- •1.Қазақстан аумағындағы тас дәуірі
- •2. 18 Ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
- •3.C.Датұлы бастаған көтеріліс.
- •Билет№2
- •1.Темір дәуіріне сипаттама
- •3.Қазақ жеріне жоңғар шапқыншылықтары
- •1.Темір дәуіріндегі тайпалар(ғұндар,сақтар,үйсіндер)
- •2.Батыс Түрік қағанаты.
- •3.Қазақ хандарының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестері.
- •2.Түргеш қағанаты
- •3.Кіші жүздің Ресейге қосылуы
- •3.Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы.
- •2.Қарахан мемлекетімен Қарақытайлар мемлекеті
- •3.Бөкей хандығының құрылуы
- •1.Грек тарихшыларының деректері
- •2. Қазақстандағы 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтеріліс
- •3.Шынгыс ханнын Орта Азия елдерін жаулап алуы және Ұлыстар тарихы
- •1.Қаңлылар(3 билет,1 сұрақ)
- •2.Алтын Орда
- •3.Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
- •1.Сарматтар
- •2.Моғолстан мен Темір мемлекеті
- •3.Қазақтардын 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.
- •1.Үйсіндер(3 билет,1сұрақ)
- •2.Қазақ хандығы.
- •1.Андрон мәдениеті
- •3.Қазақ хандары тарихынан.
- •1.Ежелгі адамдар тарихы
- •2.Жәңгір ханның ел басқарудағы ерліктері
- •3.19 Ғасырдың 80-90 жылдарындағы әкімшілік реформалар
- •1.Қазақ халқының қалыптасуы туралы аңыздар
- •2.Әбілхайыр хандығы
- •3.Қазақ жеріндегі сауда мен жәрмеңкелер
- •1.Қазақстанда табылған Алтын адамдар тарихы.
- •2.Найман,Керей,Жалайырлар
- •3.Қазақстанның Ресеймен және Қытаймен сауда байланыстарының дамуы
- •2.Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
- •1.Ғұн мемлекетінің пайда болуы
- •1.Халықтардың Ұлы қоныс аударуы және Аттиланың батысқа жорығы.
- •2.Ұлы Жібек жолының тарихы және Қазақстандағы сілемдері
- •3.Перовский,Циммерман,Куропаткин,Черняев әскерлерінің жорығы
- •1.Тас дәуірінің Қазақстандағы тұрақтары
- •2.Қыпшақ хандығы
- •3.К.Қасымұлы баастаған көтеріліс
- •1.Шілікті ескерткіштері
- •2.Ислам дінінің таралуы
- •3.1867-1868 Жылдардағы реформаның барысы
- •1.Палеолит заманының тарихына сипаттама
- •2.Ортағасырлық сәулет ескерткіштері
- •3.Қазақ жеріндегі жәрмеңкелер
- •1.Орта тас ғғасырына сипаттама
- •1.Аталық рудың қалыптасуы.
- •2.1836-1838 Жылдары Бөкей ордасында болған шаруалар көтерілісі
- •2.Қ.А.Яссауидің тарихы
- •3.Хіх ғасырда қазақ халқының мәдениеті мен өнері
- •1.Палеолиттің ескерткіштері
- •3.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерліс
- •1.Томирис пен Заринаның ерліктері
- •2.Ноғай Ордасы
- •3.Қазақстан-Қытай сауда байланыстары
- •1.Савромат тайпаларының қорымдарына сипаттама
- •1.А.Макеодонскийдің сақ жеріне жорығы
- •2.Түркі халықтарының наным-сенімдері
- •1.Ежелгі замандарда діни қөзқарыстарының дамуы
- •1.Шығыс Қазақстанда Темір дәуірі
2.Қ.А.Яссауидің тарихы
Қожа Ахмет Йассауи– түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Йассауидың арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі –Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Ахмет Йассауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Йассауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Йассауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жылы қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Йассауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қожа Ахмет Йассауидың өмірі мен қызметі туралы Жазба деректерде (Хазини, “Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Биһар”) оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсететін деректер болғанымен, соңғы зерттеулерде оны теріске шығаратын тұжырымдар айтыла бастады. Қожа Ахмет Йассауидың алғашқы шәкірті – Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті – Сайид Ата Хорезми, үшінші шәкірті – Сүлеймен Бақырғани. Осылардың ішіндегі ең көрнектісі – Бақырғани (Хакім Ата) (Кашифи, “Рашахат-ул айн-ил хайат”). Тағы бір танымал шәкірттерінің бірі Мұхаммед Данышменди сопы Қожа Ахмет Йассауидың “Мират-ул Қулуб” атты мұрасын хатқа түсірді. Сондай-ақ Садр Ата, Бадр Ата, Қажы Бекташ Әулие, Сары Салтұқ, Шейх Лұқпан Перенде сияқты тұлғалар да Қожа Ахмет Йассауидың шәкірттері саналады. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.«Диуани Хикматтан» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.
