- •II бөлім. Жүктілердегі бауыр ауруы........................................................ 55
- •III Бөлім. Ішектің аурулары............................................................................... 75
- •Қалыпты өтіп жатқан жүктіліктегі асқазан-ішек жолдары ағзаларының физиологиялық ерекшеліктері
- •1 Кесте. Қанның биохимиялық көрсеткіші
- •I Бөлім. Асқорыту жолдарының жоғарғы бөлігінің бұзылысы
- •Ажжб патологиясы бар жүкті әйелдерді тексеру
- •2 Кесте. Ажжб патологиясы бар жүкті әйелдерді тексеру.
- •Клиникалық белгілері.
- •Асқазанның секреторлық функциясын зерттеу
- •Жүктілердің жүрек айнуы мен құсуы
- •Жүктілердің шамадан тыс құсуы
- •1.4. Диспепсия
- •4 Таблица. Диспепсия түрлері
- •5 Таблица. Функциональды диспепсияның клиникалық симптомдары
- •6 Кесте. Диспепсиямен науқастарды жіктеу (биопсия алынған эфгдс мәліметі бойынша)
- •1.5. Гастроэзофагальды рефлюкс ауруы
- •7Таблица. Гэра ауырлық дәрежесін бағалау
- •1.6. Созылмалы гастрит
- •1.6.1. Атрофиялық емес созылмалы гастрит
- •8 Кесте. Нр мен біріккен созылмалы гастриттің негізгі белгілері
- •Созылмалы атрофиялық гастрит
- •Жара ауруы
- •9 Кесте. Ауырсыну синдромының қысқаша мінездемесі
- •Жара ауруын емдеу
- •Гастроцитопротекторлар
- •Моторлы қызметке әсер ететін дәрілер
- •Репаративті процесті күшейтетін дәрілер
- •VI. Фитотерапия
- •Минеральды сулармен емдеу
- •VIII. Хирургиялық емі.
- •II бөлім. Жүктілердегі бауыр ауруы
- •10 Кесте. Жүктілердегі жедел және созылмалы гепатиттің себептері
- •Вирусты гепатиттер
- •11 Кесте. Бауыр ауруы кезіндегі негізгі клиникалық синдромдар
- •12 Кесте. Свг маркері
- •13 Кесте. Гепатит вирусының инфекцияның түрлі фазасындағы маркері
- •Жүктілердегі жедел гепатиттің емі
- •3. Жүктілік кезінде вирусты гепатитті емдеуге арнайы вирусқа қарсы ем қолданылмайды.
- •Созылмалы гепатиті бар жүктілерді жүргізу
- •Ем дәм (диета) №5
- •Созылмалы гепатиттің арнайы емі.
- •Вирусқа қарсы ем.
- •Иммуннодепресивті терапия.
- •Сг арнайы емес емі.
- •3.1.Метаболикалық, витаминотерапия және антиоксидті терапия.
- •3.2.Гепатопротекторлы терапия
- •3.3.Дисбактериозды емдеу.
- •3.4.Дезинтоксикациялық терапия.
- •3.5.Орынбасушы ферментті терапия.
- •4.Фитотерапия, минеральды суларды ішу.
- •1 Ұсыныс.
- •Жүктілердің холестазы
- •Бауырдың жедел дистрофиясы
- •Hellp-синдром
- •Бауыр циррозы.
- •III бөлім. Ішектің аурулары
- •Іштің қатуы
- •14 Кесте. Жүктілердегі іш қатуды емдейтін дәрілердің жіктемесі.
- •3.2.Жедел диарея
- •15 Кесте. Жүкті әйелдердегі диарея мен ітс емдеуші дәрілердің жіктемесі
- •Жекелеген бактериальды инфекциялар
- •Протозойдты инфекция
- •Ішектің қабыну аурулары (іқа)
- •16 Кесте. Жүктілердегі іқа емдеуге арналған дәрілердің жіктемесі.
- •Қорытынды.
- •Авиоплант 250 мг 4 рет/тәул, пиридоксин 5% ерітінді — 0,25–0,5 мл 2–3 рет/тәул;
- •Бускопан ерітінді — 2,0 б/ет 2–3 рет/тәул, сосын табл. 10 мг-нан 3–5 рет/тәул;
- •Әдебиеттер тізімі
Асқазанның секреторлық функциясын зерттеу
Ерте токсикоз жоқ кезінде көрсетілім бойынша жүргізіледі.
Қазіргі уақытта асқазанның қышқыл түзу функциясын анықтаудың үш негізгі әдісі бар.
Асқазан ішілік рН-метрия.
Асқазан секрециясын күшейтетінді қолданып жұқа зонд арқылы асқазан сөлінің фракционды зерттеу (Еуропа мен АҚШ-та тиым салынған).
Зондсыз тексеру әдісі - ион алмасушы смол («Ацидотест») көмегімен қышқылдықты анықтау. Зондсыз тексеру әдісі қазіргі уақытта сирек қолданылады және аз ақпаратты болып табылады.
Созылмалы Нр-гастритте асқазанның секреторлық функциясы өзгеруі мүмкін, бірақ өзгерістің айқындылығы гастриттің сатысына байланысты. Антральды гастритте (ерте сатысы) қышқыл түзу және пепсин түзу функциясы қалыпты немесе (жиі) жоғарылаған; пангастритте (кеш сатысы) - төмендеген, бірақ ахлоргидралы жағдай болмайды.
Жүктілерде асқазан сөлін фракциялық зерттеуге кеңес берілмейді, ал зондсыз әдіс жүргізілмейді.
