- •Лекциялық кешен «Экономикалық теория негізі» пәні бойынша
- •Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.
- •Эконоикалық түсініктердің негіздері
- •1.3.Экономикалық үдерістердің әдістерін тану.
- •1.4. Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым.
- •Адам және экономика. Әр түрлі модельдер.
- •Экономикалық ресурстар
- •2.3. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижелері
- •3.1. Экономика жүйесіндегі меншікті қатынастардың орны. Меншіктің экономикалық және құқықтық мәні.
- •3.2 . Нарық экономикасындағы меншіктің түрлі нысандары.
- •3.3. Қазақстан республикасындағы меншік қатынастарының қайта құрылуы.
- •4.1 Мен пайда болуының жағдайлары. . Қоғамдық шаруашылықтың нысаны. Табиғи өндіріс.
- •4.2. Тауар өндірудің ерекшеліктері
- •4.3. Тауарлық шаруашылық санаттарын
- •4.4. Ақшаның мәні мен пайда болуы
- •Сұраныс заңы.
- •5.2. Ұсыныстар. Ұсынысқа ықпал ететін факторлар. Ұсыныс заңы.
- •5.3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс- қимылы.
- •5.4 . Икемділік түсінігі. Сұраныс пен Ұсыныстың икемділіг
- •5.5. Тұтынушы мінез-құлқының негізгі теориялары.
- •6.1.Өндірістің факторына сұраныстың өндірістік сипаты. Өндірістік қызмет.
- •6.2. Факторлардың ( өнімділіктің) тиімділік
- •6.3.Өндірушінің пайдасын көбейту
- •7.2.Негізгі және айналымды капитал. Негізгі капиталдың тозуы
- •7.3. Инвестиция өндірістік қорларды қаржыландыру көзі
- •7.4. Өндіру уақыты және айналым уақыты. Кәсіпорынның айналымдық қаржысы
- •8.1.Өндіріс шығынының түрлері мен түсінігі.
- •Фирманың табысы мен пайдасы
- •8.3. Жетілдірілген бәсекелестіктегі фирманың жағдайы
- •Өндіріс факторларының рыноктары және факторлық табыстардың қалыптасуы.
- •3. Капитал иесінің факторлық табысы ретіндегі пайыз
- •9.1. Қызметті бөлудің негізігі
- •9.2.Еңбек бағасы ретіндегі еңбекақы
- •9.3. Капитал иесінің факторлық табысы ретіндегі пайыз
- •9.4. Жер рентасы – жер иесінің факторлық табысы
- •9.5. Кәсіпкердің факторлық табысы ретіндегі пайдасы
- •10.Тақырып. Ұлттық экономика -жүйе ретінде.Негізгімакро экономикалық көрсеткіштер.
- •10.1.Ұлттық экономика түсінігі.Ұлттық байлық.
- •10.2. Макроэкономиканың мақсаттары мен көрсеткіштері.
- •14.3. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •Макроэкономикалық тепе-тендік.
- •11.1. Макроэкономикалық тепе- теңдік түсінігі
- •IV бөлім. Ұлттык экономика денгейіндегі ұдайы өндіріс
- •11.3. Инвестициялар және жинақ салымдары
- •11.5.Туынды инвестицияларжәне акселератор.
- •11.6. Қазақстандағы инвестициялық саясат
- •12 Тақырып. Экономикалық дамудың кезеңділігі.
- •1. Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі. Кезеңдік тербелістердің себептері: сыртқы және ішкі.
- •12.1. Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі. Кезеңдік тербелістердің себептері: сыртқы және ішкі.
- •12.2. Экономикалық кезең және оның әртұрлілігі
- •12.3. Орта мерзімді кезеңдердің фазасы
- •12.4. Аграрлық дағдарыстар. Құрылымдық дағдарыстар. Елдерінде ауыл шаруашылығын мемплекттің әлсіз қолдануы
- •Мемлекеттік кезеңге қарсы реттеу
- •13.1. Жұмыспен қамтамасыз етілу және жұмыссыздық. Қазіргі экономикадағы жұмыссыздықтың негізгі нысандары
- •13.2. Жұмыссыздықтың жұө көлеміне ықпалы. Оукен заңы.
- •13.3. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың себептері мен арнаулы нысандары
- •13.4. Инфляция, оның себептері және қазіргі замандағы әртүрлілігі
- •14.1. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеу
- •14.2. Қаржылық-кредиттік жүйе
- •14.3. Мемлекеттің қаржылық жүйесі
- •2. Экономикалық өсудің факторы. Экономикалық өсудің жағымды және кері жақтары.
- •15.1. Экономикалық өсудің түсінігі, оның өлшемі мен тұрпаты
- •15.2. Экономикалық өсудің факторы. Экономикалық өсудің жағымды және кері жақтары
- •15.3. Экономикалық өсудің моделі
13.1. Жұмыспен қамтамасыз етілу және жұмыссыздық. Қазіргі экономикадағы жұмыссыздықтың негізгі нысандары
Тұрғындар дегенде қоғамның басты құрамы – адамдар өмірінің жиынтығындағы ұдайы өндірістегі қайталанбалы үдерісте табиғи тарихи қалыптасуы түсініледі.