3.Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоны аударуы
Қазақстан тарихындағы белгілі оқиғалардың бірі – ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу өлкесіне қоныс аударуы. Маньчжур-Цин әулетіне қарсы 1862-1877 жылдары ұйғырлар мен дүнгендер азаттық күреске шықты. Бұл күреске қырғыз, өзбек, қазақ және торғауыттар да қатысты. Қоқан әскери басшысы Якуб бек жеңіске жетіп, Қашғар, Үрімші қалаларының дүнгендік одағы басшылық еткен ұйғыр мемлекеті (Жетішар) құрылды. Көтеріліс басылғаннан кейін Жоңғария мен Шығыс Түркістан Цин империясының жаңадан құрылған провинциясы – Шыңжан болды. Ұйғыр мен дүнгендерге қысым күшейтілді. Қоныс аударудың басты себебі осыған байланысты болды.
1881-1884 жылдары ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу өлкесіне қоныс аударуы ірі миграциялық құбылыс болды. Алғашқыда 45 мыңнан астам ұйғыр, 5 мыңдай дүнген Жетісу мен Солтүстік Қырғыз өңіріне қоныстанды. Қазіргі Алматы облысының жерінде алты ұйғыр болысы ұйымдастырылды. Ұйғырлар негізінен егін шаруашылығына қолайлы Шелек, Талғар, Үсек, Шарын өзендерінің бойында орналасты. 1897 жылғы санақ бойынша, ұйғырлар – 55999, дүнгендер – 14136 адамға көбейді. Қоныстанушы әрбір дүнгенге берілген жер көлемі 3 десятинадан аспады. Оларға қолмен суландырылатын жерлер бөліп берілді. Үстем топтар кедейлердің жерін арзан бағамен сатып алып, олардың жағдайын тіпті қиындатты. Верный уезінің Жаркент болысында ауқатты ұйғыр Вали Ахун Юлдашев кедей ұйғырлардың 10 мыңнан астам десятина жерін өзіне жалға пайдалануға алды.
Ұйғыр халқының музыка өнері, әні мен биі жөнінде ғалым-саяхатшылар ШУәлиханов, В.И.Роборовский, Н.М.Пржевальский секілді Ресей мәдениетінің белгілі өкілдері терең ой-пікірлерін айтты. Дүниежүзілік мәдениет қорына жататын “Он екі мұқам” деп аталатын Мусса бен Айса Сайрамидің еңбегі 1905 жылы Қазан қаласында басылып шықты.
Ұйғыр, дүнген халықтарының Ресей құрамында өркендеп, дамуы осынау көне мәдениетке жаңа мазмұн берді.
2.Қаңлылардың шаруашылығы.
Ежелгі Құлата қаласының орнынан 50 гектар жерді алып жатқан металл өңдеудің ірі орталығы табылды. Кенді балқыту үшін дөңгелек және төрт бұрышты пештер пайдаланылды. Бұл пештер кен өндіретін орындарға жақын орналасқан.
Қаңлылар жерінде металл өндірісі, әсіресе темір ұсталығы, қола құю, зергерлік ісі дамыған. Металл өндірісінің орталығы Шаш-Илақ аймағындағы қалалар мен қоныстар болды. Бұл аймақта алтын, күміс, темірді өндіру және өңдеу кәсібі дамыған.
Қазақстанның оңтүстігіндегі егіншілікке қолайлы жерлерде қаңлылар отырықшы тіршілік еткен. Арал өңірінде, Ташкент алқабында отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады. Cырдария аңғарларында дәнді және бау-бақша дақылдары өсірілді. Жерді тас және металл кетпендермен өңдеді.
Егістікті суару үшін Шыршық өзенінің оң жағалауында 20 шақырымдық Зах каналы, сол жағалауынан Ханарық арығы қазылды. Қаңлыларда тәлімді егіншілік басым болған. Астықты арнайы қыш көзелер мен ыдыстарға салып, ұра-шұңқырларда сақтаған.
Қаңлы елінің жері арқылы Ұлы Жібек жолы өткен, сондықтан қаңлылар бірқатар елдермен сауда қатынасын жасаған. Отырар ескерткішінен Балтық бойынан әкелінген кәріптастан (янтарь) жасалған моншақ табылды. Сирияның көгілдір фаянсынан тізілген моншақтар Жетіасар, Отырар, Ташкент алқаптарындағы қабірлерде кездеседі.
Зерттеушілер Сырдария аймағынан б.з.б. 3-4 ғасырларда соғылған 1300 теңге тапты. Отырар алқабындағы Мардан қорымдарынан б.з.б. 2 ғасырға жататын Қытай теңгелері табылды.
Қаңлылар Ұлы Жібек жолының Кавказ бен Қара теңізге қарай кететін бағытын бақылап отырды.
Сырдария мен Арал аймақтарындағы ескерткіштер арасында Қара теңіз бойынан, Ираннан, Сириядан, Үндістаннан, Қытайдан әкелінген заттардың кездесуі қаңлылардың сауда қатынасының жақсы өрістегенін білдіреді.
Қаңлы әйелдері арасында қолөнердің жүн өңдеу кәсібі жақсы дамыған. Олар жүннен киіз басып, иірілген жіптен киім, түрлі төсеніштер тоқыған.
