- •II бөлім. Жүктілердегі бауыр ауруы........................................................ 55
- •III Бөлім. Ішектің аурулары............................................................................... 75
- •Қалыпты өтіп жатқан жүктіліктегі асқазан-ішек жолдары ағзаларының физиологиялық ерекшеліктері
- •1 Кесте. Қанның биохимиялық көрсеткіші
- •I Бөлім. Асқорыту жолдарының жоғарғы бөлігінің бұзылысы
- •Ажжб патологиясы бар жүкті әйелдерді тексеру
- •2 Кесте. Ажжб патологиясы бар жүкті әйелдерді тексеру.
- •Клиникалық белгілері.
- •Асқазанның секреторлық функциясын зерттеу
- •Жүктілердің жүрек айнуы мен құсуы
- •Жүктілердің шамадан тыс құсуы
- •1.4. Диспепсия
- •4 Таблица. Диспепсия түрлері
- •5 Таблица. Функциональды диспепсияның клиникалық симптомдары
- •6 Кесте. Диспепсиямен науқастарды жіктеу (биопсия алынған эфгдс мәліметі бойынша)
- •1.5. Гастроэзофагальды рефлюкс ауруы
- •7Таблица. Гэра ауырлық дәрежесін бағалау
- •1.6. Созылмалы гастрит
- •1.6.1. Атрофиялық емес созылмалы гастрит
- •8 Кесте. Нр мен біріккен созылмалы гастриттің негізгі белгілері
- •Созылмалы атрофиялық гастрит
- •Жара ауруы
- •9 Кесте. Ауырсыну синдромының қысқаша мінездемесі
- •Жара ауруын емдеу
- •Гастроцитопротекторлар
- •Моторлы қызметке әсер ететін дәрілер
- •Репаративті процесті күшейтетін дәрілер
- •VI. Фитотерапия
- •Минеральды сулармен емдеу
- •VIII. Хирургиялық емі.
- •II бөлім. Жүктілердегі бауыр ауруы
- •10 Кесте. Жүктілердегі жедел және созылмалы гепатиттің себептері
- •Вирусты гепатиттер
- •11 Кесте. Бауыр ауруы кезіндегі негізгі клиникалық синдромдар
- •12 Кесте. Свг маркері
- •13 Кесте. Гепатит вирусының инфекцияның түрлі фазасындағы маркері
- •Жүктілердегі жедел гепатиттің емі
- •3. Жүктілік кезінде вирусты гепатитті емдеуге арнайы вирусқа қарсы ем қолданылмайды.
- •Созылмалы гепатиті бар жүктілерді жүргізу
- •Ем дәм (диета) №5
- •Созылмалы гепатиттің арнайы емі.
- •Вирусқа қарсы ем.
- •Иммуннодепресивті терапия.
- •Сг арнайы емес емі.
- •3.1.Метаболикалық, витаминотерапия және антиоксидті терапия.
- •3.2.Гепатопротекторлы терапия
- •3.3.Дисбактериозды емдеу.
- •3.4.Дезинтоксикациялық терапия.
- •3.5.Орынбасушы ферментті терапия.
- •4.Фитотерапия, минеральды суларды ішу.
- •1 Ұсыныс.
- •Жүктілердің холестазы
- •Бауырдың жедел дистрофиясы
- •Hellp-синдром
- •Бауыр циррозы.
- •III бөлім. Ішектің аурулары
- •Іштің қатуы
- •14 Кесте. Жүктілердегі іш қатуды емдейтін дәрілердің жіктемесі.
- •3.2.Жедел диарея
- •15 Кесте. Жүкті әйелдердегі диарея мен ітс емдеуші дәрілердің жіктемесі
- •Жекелеген бактериальды инфекциялар
- •Протозойдты инфекция
- •Ішектің қабыну аурулары (іқа)
- •16 Кесте. Жүктілердегі іқа емдеуге арналған дәрілердің жіктемесі.
- •Қорытынды.
