Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жүктілік кезіндегі АІЖА.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
265 Кб
Скачать
☆
    1. Жүктілердің шамадан тыс құсуы

Жүктілерде кездесу жиілігі 1000-ға 3-10 жағдай. Қала тұрғындарында жиірек кездеседі..

Жүктілердің шамадан тыс құсуы (Hyperemesis gravidarum)- құсу, жүктіліктің асқынған ағымы, яғни оның асқынуына жатады. Жүктілердің шамадан тыс құсуы (ЖШҚ) жүктіліктің ерте кезеңіндегі тұрақты (тоқтаусыз) жүрек айнуы және құсуымен сипатталады және су мен электролит алмасуының бұзылысына, кетозға және дене салмағының төмендеуіне әкеледі.

ЖШҚ таңғы жүрек айну мен құсуға қарағанда жүктілерді күні бойы мазалайды. ЖШҚ жүрек айнуы мен құсу бар жүктілердің шамамен 2%-да дамиды.

ЖШҚ гестоздың белгісі болып келеді және «О» кодымен белгіленеді.

ХАЖ-10 бойынша кодтары:

О21 Жүктілердің шамадан тыс құсуы

О21.0 Жүктілердің жеңіл немесе аздаған құсуы

О21.1 Жүктілердің зат алмасуының бұзылысымен жүретін шамадан тыс немесе ауыр құсуы

О21.2 Жүктілердің кеш құсуы

О21.8 Жүктілікті асқындыратын құсудың басқа түрлері

О21.9 Жүктілердің анықталмаған құсуы

Клиникалық белгілері

ЖШҚ алғаш рет I триместрде, 4-ші мен 10-шы апталарында диагностикаланады. Симптомдары 18-20-шы аптаға дейін сақталуы мүмкін.

ЖШҚ-на тән:

  • тоқтаусыз құсу;

  • дене салмағының қалыптыдан ≥ 5 % төмендеуі;

  • гиперсаливация

ЖШҚ-да болуы мүмкін:

  • полигиповитаминозбен жүретін тамақтанудың жетіспеушілігі (malnutrition);

  • абдоминальды ауырсынулар;

  • кетоз, гипокалемия, қышқыл-сілтілік теңсіздік;

  • бауыр ферменттерінің ( трансаминазаның, сілтілі фосфатазаның) деңгейінің жоғарылауы;

  • артериальды гипертензия.

ЖШҚ қауіп факторлары болып табылады:

  • семіздік;

  • алғашқы жүктілік;

  • көп ұрықтық;

  • тіндердің трофикасы мен тамақтанудың төмендеуімен жүретін созылмалы аурулар;

  • жүктілердің диабеті;

  • үлкен жастағы бірінші босанушылар (30-дан жоғары);

  • жас алғаш босанушылар;

  • әлеуметтік жағдайы мен білімділік жағдайы төмен жүктілер;

  • алдыңғы жүктілігінде жүрек айну мен құсуы болған жүктілер.

Қосымша қауіп факторына қазіргі жүктілігі кезіндегі ауруы мен жағдайы болып табылады:

  • қалқанша безінің ауруы;

  • жүйкелік бұзылыстары;

  • тісінің аурулары;

  • бронхиальды астма;

  • жүктілердің темекі шегуі.

ЖШҚ уақытылы және тұрақты емес емделуі мынадай асқынуларға әкелуі мүмкін:

  • өңештің жарылуы мен перфорациясы;

  • пневмоторокс;

  • пневмомедиастинум;

  • энцефалопатия, соқырлық;

  • бауыр ауруы;

  • есін жоғалтуы, кома, өлім.

Басқада асқынулары ( маңыздырақ емес ):

  • бүйрек жетіспеушілігі;

  • панкреатит;

  • терең веноздық тромбоз;

  • ӨАТЭ (ТЭЛА), орталық көпірлік миелиноз, рабдомиолиз, витамин К жетіспеушілігі және коагулопатия, көк бауырдың жарылуы;

  • сепсис ( сонымен қатар саңырауқұлақтық), жергілікті инфекциялар;

  • веналық тромбоз;

  • плацентаның майлы инфильтрациясы.

