Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жүктілік кезіндегі АІЖА.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
265 Кб
Скачать
☆

7Таблица. Гэра ауырлық дәрежесін бағалау

Ауырлық дәрежесі

ФЭГДС картинасы

I-жеңіл

Өңештің шырышты қабатының ісінуі мен қызаруы

II-орта ауырлық

Шырышты қабаттың беткей жарасы, эрозиясы және фиброзды жабынды

III-ауыр*

Шырышты қабатта созылмалы жара, фиброз және өңештің қысқаруы

IV-өте ауыр*

Фиброздың үдеуімен өңештің тарылуы, өңештің тесуші жарасының түзілуімен

Ескерту:*- госпитализацияны қажет етеді

Диагнозды құрастыру мысалы:

  • гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы, дисфагиялық форма, орта ауырлық ағымы (К21)

  • созылмалы рефлюкс-эзофагит, жеңіл ағымды (К 21.0).

ГЭРА емдеу

  1. Емдәм: жүктілердің көбісіне тамақтану түрі мен тәртібін қалыптастыру көмектеседі (тойып тамақтанбау, майға бай тағамдарды, печенье, тәттілерді, газды және құрамында кофеині бар сусындарды қолданбау). Ақуызға бай тағамдар өңештің төменгі сфинктерінің қызметін жақсартады. Жиі және бөліп тамақтануға кеңес беріледі. Ұйқыға дейін 3 сағат бұрын тамақтануға тырысу керек ( сұйықтықтан басқа).

Өмір сүру қалпын өзгерту керек: ұйықтар алдында тамақтанбау, төсекте басын жоғары көтеріп жату (15см-ге), темекі шегу мен алкаголь қолданудан бас тарту, 8-10кг-нан ауыр заттарды еңкейіп көтеретін жұмыстарды жасамау, қысатын киімдер мен тар белдіктерді тағынудан бас тарту.

ГЭРА басты белгілерінің бірі болып табылатын дене салмағының төмендеуі жүктілерде қолданылмайды.

Жалпы іс-шаралардың нәтижесіздігінде медикаментозды ем қолданылу керек.

  1. ГЭРА медикаментозды(консервативті) емдеу. Жүктілік кезінде тек қана сатылы терапияның жоғарылаушы сызбасын қолданады (step up treatment).

Тағайындайды:

1-ші сатысы:

  • Рефлюксқа қарсы альгинантты дәрілер (гавискон 10–20 мл немесе гавискон форте 5–10 мл) тамақтанғаннан кейін ұйықтар алдында.бұл топ арнайы ГЭРА емдеу үшін жасалған. Гависконның негізгі компоненті теңіз өнімдерінен алынған натрий альгинат болып табылады. Дәрінің әсер ету механизімі гависконның асқазанға түсіп қалқандық механизм құрады да, асқазан затының өңешке кері түсуінің және қыжылдың пайда болуының алдын алады. Дәрі асқазанның тұз қышқылымен әрекеттеседі, нәтижесінде «қалқымалы» қалқан болатын СО2 көпіршіктері пайда болады, бірақ қалқан астындағы рН өзгермейді. Сондықтан антациттерге қарағанда гависконның жаңа әсер ету механизмі бар. Дәрі қан жүйесімен сіңбейді, сондықтан оны жүктілердің ГЭРА-да қолданудағы қауіпсіздігін қалыптастырады;

  • Аллюминдік-магнилік антацидтер – қысқа курстармен, ұзақтығы < 4 апта;

  • Сукральфат.

Олар ұрық жолдасының қорғанысынан және емшек сүтімен өтпейді. I триместрде және емізу кезінде қауіпсіз.

Антациттер темір препараттарының сіңірілуін нашарлататынын ескерту керек. Қажет жағдайда оларды антациттермен бірге беруді тамақтанғаннан соң 1,5 сағаттан кейін қолдану керек.

2-ші сатысы:

2-ші саты дәрілерін 1-ші саты дәрілерінің әсері болмаған жағдайда қолданады. ГЭРА жүктілердің құсуымен бірге болғанда ерекше көрсеткіш.

Аурудың ауырлығына, клиникалық симптомдарына және т.б. жағдайларда 1-ші саты дәрілерімен параллельді тағайындалуы мүмкін.

Прокинетиктер (келесі ұрпақ дәрілері алдыңғысының әсері болмағанда қолданылады) трансплацентарлы барьерден өтуі мүмкін және тек қана II триместрден бастап қолдануға болады.

I ұрпақ- дофамин рецепторларының таңдамалы емес тежеуіштері:

Метоклопрамид (метукал, церукал) ерітінді— 2 мл (10 мг) б/ет, в/і 2– 3 рет/тәул, сосын 1 табл. (10 мг) 3–4 рет/тәул тамақ алдында және ұйықтар алдында 30 мин бұрын, 4-ға дейін.

Қолданылуы мүмкін:

— сульпирид (рестфул, эглонил) 5% — 2,0 (100 мг) б/ет 2 рет/тәул, сосын капс. 0,05 г 2–3 рет/тәул 4-аптаға дейін аш қарынға. Жүктілер үшін 200 мг/тәул. артық емес.

