Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция эт.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151 Кб
Скачать
☆

2. Экономикалық өсудің факторы. Экономикалық өсудің жағымды және кері жақтары.

3. Экономикалық өсудің моделі.

15.1. Экономикалық өсудің түсінігі, оның өлшемі мен тұрпаты

Экономикалық өсу қоғамдық өнімді сапалы және сандық көбейтуімен, сапалы жетілдірілуімен және оның өндірістік факторымен көрінеді. Экономикалық өсу өзінің көрсетілімін нақты жалпы ұлттық өнімнің көбеюінен, елдің экономикалық күшінің нығаюынан табады. Экономикалық өсудің қарқыны нақты жалпы ұлттық өнімнің өсу қарқынының көрсеткішінің көмегімен сипатталады – бұл белгілі бір кезеңдегі уақыт ішінде нақты жалпы ұлттық өнімнің өсуіндегі пайызда көрсетілген.

Экономикалық өсу бірнеше жағдайда пайда болады:

  1. пайдаланбайтын ресурстар өндіріске бағытталғанда;

  2. өндірістің сандық факторы көбейеді;

  3. ө ндірістің бар факторлары жақсы технологияларды ашу мен пайдалануға немесе қызметкерлерді жақсы оқытуға орай, одан гөрі өнімді бола алады.

Бірінші жағдай төменде келтірілген суретпен көрсетіледі. Экономика ішкі нүкте К-ден шекарадағы өндірістік мүмкіндігі Н нүктесіне ауысады (15.1.-сурет

Екінші және үшінші жағдайда өндіріс мүмкіндігінің шекарасы СД жағдайынан СД жағдайына өзі жылжиды (15.2.-сурет

Осыдан экономикалық өсуді екі түрге бөледі: экстенсивті және қарқынды.

Экономикалық өсудің экстенсивті түрі – бұрынғы техникалық негізін сақтауына орай өндіріс факторының сандық көбеюіне қол жеткізуі.

Экономикалық өсудің қарқынды түрі өнімдерді шығару көлемін көбейтуді қарастырады және оған өндіріс факторын сапалы жетілдіру жолымен: еңбек құралдарының одан гөрі жетілдірілген түрін және еңбектің үнемді құралдарын қолдану және жұмыс күшінің мамандығын көтеру арқылы қол жеткізеді.

15.2. Экономикалық өсудің факторы. Экономикалық өсудің жағымды және кері жақтары

Экономикалық өсудің қарқыны мен сипатын келесі факторлар анықтайды:

  1. Табиғат ресурстары. Бай табиғат ресурстарына ие болу экономикалық өсу қарқынына кепілдеме бола алмайды. Оларды ұтымды және тиімді пайдалану маңызды.

  2. Еңбек ресурстары. Экономикалық өсуге жұмыспен қамтамасыз етілу деңгейі, білім сапасы және жұмысшылар күшін кәсіптік шеберлікке дайындау, оларды ұтымды пайдалана білу, еңбек өнімділігінің деңгейі, денсаулық жағдайы және т.б. ықпал етеді.

  3. Негізгі капитал. Экономикалық өсуге инвестицияның үнемі көбеюі, капиталдың жаңаруы және көбеюі, қордың қайтарылымының өсуі және қордың қарулануы маңызды.

  4. Ғылыми-техникалық үдеріс. Өнертапқыштық және жаңартпалық, оны өндіріске енгізу экономикалық өсудің маңызды факторы болады.

  5. Қоғамның жиынтық сұранысы. Жиынтықты сұраныстың жоғарғы деңгейі кәсіпкерлерді өндірістің көлемін көбейтуге ынталандырады.

Экономикалық өсудің факторларын 3 топқа бөлуге болады: ұсыныс факторы (табиғат ресурстары, еңбек ресурстары, негізгі капиталдың көлемі, технология); сұраныс факторы (жиынтықты шығындардың деңгейі) және бөлу факторы (ресурстарды тиімді пайдалану).

Экономиканың үдемелі дамуына байланысты мыналар өседі:

  1. өндіріс көлемі мен қоғам байлығы;

  2. елдің әлемдегі беделі;

  3. адамдардың материалдық қамтамасыз етілуі, олардың бос уақыты, білімі және мәдениеті;

  4. өндіріс механикаландырылады және автоматтандырылады, еңбек жағдай жақсарады және т.б. Бірақ экономикалық өсу тұтастай жағымды үдеріс ретінде бағаланғанымен, сонымен бірге, кемістіктен де арылмаған. өндіріс пен индустрияландырудың жаппай дамуы, а) адамдардың өмір сүретін ортасын былғауы мен нашарлатуы; ә) қалалардың үлкейіп, оның халқының көбеюімен, орны толмайтын ресурстарын құрту (көмір, мұнай, металл рудалары және т.б.) жұмыс күшінің мамандықтарын қажеттілікке байланысты жиі өзгертуімен жұмысты өзгертуімен; в) еңбек қызметінің қарқындауымен байланысты проблемалар туындатады.

Экономикалық өсудің факторының жалпы сипаттамасын төмендегі кесте көрсетеді (15.1.-кесте):

15.1.-кесте. Экономикалық өсу

Фактор

Фактордың сандық көрсеткіші

Толық пайдаланудың тәсілі мен тиімділікті көтеру

Тиімді пайдаланудың көрсеткіші

Табиғи ресурстар (жер, пайдалы қазбалар, ауа, су және т.б.)

Әрбір нақты түрдің көрсеткіші

Ең толық шығару, кешенді және терең қайта өңдеу

Өнімнің материалдық сыйымдылығы

Еңбек ресурстары

Еңбекке жарамды жастағы тұрғындардың саны

Білімнің өсуі, денсаулықтың жақсаруы, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру

Еңбек өнімділігі

Негізгі капитал (кәсіпорынның жабдықтары, халық шаруашылығы барлық аясының транспорт көліктері)

Бағасы

Өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру

Қордың қайтарымдылығы

ҒТП

Шығындар

НИОКР аясын дамыту, нәтижелерін пайдалану

Өндірістің тиімділігін көтеру