Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеттері каз тарих.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
293 Кб
Скачать
☆

3.Қазақ жеріндегі жәрмеңкелер

Қазақстандағы неғұрлым атақты ірі жәрмеңкелер Қарқаралы уезіндегі Қоянды-Ботов, Ақмола уезіндегі Константинов-Еленов, Атбасар уезіндегі Петров, Орал облысындағы Ойыл және Темір, Верный уезіндегі Қарқара, Жаркенш, Сырдария облысындағы Әулыеата, Семей уезіндегі Шар, Павлодардағы Тайыншакөлжәрмеңкелері болды.

1900 жылы қазақ өлкесінде 104 жәрмеңке бар еді. Олардағы сауданың жылдық айналымы 32,7 миллион сомға дейін жетті.

Жәрмеңкелерге әкелінетін тауарлар үш топқа бөлінетін. Қазақтардың тауарлары мал және мал өнімдері, тері-терсек, жүн-жұрқа, киіз, текемет сияқты заттар болатын. Жәрмеңкелерге Ресейдің еуропалық бөлігінен киім-кешек, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтар, үн, шай, қант, білтелі шамдар, сабын, фарфордан және темірден жасалған тұрмыстық бұйымдар жеткізілетін. Ал Орта Азия саудагерлері ор түрлі шапан, кілемдер, жібек және мақта-мата кездемелерін, ертұрман әбзелдерін, сондай-ақ кептірілген жеміс-жидек өнімдерін сататын.

Жәрмеңкелік сауданың дамуы, сатылатын малдың құрамы да өзгеріске ұшырады. Орыс көпестері бұрын көбіне жылқыға құмар еді, енді мүйізді ірі қара-сиыр малына деген сұранысын күшейтті. Ресей қалаларының сиыр етіне деген қажеттігі арта түсті. Мұның өзі сиыр түлігін көптеп өсіруге алып келді. Сиыр малын өсіретін негізгі аймақтар Семей, Торғай, Ақмола және Орал облыстары болды.

Билет№21

1.Орта тас ғғасырына сипаттама

Мезолит — орта тас ғасыры, палеолит пен неолит аралығындағы тас дәуіріне жататын кезең. Мезолитте мамонт, мүйізтұмсық сияқты ірі және табын болып жүретін аңдар жойылып кетті. Жеке жүретін бұғы, қабан секілді аңдарды қуып аулау қажеттігінен аңшылар садақ пен жебені ойлап тапты. Садақ аңды алыстан атуға мүмкіндік берді. Сондықтан мезолит дәуірінің басты жаңалығы садақ пен жебе болып есептеледі.

Бұл дәуірдің үлкен жаңалығының бірі — ұзындығы 1-2 см ұсақ жаңқа тастан жасалған құрал (микролит).

Археологтардың қазба жұмыстары кезінде мезолиттік ескерткіштер аз табылды. Қазақстан аумағында 20-дан астам мезолиттік тұрақтар белгілі. Бұл дәуірде аңшылар бір жерде ұзақ мекендемегендіктен, олардың баспаналары да тұрақты болмады. Мезолит дәуіріндегі адамдар үнемі жайылымдарын ауыстырып, өрістеп отырған аңдардың соңынан ілесіп көшіп жүрді. Аңшылар Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Жайық өзендерінің бойын мекендеген.

Мезолиттік баспаналар тұрақты болмады. Баспаналар жеңіл қос секілді, ағаштан айқастырып құрылып, үстінен аң терісін жабылатын. Есіл өзені аңғарынан қабырғалары терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр болатын осындай баспана табылды.

Б.з.б. 8 мыңжылдықта күн жылынып, қолайлы климат орнады. Мұндай жағдайда жылы үй салу аса қажет болмады.

Палеолиттің соңы мен мезолиттің басында үлкен табиғи-климаттық өзгерістер жүріп жатты. Жер бетін басқан алып мұздық еріді, қазіргіге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар түрлері қалыптаса бастады. Мезолит дәуірі б.з.б. 12-5 мыңжылдықтар аралығын қамтиды.