- •Авиоплант 250 мг 4 рет/тәул, пиридоксин 5% ерітінді — 0,25–0,5 мл 2–3 рет/тәул;
- •Бускопан ерітінді — 2,0 б/ет 2–3 рет/тәул, сосын табл. 10 мг-нан 3–5 рет/тәул;
- •Әдебиеттер тізімі
12 Кесте. Свг маркері
СВГ түрлері |
Антигендер |
Серологиялық (анти дене) |
Генетикалық |
B |
HBs, HBe, HBcAg |
Анти- HBs, анти- HBe |
HBV-DNA(ДНК) |
C |
- |
Анти-HCV(HBc), Анти-HCV(HBc) IgM |
HCV-RNA(РНК) |
D |
HDAg |
IgM, IgG анти-HDV |
HDV-RNA(РНК) |
ИФА әдісімен:
1.Гепатит А- анти-HAV IgM- тіпті бір реттік табылуы аурудың айқын дәлелі болып табылады ( аурудың симптомдары пайда болудан 4-5 күн бұрын қанда пайда болады және 6-8 айдан кейін жоғалады)
2.Гепатит В:
- HBsAg (НВ-вирусымен инфицирленгеннің негізгі маркері, ауырғаннан 3-5 аптасында пайда болып, 70-80 күн сақталады);
- HBeAg (эпидемиологиялық қауіп маркері,вирустың белсенді репликациясы және анадан ұрыққа трансмиссиясы; ұрықтың жұқтыру қауіпі 90%);
- HBcAg (қанда анықталмайды, бірақ оған антидене анықталуы мүмкін- анти-HBcIgM и HBcIgG, жедел вирусты гепатит В (ЖВГВ) және вирус тасымалдаушы жайындағы этиологиялық белгісі, HBcorAg, HBxAg, анти-HBc IgМ);
3. Гепатит С— анти-HСV IgM (созылмалы гепатиттің диагностикалық белгісі);
4.Гепатит D:
- HBsAg (жедел гепатит кезіндегі вирустың белсенді репликациясының маркері);
- анти-HDV IgM (аурудың 10-15-ші күні пайда болады және 2,5-3 ай сақталады);
5.гепатит Е — анти-HЕV IgM.
ПЦР әдісімен ( мүмкіндігінше):
— гепатит А — РНК HAV;
— гепатит В — ДНК HВV;
— гепатит С — РНК HСV;
— гепатит D — РНК HDV;
— гепатит Е — РНК HЕV.
HBV-инфекциясының ағымында репликация және интеграция фазасын бөледі (13 кесте).
13 Кесте. Гепатит вирусының инфекцияның түрлі фазасындағы маркері
-
HBV-инфекция
НСV-инфекция
Репликация фазасы
Интеграция фазасы
Реактивация фазасы
Жасырын фаза
HBeAg*, HBsAg, анти-HBc, анти-HBc-IgM,
HBV-DNA*
HBsAg, анти-HBc, анти-HBe**,
анти-HBs**
Анти-HCV, Анти-HCV-IgM, YCV-RNA*
Анти-HCV
Ескерту:*-белсенді вирусты инфекцияны көрсететін маркер; **-иммунитеттің жақсаруының, рековалесценцияның ескерткіші.
HCV-инфекция жасырын фаза мен реактивация фазасының кезектесуін бейнелейді.
HВeAg-тің жоғалып және анти-НBе табылуы сероконверсия деп аталады, гепатоцит геномында ДНК вирусының қосылуын (интеграциясының) белгісі, аурудың асқынуымен жүреді.
HbsAg, IgG классының анти-НВе және/немесе анти-НВс-пен бірге табылуы вирус В гепатотитінің гепотоциттің геномында интеграциялану фазасын көрсетеді.
HDV-пен ауыратын науқастардың қан сары суында дельта-антиген маркері болады (IgE и IgМ-анти-D, сонымен қатар В инфекциясының маркері).
ВГG диагностикалауға арналған сарысулық сынама әлі табылмаған.