II ұрпақ- дофамин рецепторларының таңдамалы тежеуіштері:

— домперидон (гастропом, домидон, мотилиум, мотинол, мотинорм, моторикс, наусилиум, перилиум) — 10 мг 3–4 реттен/тәул тамақтану алдында 30 мин бұрын.

I ұрпақ дәрілерінің әсері болмағанда қолданылады, тератогенді әсері анықталмаған.

III ұрпақ – ішектік холиномиметиктер:

  • мозаприд цитрат (мосид) — 5 мг-нан 2–3 рет/тәулігіне аш қарынға.

3-ші сатысы:

  • Н2-гистамин рецепторларының тежегіштері ( ЖА емдеу сызбасы)

3-ші саты дәрілері, алдыңғы емнің нәтижесі болмаған жағдайда қолданылады және 2-ші саты дәрілерімен бірге тағайындалады. В тобына жатады (FDA, USA, 2007) және жануарларға қауіпсіз болып табылады, бірақ адамдарға қауітсіздігі түпкілікті дәлелденбеген. Жүйелі әсер етеді, ұрық жолдасы арқылы өтеді. Жүктіліктің I триместрнен бастап қолдануға болады. Ранитидин- дәлелді негізі бар осы топтағы I триместрда қолдануға болатын жалғыз дәрі (FDA, USA, 2007) . рантидин мен фамотидин емізу барысында да қолдануға рұқсат етілген (FDA, USA, 2007).

  • Ранитидин (гистак, ранигаст, ранисан, ранитак, ульран) -1 табл. 2 рет/ тәул.

4-ші сатысы:

  • Протон насосының ингибиторлары (тежеуіші) (ПНИ)

Жүктілерге қатаң түрде көрсеткішке байланысты тағайындауға рұқсат етілген. Ұрыққа қауіптілігі жайында жеке мәліметтер бар. Жүйелі әсер етеді, ұрық жолдасы арқылы өтеді. Жүктіліктің II триместрінен ғана қолдануға болады. Қордағы дәрі болып табылады. Тек қана ГЭРА асқынуында гистаминдік рецепторлардың Н2-тежеуіштеріне төзімділігі кезінде ФЭГДС-пен дәлелденген кезде ғана тағайындалады.

Бірінші ұрпақтың дәрісі (омепрозол) тағайындалмайды, себебі тератогенді әсері бары дәлелденген.

Лансопрозол жүктілік кезіндегі таңдаулы дәрі болып табылады және қауіпсіздігі дәлелденген, В тобы дәрісіне жатады (FDA, USA, 2007).

ПНИ барлығы емізу барысында қолдануға тиім салынған.

Лансопразол (ланза, ланзап, ланзол, ланзоптол, ланпро, ланцерол) 1 табл. тағайындалады (30 мг) 1 рет/тәу. Тамаққа дейін 30 мин бұрын қабылданады.

Емдеудің нақты ұзақтығы әр науқасқа жеке тағайындалады, бірақ орташа ұзақтығы 2-4аптаны құрайды.

Сатылық терапияға қоса кез келген сатыда қолданылуы мүмкін:

  1. Гастроцитопротектролар (ЖА емдеу бөлімі)

  2. Өттің шығарылуын тежеуші заттар (дуоденогастральды рефлюкс дәлелденгенде):

Урсодезоксихолий қышқылы (урсофальк, урсосан, урсолизин); урсосан — 2 капс. (500 мг) түнге;

NB! Тератогенді әсері анықталмаған.

  1. Пепсин мен өт қышқылына қатынасында абсорбциясы белсенді дәрілер:

— сукральфат (вентер) 1,0 — 4 рет/тәул;

— симальдрат (гелусил-лак) 0,5 —  4 рет/тәул.

  1. Репаративті процесті белсендіруші дәрілер:

— солкосерил б/ет 2 мл 2–3 рет/тәул — 2–3 апта, сосын 2 мл 1 рет/тәул — 2– 3апта;

— актовегин 2 мл (80 мг) б/ет  2 рет/тәул. 10 күн, сосын 1 табл. (200 мг) 1 рет/тәул. 3–4 апта (жүктілерде қолдану шектеулі!);

— шырғанақ (облепиха) майы 1 ас қасықпен 3 рет/тәул 3–4 апта;

— қырмызыгүл (календула) 0,1 —  3 рет/тәул 4апта;

— гастрофарм 1 табл. (2,5 г) — 3– 4 рет/тәул тамаққа дейін 30 мин бұрын;

— жолжелкен (подорожник) шырыны1 ас қасық 3 рет/тәул тамаққа дейін 4–5 апта;

— карнитин 20% — 1–2 ас қасық. 2 рет/тәул 1–3 ай.

  1. Емнің медикаментозды емес тәсілі (жара ауруларын емдеу, фитотерапия сызбасы).

Ана мен балаға болжам қолайлы. Бірақ босанғаннан кейін процестің қайталануы мен созылмалылығына байланысты мұқият тексерілуі керек.