Асқазан ішілік рН-метрия:
қысқа уақытты (3сағатқа дейін)
ұзақтау (24 сағ, мониторинг)
радиокапсуланы қолданумен
эндоскопиялық
Қысқа уақытты рН-метрия - кең көлемде қолданылатын әдіс. Диаметрі 7 мм зондты эндоскоптың аспаптық каналымен пероральды немесе трансназальды енгізеді.
Көрсеткіші мен қарсы көрсеткіші ФЭГДС сияқты.
Жүктілерде асқазан секрециясын күшейту тек қана пероральды таңғы аста ғана қолдануға болады.
Жүктілердің жүрек айнуы мен құсуы
Құсумен немесе құсусыз жүректің айнуы жүктіліктің бастапқы кезеңіне тән болып келеді. Жүрек айну жүктілердің 50-90% кездеседі және 25-50% мазасыздану мен шағымданулар тудырады. Егер ұрық қыз жынысты болса жиі кездеседі.
Осы жағдайдың патофизиологиясы талқылау құралы болып табылады. Бұл гормоналды қайта құрылудың және АІЖ моторлық бұзылысының психосоциальды фактормен бірлескен көрінісі болуы мүмкін. Эмбриогенез кезеңінде тағамдарда болатын зиянды субстанциялардан, етті тағамдарда болатын микроорганизмнен және өсімдіктердегі токсиндерден ұрықты эволюциялық қорғау маңызды қызмет атқарады. Бұл жүктіліктің ерте кезеңінде өлі туылу мен түсік тастаудың барынша аз санымен дәлелденеді.
Клиникалық белгілері.
Жүктілік барысында жүрек айну, қалыпты жағдайда қысқа уақытты және өздігімен басылады, әйелдердің 91% І триместрінде кездеседі. Қалыпты жағдайда жүрек айну жүктіліктің 9-10 апталығында басталады (6-шы аптадан басталуы сирек), 11-13 аптада шыңына жетеді және 12-14 аптада басылады. 1-10% жүктілерде 20-22 аптаға дейін симптомдары сақталады.
Жеңіл формасында «жүктілердің таңғы ауруы» сияқты түрінде белгілі, тек таңертең пайда болады және күні бойы қайта мазаламайды.
Жүктілердің жүрек айнуы мен құсуына гиперсаливация тән.
Жүктілердің жүрек айнуы мен құсуында болуы мүмкін:
- жоғары шаршағыштық, әлсіздік, бас айналу;
- йіс сезудің асқынуы;
- ұйқының бұзылысы;
- дәмнің (ауытқуы, бұрмалануы) нашарлауы;
- депрессия;
- мазасыздану;
- көңіл күйдің өзгеруі;
- назар аударудың мүмкін еместігі.
Диагноз қою барысында АІЖ, эндокринді, зәр және жүйке жүйесінің ауруларын, сонымен қатар аллергиялық реакциялардың (тағамдық заттарға, өндірістік аллергендер, медикаментозды және өзгеде заттар) жоқтығына көз жеткізу керек.
II және III триместрде жүректің айнуы мен құсудың болуы жедел түрде басқа аурулар мен жағдайлардың белгісі ретінде қаралу керек:
- гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы;
- гастрит;
- асқазан мен он екі елі ішектің жара ауруы (ЖА)
- панкреатит;
- холецистит;
- гепатит;
- аппендицит;
- зәр шығару жүйесінің инфекциясы;
- бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі;
- преэклампсия;
- көп сулы;
Емі
Жүктілердегі жүрек айнуын емдеу симптомның айқындылығына байланысты.
Жеңіл (жұмсақ) ағымында емі медикаментозды емес емдерді қамту керек: сергіту, таза ауада серуендеу, әкелуші факторларды анықтау және жою, тамақтану тәртібі мен сипатын өзгерту (қабылдайтын тағамның көлемін азайтып жиілігін арттыру).
Сыртқы қауіпті, соның ішінде өндірістік факторларды жою (жүкті әйел жұмыстан босатылуды қажет етеді).
Емдәм - жиі, бөлшектік тамақтану тағайындалады, көмірсуларды қабылдауды көбейтіп, майды шектеу керек. Тағам қабылдағаннан кейін демалу керек.
Тағам қабылдау бөлме температурасындағы таза суды (0,5-1 стакан) қабылдаудан басталады. Ары қарай емдәм құрамында крахмалы бар тағаммен (кисель), сосын крекер және картоппен ( қайнатылған, пісірілген) жалғасады.
Жүктілерге келесі негізгі кеңестерді ұстанған жөн:
Аштық сезімі пайда болғанда тамақтану;
Жиі және аз аздан тамақтану;
Май мен бұрыштардан сақтану;
Дәмі мен иісі жағымсыз тағамдардан сақтану ( жүктілер үшін);
Темір препараттарын қабылдауды тоқтату;
Жоғары белокты (етті) тағамдар қолдану;
Көмірсуға бай сусындар қолдану (тәтті);
Сусындар, қайнатпа сорпалар, желатин және қатырылған десерттер қолдану;
Ауыр жағдайларда энтеральды тамақтандыруға (назогастральды зонд) болады.
Жүрек айну мен құсудың тұрақты және орта ауырлық дәрежесінде жалпы іс -шараларға қосымша құсуға қарсы дәрілер тағайындауға болады.
Сонымен қатар психорелаксация, акупрессор және гипноз қолдануға болады.
Болжамы: анасы мен ұрыққа қолайлы. Тіпті, жүрек айну мен құсуының жеңіл дәрежесі бар әйелдер бұл симптомдары жоқ әйелдерге қарағанда жүктілігінің соңы жақсы болады.