Вирусты гепатиттердің биохимиялық көрсеткіштері:
Тимол сынамасы > 4 МЕ ( ЖВГВ-те өзгермейді);
АлАТ жоғарылайды, АсАТ-та аздап жоғарылайды;
билирубин > 22 мкмоль/л, тікелейдің есебінен;
лейкопения (лейкоцитоз мүмкін), лимфопения, ЭТЖ төмендеуі, тромбоцитопения;
сілтілі фасфотаза > 5 МЕ;
протромбин < 80 %, фибриноген азаяды;
диспротеинемия, альбуминді-глобулинді, альбуминді-гаммаглобулинді коэффиценттің азаюы;
ыдырау өнімдерінің пайда болуы,
уробилинурия.
Гепатиттерді емдеуде, дәрілік заттарды дифференциялағанда, бауырдың зақымдалуының биохимиялық синдромының қайсысы басым екендігін ескеру керек.
СГ негізгі биохимиялық синдромы
Цитолиз синдромы (гепотоциттердің бүтіндігінің бұзылысы)
1.АлАТ, АсАТ және альдолазаның, глутаматдегидрогеназаның, сорбитдегидрогеназаның, орнитин-карбамил-трансферазаның, лактатдегидрогеназаның және оның изоферменттері ЛДГ-4 и ЛДГ-5 белсенділігі артады;
2.Гипербилирубинемия (жалпы, тікелей фракциясы).
3. В12 витамині мен темірдің концентрациясының қан сарысуында
жоғарылауы;
Холестаз синдромы (бауыр жасушаларының өт өндіру қызметінің бұзылысы).
1. Холестаздың ферменттік маркерлерінің белсенділігінің жоғарылауы- сілті фосфатазасы, лейцинаминопептидазасы, 5-нуклеотидазасы, g-глутамилтранспептидасы.
2.Гиперхолестеринемия, фосфолипиттердің, b-липопротеидтердің, өт қышқылының деңгейінің жоғарылауы.
3.Гипербилирубинемия (жалпы, тікелей фракциясы).
Бауырлық-жасушалық жетіспеушілік синдромы
1.Қан сары суындағы құрамының азаюы
- Жалпы белок және әсіресе альбуминдер;
- Қан ұю факторлары (II, V, VII), протромбиннің;
-Холестериннің, холинэстеразаның белсенділігінің жоғарылауы,
2.Антипирин клиренсінің төмендеуі.
3.Бромсульфаминнің, тікелей реакциямен гипербилирубинемияның бөлінуінің тежелуі.
3.Аммиактың, фенолдың, аминқышқылының құрамының жоғарылауы.
Иммунды қабыну синдромы
1.Қан сарысуында g-глобулин деңгейінің жоғарылауы, жиі гиперпротеинемиямен.
2.Ақуызды-шөгінді сынаманың өзгерісі (тимолдық, Вельтмандық, сулемовой және т.б.).
3.Иммуноглобулиндердің деңгейінің жоғарылауы (IgG, IgM, IgA), ДНҚ-ға, тегіс салалы бұлшық етке (SMA), митохондрияларға, бауыр мен бүйрек микросомдарына (анти-LKM-1), арнайы емес анти денелердің, антикулеарлы (ANA) пайда болуы, лимфоциттердің субпопуляциясының қатынасының және көлемінің өзгеруі (хелперлер, супрессорлар)
УДЗ мәліметтері – созылмалы гепатиттің белгілері: бауыр тіндерінің ошақты немесе жайылмалы акустикалық біркелкі емес,қалпының өзгеруі, тығыз және эхосигналдарды бөлінуі, соңғысының бауырдың терең аймақтарында әлсіреуі (паренхиманың фиброзбен орын басуы белгісі). Бауыр мен талақтың тамырлық суретінің өзгеруі.
Гепатиттің қолайсыз болжамының белгілері:
- Геморрагиялық және ісіктік-асциттік синдромның табылуы;
- Жалпы билирубин деңгейінің тікелей еместің есебінен 200мкмл/л ден артық жоғарылауы;
- Интоксикация мен билирубиннің деңгейінің жоғарылауы барысында АлАТ-тың белсенділігінің төмендеуі;
- Жалпы ақуыздың, альбуминді-глобулинді коэфиценттің< 1, альбумин-гамма- глобулиндік коэфиценттің < 2,5 барынша төмендеуі;
- Протромбиндік индекстің ≤ 50 % және фибриногеннің төмендеуі.