Диагностика және дифференциальды диагностикасы

АЖЖБ ауруының диагностикасында жүргізілетін жалпы зерттеуге (2 кесте) қосымша ЖШҚ-да келесі зерттеулер жүргізіледі:

  • кетонға зәр анализі;

  • электролиттерге, кетондарға, креатининге және қышқыл-сілті теңдігіне (ҚСТ), трансаминазаға қан анализі;

  • амилазаға/липазаға қан анализі;

  • қандағы тиреотропин гормоны гипофизы (ТТГ), бос трийодтиронин (Т3) және тироксин (Т4);

  • уринокультура;

  • гематокрит;

  • ЖШҚ жүктіліктің 20-22 аптасына дейін созылғанда дифференциальды диагностика үшін қатаң түрде көрсеткіштерге байланысты іш қуысының ағзаларына (ІҚА) магнитті-резонансты (мүмкін болса) және компьютерлі томография жүргізіледі.

ЖШҚ-ның 50% жағдайында трансаминазаның деңгейінің жоғарылауы байқалады, жағдайын жақсартқаннан кейін төмендейді, бірақ гепатиттің жоқтығына көз жеткізу керек. Қалыпты жағдайда трансаминазаның жоғарылауы маңызды емес болып келеді және қалыптының жоғарғы шекарасынан 30%-дан аспайды, бірақ кейбір жағдайда одан да жоғары болады.

Амилаза ЖШҚ-ы бар жүктілердің 10% жоғарылайды және панкреатиттің жоқтығын дәлелдеуді қажет етеді.

ЖШҚ жиі (50–60 % да) транзиторлы гипертиреоидит пен ТТГ супрессиясымен бірге жүреді, бірақ қалқанша безі ауруларының жоқтығын дәлелдеуді қажет етеді.

Зәр шығару жүйесінің инфекциясының және тіпті симптомсыз бактериуриясының болуы ЖШҚ-ның созылуына және белгілерінің күшеюіне әкеледі.

Емі

  1. Жүктілердің жеңіл дәрежелі жүрек айнуы мен құсуында ұсынылатын диеталық және тәртіптік іс-шаралар.

  2. Медикаментозды емді теңестірілген витаминдік-минералдық комплексті тағайындаумен бастайды, сосын құсу кезінде ұзақтығы ≥ 3 апта пиридоксин (витамин В6) және тиамин (витамин В1).

Құсуға қарсы (антиэмикалық) дәрілерді алдыңғы дәрілерден нәтиже болмағанда тек қана көрсетілген реті бойынша тағайындайды:

    1. А тобына жататын I топтың антиэмикалық дәрілері (FDA, USA, 2007):

пиридоксин ( витамин В6) 5% ерітінді — 0,25–0,5 мл 2–3 рет/тәулігіне;

— авиоплант ( имбир тамырының ұнтағы) — 250 мг 4 рет/тәулігіне;

— соруға арналған таблеткалары — 2,5 мг 4 рет/тәулігіне.

I топ дәрілерінің өзара байланыстыруға болады.

2.2. В тобына (FDA, USA, 2007) жататын, антиэмикалық дәрілердің II тобы жануарларға қауіпсіз болып табылады, бірақ адамдарға қауіпсіздігі анықталмаған. Жүйелі әсер етеді, плацента арқылы өтеді.

Жүктіліктің II триместрінен бастап қолдануға болады.

      1. Пропульсанттарға жататын антиэмикалық дәрілердің II тобы:

— метоклопрамид (метукал, церукал) 2,0 мл ерітінді (10 мг) б/ет, 2–3 рет/тәул т/і, сосын 1 табл. (10 мг) 3–4 рет/тәул тамаққа дейін және ұйқы алдында 30 мин бұрын, 4 аптаға дейін.

