Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция эт.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151 Кб
Скачать
☆

9.3. Капитал иесінің факторлық табысы ретіндегі пайыз

Пайыз – бұл капиталды пайдаланғаны үшін, іс жүзіндегі капиталистің ақша иесіне төлейтін төлем. Іс жүзіндегі капиталистің қалған бөліктегі пайдасы кәсіпкерлік табысты құрайды.

Несиелі капиталдың қолдану нәтижесі пайыздың мөлшерлемесі немесе мөлшерімен анықталады (несиелі капиталистің пайызда көрсетілген, табыс сомасының несиелі капитал сомасына қатынасы).

Қазіргі заманғы экономикалық теория осы ресурстарды сатып алуға болатын ақша тапқанша күтудің орнын, бұл ресурстарды қазір алу үшін адамдар төлейтін баға ретінде пайызды түсіндіреді. Уақыт факторының есебі мынаны түсінуге мүмкіндік береді: мерзімді салым ақшаның уақыты ұзақ болған сайын, бұл жинаққа пайыз түріндегі табыс жоғары болады.

Сұраныс пен ақша (М) ұсынысы негізінде пайыз көлемін анықтауға болады. Ақша (МД) сұранысының өсуі мен ақша ұсынысы (MS) азайғанда, пайыз деңгейі өседі. Бұл графикада төменде көрсетілген (13.5.-сурет).

МД MS

Пайыз деңгейі,

Ақша сұранысы мен ұсынысы

9.5.-сурет. Ақша сұранысы мен ұсынысының қисықтары

Пайыздық мөлшерлеменің нақты көлеміне несие берілетін мерзім мен оның көлемі, несиенің берілуі кезеңіндегі тәуекел деңгейі әсер етеді.

Пайыз санатын талдау кезінде атаулы және нақты пайыздық мөлшерін бөлу маңызды. Атаулы мөлшер – бұл инфляция қарқынының есебінсіз пайыздың ағымдағы рыноктық мөлшері. Нақты мөлшер – күтілетін инфляция қарқынының есебіндегі атаулы мөлшер.

9.4. Жер рентасы – жер иесінің факторлық табысы

Жер – көлемі қатаң шектелген өндіріс факторы болып табылады және соған байланысты жерге ұсыныс тіптен икемді емес. Экономикалық рента көлемі немесе қоры қатаң шектелген жерді және басқа да табиғи ресурстарды пайдалануға төлемді көрсетеді. Сондықтан жер рентасының көлемі бірінші кезекте, жерге сұраныспен анықталады. Сонымен бірге рента мынаған байланысты әр түрлі:

а) табиғи жағдайы (климаты, жер қыртысының түрлері және т.б.)

ә) жер қыртысының құнарлығы;

б) жердің орналасуы (өнімдерді өткізу мен ресурстарды рыногынан

қащықтығы және жақындығы) жақсы сипаттамалы жердің үлкен

рента әкелетіні – табиғи нәрсе.

Экономикалық ғылымда рентаның келесі түрлерге бөлінеді: дифференциальды, абсолюттік және монополиялық.

Қоғамның жердің шектелуіне байланысты құнарлығы нашар алқаптарды да айналымға қосуға мәжбүр. Дифференциальды ренталардың пайда болу көзі сапасы бойынша жақсы және оташа жер алқаптарында жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің өндіретін еңбегі болып табылады. Сонымен бірге, табиғи құнарлы жер қыртысымен байланысты дифференциацияланған I-рента мен жер қыртысының жасанды құнарлылығымен (құнарлығын көрсету мақсатында жердің өңдеуден өткізілуі) байланысты II-рентаны бөледі.

К. Маркс өнеркәсіппен салыстыру бойынша, ауыл шаруашылығындағы капиталдың төмен органикалық құрылымына байланысты абсолюттік рента деп бөледі. Қазіргі заманғы батыстық және Ресейлік экономикалық ғылым абсолюттік рентаны бұл жағынан қарастырмайды.

Монополиялық рентаның пайда болу себебі деп, ауыл шаруашылығының кейбір сирек өнімдеріне немесе аталған табиғи-климаттық аймақта өсірілген, сондай-ақ, сирек пайдалы қазбаларға қойылатын монополиялық бағаны есептейді.

Барлық әлемде рента – бұл есеп айырысу көлемі, ол шаруашылықтың рыноктық тетіктермен белгіленбейді. «Жиынтықты» дифференцияльды рентаны анықтау әдісі келесі жағдайда қалыптасады:

ДР = ЧД – ЧДн,

мұнда, Д.Р. – дифференцияльды рента;

ЧД – бағаланған жер алқабының таза табысы;

ЧДн – «қалыпты» жер алқабының таза табысы (шығынның «тұйықталған» деңгейіндегі нөлдік экономикалық пайда).

Рентаның мөлшерін анықтау үшін Ресейде 1 гектар жердің есебіндегі өнімділігінің бағалық көрсеткіштері, (сомдағы жалпы өнім мен центнердегі азықтық бірлік), бағалау шығындары, жалпы өнімнің өндіру құнының көрсеткіштері пайдаланылады.

Қазақстан ғалымдары жер рентасының мөлшерін жердің нормативтік бағасын белгілеу кезінде анықтауды ұсынады:

1 га жерден есептік ренталық табыс жерге салынған және өндіруді кеңейту үшін жалға алушымен меншіктенген капиталдың таза табысы мен орта пайдасының арасындағы әртүрлілік ретінде анықталады.

R = Чд – (Ин × Пс)

Чд = ВПн – Ин

ВПн = Ун × Цр,

мұнда, R – ренталық табыстың есеп айырысуы;

Чд – таза табыс;

Ин - өндірістің нормативтік шығындары;

Пс – капиталға салынған (бірлік үлесінде) пайданың орташа нормативтік мөлшері;

ВПн – жалпы өнімнің нормативтік құны;

Цр – ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізудегі нормативтік баға;

Ун – нормативті шығымдылық.

Жердің сұранысы мен ұсынысының қисығы келесі жағдайда көрінеді (9.6.-сурет):

S

Рента (жалдау R

төлемі

Е Д

Жер көлемі Q

13.6.-сурет. Сұраныс қисығы мен жер ұсынысы

Мұнда S – оның шектелу күшіне байланысты жер ұсынысының қисығы;

Д – жер сұранысының қисығы, нүкте;

Е – жер алқаптарының сұранысы мен ұсынысын теңестіретін жер рентасының деңгейі.