Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жүктілік кезіндегі АІЖА.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
265 Кб
Скачать
☆

1.4. Диспепсия

Диспепсия, К30 (ХАЖ-10) тобына кіреді, ас қорыту жолдарының жоғарғы бөлігінің ауруларын біріктіретін түсінік болып табылады.

Қазіргі уақытта асқазандық диспепсияға (Д) кез келген жоғарғы абдоминальды немесе ретростернальды ауруларды, дискомфорт, қыжылдау, жүрек айну, құсу немесе басқада көріністер АЖЖБ-ы қызығушылына көрсететін өзге де белгілерді біріктіреді.

OMGE (гастроэнтерологтардың бүкіл әлемдік бірлестігі) қолдануға келесі анықтамаларды ұсынады.

Диспепсия - бұл тағам қабылдауына немесе қабылдамауына (тікелей) байланысты өзгеде сиптомдармен бірге жүретін (жүрек айну, қыжылдау, лоқсу, анорексия, ерте тойыну) асқазанның жоғарғы бөлігіндегі ауырсыну немесе дискомфорттың болуы.

Диспепсия өзге аурулардың клиникалық белгілері болмаса бірінші қабылдауда диагностикаланады және науқастың ары қарай тексерілуін қажет етеді.

Дамыған елдерде «диспепсия» диагнозы бірінші қабылдауда 10-40% жағдайда қойылады (АҚШ-та 10%) және нақты тексерілуге жіберуге негіз болады. Диспепсия органикалықта, функциональдықта бұзылыстарға байланысты болуы мүмкін (4 кесте.).

4 Таблица. Диспепсия түрлері

Органикалық

Функцианальды

Созылмалы гастрит

Дискинетикалық

Пептидтік жара

Рефлюкстәрізді

Асқазан ісігі

Жаратәрізді

Рефлюкс-эзофагит Панкреатит Милиарлы

Анықталмаған/идиопатиялық, аралас патология

Диафрагмалық жарық

Дәрілік

Диспепсияны функциональды және органикалық деп бөлу шартты және жиі уақытша сипатта болады. Егер тексеру барысында АҚЖБ-ның органикалық өзгерісі табылса Диспепсия диагнозы қойылмайды, тек анықталған патологиялық өзгеріске сәкес нақты диагноз қойылады (мысалы, созылмалы гастрит).

Егер ары қарай тексеруде АІЖ органикалық бұзылыстары анықталмаса, диспепсия диагнозы нақты қойылуы мүмкін.

Функциональды диспепсияның клиникалық көрінісі көптеген невротикалық көріністермен жүреді: әлсіздік, бас ауруларымен, кардиалгиямен, тітіркенушілікпен, психоэмоциональды әлсіздікпен, көңіл күйдің тұрақсыздығымен, эпигастрий аймағының парестезиясымен, сонымен қатар депрессия белгілерімен ( 5 кесте).

5 Таблица. Функциональды диспепсияның клиникалық симптомдары

Диспепсия формасы

Негізгі белгілер

Дискинетикалық

Тамақ қабылдағаннан кейін ауырлық және толу сезімі, тез тойыну сезімі, лоқсу, метеоризм, жүрек айну, құсу

Рефлюкстәрізді

Қыжылдау, эпигастральды ауырсыну, ретростернальды қысу, қышқылмен лоқсу, тамақтанған соң, еңкейгенде, жатқан қалыпта, күйзеліс себебінен кейін ауырсынудың үдеуі

Жаратәрізді

Аш қарынға, түнгі, тамақтанудан кейін және антациттік дәрілерді қолданғаннан кейін ауырсыну

Диспепсия белгілерінің 3 айдан артық болуында «созылмалы диспепсия» термині қолданылады.

Диспепсиясы бар науқастарды тексеру

Диспепсиясы бар науқастарды тексеру АЖЖБ патологиясы бар науқастарды тексеретін жалпы әдістермен жүргізіледі (2 кесте). Бірақ көрсеткіштерге байланысты қосымша тексеру әдістері қолданылуы мүмкін:

  1. Колоноскопия (жүктілердегі диспепсияны диагностикалауда қолданылмайды).

  2. Өңешпен асқазанның рН-ын тәуліктік мониторинг жасау.

  3. Қалқанша безі мен кіші жамбас ағзаларының УДЗ.

  4. Гастродуоденальды моториканы тексеру:

  • Асқазанның зақымдалу уақытын анықтау үшін УДЗ;

  • Видеоэндоскопиялық капсула.

NB! Жүктілерде ирригоскопия жасалмайды.

Функциональды диспепсияда ФЭГДС көмегімен анықтайды: асқазанның тонусының қалыптысын немесе жоғарылауын, айқын тамырлық суретті анықтау, айқын қыртыстар ( 6 кесте)