2.2.2 Антигистаминдік дәрі ретінде қолданылатын антиэмикалық дәрілердің II тобы:

— демингидранат (авиомарин, дедалон, драмина) — 50 мг 4–6 рет/тәул ( 400 мг/тәул, дейін);

— дифенгидрамин (димедрол, кальмабен) 1% — 1,0 б/ет, 1,0– 5,0 мл т/і, сосын 0,05 г таблетканы 3–4 рет/тәул, 300 мг/тәул дейін;

2.3. С тобына жататын (FDA, USA, 2007) антиэмикалық дәрілердің IIIтобы, жүктілерге тек қана қатаң көрсеткіштер бойынша қолдануға рұқсат етілген. Ұрыққа зияндылығы туралы жеке мәліметтер бар. Жүйелі әсер етеді, плацента арқылы өтеді. Тек қана жүктіліктің II триместрінен бастап қолдануға болады:

— скополамин (бускопан, спазмобрю) ерітінді — 2,0 (20 мг) т/а, б/ет, т/і 2–3 рет/тәул, сосын 10 мг табл. 3–5 рет/тәул;

— прометазин (пипольфен) ерітінді 2,5% — 2,0 (50 мг) б/ет, т/і 2–3 рет/тәул, сосын 25–12,5 мг табл. 4–6 рет/тәул (150 мг/тәул, дейін);

— хлорпромазин (аминазин) ерітінді 2,5% — 1,0–2,0 (25–50 мг) б/ет, т/і 2–3 рет/тәул ( 3 реттен көп емес), сосын 50 мг табл.  3 рет/тәул (150 мг/тәул, дейін);

— ондасетрон (домеган, зофетрон, зофран, изотрон, отрон, сетрон, эмесет, эметрон) ерітінді 0,2% — 2,0 (4 мг) немесе 0,2% — 4,0 (8 мг) т/і баяу тамшылатып 100 мл физ.ерітіндіде 1– 2 рет/тәул, сосын 4–8 мг табл.2 рет/тәул, (150 мг/тәул, дейін);

    1. Басқа топ дәрілерін ЖШҚ-ның рефрактерлік жағдайларында қолданылады:

— метилпреднизолон (метипред, медрол) — 16 мг ішке немесе т/і 3 рет/тәул (8 сағат сайын) 3 күн бойы ары қарай барынша тиімді мөлшерге дейін төмендетеді. Әсері қауіпті. С тобына жатады (FDA, USA, 2007);

— апрепитант (эменд) 80 мг капс. 2 рет/тәул. Тератогенді әсері анықталмаған, глюкокортикоидтармен бірге қолданған дұрыс.

ЖШҚ-ы бар жүктілерге барынша әсерлі аз мөлшерде тағайындайды және дәріні тоқтатуға және/немесе барынша аз зиянды дәріге көшуге тырысыды.

3.Жоғалған сұйықтықтың орнын толтыру, электролит алмасуының ҚСТ-нің бұзылысын реттеу.

Табиғи жолмен тамақтандыра алмаған жағдайда (per os), тағамдар мен изотоникалық ерітінділер назогостральды зонд арқылы беріледі. Жағдайы жақсарған кезде пероральды тамақтандыруға көшу керек, зондпен тамақтандыру сынақтық тамақтандыруға дейін 1сағат бұрын тоқтатылуы қажет. Ақуызды қолдану тәулігіне 1,3 г/кг құрау керек. Қоректік қоспаларды парентеральды енгізу қатаң түрде көрсеткіштерге байланысты жүргізіліп және қарсы көрсеткіштері көп болмау керек.

Жүктілердің гликемияның жоғарғы деңгейін жақсы көтере алуына қарамастан, гликемияның деңгейі қатаң қадағалану керек және 5,0–7,0 ммоль/л деңгейінде сақталу керек.

Энцефалопатия белгілері дамығанда глюкоза мен тиамин тағайындайды.

Емнің барлық түрінің нәтижесі болмаса және су-электролиттердің бұзылысы күшейе түссе жүктілікті үзу көрсетілген.

ЖШҚ-ны емдеудегі болжам ана мен ұрық үшін қолайлы.