Ғалымдар мезолит дәуірінің ерекшеліктері ретінде жануарларды қолға үйрету мен дәнді дақылдарды өсіруді айтады. Терімшіліктің дамуы алғашқы қауымдық егіншілікке алып келді. Адамдар жерге жабайы өсімдіктерді еге бастады. Аң аулаудан мал өсіру қалыптасты.

Мезолит заманында рулық қауым күшейді. Қауым үш топқа бөлінді: қариялар, ересектер, балалар. Балалар тобынан ересектер тобына өту бағыштау ғұрыптары (инициация) арқылы жүзеге асырылды. Ұлдар аң аулаудан, садақ атудан, ал қыздар үй шаруасынан, тамақ дайындаудан сынақ тапсырды.

Егіншіліктің шығуы әйелдер еңбегіне байланысты болған. Алғашқы егіншілер жерді таяқ қазғышпен қопсытты, кейін қайланы, үшкір тас бекітілген тесені ойлап тапты. Егінді оратын тас орақты және дәнүккішті жасады.

2.Тәуке хан тұсында Қазақ хандығы.

Тәуке хан (1680-1715) билік еткен жылдары қазақ хандығы орталықтандырылған мемлекет болып қала берді. Қазақ хандығында бейбіт өмір орнады, заңдар қатаң сақталды, тайпааралык алауыздык азайды. Шиеленіскен ірі даулар мен айтыс-тартыстар беделді билердің тікелей араласуымен шешіліп отырды. Барымта-карымта, жайылымдар мен су көздерін бөлісу жөніндеп алауыздықтар мейлінше азайды. Қазақтың әскери жасақтарының жауынгерлік кабілеті күшейді. Ішкі ауызбірліктін арқасында елдің орасан зор аумағының тұтастығы сақталды. Қазақтар солтүстігінде орыстардың Тара қаласынан бастап, оңтүстігінде Ташкент қаласына дейінгі, батысында Жайық (Орал) өзенінен бастап, шығысында Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді иеленді. Қазақтардың Еділ (Волга) өзені аймағында көшіп-қонып жүрген кездері де болды. Тәуке хан тарихқа «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаған билеуші ретінде кеңінен танылды. Оның кезінде құрамында қазақ даласының данышпандары атанған аса беделді Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бар билер кеңесі құрылды. Олардың жеке тұлғалары мен аттарының өзі бүкіл қазақ халқының және Қазақ хандығының бірлігі мен біртұтас топтасқандығын білдірді. Тәуке ханның кезінде қазақтардың үш жүзінің ең таңдаулы да беделді деген өкілдері жыл сайын бас қосып, аса маңызды мәселелерді талқылап, шешім қабылдап отырды. Ондай жиын Оңтүстік Қазақстанның аумағындағы Күлтөбе деген жерде өтіп тұрды. Атақты ханның ордасы орналасқан қала қасиеттіТүркістан болды. Есім ханның баласы Жәңгір 1628-1652 жылдары хан болған. Қазақ халқы оның жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір атады. 1643 жылы жоңғардың қалың қолы қазақ жеріне басып кіріп, Орбұлаққа бекінген Жәңгір ханның 600 cарбазы жоңғардың 50 мың әскеріне қарсы тұрды. Көмекке Самарқан қаласының әкімі Жалаңтөс батыр 20 мың қолмен келеді. Орбұлақ шайқасы халқымыздың тарихындағы өшпес жарқын беттердің бірі.

