бөлініп кетті. 1545 – 52 ж. Қазан жорықтары Қазан қаласын орыс әскерлерінің басып алуымен (1552) аяқталды. Қазан Хандығы жойылып, оның бүкіл жері Ресей мемлекетінің қарамағына көшті.
