Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеттері каз тарих.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
293 Кб
Скачать
☆

1.Қазақ халқының қалыптасуы туралы аңыздар

Көшпелілер мәдениетінің ең бір көне нұсқалары — ол миф пен әпсаналар. Миф — фольклордың ең көне жанры. Оның тұп-тамырлары сонау алғашқы қауымдыққұрылыстан басталады. Адам баласы өзін қоршаған орта, табиғат, жан-жануарлар, өмір, өлім, өсіп-өну туралы ерте заманнан-ақ өз түсініктерін қалыптастырған. Ғұндар мен көне түркілердің өздерінің шығу тегі жөніндегі аңыздарының да тарихи мәні бар. Ол аңыздың бір нұсқасы бойынша, ғұндар (түркілер) өзінің күншығыстағы көрші елінен қатты жеңіліс тауып, тегіс қырылады. Жау әскері бір жас баланы өлтірмей, тастап кетеді. "Содан тараған жұрт ғұндар мен түркілер еді" дейді көне аңыз. Көне түркілер қасқырды ата тегіміз деп біледі. Түркі халқын бірінші басқарған Ашына өзінің осы тектік ерекшелігін білдіру үшін ордасының қақпасына бөрі басының суреті бар ту байлаған. Бұл аңыздың бұлыңғыр сілемі кейінгі қазақтарға дейін жеткен. Қазақта бөріні "тәңір серісі" деп құрметтеген.

2.Әбілхайыр хандығы

Шaйбани әулеті — өзбек билеушілері (1500 — 98). Шaйбани әулеті Шыңғыс ханның тұңғышы Жошының бесінші ұлы Шайбаннан тарайды. Әулеттің негізін салушы Әбілхайыр ханның немересі, шаї Будақ сұлтанның баласы Мұхаммед Шайбани хан Дешті Қыпшақ даласы үшін болған соғыста қазақ және ноғай билеушілерінен жеңілгеннен кейін 1500 жылы Мауераннахр мен Хорасандыбасып алып, өз билігін орнатты. Бірақ 1510 жылы Иран шаїы Сефеви әулетінен шыққан Исмаил Қ оны Мерв түбінде талқандады. Шайбани ханның мұрагері Кучкуни хан (1510 — 30) өліп, оның ұлы Абусаидтың (1530 — 33) билігінен кейін мемлекет басына немересі Убайдулла хан (1533 — 39) келді. Шaйбани әулетінің билеушілері өздерін Темір әулетінің мұрагерлері деп есептеді. Әулеттің ең көрнекті өкілі Абдулла хан ҚҚ болды. Оның қаза табуы және баласы Абдал Муминнің өлтірілуімен Шайбани әулеті биліктен кетті. Оның соңғы өкілі Пір Мұхаммед ҚҚ-нің өзі де билік үшін қырқысу соғысында қаза тапты. 1599 жылы билікке Аштархан әулеті келді. Бұл Жошының Орда деген баласынан тарайтын және шешесі жағынан Шайбани әулетімен байланысатын жаңа өзбек әулеті еді.

3.Қазақ жеріндегі сауда мен жәрмеңкелер

Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен бен А. Һерман 19 ғасырда ұсынған.Ұлы Жібек жолы-адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырғын көпір болғын.Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында VI ғасырдан бастап, екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып,Шығыс Түркістан Қашғар арқылы Жетісуға, содна Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен. Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғандығын ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер дәлелдейді. Шаштан (Ташкенттен) жол Гизгирдқа, Испиджабқа келіп, одан әрі керуен Таразға бағыт алған. Тараздан солтүстікте Адахкет, Дех-Нуджикет қалалары орналасқан қимақтарға, оңтүстікте өздерінің туған өлкесінде - Шельдяни, Куля және т.б. қалаларға тірелген. Сондай-ақ Тараздан Төменгі Барысханға, одан әрі Құлан, Мерке арқылы Аспараға жететін болған. X ғ. бастап Ӏле жазығындағы сауда жолы арқылы керуендер жүре бастайды. Осы жерден Ӏле Алатауының көпестері қазіргі Алматы мен Талғардың елді мекендеріне жолға шыққан. Талғарда жол қазіргі Шелек, Есік, Кеген аудандарында, Подгорныйға, одан әрі Шонжаға иек артады. Алакөл ауданында жол тармақталады. Екіөгіз, Қиялық, Көктем керуен жолдарымен Шығыс Түркістанға, Алтайға, Моңғолияға шығуға болатын еді. Сырдария қалаларын байланыстыратын жолдардың маңызы орасан зор. Ол Испиджабтан басталып, солтүстік-батыста - Арсубаникент, Арыс, Кедер, Шавгар, Сауран, Сығанаққа әкелетін. Сығанақтан Жентке және Янгикентке тірелген. Исфиджабтан солтүстікке қарай түскен жол Қүмкент, Аба - Ата, Созаққа барады. Одан әрі Орталық Қазақстанның жазық жерлері арқылы Кеңгір, Жезді, Нұра далаларына шығады. Атаулы керуен жолы XX ғ. басына дейін сақталып келді, тіпті, Ресей, Қазақстан және Орта Азияның қалалары мен елді мекендерін байланыстырып отырды, оған жақын жерлерде жәрмеңкелер ұйымдастырылды.Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар тұрғын үйді (киіз үй), ат әбзелдерін жасау өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік бұйымдарды соғуды, бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған. Осының бір айғағы - Есік және Аралтөбеқорымдарынан табылған «Алтын киімді адам» ескерткіштері, Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылған олжалар, ежелгі Түрік жазба әдебиетінің орхон ескерткіштері.Жәрмеңке — жылдың белгілі бір мерзімдерінде сауда-саттық ұйымдастырылып отыратын орын. Жәрмеңке сөзі неміс тіліндегі сөзінен туындаған.

