Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция эт.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151 Кб
Скачать
☆

Сұраныс заңы.

Сұраныс белгілі бір жерде, белгілі бір уақытта сатып алушлар сатып алу мүмкіндігі болатын және сатып алғысы келетін тауарлар мен қызметтің санын байқатады. Сұраныс заңында айтылады: сұранысқа ықпал ететін, барлық басқа факторлардың тұрақты болған кезінде, сатып алушылар сатып ала алатын және сатып алғысы келетін тауардың құны төмен болған сайын, сонша оның саны көп болады.

Сұранысқа ықпал ететін факторлар:

  • Тауар мен қызметтің бағасы

  • Сатып алушылар ұнату қаблеті

  • Тұтынушылардың табысы

  • Үй шаруашылықтары арасында табысты бөлу

  • Айырбас – тауардың бағасы

  • Осы тауар мен қызметті сатып алалтындардың жалпы саны

  • Күтілетін инфляция.

Сұраныс заңы кестеде сұраныс қисығы ретінде көрсетіледі.

Р

Q

5.1 – сурет . Сұраныс қисығы

Мұнда сұраныс көрсетілетін – Р – тауар бағасы , Д сұраныс қисығы , О – тауар саны.

Сұраныс қисығы бойынша қозғалыс тауардың бағасының өзгерістеріне жауап ретінде, сатып алынатын тауарлардың санындағы өзгерістерді көрсетеді. Кез- келген бағалы емес факторлар сұраныс сипаттамаларының өзгерістеріне әкеледі. Мұндай жағдайда , сұраныстың қандай да бір бағалы емес факторының өзгерістері есебінен, әрбір мүмкін болған бағада сатып алушылар тауарды көп немесе аз сатып алады. Сұраныстың жоғарылаған сәтінде сұраныстың ауытқымасының оңға қарай және сұраныстың төмендеген сәтінде солға қарай ілгерілеуі болады.

5.2. Ұсыныстар. Ұсынысқа ықпал ететін факторлар. Ұсыныс заңы.

Белгілі бір кезеңде, белгілі бір бағамен рынокта өткізуге даяр өндірушілердің ұсыныстары тауардың санын сипаттайды.

Рыноктағы ұсыныстағы тауар көлеміне ықпал жасайтын факторлар :

  • Тауар бағасы

  • Өндіріс технологиясы. Егер ең жетілдірілген технология енгізілген болса, онда шығын азайып және көп өнім щығарылады, сондай – ақ ұсыныс көлемі көбейеді.

  • Экономикалық ресурстарға баға. Ресурстарға бағаны төмендету ұсынылатын тауарлардың санын көбейтуге әкеледі.

  • Тауар өндірушілердің саны.

  • Салықтар мен субсидиялар . Салықтарды көбейту ұсынысты азайтады, ал субсидиялар өндірістің көбеюіне әкеледі.

Ұсыныс заңы тауар бағасы мен рыноктағы оның ұсыныс көлемі арасындағы тәуелділікті анықтайды. Баға мен көлемнің арасындағы ұсынылатын өніммен тікелей байланыс бар : бағаның көтерілуіне орай, ұсыныс көлемі де өседі және керісінше болуы да мүмкін.

Ұсыныстың қисығы – тауарды ұсыныс көлеміне өзгерту кестесі бағаның деңгейіне байланысты: (5.2 сурет)

Р

S

Q

5.2.- сурет. Ұсыныс қисығы

Мұнда – S- ұсыныс қисығы .

Ұсыныстың қисығының оң иілуі ұсыныс заңын бейнелейді.

Ұсыныс көлемінің өзгерістері ұсыныс қисығының бойымен қозғалыстарды бейнелейді және сатылуға ұсынылатын тауарлардың көлемінің өзгерістерін көрсетеді, оған жауап ретінде, басқа да тең жағдайдағы бағаның өзгерістеріне әкеледі. Кез – келген бағалы емес факторлардың өзгеруі кезінде ұсыныс сипаты өзгеріске ұшырайды, яғни, ұсыныстардың азаюы кезінде – барлық ұсыныстардың қисығының солға ауысуы, ол - өскенде оңға ауысуы болады.