Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жүктілік кезіндегі АІЖА.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
265 Кб
Скачать
☆

16 Кесте. Жүктілердегі іқа емдеуге арналған дәрілердің жіктемесі.

Дәрілік заттар

Дәрежесі

Тағайындауға ұсынылған кесте

5-АСК

B

Саудалық маркасының қолданылуына байланысты. Сульфасалазин және месалазин ректальды да, пероральды да формасында қолданылады

Кортикостероидтар

B

Саудалық маркасының қолданылуына байланысты. Индукция үшін тиімді, бірақ реммисяины ұстап тұру үшін тиімсіз

Будесонид

C

9мг/тәул

Инфликсимаб

B

5-10мг/кг/т/і. Қауіпсізділігі жайындағы мәлімет шектелген.

6-меркаптопурин-азатиоприн

D

Бастапқы доза 50мг. Дәріні тағайындау тек қана аурудың белсенді түрінде ақталған, басқа пероральды және ректальды дәрілердің әсері болмағанда.

Циклоспорин

C

Дәрінің мөлшері науқастың дене салмағына байланысты. Дәріні тағайындау тек қана аурудың белсенді түрінде ақталған, басқа пероральды және ректальды дәрілердің әсері болмағанда.

Метотрексат

X

Жүктілік кезінде қолдануға тиым салынған.

Аминқышқылдары, сулфасалазин мен месалазинді ( В дәрежесі) қоса КА мен ЖК ауруын емдеудегі базистік дәрілер болып табылады. Сульфасалазин қабылдайтын науқастарға ұрықта жүйке трубкасында ақау болудың алдын алу мақсатында қосымша фолий қышқылын тағайындайды. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, жүктілік фонындағы ІҚА емдеуде месалазин және 5-АСК-ның өзгеде туындылары қауіпсіз дәрі ретінде таңдаулы, олсалазиннан басқасы (ол С дәрежесіне жатқызылған).

Орта дәрежелі ауырлықтағы ІҚА бар науқастарға ректальды және пероральды кортикостероидтар ремиссияны басу мақсатында қолданылуы мүмкін. Көп жағдайда кортикостероидтар жүктілік барысында қолдануға қауіпсіз. Қысқа уақытта тез әсер етуші преднизолон, метилпреднизолон сияқты дәрілерді тағайындау жақсы болып табылады себебі анамен қабыладанған дәрінің 10% ғана ұрыққа плацента арқылы түседі.

ІҚА науқастарда стероидтарға тұрақтылығы бар формасында ремиссияны сақтау үшін 6-меркаптопурин сияқты (D дәрезе) иммуномодуляторлар қолданылуы мүмкін. Оны басқа пероральды немесе ректальды дәрілерге тұрақтылық кезінде қолдану нәтиже беруі мүмкін. КА кезінде тағайындайтын метотрексат (Х дәреже), жүктілік кезінде түсікті ынталандыруына және тератогенді әсері болғандықтан тағайындалмайды.

Қорытынды.

Жүктілердің асқорыту жолдарының аурулары жиі кездеседі. Қалыптыда жүктілік олардың ағымы мен болжамына әсер етпейді. Бұдан жүктілік кезінде қауіптілігі бірнеше есе ұлғаятын ішектің созылмалы қабыну ауруларын алып тастау керек. Асқорыту жүйесінің ауруларының ұрыққа жағымсыз әсер етуі жүктілердің қоректік заттарды сіңіруінің бұзылуына байланысты. Себебі көптеген аурулар, әсіресе созылмалылар сіңірілудің бұзылуымен жүріп жатыр ішілік дамудың тежелуін арттырады. Осыған байланысты емдеу барысында жүктілердің салмақ қосуы мен фетометриялық көрсеткіштерін мұқият қадағалау керек. Ішек инфекцияларының асқынуы хориоамнионит пен уақытынан ерте босануды тудырады. Жатыр ішілік жұқтыру сирек байқалады.

Тесттік тапсырмалар:

  1. Гестация кезінде физиологиялық төмендейді:

  1. Сілтілі фосфатазасы;

  2. Альбумин;

  3. Холестерин;

  4. АсАТ белсенділігі;

  5. Фибриноген.

  1. ФЭГДС-қа салыстырмалы қарсы көрсеткіш:

  1. Жүрек ритмінің созылыңқы бұзылысы;

  2. АІЖ жоғарғы бөлігінен қан кету;

  3. 1 дәрежелі жүрек жетіспеушілігі;

  4. Анамнезіндегі бронхиальды астма;

  5. Жүрек айну, құсу.

  1. Жүрек айну мен құсудың II және III триместрге созылуы мынандай аурулардың белгісі ретінде қаралу керек: 1. ГЭРА; 2. Гастрит; 3.асқазан мен 12-елі ішектің жара ауруы; 4. Холецистит; 5. Зәр шығару жолдарының инфекциясы; 6. аз сулылық; 7. Преэклампсия.

  1. 1,2,3

  2. 4,5,6,7

  3. 1,2,3,4,5,7

  4. 1,3,5,6,7

  5. 1,2,5,6

  1. Жүктілердің шамадан тыс құсуының белгісі болып табылмайды:

  1. Семіздік;

  2. Жүктілердің диабеті;

  3. Көп ұрықтық;

  4. Жасы келген алғашқы босанушылар (30 жастан жоғары);

  5. Қайта жүктілік.

  1. 18 жасар науқас, бірінші жүктілік 7 апта, күніне 10 рет құсуға, гиперсаливация, тәбеттің төмендеуіне, 3кг-ға азуына шағымданып келді. Осы жағдайда медикаментозды емді бастайды: