Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жүктілік кезіндегі АІЖА.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
265 Кб
Скачать
☆

Қалыпты өтіп жатқан жүктіліктегі асқазан-ішек жолдары ағзаларының физиологиялық ерекшеліктері

Кейбір әйелдерде жүктіліктің бастапқы кезінде дәм сезуі өзгереді, тағамның кейбір түрлеріне жиіркеніш пайда болады, тәбеті жоғарылайды. Таңғы жүрек айну симптомы жүктілердің 70% кездеседі, максимальды жиілігі жүктіліктің 8-10 аптасына сәйкес келіп, 14-ші және 16-шы апталарда тоқтайды, бұл асқазанның тегіс салалы бұлшық еттерінің босаңсуынан прогестеронның және ХГ жоғарылауымен түсіндіріледі.

Босанғаннан кейін азаятын гингивиттердің жиілігі ұлғаяды.

Асқазанның шырышты қабатынан муциннің секрециясы күшейіп, тұз қышқылының секрециясы азаяды. Жүктілік кезінде өңештің гипотониясына, асқазан-өңештің сфинктерінің тонусының төмендеуіне және асқазанның анатомиялық ығысуына байланысты гастроэзофагеальды рефлюкс қаупі жоғарылайды. Жүкті кезінде жатырдың ішекті ығыстыруына, ішектің перистальтикасының төмендеуіне және прогестеронның деңгейінің жоғарылауының әсерінен геморройдальді венаның кеңеюіне, ОВҚ жоғарылауына байланысты жүкті әйелдердің 30%-да іш қату болады, осы себепке байланысты геморройдың даму жиілігі де артады. Гестация кезінде өт қабығынан өттің эвакуациясы нашарлап және кеңейіп, қанда холестериннің көбеюі байқалады.

Бауырдың қызметі айқын өзгереді. Тек қана анасының емес сонымен қатар, ұрықтың да өміріне қажетті заттың залалсыздандырылуына байланысты бауырға түсетін салмақ бірден артады. Ондағы гликоген деңгейі біршама төмендейді, ол глюкозаның анасынан ұрыққа көп өтуімен түсіндіріледі; гликолиз процесінің күшеюі гипергликемияға алып келмейді. Май алмасу белсенділігі артады (липидемия, холестериннің жоғарғы деңгейі, гепатоциттерде майдың жиналуының артуы). Физиологиялық тұрғыда, гестация кезінде сілті фосфатаза жоғарылайды (плацентада қосымша өндірілуіне байланысты), аспартатаминотрансфераза (АсАТ) белсенділігі артады, альбуминнің өндірілуі төмендейді, глобулиндердің концентрациясы артады, бауырдың антиоксиданттық функциясы төмендейді. Гиперкоагуляцияны тудыратын фибриноген деңгейі жүктіліктің соңында артады ( 1 кесте).

Ұйқы безі- инсулин өндіруші аппараттың функциясы артады. Осыған байланысты көмірсулар жақсы сіңіріліп, анасының бауырында және ұрықтың тінінде жиналады. Диабеті бар әйелдерде ұрықпен көп көлемде көмірсу сіңірілуіне байланысты әрдайым салмағы ірі балалар туылады. Жүктілердің бір бөлігінде патологиялық маңызы жоқ және қандағы қалыпты тіпті төмен көлемдегі көмірсуда глюкозурия (зәрінде қант) байқалады .

1 Кесте. Қанның биохимиялық көрсеткіші

Көрсеткіші

Жүкті емес әйелдер

Жүкті әйелдер (II-III триместр)

Плазмадағы белок

Жалпы белок г/л

60-85

Қалыпты немесе төмендеген

Альбумин, г/л(жалпы белоктан 57-67%)

35-50

28-40

С-реактивті белок, мг/л

6

Тимол сынама.бір.

0-4

Вельтман сынамасы, мл

0,4-0,5

Көмірсулар

Глюкоза ммоль/л вена қанының сарысуы капиллярлы қан

4,1-6,1

3,5-5,2

3,8-5,7 3,3-5,0

Глюкозаланған Hb

Жалпы Hb 4,0-6,0%

Пигменттер

Билирубин, мкмоль/л: жалпы тікілей (жалпыдан 25%)

8,5-20,5

2,1-5,1

Электролиттер

Натрий, ммоль/л

136-145

Аздап жоғарылаған

Калий, ммоль/л

3,5-5,1

4,55-6,63

Хлоридтер, ммоль/л

97-108

Кальци, ммоль/л

2,2-2,6

2,0-2,4

Магни, ммоль/л

0,66-0,99

Төмендейді

Темір, ммоль/л

10,22-22,0

4,61-20,24

Ферритин сарысуы, нг/мл

28,3-97,7

7,0-36,8

Трансферрин, мг/100мл

189,4-294,8

263,6-418,2

Ферменттер

Аланинаминотрансфераза (АлАТ), МЕ/л

7-35

Аспартатаминотрансфераза (АсАТ), МЕ/л

10-20

Амилаза,мг/сағхл сарысу зәр

3,3-8,9

44 ке дейін

19 аптаға дейін 19 аптадан кейін

Сілтілі фосфатаза (СФ), МЕ/л

70-260

2 есе көтеріледі

Липидтер

Холестерин, ммоль/л 15-19жас 20-24 жас 25-29 жас 30-34 жас 35-39 жас 40-44 жас

3,08-5,18

3,16-5,59 3,32-5,75 3,37-5,96 3,63-6,27 3,91-6,94

2 есе жоғарылайды

Тығыздығы жоғары липопротеидтер (ТЖЛП), ммоль/л

0,9-1,9

Триглицеридтер 15-24 жас 25-29 жас 30-34 жас 35-39 жас 40-44жас

0,41-1,48 0,42-1,63 0,44-1,70 0,45-1,99 0,51-2,16

Баяу жоғарылайды