Жәңгірдің баласы Тәуке хан 1680-1715 жылдары ел басқарып, көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіреті күшті хан болды. Ол ішкі феодалдық тартыс пен бытыраңқылықты жоюға тырысты. Бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға күш салды. Тәуке хандық билікті күшейту мақсатын көздеп, билерге арқа сүйеуге, сұлтандардың билігін шектеуге тырысты. “Хандық кеңесте” билер негізгі рөл атқара бастады. Билер хандықтың ішкі өмірі мен сыртқы саяси істердің аса маңызды мәселелерін шешіп отырды. Тәуке хан билігінің бір бөлігін билерге беру арқылы ықпалды билерді мемлекеттік істерді шешуге, елді басқаруға тартты. Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің қатысуымен “Билер кеңесінің” құрылтайын сәтті ұйымдастырып отырды. Тәуке ханның басты мақсаты – ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды реттеуге күш салу. Құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылымның негізгі белгілерін айқындайтын “Жеті жарғы” нормалар жиынтығын үш бидің қатысуымен жасады. “Жеті жарғыда” қарастырылған мәселелер: Жер дауы. Үй-іші мен бала тәрбиелеу. Ұрлық-қарлық, барымта. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау. Ұлтын жаудан қорғау. Құн дауы. Жесір дауы. “Жеті жарғы” рулар мен тайпалар арасындағы алауыздықтарды, үш жүз арасындағы қайшылықтарды бәсеңдетті. Ел бірлігін сақтауға, хандық биліктің заң негізінде күшеюіне үлес қосты.

Төле Әлібекұлы (1663-1756) Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Төле би өз өмірін елінің бірлікте, ынтымақта болуына арнаған. Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764) Сырдария жағасындағы бір ауылда дүниеге келіп, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізген. Қазыбек би Тайкелтір бимен бірге қалмақ ханына барып, алмастай өткір сөзімен оны жеңіп, малын да, жанын да түгел алып қайтқан. Әйтеке Бәйдібекұлы (1682-1766) – атақты Жалаңтөс батырдың ұрпағы. Шын есімі – Айтық. Кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі. 1710 жылы жоңғар шабуылын тойтару мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Хандық жасақтары құрылды. Қазақ жасақтары жоңғарларды талқандап, шығысқа қарай ығыстырды. Қазақ хандығындағы ірі шонжарлар арасындағы алауыздық пен енжарлық жаудан қорғану үшін халықты жұмылдыруға кедергі келтіріп отырды. 1715 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін жағдай қайтадан ауырлап кетті.

3.ХІХ ғасырда Қазақ жерін Зерттеуге келген орыстың зиялы өкілдері

19 ғасырдың II жартысы – орыс демократиялық мәдениетінің көтерілген кезеңі. Қазақстанды игерудің барысы және орыс-қазақ қатынастарының тереңдеуі өлкені зерттеуді кеңейту қажеттігін туғызды. П.П.Семенов-Тяньшанский (1827-1914) Алтайға, Жетісу мен Орта Азияға саяхат жасады. Оның басшылығымен дайындалған “Ресей. Отанның толық географиялық сипаттамасы” деген еңбектің “Қырғыз өлкесі”, “Түркістан өлкесі” атты екі томы Қазақ өлкесі мен Орта Азияға арналған. Саяхатшы ғалым Верный, Семей қалаларында болды.

Көрнекті зерттеуші Л.Мейер “Орынбор ведомствосының қырғыз даласы” еңбегінде Кіші жүз тарихын жан-жақты сипаттады.

М.Красовский “Сібір қырғыздарының облысы” еңбегінде қазақ халқының шығу тегіне көңіл бөлді. А.Н.Добросмыслов Қазақ жерлерінің Ресей құрамына қосылу дəуірін толық зерттеді. Оның “Торғай облысы. Тарихи очерк” еңбегінде Қазақстанның саяси дамуы жөнінде сирек кездесетін мәліметтер сақталған.

Шығыс зерттеушісі, академик В.В.Радлов (1837-1918 ж.ж.) Іле алқабын, Жетісуды зерттеді, халық ауыз əдебиетінің үлгілерін жинақтады.

Украин ақыны Т.Г.Шевченко 1847-1857 жылдары Қазақ өлкесінде айдауда болып, шығармаларын қазақ тақырыбына арнады. “Қазақ шаңырағы”, “Атқа мінген қазақ”, “Байғұстар” суреттерінде қазақ халқының тұрмысын бейнелеген. “Менің ойларым” өлеңінде қазақ және украин халқының өмірін салыстыра жырлайды.

Билет№22