Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб раб ГИТ каз.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

8.1 Жалпы мағлұматтар

Жергілікті арын шығындары құбырдың қысқа учаскелерінде жылдамдық шамасының және бағытының өзгеруінің салдарынан пайда болады,бұл учаскелерде қозғалыстың турбуленттік режимінде транзитті ағын қабырғадан үзіліп, иірімді аймақ туғыза отырып, осы аймақтың және сұйықтың негізгі ағынының бөлшектерімен қарқынды алмасады.

Жергілікті арын шығындарын жылдамдық арынының үлесімен Вейсбаха формуласымен анықтауға болады:

(8.1)

мұндағы: - тәжірибелік жолмен анықталатын жергілікті кедергі коэффициенті. мәні – гидравликаға арналған анықтамалар әдебиеттерінде әртүрлі жергілікті кедергілерге беріледі.

Кейбір жағдайларда , ағынның жылдамдығы жергілікті кедергілермен учаскенің алдында және соңында әртүрлі болса, онда арын шығындары көрсетілген учаскенің жылдамдық арынының үлесімен өрнектеледі. Тәжірибелік зерттеулерде жергілікті кедергілерді жоюға жұмсалатын арын шығындарын пьезометр көрсеткіштерінің айырмасы бойынша анықтайды:

(8.2)

мұндағы: h1- пьезометрдiңжергiлiктi кедергiнiң алдындағы көрсеткіші;

h2-пьезометрдiңжергiлiктi кедергiден кейiнгікөрсеткіші;

8.2 Тәжірибелік қондырғының сипаттамасы

Қондырғы, ағызатын құбырдың 8 көмегімен сұйықтың тұрақты деңгейін ұстап тұратын арынды резервуардан 1 (8.1 сурет) тұрады. 1 резервуарға жергілікті кедергісі бар 2 құбыр жалғанған: кенеттен ұлғаю 3, компенсатор 4, кенеттен тарылу 5. Жергілікті кедергінің алдында және соңында пьезометрлік түтікшелер орнатылған 6. Құбырдағы су шығыны 2 вентильмен реттеледі 7.

8.1. Сурет. Тәжірибелік қондырғының сұлбасы:

1- резервуар; 2- құбыр; 3- кенеттен кеңею; 4- компенсатор; 5- кенеттен тарылу; 6- пьезометрлік түтікшелер; 7- вентиль.

8.3 Жұмыстың орындалу тәртібі

1 резервуарды сумен толтыру керек және 8құбыр арқылы тұрақты ағып тұруын қамтамасыз ету қажет. Пьезометрлердің көрсеткіштерініңтеңесуі бойынша жүйеде ауаның жоқ екеніне көз жеткізу керек. 7 вентильді ашып, су шығынын өлшеу қажет. Пьезометрлердің көрсеткіштерін жазып алу керек. Шығынның төрт мәні бойынша бақылауды қайталау керек. Тәжірибелік нәтижелерді 8.1 кестенің сәйкес бағаналарына енгізу керек.

8.4 Тәжірибелік нәтижелерді өңдеу

Иін үшін жергiлiктi кедергiнiң коффициенті вентиль мен компенсатор формуласы бойынша анықталады:

(8.3)

мұндағы:

Есептердiң нәтижесі 8.1 кестегеенгізіледі.

8.1 кесте Есептеу нәтижелері

№ п/п

Ыдысты бiр қалыптытолтырудың уақыты t, сек.

Сұйықтың шығыны Q,м3/с.

Орташа жылдамдық υ, м/с.

Рейнольдс саны Re.

Пьезометрлердің көрсеткіштері

Жергілікті кедергінің коэффициенті

ξм

Иін

Вентиль

Компенс.

1м

2 м

1 м

2 м

1 м

2 м

Иін

Вентиль

Компенс.

1

2

3

Негізгі формулалар:

- жергiлiктi кедергiлерді жоюға жұмсалған арын шығыны;

- тәжірибелік жолмен жергілікті кедергілердің коэффициентін анықтайтын формула.