Мұндай сауда орындарының Қазақстан аумағында ғұн дәуірінен бастап ұйымдастырыла бастағаны тарихтан белгілі. XIX ғасырдың 30 жылдарында Қазақстанның көптеген қалалары мен елді мекендерінде Жәрмеңкелер көптеп ашылды.Бөкей ордасындағы, Шортанды, Семей, Көкшетау, Ақмола, т.б. Жәрмеңкелер қазақ жеріндегі сауда айналымының өсуіне, айырбас көлемінің артуына ықпал етті. Ресей, Қытай, Моңғолия, т.б. мемлекеттермен сауда байланыстарын жүргізуде Қазақстанның әр түкпіріндегі Қоянды (Қарқаралы уезі), Ойыл (Ақтөбе), Қарқара (Верный, Жаркент уездері),Әулиеата, Тайынша көл (Петропавл уезі), Шар (Семей уезі) Жәрмеңкелері маңызды рөл атқарды. Жаздық және күздік болып бөлінетін Жәрмеңкелер саны 19 ғасырдың соңында Ақмола облысында 40, Семей облысында 14-ке жетті. Олардың ішінде ең ірісі болған Қоянды Жәрмеңкесінде мемлекеттік банк бөлімшесі, почта, телеграф жұмыс жасады.

19 ғасырдың соңына қарай ашылғанына қарамастан, Қарқара жәрмеңкесі ірі Жәрмеңкелердің қатарына тез қосылды.Саудагерлер Жәрмеңкелерге әкелген тауарларды жергілікті мал шаруашылығы өнімдері (тері, жүн, киіз, мал), азиялық тауарлар (халат, кілем, жібек және қағаз, ат әбзелдері, кептірілген жеміс-жидектер), еуропалық заттар (ұн, балауыз, сабын, шай, қант, темір, фарфор бұйымдары), т.б. деп топтауға болады. Алайда, сату және сатып алудың жетекші тауары мал өнімдері болған. Жәрмеңкелерде сауда-саттықпен қатар, қазақ халқы мен басқа да ұлт өкілдерінің өнерпаздары мен спортшыларыөнерлерін көрсетіп, мәдени шаралар да өткізіліп тұрды. Ақан сері, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Майра Уәлиқызы, Әміре Қашаубаев, т.б. сияқты халық арасынан шыққан әнші, сазгерлер мен балуандар осы Жәрмеңкелерде халыққа өз өнерлерін тамашалатып отырған .Жәрмеңкелер қазақ даласындағы экономикалық өмірді жандандырып, ұлттық өнерді ел арасына тарату қызметін де атқарды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қайта жаңғырған Қарқара жәрмеңкесі (Алматы қаласында) жаңа техника мен технологияны, тауарларды сату мен тарату, еліміздің табиғи байлықтарын насихаттау, инвестициялар тарту, т.б. қызметтер атқаратын жүйелі орын болып отыр Қазақ жерінде тауар-ақша қатынастары бірден-бірге дами берді. Оған жәрмеңкелік сауда жасаудың зор ықпалы тиді. Қазақстандағы Қызылжар, Семей, Актөбе, Көкшетау, Гурьев, Орал, сондай-ак, көрші Ресей губернияларындағы Омбы, Қорған, Түмен, Орынбор, Ірбіт, Төменгі Новгород қалалары ірі сауда орталықтарына айналды, оларда жазғы және күзгі кездерде жәрмеңкелер жұмыс істеді. Қазақстан орыс кәсіпшілігі үшін мал, шикізат жеткізуші әрі өндіріс өнімдерінің тұтынушысы болды. Қазақтар жәрмеңкелер мен айырбас пункттеріне қой, жылқы, ұсақ және ірі қара малдары мен май, былғары, тері, өлтірі, ешкі түбітін, арқан жеткіз

Билет№14