Тұрғындар құрамында оның еңбекке қабілетті бөлігі ерекшеленеді – еңбек қызметіне психологиялық және физиологиялық ерешеліктері бойынша жарамды жанның жұмысқа қабілетті жасындағы жиынтығы. Жұмысқа қабілетті тұрғындардың негізінде еңбек ресурстары қалыптасады (жұмыс күшітері) – қоғамдық өндіріске кіруге дайын немесе кіріскен бөлігі. Еңбек ресурстарының құрамында табыс әкелетін қызметтегі және еңбекақы төлейтін жұмыс іздеудегі жұмыссыздар – экономикалық белсенді тұрғындар бөлініп шығады.
Экономикалық белсенді тұрғындар халық шаруашылығында жұмыс істейтіндер және оларды еңбекке қосымша салалар бойынша бөлумен сипатталады.
Жұмыссыздық – қоғамдық өндірісте жұмыс істегісі келетін еңбек етуге жарамды тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілмеуі. Қазақстан Республикасының жұмыспен қамтамасыз ету туралы Заңына сәйкес өздеріне байланысты емес себептермен табысы жоқ (еңбек табысы) және жұмыс істеуге дайын, қабілетті, бірақ аталған орган оған сай келетіе жұмысты ұсынбаса, жұмысы жоқ адам сипатында мемлекеттік жұмыспен қамтамасыз ету органында тіркелген азаматтар жұмыссыз деп танылады.
Жұмыссыздықтың түрлері:
Жұмыссыздықтың кезеңдігі, жұмысқа үміткерлердің саны бар жұмыс орнынан көп болған жағдайда және өндірістің тоқырау жағдайында орын алады.
Уақытша жұмыссыздық аймақтық, кәсіптік және жасына байланысты орын ауыстыруы (жаңа тұраққа көшуі, жаңа мамандық алуы, оқуы, балаға қарауына баланысты және т.б.).
Құрылымдық жұмыссыздық жұмыс күшіне сұраныстың құрылымдық өзгерістеріне әкелетін өндірістегі технологиялық өзгерістерге байланысты. Жаңа құрылымдағы жұмыс орны бұрынғы қалыптасқан жұмыс күшіне сәйкес келмейді, сондықтан, өндірістен белгілі бір жұмыс күшін қысқартуға алып келеді.
Нарықтық экономикадағы елде құрылымдық және уақытша жұмыссыздық болғанда ғана, жұмыспен толық қамтамасыз ету мүмкін. Жұмыссыздықтың бұл табиғи деңгейі 5-7 пайызды құрайды. Ал, кезеңдік жұмыссыздықтың пайда болуы кезінде толық жұмыспен қамтамасыз етілу бұзылады.
Жұмыссыздықтың көрсеткіштері:
Жұмыссыздық деңгейі – жұмыссыздар санының пайызда көрсетілген жұмыс күшінің санына қатынасы.
Жұмыссыздықтың ұзаққа созылуы.
13.2. Жұмыссыздықтың жұө көлеміне ықпалы. Оукен заңы.
Оукен заңы экономикалық белсенділік пен жұмыссыздықтың арасындағы сандық өзара байланысты сипаттайды. Осы заңға сәйкес, ЖҰӨ-нің әр жылғы өсу деңгейі жобамен 2,7 пайызға тұрақты деңгейдегі жұмыссыздықтың үлесін 1 пайызға азайтады. Осыған сәйкесті жағдайда: ЖҰӨ-нің өсу қарқынының 2 пайызға ір қосымша қысқаруы жұмыссыздық мөлшерінің 1 пайызға өсуіне алып келеді.
Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық нәтижесі:
Жұмыссыздық экономикалық шығынға әкеледі, ЖҰӨ-нің деңгейін төмендетеді.
Жұмыссыздық адамдар үшін табысты жоғалтуға, өмір сүру деңгейін төмендетуге , қылмыстың көбеюіне, өлімнің өсуіне әкеледі.
Жұмыссыздықтың ұзаққа созылуынан жұмыскерлердің мамандығы жоғалады.
Еңбек рыногын мемлекеттік реттеудің негізгі төрт бағытын бөліп алуға болады:
жұмыспен қамтамасыз етуді ынталандыру мен мемлекеттік секторда жұмыс орындары санының көбеюі;
жұмыс күштерін дайындау және қайта әзірлеу;
жұмыс күшін жалдауға көмектесу;
жұмыссыздықты әлеуметтік сақтандыру.
Еңбек рыногының негзгі элементтері – еңбек биржасы болып табылады.
Еңбек биржасы – жұмысшылар мен кәсіпкерлердің арасында жұмыс күшін сату-сатып алу мәмілесін жасау кезіндегі делдалдықты жүзеге асыратын, сонымен бірге жұмыссыздықты тңркейтін мекеме.
