Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
коучинги+ уроки 1.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54 Мб
Скачать
☆

Коучинг Бағалау. Бағалау түрлері

Күні: 5.11.2015

Өтетін орны:

Астана қаласы, №60 мектеп-лицейі

Коучинг тақырыбы:

Бағалау.Бағалау түрлері.

Мақсаты:

Коучинг қатысушыларына «оқуды бағалау» (суммативті бағалау) және «оқыту үшін бағалау» (формативті бағалау), критериалды бағалау түсініктерін қалыптастыру, формативті бағалаудың оқыту үшін тиімділігін үйрету.

Оқыту нәтижесі:

Коуч сессия қатысушылары формативті бағалаудың күнделікті сабақта пайдалану арқылы оқу үрдісін жақсарту, оқушыларды оқытуға жетелеу.

Сілтемелер:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, слайдтар, ғаламтор материалдары.

Негізгі идеялар:

Қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау, критериалды бағалау, критерий, дискрептор

Қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, компьютер, бейнематериалдар, постер, маркер, слайдтар

Өту формасы, технологиясы, әдістері:

Топтық жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, бағалау парақтары,

Коучинг кезеңдері

Уа

қыт

Коучтың іс-әрекеті

Іс-әрекеті

Тақырыбын, мақсатын хабарлау

2 мин

Бағалау туралы заманауи түсінікті беру, формативті мен жиынтық бағалауддың айырмашылығын түсіндіру, мұғалімдерге оқыту үшін бағалаудың мәні мен маңыздылығын ұғындыру.

Коучинг тақырыбы мен мақсатымен танысады.

Психологиялық

дайындық

5 мин

«Өзіңді таны» тренингі.

Қатысушылар параққа аттарын жазып, алақандарын қаламбен жүргізеді. Әр саусаққа өзінің бойындағы жақсы ерекшеліктерін жазады. Кейін осы парақтың арғы бетін аударып, көршісіне береді. Ол өз кезегінде осы кісі жөнінде сырттан байқаған жақсы қасиеттерін жазады. Болған соң парақты алып, оқып салыстыру керек.

Талдау: Өз қабілеттерінізді дұрыс бағаладыңыздар ма? Өзіңіз жайлы жаңа нәрсе білдіңіз бе? Әр сөзде шындық бар демекші, біз өзімізді қалай қабылдаймыз, ал басқалар қалай қабылдайтына да мән беру керек екен.

Өзін, өзара бағалау. Өзінің ерекше қабілеттеріне назар аудару.

Топқа бөлу

1 мин

Топқа бөлу. Гүлдер арқылы топтарға бөлу.

Топқа бөлінеді.

Түсіну

6 мин

  • Баға деген не? Жауап беру.

Жекелей жұмыс. Қатысушылар үйдің суретін салады. Әр қайсысы салып болғаннан кейін өздері бағалайды, бір-біріне баға қояды, коуч баға қояды.

Үйдің суретін салады. Өзін бағалайды, өзара бағалайды.

Рефлексия

3 мин

Неліктен осы бағаны қойдыңыз? Бағалау қиын болды ма? Сіз өз кезегінде осы бағаға қанағаттандыңыз ба? Сіз осы бағаны неге сүйене қойдыңыз? Нені ескеру керек деп ойлайсыз?

Талдайды, қорытынды жасайды.

Топтық жұмыс

5 мин

Үйді салу тапсырмасын әрі қарай жалғастыру. А) Әр топ үйді бағалау критерийін құрады. Ә)Осы критерийлер бойынша үйлерінің суретін қайта бағалау.

Критерийлер құрады, сол арқылы бағалайды. Салыстырады.

Рефлексия

3 мин

Бағалау енді дұрыс болды ма? Бұл бағалаудың қай түріне жатады? Сіздің көзқарасыңыз?

Топ болып тапсырманы орындайды, қорғайды

Сергіту сәті.

2 мин

Көңілді әуенмен билейміз.

Қатысушыларды сергіп билеп аламыз.

Теориялық бөлім

5 мин

Презентациямен таныстыру.

Бағалау деген не. Бағалау түрлері. Критерийалды бағалау.

Жаңа ақпаратпен танысады.

Топтық жұмыс

5 мин

Топтық тапсырма.

Бағалау тақырыбында постер құру. Топ спикерлері қорғайды.

І топ-Шығарма жұмысын бағалау критерийлерін құру.

ІІ топ- Бақылау жұмысын бағалау критерийлерін құру.

ІІІ топ- әдебиеттен мәнерлеп оқуды бағалау критерийлерін құру.

Постер, критерийлер құру. Тақтада топ спикерлері постерлерін қорғайды.

Рефлексия

5 мин

Бе Бононың «Ойлаудың 6 қалпағы» арқылы қорытындылау.

Қорытынды жасайды, өз ойларын білдіреді.

Рефлексия

Жұмыс басында салған алақанға ұсыныс, тілектерін жазып, тақтаға жапсырады.

Стикерге жазылған ұсыныстарын жапсырады.