Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция эт.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151 Кб
Скачать
☆

IV бөлім. Ұлттык экономика денгейіндегі ұдайы өндіріс

Формула былай оқылады: ақшада көрсетілген соңғы өнім-дердің жалпы үсынысы олардағы табыс сомасы, меншік иесіне өндірістің барлық факторымен экелінетін табыс сомасы ретіндегі жалпы сүранысқатең болуы қажет. Вальрас заңы келесі жағдайда пайымдалады; артык сүраныс сомасы жэне артық үсыныс сомасы барлык қарастырылатын рынокта сәйкес келеді.

Вальрастың жалпы тепе-теңдік моделі: рынокта тауарларды сату жэне сатып алу жөніндегі өзара шартты бекіту үдерісінде салыстырмалы бағаның түрлі жиынтығы қойылатындықтан, барлык қалаған тауарлар сатып алынады жэне сатылады жэне артық сүраныс пен артық үсыныс болмайды.

Америкалық экономист Д. Патинкин салыстырмалы бағаны, яғни, ақшаның сандық теориясымен келіспейтін, баға деңгейін анықтауға қызмет ететін, тауар айырбасының үйлесімін анықтайтын, қүндылықтардың классиктер теориясындағы ғы-лыми негізіне назарын аударды. Анықталған неоклассиктердің қарама-қайшылықтарын болдырмау үшін, ол нақты кассалық қалдықтарды жеке пайдалылық қызметінің дэлелдемелеріне қосты. Мұндай жағдайда игіліктер мен ақша рыногындағы артық сұраныстың көлемі нақты кассалық қалдықтарға бай-ланысты. Патинкин моделінде баға деңгейінің өсуі игіліктер рыногындағы артық сұраныстардың көлемін азайтады. Баға деңгейінің өсуі нақты кассаны қысқартады, ақша рыногын-да жеке адамның нақты кассаның мөлшерін орнына келтіруді қалауына байланысты, нақты кассаның мөлшерінде артық сұраныс пайда болады. Сөйтіп, Патинкин моделінің Вальрас моделінен ерекшелігі, теориядағы ақша мөлшерімен толтырылған, ақша рыногындағы тапшылыққа баға деңгейінің көтерілуіне рыноктағы игіліктер рыногындағы артықшылық сәйкес келеді, сондай-ақ , бүл Вальрас моделіне де сай келеді. Жалпы тепе-теңдіктің Вальрас моделіне нақты кассалық қалдықтарды қосу арқылы Патинкин құндылық теориясын (салыстырмалы баға) ақша теориясымен (атаулы қүндағы) біріктірді. Ақша рыногындағы жэне игіліктердің барлык рыногындағытепе-теңдікті қамтамасыз ететін, ақшаның берілген мөлшері кезін-дегі оның моделінде атаулы кұндағы бағаның бір ғана векторы анықталады. Патинкиннің сіңірген еңбегі, нақты кассалық қалдықтар мен ақша рыногы жэне тауарлар рыногын гана емес, экономика моделін құруға қол жеткізуімен қорытындыланады. Бұл модель Патинкиннің жалпы тепе-теңдік моделі деген атқа ие болды.

Вальрас пен Патинкин модельдерін ұстана отырып, экономикалық әдебиеттерде жалпы тепе-теңдіктің келесі анықтамаларын береді. Жалпы тепе-тендік - бұл ресурстарды тиімді бөлу кезіндегі ұсыныстар мен сұраныстың теңдігін қамтамасыз ететін, бағасынан алынған пайданы көбейтетін бәсекелесті кәсіпкерлері мен пайдалылық мәнін жоғары қоятын тұтынушылары бар бәсекелесті экономиканың тұрақты жағдайы.

11.2.ТҰТЫНУ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУ

Кейнс теориясында барлық табыс тұтыну мен жинақтауға бөлінеді.

Тұтыну деп адамдардың материалдық жэне рухани қажетті-лігін қанағаттандыру үшін пайдаланылатын, белгілі бір игілік пен қызметтерді сатып алуға тұргындардың жұмсаған ақшасының со-масы түсініледі.

Әр елде тұтыну басымдылығы әр түрлі. Отбасы үшін олардың қалау деңгейі бойынша ең көп жалпы тобын бөлуге болады: тамақ, киім, тұрғын үй, көлік, медицина, білім беру.

Әр елдің тұтынудағы басымдылығы бірнеше факторға байла-нысты болады:

  1. Отбасының табыс деңгейі.

  2. Тұтынудың сол жэне басқа да көздерінің төленетіндігі немесе тегіндігі.

  3. Рыноктағы тауарлардың мол болуы.

  4. «Қол жетпейтін тауарлардың» ұлттық түсінігі.

Табыспентұтынуарасындағытэуелділіктұтынуқызметіменбейнеленеді. Тұтынуқызметіәрбіржекеніңқолдабартабысыныңдеңгейіментұтынушығындарыныңжоспарлыжәнеқалаулыдәрежесіменанықталады. Тұтынуқызметіграфиктекөрсетілген (11.1.-сурет).

Т

Табыстардың нөлдік денгейін-дегі нөлдік тұгынуды көрсету кезіңдегі координат басталымы аркылы тұтыну кызметі өтеді

ұтыну

11.1 -сурет. Тұтынукызметініңграфигі.

Тұтынуқызметініңбұрыштықиілімі - бұлтұтынудағы (МРС) шектеулібейімділік. Тұтынудағышектеулібейімділік - бұлкөле-мінеқарайтұтынуы (С) өсетін, табыстың (У) өсуіндегіүлес.

Тұтынуқызметікелесіүлгідежазылады:

С = МРС х У.

Мысалы, С = 0,75 х У. Бұл тұтыну табыстың 75 пайызына тең екенін білдіреді. МРС бұл жағдайда, егер тұтынушылармен алы-натын табыстар, 1 теңгеге көбейетін болса, онда олардың тұтынуы 75 тиынға өседі.

Табыстардың өсу деңгейіне байланысты тұрғындардың жинақтары да көбейеді.

Жинақ салымы - бұл жиналатын, бірак пайдаланылмайтын та-быс бөлігі. Олар табыс пен тұтыну арасындағы айырмашылыкпен көрсетіледі. Жинақ қызметі мынадай түрде болады:

S= МРS х У,

Мұнда, S - жинақ салымы,

МРS - жинақ салымына шектеулі бейімділік. Біздің мысалымызда, табыстың 25 пайызы жинаққа салына-ды жэне жинақ қызметі мынадай түрге ие болады:

S = 0,25 х У

Тұтыну мен жинаққа әсер ететіндер:

  1. Жинақтың қысқаруы мен тұтынудың өсуіне әкелетін, инфляция жэне экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы.Салықтардың өсуі тұтыну мен жинақтардың қысқаруына әкеледі

  2. Әлеуметтік сақтандыруға аударымдардың өсуі жинақты қысқартуы мүмкін.

  3. Дүрлікпе сұраныс тұтынуды жылдам өсіреді.

  4. Рыноктағы ұсыныстың өсуі жинақты қысқартады.

  5. Табыстардың өсуі тұтыну мен жинақтың көбеюіне әкеледі.