Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гиста Прак. әдіс. ЖМФ.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

6. Әдебиеттер:

Қазақ тілінде

Негізгі:

1. Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді/ Ж.О.Аяпова. Алматы: «Кітап» баспасы. – 2005. - 285 б.

РМҚМ «СММА»

САПА ҮЛГІСІ

Практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

G-041.07.01.13-2007

Рев.02 Ревизияға кіріскен күн 01.08.2007орнына:

Рев. 01. 01.06.2005

беттен

2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. – Алматы: «Эффект» баспасы, 2006. – 411 б.

3. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. / П. Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов. - Астана, 2005. – 400 б.

Қосымша әдебиет:

1. Гистология: Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау: Еркін и К – ХХI, 2004.

2. Цитология, жалпы эмбриология және гистология негіздері. Рысұлы М., Омаров К. / ҚР БМ Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті. – Алматы: Ғылым, 1996. – 224 б.

3. Цитология. Нұрышева А., Нұрышев М. Алматы, Карасай, 2006.

4. Гистология және эмбриология негіздері (оқулық). Нұрышев М. – Алматы:Санат, 1998. – 160б.

7. Бақылау

Бастапқы білім деңгейін бағалауға арналған бақылау сұрақтары:

1. Сыртқы құлақтың құрамын атаңыз.

2. Ортаңғы құлақ құрамына қандай құрылымдар енеді?

3. Көру мүшелерінің шығу тегі.

4. Көз алмасының фиброзды қабығының компоенттерін атаңыз. Оның тіндік құрамы қандай?

5. Диоптрикалық аппараттың компоненттерін атаңыз. Құрылсын сипаттаңыз.

6. Көздің аккомодациялық аппаратына қандай элементтер енеді?

7. Көздің торлы қабығының нейрондық құрамы.

8. Иіс сезу мүшелері қайда орналасады?

Бастапқы білім деңгейін бағалауға арналған тесттер.

Студенттердің қорытынды білім деңгейін бағалауға арналған бақылау сұрақтары:

1. Көздің қасаң қабығында қандай қабықтарды ажыратады?

2. Қасаң қабықтың тұнықтығын қандай факторлар қамтамасыз етеді?

3. Нұрлы қабықтың қабаттарын атаңыз.

4. Торлы қабықтың фоторецепторлы жасушалары қандай ультромикроскопиялық ерекшеліктерімен сипатталады?

5. Торлы қабықтың ассоциативті нейроциттерін атаңыз және функционалдық маңызын атаңыз.

6. Көру мүшелерінің жасқа байланысты өзгеруін атаңыз.

Студенттердің қорытынды білім деңгейін бағалауға арналған тапсырмалар:

1. Адам қараңғыда нашар көретін болған, ал жарықта көру қабілеті өзгермеген. Бұл торлы қабықтың қандай рецепторлы аппараты мен қандай құрлымдық – функционалдық өзгерістермен байланысты болуы мүмкін?

2. Тәжірибелік жануарларға ұзақ мерзім А дәрумені берілмеген. Нейросенсорлы жасушаларда қандай функционалдық өзгерістерді күтуге болады?

3. Науқас адамның көру анализаторларының қыртысты бөлімі зақымдаңған. Қандай қызмет бұзылуы мүмкін?

4. Тәжірибе жасауда жануардың қасаң қабығының эпителиі жарақаттанған. Регенерация процесі мүмкін бе? Егер мүмкін болса, онда қандай жасушаларға байланысты?

5. Науқас адам жақыннан жақсы , алыстан нашар көреді. Мұндай жағдай көз алмасының қандай құрылымдары қызметінің бұзылуына байланысты болуы мүмкін?

РМҚМ «СММА»

САПА ҮЛГІСІ

Практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

G-041.07.01.13-2007

Рев.02 Ревизияға кіріскен күн 01.08.2007орнына:

Рев. 01. 01.06.2005

беттен

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