Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция эт.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151 Кб
Скачать
☆

2.3. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижелері

Өндіріс –бұл олардың тұтынушылығын қамтамасыз етуге бағытталған, адамдардың мақсаттылықты қызметі. Материалдық өндіріс пен материалдық емес өндірісті бөледі.

Материалдық өндіріс мыналарды өзіне қосады:

  1. материалдық игіліктерді өндіру жөніндегі кәсіпорындар мен салалар (өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы, құрылыс);

  2. материалдық қызметтер көрсететін кәсіпорындар мен салалар (көліктер, сауда, коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызметтер).

Материалдық емес қызметтерге мыналар жатады:

  1. материалдық емес игіліктерді жүзеге асыратын кәсіпорындар мен салалар (кино, театр, тұтастай өнер);

  2. материалдық емес қызметтер көрсететін кәсіпорындар мен салалар (денсаулық сақтау, білім беру және т.б.);

Қоғамдық өндірістің байлық,көсетілетін қызметтер және заттар түрінде көрінетін нәтижесі қоғамдық өнім болып табылады.Заттар- өмір сүтудің тұрақтылығымен қалыпты тәуелсіздікке ие болатын материалдық баршылықтың белгісі.Қызмет көрсету белгілі бір тұтынушылықты қанағаттандыруға бағыталған адам немесе кәсіпорының пайдалы қызметінің нәтижесі.Өндірістің ерекшелігі мен қызметтерін өткізуі көп жағдайда өзара айырбасталмайтын,жинау,сақтау,жеткізудің мүмкін еместігіне орай, материалдық игіліктермен салыстырғандағы тұтыну мен өндіріс үдерістерін қатар алып жүрумен қорытындыланады.Байлық- бұл еңбекпен құрылған және жиналған материалдық игіліктердің жиынтығы.Ол мыналарды өзіне қосады: а) негізгі өндірістік қорлар (ғимарат,машиналар мен құралдар ) және өндірістік емес (тұрғын үй, ғимарат және білім мекемелерінің құралдары, мәдениет және денсаулық сақтау ); ә)материалдық айналымдық құралдар; б)азаматтардың жеке мүлкі.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

1.Неге адам –басты өндіруші күш?

2.«Экономикалық мүдде» дегеніміз не?

3.Уәждемені қандай түрлерге бөлінеді? Адамның экономикалық қызметін қалай түсінеміз?

4.Экономикалық әдебиетте адамды «модельдеудің» қандай бағыттары кездеседі?

5.«Экономикалы ресурстар» дегеніміз не және олар қандай түрлерге бөлінеді?

Негізгі әдебиеттер.

1.Экономикалық теория негiздерi: Оқулық / Я.Әубәкiров ж.б.- Алматы: Санат, 1998.- 479 б.

2.Р.Дорнбуш, С.Фишер . Макроэкономика . Оқулық. Алматы: Білім, 1997

3.Темірбекова А.Б. Экономикалық теория негіздері : Қысқаша лекциялар курсы / А. Б. Темірбекова. - Алматы : Экономика, 2008. - 188 б.

3-ТАҚЫРЫП. МЕНШІККЕ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ.

Лекция мақсаты: Меншік қатынастарының мәнін ашу.

Лекция сұрақтары:

1. ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕНШІКТІ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ОРНЫ. МЕНШІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘНІ.

2. НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІКТІҢ ТҮРЛІ НЫСАНДАРЫ.

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚАЙТА ҚҰРЫЛУЫ.

3.1. Экономика жүйесіндегі меншікті қатынастардың орны. Меншіктің экономикалық және құқықтық мәні.

Әлеуметтік қатынастар немесе меншік бойынша қатынастар өндірістің кез келген әдісінің басты өндірістік қатынастары болып табылады. Олар өндірістің заттық факторлары мен жеке бірігу әдісін сипаттайды және бөлудің, айырбастаудың және тұтынудың қатынастарын анықтайды. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі меншіктің рөлі мен орнын келесі жағдайлар анықтайды:

- меншік қоғамдық қатынастар жүйесіндегі іргетас болып табылады;

- меншік қоғамның жігінің жағдайын анықтайды;

- меншік өз нысанында айырбастаудың екі жолына ие:

эволюциялық және революциялық;

- меншіктің барлық нысандары өзара байланысты және өзара іс қимылда;

- меншік тарихи дамудың нәтижесі болып табылады.

Меншік - бұл адамдардың белгілі бір материалдық игіліктерге ие болудағы қатынастары. Меншіктің экономикалық мәні өндіріс, айырбас, бөлу және тұтыну қатынастарын өзіне қосатын, өндіріс қатынастрының жиынтығы арқылы көрінеді. Меншіктің заңдық мәні меншік иесінің құқығы арқылы көрінеді. Экономикалық әдебиетте меншік құқығының келесі көрінісі анықталады:

- ие болу құқығы, яғни, игіліктерге тікелей физикалық бақылау құқығы;

- пайдалану құқығы, яғни, игіліктің пайдалы қасиеттерін өзің үшін пайдалану құқығы;

- бақару құқығы, яғни, игілікті пайдалануды кім және қалай қамтамасыз етуін шешу құқығы;

- табысқа құқық, яғни, игілікті пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы;

- тәуелсіздік құқығы, яғни, иесіздендіру, тұтыну, өзгерту және игілікті құрту құқығы;

- қауіпсіздік құқығы, яғни, игіліктен күштеп айырудан қорғау және сыртқы орта зиянынан қорғау құқығы;

- игілікті мұрагерлікке беру құқығы;

- игілікке мерзімсіз ие болу құқығы;

- сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді пайдалануға тыйым салу;

- төлетіп алу түріндегі жауаптылыққа құқық, яғни, қарызды төлеу үшін игілікті өндіріп алу мүмкіндігі;

- қалдық сипаттағы құқық, яғни, өкілдік құқығын қалпына келтіруді қамтамасыз ететін институттар мен реттемелердің өмір сүрудің құқығы;

Меншіктің басты мәнін анықтаушы иемдену болып табылады. Иемдену экономикалықпен қатар, күштеу немесе заңды әдістермен меншіктегі объектіні субъектімен басқа субъектіден иесіздендіру болып табылады. Иемдену санатын зерттей отырып, еңбек жолымен, өндіріс кезінде жүзеге асатын акт ретінде және сұрау ретінде көрсетуге болады.

Меншіктің субъектісі - меншік объектісіне ие болу құқығы бар және мүмкіндігі бар, меншік қатынастарының белсенді жағы.

Меншіктің объектісі - табиғат заттары, заттықтар, энергия, мүліктер, ақпараттар және т.б. түріндегі меншік қатынастарының енжарлық жағы. Субъектісі мен объектісі арасындағы байланыс бір уақытта заңдық, құқықтық және экономикалық санаттарды көрсететін, ие болу, пайдалану, нұсқау беру және жауаптылық қатынастарын ұсынады.