Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жүктілік кезіндегі АІЖА.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
265 Кб
Скачать
☆

3.4.Дезинтоксикациялық терапия.

СГ-тің аз және орташа белсенділікте интоксикацияны азайту үшін тағайындайды:

1.Энтеросорбенттер:

  • энтеросгель — 1 шәй қасықпен (15 г) тамақ пен медикаменттер қабылдауға дейін 4 рет/тәул;

— фитосорбент, полифепан; лактулоза (нормазе, дюфалак) 30–50 мл 2–3 рет/тәул;

2.СГ-тің айқын белсенділігі мен ауыр ағымында инфузиялық терапия көрсетілген (10% альбумин-200 мл; глюкоза-калий-инсулиндік қоспа: 5%глюкоза ерітіндісі-300-400 ал, 3% каллий хлорының ерітіндісі-50-70мл, инсулин-6-8 ЕД, 5% глюкоза ерітіндісімен немесе 0,9 %NaCl ерітіндісі 0,5-1,5 л/тәул мөлшерде витаминмен, электролитпен бірге).

3.5.Орынбасушы ферментті терапия.

Асқорыту бұзылысын емдеу үшін құрамында өт қышқылы жоқ асқорытатын ферменттер тағайындалады.

  • панкреатин; мезим форте; полизим; пепсин-панкреолан — 2 т.  4 рет/тәул.

  • креон 1 капс. (10 мың. ЕД) 4 рет/тәул.

4.Фитотерапия, минеральды суларды ішу.

Минеральды суларды ішу ағымы жеңіл және белсенділігі аз СГ-те қолданылады. Аз (5г/л дейін) және орта минералданған (5-15 г/л), құрамында гидрокарбонат, сульфат, магни, хлор, кальциы бар минералдыы сулар қолданылады. Бауыр мен өт қабы ауруларында қолданылатын минералды сулар: «Ессентуки» № 4 и  № 17, «Славяновская», «Смирновская», «Аршан», «Арзни», «Джермук», «Боржоми», «Джава», «Исти-Су», «Ижевская», «Дарасун», «Краинская», «Кармадон», «Серноводская», «Саирме», «Трускавецкая», «Поляна квасова» және соларға теңестірілген минералды сулар. Суды су ваннасында 40-50°С жылыту керек және 200-250г-нан күніне 3 реттен бір ай бойы қабылдау керек.

СГ-тің фито емінде қайың, итбүлдірген, шөпшай, аюқұлақ, шайқурай, тырнақгүл, жүгері, бақ-бақ, шалфей, балмұрын, мия және басқалар қолданылады. Фитотерапияны 1 жылға дейін жалғастырады, 5-6 ай сайын үзіліспен. Соңынан көктем мен күзде қайталауға қарсы ем қолданады. СГ кезінде келесі жиындылар ұсынылуы мүмкін.

- Шөпшайдың, таспажоңышқаның, қалақайдың, балмұрынның игілігінің жапырағының 2 бөліктен, қайыңның, шайқурайдың, итшомырттың шоғырмағының шөбінің жапырақтарынан 1 бөлім. 5г қоспаны 300мл қайнаған суда бұқтыру, 5 мин қайнату, 4-5 сағат жылы жерде тұндыру (термоста), сығып, 100мл-ден 3 рет күніне тамаққа дейін қабылдау.

- Түймедақтың, миянің, жүгері тұмсықтың түбінің гүлін 2 бөліктен, жалбыз жапырақтары, шайқурайдың шөптері 1 бөліктен. Дайындау мен қабылдау тәсілі сол.

1 Ұсыныс.

Жүктілік кезіндегі холестазы бағалау алгоритмы

(гамма-глутамилтранспептидаза ,билирубин , сілті фосфатаза )

Жоқ Ия

Бауырдың дәрілік-индукциялық зақымдануын болдырмау

Жүктілердің бауыр ішілік холеостазы

У Д-зерттеу

Өт тас ауруын жоққа шығару

Босанғаннан кейінгі кезеңде: №5 ем-дәм, 3 күнде бір рет зәр анализі, қан биохимиясы (ақуыз, трансаминаза, тимол сынамасы, сілті фосфатазасы, протромбин), терапевтің бақылауы.